Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай мен Шкрім.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
721.5 Кб
Скачать

Еріншек

Еріншектен - салақтық, Салақтықтан - надандық... Бірінен-бірі туады, Жоғалар сүйтіп адамдық. Еріншек таза жүре алмас, Кірі-қоңын жуа алмас. Харекет жоқ, ғылым жоқ, Өз бойынан ұялмас. Жүрейін десең, тұрғызар, Төсекке мойын бұрғызар. Аналар да жүр ғой деп, Біреуді мысал қылғызар. Тұрайын десең, жатқызар, Буынды сүйтіп қатқызар. Орынды іске кіргізбей, He болса соны шатқызар. «Мен емес пе сабырың, Жаныңа тыныш тамырың, Асықпа - деп алдайды,- Қазулы ма - деп - қабырың? «Құдайдың - дейді - күні көп Асыққан істің міні көп. Аз ғана рахат қылсаңшы, Істерсің ертең мұны»-деп. Осымен-ақ жүре сал, Мына бір жерге-ақ кіре сал. Бір жырымың үзілсе, Қанжығаңмен іле сал. Тарамыс қайда, біз қайда, Асығыстан не пайда. Тігіп ала қоярсьң, Біз табылған бір жайда. Сонымен қалсаң алданып, Ұмтылмасаң қамданып,- Жалқаудың құлы болғаның, Жатпақ үшін жалданып. Шаруа да көп басыңда, Көндіру керек жасыңда. Қылайын десең харакет, Еріншек отыр қасында. Және айтады ақылды, Қысып қояр тақымды: «Тілімді алсаң, тек отыр, Менің сөзім мақұл-ды. Жас басыңнан аптықпа, Кіре берме боқтыққа. Өмір өзі-ақ береді, Тағдырға қарсы соқтықпа. Құлақ қойсаң сөзіме, Пайда айтамын өзіңе. Арқалатпа бейнетті Қызық көрер кезіңе. Бейнетке жаның шыдай ма, Осы сөзім ұнай ма? Пендесін аштан өлтірмес, Қарсы болма құдайға». Мұның сөзі мақұл деп, Айтқаны дұрыс ақыл деп,- Харекетсіз кеткенің, Жай іздермін ақыр деп. Бұл сөзді ұғып жас кетті, Ішіп алып мас кетті. Бар керектен айрылып, Еріншек деген қас кетті. Еріншектің қақпаны,- Көрінбей көзге жатқаны. Біреу оған ілінсе, Оны құдай атқаны. Іс қалдырмас еселі - Ең білімнің кеселі. Кірсе бойдан шығу жоқ, Күн сайын өсер бес елі. Төбені сүйтіп теседі, Орныққан сайын өседі. Ғибадат жоқ, өнер жоқ, Бәрінің жолын кеседі. Даулассаң желдей еседі, Өзі айтып, өзі шешеді. Үйір болған кісілер, Жан тыныштық деседі. Жан тыныштық бұл емес, Жан дененің құлы емес. Өзің байлап бересің, Жан жұмысы ол емес.

Құмарлық

Құмарлық деген бір ит бар, Жаныңа жау шын ит бар. Алды-артыңа қаратпас, Рахымы жоқ тым ит бар. Бай баласын көп көрдім, Кедейлікті жек көрдім. Сауық көрсем құмар боп, Мен де сүйтем деп көрдім. Мылтық атты, құс салды, Домбыра, гармонды қолға алды. Ауыл кезіп, ән салды, Көрген адам таң қалды. Дойбы, карта - бәрі бар, Жүз құбылған әні бар. Киім біткен қынаулы, Таңырқарлық сәні бар. Мен де осындай болам ба, Бола алмасам оңам ба? Бар малымды шашсам да, Жетпей қойсам соған ба! Арпалыстым, алыстым, Жағаластым, жарыстым. Дәл өзіндей болған соң, Озамын деп қарыстым. Жеттім, оздым. Жер білді, Маңайдағы ел білді. Бәрекелді батыр деп, Қыз-бозбала сол күлді. Мақтағанға бу ала, Селкілдедім дуана. Баяны жоқ, пайдасыз Бір сағымды қуала. Әлі келем далақтап, Қызыл тілім салақтап. Менен озған кім бар деп, Алдыңғы жаққа алақтап, Қара көрсем, кетемін, Жетуге талап етемін. Пайдасында ісім жоқ, He де болса жетемін. Заман өтті, жас өтті, Қайрат, өнер бос кетті. Абырой жоқ, сана жоқ, Өз басыңа не жетті? Естігенді ұға бер, Ыдысың болса - тыға бер Пайдасыз болса құмарың, Сілкініп тастап шыға бер.