
- •Абайдың баласы Әкiмбайдың жоқтауы
- •Абайдың өзге ақындармен сөз жарыстыруы
- •Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ
- •Антпенен тарқайды
- •Асқа, тойға баратұғын
- •Ауру жүрек ақырын соғады жай
- •Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей
- •Байлар жүр жиған малын қорғалатып
- •Болды да партия
- •Бір дәурен кемді күнге — бозбалалық
- •Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол
- •Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында
- •Домбыраға қол соқпа
- •Жаздыкүн шілде болғанда
- •Жазғытұры (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы)
- •Жалын мен оттан жаралып
- •Жастықтың оты жалындап
- •Жақсылық ұзақ тұрмайды
- •Желсіз түнде жарық ай
- •Жылуы жоқ бойының
- •Жігіт сөзі (Айттым сәлем, қаламқас)
- •Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
- •Жүрегім, нені сезесің
- •Көлеңке басын ұзартып
- •Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
- •Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
- •Лай суға май бітпес қой өткенге
- •Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
- •Менсінбеуші ем наданды
- •Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
- •Ойға түстім,толғандым
- •Оспанға
- •Сағаттың шықылдағы емес ермек
- •Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын
- •Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
- •Қажымас дос халықта жоқ
- •Қайғы шығар ілімнен
- •Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
- •Қансонарда бүркітші шығады аңға
- •Қарашада өмір тұр
- •Қартайдық,қайғы ойладық,ұлғайды арман
- •Қатыны мен Масақбай
- •Қыздарға (Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең)
- •Қыз сөзі (Қиыстырып мақтайсыз)
- •Құлақтан кіріп, бойды алар
- •Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi)
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абайдың айтқан жұбатуы
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абай шығарып берген жоқтау
- •Әбдірахманға (Орынсызды айтпаған)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Көзімнің нұрысыз)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Тілім саған айтайын)
- •Әбдірахман өліміне (27 жасында)
- •Өкінішті көп өмір кеткен өтіп
- •Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы
- •Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
- •Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
- •Ала қойлар (и. А. Крыловтан)
- •Асау той, тентек жиын, опыр-топыр (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Бородино
- •Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы (я. Полонскийден)
- •Піл мен қанден (и. А. Крыловтан)
- •Теректің сыйы (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шайтан (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шегіртке мен құмырсқа (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен бүркіт (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен түлкі (и. А. Крыловтан)
- •Ескендiр
- •Алтыншы сөз
- •Тоғызыншы сөз
- •Оныншы сөз
- •Он тоғызыншы сөз
- •Жиырмасыншы сөз
- •Жиырма бірінші сөз
- •Жиырма екінші сөз
- •Жиырма үшінші сөз
- •Жиырма төртінші сөз
- •Жиырма бесінші сөз
- •Жиырма алтыншы сөз
- •Жиырма жетінші сөз
- •Жиырма сегізінші сөз
- •Жиырма тоғызыншы сөз
- •Отызыншы сөз
- •Кәрілік туралы
- •Жастарға
- •Шын сырым
- •Ашу мен ынсап
- •Шаруа мен ысырап
- •Анық пен танық
- •Ер қоспақ пен сөз сөйлемек
- •Махаббат пен құмарлық
- •Міндеу мен күндеу
- •Қазақ айнасы
- •Піскен мен шикі
- •Бай мен кедей
- •Партия адамдары
- •Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым
- •Мал жимақ
- •Насихат
- •Хайуан мен ақымақтар
- •Сәнқойлар
- •Еріншек
- •Құмарлық
- •Жан менен дене һәм көңіл
- •Қалжыңшыл қылжақпас
- •Сөз сынап, өлең өлшемен
- •Ажалсыз әскер
- •Бояулы суыр
- •Қаншыр мен бөдене
- •Ақылшы торғай
- •Қасқыр, түлкі, бөдене
- •Талап пен ақыл
- •«Кәрілік— шал деген бір ат қылғандай...»
- •«Мен адамның таппаймын өнерлісін...»
- •Ақындарға
- •Ескі ақындық
- •Жасымнан жетік білдім түрік тілін
- •«Адамның ең жақсысы...»
- •«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға
- •«Адамнан артық жәндік жаралмаған...»
- •«Бір ханның кеудесіне жара шыкқан...»
- •«Ана жыл әскер шығып оңнан-солдан...»
- •«Тумақ, өлмек — тағдырдың шын қазасы...»
- •«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...»
- •«Наушеруан аңда жүріп киік атқан...»
- •«Бір ханда екі ұл бопты бір туысқан...»
- •«Кәрілік— құтылмайтын бір қазған ор...»
- •«Ғайсадай жан беретін таңның желі...»
- •«Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса...»
- •«Епті тышқан бидайды таси берген...»
- •Насихат
- •«Партия қуған өңкей қырт...»
- •Адам немене?
- •Серігім жалғыз Әупіш қасымдағы
- •Бостандық туы жарқырап
- •Бостандық таңы атты
- •«Анадан алғаш туғанымда...»
- •Бұл ән, бұрынғы әннен өзгерек
- •«Қай жолдассың, айтшы сен?...»
- •«Жылым— қой, жұлдызым — июль...»
- •«Жас алпыстан асқан соң...»
- •Тау басындағы ой
- •«Тура жолда қайғы тұрмас...»
- •Адамшылық
- •«Таң» журналына жаңа бір әнмен байғазы
- •Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім күйді
- •«Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі...»
- •«Адамның еркі қайда» -деп ақылдан сұрағаным
- •Ақылдың жауабы
- •Қорқыт, Кожа Хафиз түсіме енді де...
- •Қорқыттың сарыны
- •Тіршілік, жан туралы
- •«Шошыма достым сөзімнен...»
- •«Әлемді түгел мен көріп...»
- •«Өртейін деп отқа көмдім...»
- •«Өмірдің ұнап ойыны...»
- •«Өмір сырын көздесең...»
- •«Жүректен аққан қанымнан...»
- •«Қобызым неге сарнайды?...»
- •«Сорлы бұлбұл жазға асық боп...»
- •«Қырық жылдан өтіп жасым...»
- •«Ақыл құсы адаспай аспандаса...»
- •«Шам жардан жарықпын деп күнәлі боп...»
- •«Тауық неге шақырар сағат сайын?...»
- •Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі
- •Қош, жұртым
- •Жайлаудың баласымен айтысқан өлеңі
- •Жұмбақтардың шешуі
- •Ажал, маған арақ берсең
- •Жер жүзiне қарасам
- •Жиырма үш жасымда
- •Дубровский әңгімесі.
- •Нартайлақ пен Айсұлу
- •Қалқаман-Мамыр
- •Еңлік-Кебек
Мал жимақ
Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи. Арың сатпа, терің сат, адалды ізде, Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи. Ерінбесең еңбекке, дәулет дайын, Жаратқан жоқ жатсын деп бір құдайың. Ойласын деп ой берді, көруге көз, Аяқ берді, тапсын деп басқан сайын. Үйде отырып салғанмен сарыуайым, Тілегенің тұра ма саған дайын. Жүріп-тұрып, ойланып істеп көрсең, Харекеттің білесің сонда жайын. Жатып ішкен жан - тыныш, салғырт-салақ, Оған арам - харекет, ой ойламақ. Іздемеген кісіге қайдан келсін Таза киім, жылы орын, тәтті тамақ. Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ, Білім білмек - әр іске бапкер болмақ. Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап,- Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ. Қол өнер - өзің өлсең - бірге өледі, Сонда-дағы қалғандар үйренеді. Сен кетсең де өнерің елде қалып, Талай жанға азық пен мал береді. Әрі ермек, әрі пайда, әрі дұрыс, Демейді қол өнерді ешкім бұрыс. Көрінгенге көз сатып жалынғанша, Күндік өмір қалса да соған тырыс. Деп ойлама бұйрықсыз дәулет қайда, Жалықпай талап етсең - дайын қайда. Адал қол аштан өлмес, құры қалмас, «Жүрген алар»-деген ғой осындайда. Талаппен адал істі істемекпіз, Тапсырдық бір аллаға біз демекпіз. Ындының таза болса, именбеңіз, Дәулетті осылайша іздемекпіз. Баста таза жаратты, сен таза бол, Ұқсаң, анық айттым ғой бұл - тура жол. Мақтан күйлеп, арамнан мал жинасаң, Орның - дозақ, сорлы - сен, айтқаным сол!
Насихат
Кел, байлар, балаңды оқыт, ғылым ізде, Қазақты бастайтұғын қару сізде. Партияға шашқанша осыған сал, Қолыңда қорегің бар кезіңізде. Білгіштер, біліміңді өнерге сал, Жарты өмір жалғыз күндік болмайды жал. Тіленіп, тілің безеп қу атанбай, Ғылым білсең, табасың қадір мен мал. Есті жи, ел шаңына ер, мұны тастап, Қайғы жоқ басқа жатсаң ғылым жастап. Сен — батыр, мынау — білгіш, анау есті, Апардың қазақ көшін қайда бастап? Көрмедім көш бастаған қазақ ұлын, Кеңірдек, өңеш кетіп, қалды жұлын. Бәрің есті, батырсың, айлалысың, Қазақтың түзеттің бе жалғыз қылын? Жарлылар, жалаңдама, сендер де ойлан, Кер кедей, кежірлікті шығар бойдан. Бойың жалдап қор болма, ойың жалда, Түк өнбес алты ай жүріп алған қойдан. Онан да өнер үйрен тек жүрсең де, Ақы алмай, тамақ қана жеп жүрсең де. Өнер білсең — он күнде жүзді аласың, Басында пайда алмай-ақ көп жүрсең де. Жастарым, құмар болма көрінгенге, Жас күнде бойды үйретпе ерінгенге. Аз ойна да, көп ойла, осынымды ұқ, Өкінбе жастық бойдан серілгенде. Ғылым тан жас күніңде буын қатпай, Басында байқамассың дәмін татпай. Менің көрген жайымды сендер білсең, Ғылым үшін жүрер ең тыным таппай. Адамнан адам озар немен артып, Бұл сөзді ақылға сал, кірге тартып. Залымдықпен ел алса, сол оза ма, Маңайының бәрін де оттай шарпып? Біреу жүр алдап алып қайта малын, Жалындай тысқа жаққан күнде шалқып. Көпке пайда тигізіп біреу жүрсе Ғылым іздеп жап-жатық майдай балқып. Осылардың қайсысын ұнатасың?— Ақылға әрбіреуін сынатасың. Көпке паңда тигізген жақсы десең, Оны неге іздемей тек жатасың? Егерде ел алғанға қуанасың, Немесе алдау қылып жұбанасың. Бұл екеуін көңілің жақсы көрсе, Бәрібір, сен де соңдай дуанасың.
Өкінішті өмір
Қайғылының ішінде жанар жалын, Шалмай қоймас жалыны жолдастарын. Өзімді ұрған мінезді сөгемін деп, Тілім тисе сіздерге, кеш, достарым. Тілі ащы деп, жігіттер, мені сөкпе, Ашулының әр сөзі тиер көпке. Өткен өмір — өкініш, ой жаралы, Дерті қалың делбемін шірік өкпе. Құры тілмен зарланып сайраулымын, Қол-аяғым бос емес, байлаулымын. Улы жүрек, долы тіл сөйлеп отыр, Ыза қысып тісімді қайраулымын. Ащы сөзім — достығым, маған нансаң, Кемдігім — келістіріп айта алмасам. Түпсіз суға байқамай түсіп алып, «Аулақ жүр — деп доспын ғой — айғайласам» Менің дертім, жігіттер, емес оңай, Болып едің дейсің ғой қашан олай. Басқа түссе байқарсыз бәріңіз де, Ойланбаған өмірдің бәрі солай. Ескерусіз бар өмір кетсе желге, Ақыл, айла, қайратың ақса селге, Мақтанқұмар партия күйлесеңіз, Мен сықылды боласың сен де делбе. Осыларды өнер деп өлсең сенбе, Онан басқа өнер көп іздегенге. Өкінішің өлімнен қиын болар, Мақсатым не деп ойлар кез келгенде. Осы кезде кісі жоқ менен жаман, Сөзім ащы тиген соң сізге таман. Достығым ба, байқарсыз, қастығым ба, Біздің ойды сіз де ойлар болса заман. Тамам елді қорлаған мен ғой бүгін, Ләйім, жылда солардың қылма түгін. Менің биім — өзіңнің ақ жүрегің, Сөзімді ұқ та дауыңды айт, соған жүгін. Мақтан үшін іс қылып көрдім бе де, Ашу мен құмарлыққа кірдім бе де. Өнерсіз жалқаулықпен жанды сатып, Ант ішіп партияда жүрдім бе де. Ез, еріншек, қорғалақ, шабан болсаң, Не мақтаншақ, дарақы, надан болсаң: Есі-дертің — партия, ел билемек, Залалкес хайуаннан жаман болсаң. Бұлардың бәрі болсаң, өкпелеме, Мінін айтса шын жақсы кектене ме? Арам безден арылып әділ жүрсең, Ақ жаратқан құдайың жек көре ме? Таза болсаң, ондайға жоламай өт, Ақ жүрегің ақтаса, құтылып кет. Оған болмай құтырсаң, өз сазайың, Итпен бірге ит болған сен де төбет! Ащы тілмен мен айттым ел мінезін, Сөздің теріс мақұлын салмақта өзің. Өтірігін тап-тағы жүзқара қыл, Ыза болсаң, кек алар сол ғой кезің.