
- •Абайдың баласы Әкiмбайдың жоқтауы
- •Абайдың өзге ақындармен сөз жарыстыруы
- •Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ
- •Антпенен тарқайды
- •Асқа, тойға баратұғын
- •Ауру жүрек ақырын соғады жай
- •Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей
- •Байлар жүр жиған малын қорғалатып
- •Болды да партия
- •Бір дәурен кемді күнге — бозбалалық
- •Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол
- •Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында
- •Домбыраға қол соқпа
- •Жаздыкүн шілде болғанда
- •Жазғытұры (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы)
- •Жалын мен оттан жаралып
- •Жастықтың оты жалындап
- •Жақсылық ұзақ тұрмайды
- •Желсіз түнде жарық ай
- •Жылуы жоқ бойының
- •Жігіт сөзі (Айттым сәлем, қаламқас)
- •Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
- •Жүрегім, нені сезесің
- •Көлеңке басын ұзартып
- •Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
- •Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
- •Лай суға май бітпес қой өткенге
- •Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
- •Менсінбеуші ем наданды
- •Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
- •Ойға түстім,толғандым
- •Оспанға
- •Сағаттың шықылдағы емес ермек
- •Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын
- •Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
- •Қажымас дос халықта жоқ
- •Қайғы шығар ілімнен
- •Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
- •Қансонарда бүркітші шығады аңға
- •Қарашада өмір тұр
- •Қартайдық,қайғы ойладық,ұлғайды арман
- •Қатыны мен Масақбай
- •Қыздарға (Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең)
- •Қыз сөзі (Қиыстырып мақтайсыз)
- •Құлақтан кіріп, бойды алар
- •Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi)
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абайдың айтқан жұбатуы
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абай шығарып берген жоқтау
- •Әбдірахманға (Орынсызды айтпаған)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Көзімнің нұрысыз)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Тілім саған айтайын)
- •Әбдірахман өліміне (27 жасында)
- •Өкінішті көп өмір кеткен өтіп
- •Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы
- •Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
- •Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
- •Ала қойлар (и. А. Крыловтан)
- •Асау той, тентек жиын, опыр-топыр (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Бородино
- •Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы (я. Полонскийден)
- •Піл мен қанден (и. А. Крыловтан)
- •Теректің сыйы (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шайтан (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шегіртке мен құмырсқа (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен бүркіт (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен түлкі (и. А. Крыловтан)
- •Ескендiр
- •Алтыншы сөз
- •Тоғызыншы сөз
- •Оныншы сөз
- •Он тоғызыншы сөз
- •Жиырмасыншы сөз
- •Жиырма бірінші сөз
- •Жиырма екінші сөз
- •Жиырма үшінші сөз
- •Жиырма төртінші сөз
- •Жиырма бесінші сөз
- •Жиырма алтыншы сөз
- •Жиырма жетінші сөз
- •Жиырма сегізінші сөз
- •Жиырма тоғызыншы сөз
- •Отызыншы сөз
- •Кәрілік туралы
- •Жастарға
- •Шын сырым
- •Ашу мен ынсап
- •Шаруа мен ысырап
- •Анық пен танық
- •Ер қоспақ пен сөз сөйлемек
- •Махаббат пен құмарлық
- •Міндеу мен күндеу
- •Қазақ айнасы
- •Піскен мен шикі
- •Бай мен кедей
- •Партия адамдары
- •Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым
- •Мал жимақ
- •Насихат
- •Хайуан мен ақымақтар
- •Сәнқойлар
- •Еріншек
- •Құмарлық
- •Жан менен дене һәм көңіл
- •Қалжыңшыл қылжақпас
- •Сөз сынап, өлең өлшемен
- •Ажалсыз әскер
- •Бояулы суыр
- •Қаншыр мен бөдене
- •Ақылшы торғай
- •Қасқыр, түлкі, бөдене
- •Талап пен ақыл
- •«Кәрілік— шал деген бір ат қылғандай...»
- •«Мен адамның таппаймын өнерлісін...»
- •Ақындарға
- •Ескі ақындық
- •Жасымнан жетік білдім түрік тілін
- •«Адамның ең жақсысы...»
- •«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға
- •«Адамнан артық жәндік жаралмаған...»
- •«Бір ханның кеудесіне жара шыкқан...»
- •«Ана жыл әскер шығып оңнан-солдан...»
- •«Тумақ, өлмек — тағдырдың шын қазасы...»
- •«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...»
- •«Наушеруан аңда жүріп киік атқан...»
- •«Бір ханда екі ұл бопты бір туысқан...»
- •«Кәрілік— құтылмайтын бір қазған ор...»
- •«Ғайсадай жан беретін таңның желі...»
- •«Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса...»
- •«Епті тышқан бидайды таси берген...»
- •Насихат
- •«Партия қуған өңкей қырт...»
- •Адам немене?
- •Серігім жалғыз Әупіш қасымдағы
- •Бостандық туы жарқырап
- •Бостандық таңы атты
- •«Анадан алғаш туғанымда...»
- •Бұл ән, бұрынғы әннен өзгерек
- •«Қай жолдассың, айтшы сен?...»
- •«Жылым— қой, жұлдызым — июль...»
- •«Жас алпыстан асқан соң...»
- •Тау басындағы ой
- •«Тура жолда қайғы тұрмас...»
- •Адамшылық
- •«Таң» журналына жаңа бір әнмен байғазы
- •Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім күйді
- •«Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі...»
- •«Адамның еркі қайда» -деп ақылдан сұрағаным
- •Ақылдың жауабы
- •Қорқыт, Кожа Хафиз түсіме енді де...
- •Қорқыттың сарыны
- •Тіршілік, жан туралы
- •«Шошыма достым сөзімнен...»
- •«Әлемді түгел мен көріп...»
- •«Өртейін деп отқа көмдім...»
- •«Өмірдің ұнап ойыны...»
- •«Өмір сырын көздесең...»
- •«Жүректен аққан қанымнан...»
- •«Қобызым неге сарнайды?...»
- •«Сорлы бұлбұл жазға асық боп...»
- •«Қырық жылдан өтіп жасым...»
- •«Ақыл құсы адаспай аспандаса...»
- •«Шам жардан жарықпын деп күнәлі боп...»
- •«Тауық неге шақырар сағат сайын?...»
- •Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі
- •Қош, жұртым
- •Жайлаудың баласымен айтысқан өлеңі
- •Жұмбақтардың шешуі
- •Ажал, маған арақ берсең
- •Жер жүзiне қарасам
- •Жиырма үш жасымда
- •Дубровский әңгімесі.
- •Нартайлақ пен Айсұлу
- •Қалқаман-Мамыр
- •Еңлік-Кебек
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын Түбін ойлап, уайым жеп айтқамын. Ақылдылар арланып ұялған соң, Ойланып түзеле ме деп айтқамын.
Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын, Бірінен бірі шапшаң ұқпас сөзін. Көздің жасы, жүректің қаныменен Ерітуге болмайды іште мұзын.
Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін, Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін. Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді, Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін.
Адасып алаңдама жол таба алмай, Берірек түзу жолға шық қамалмай. Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ, Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай. |
Тоты құс түсті көбелек
Тоты құс түсті көбелек Жаз сайларда гулемек. Бәйшешек солмақ, күйремек, Көбелек өлмек сиремек.
Адамзатқа не керек: Сүймек, сезбек, кейімек, Харакет қылмақ, жүгірмек, Ақылмен ойлап сөйлемек.
Әркімді заман сүйремек, Заманды қай жан билемек? Заманға жаман күйлемек, Замана оны илемек. |
Туғызған ата, ана жоқ
Туғызған ата, ана жоқ Туғызарлық бала жоқ. Туысқан-туған, құрбылас, Қызығымен және жоқ. Толайын десе шара жоқ, Толықсып жүрер шама жоқ. Ұйқы мен астан дәм кетіп, Сақалда, шашта қара жоқ. Байбайшыл тартып, баға жоқ, Жастарға жаппас жала жоқ. Жат қораны күзеткен Қартаң шалда сана жоқ. |
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да, Оған да үкі, тұмар тағылса да. Қыжыртпай мені сырттан жүре алмайды, Кім желігіп, қай шеттен қағынса да.
Күшік ит бөрі ала ма жабылса да? Тәңірі сақтар, табандап тап ұрса да Арсыз адам, арсаңдап, арсылдайды. Әржерде-ақ керегеге таңылса да.
Құтырды көпті қойып азғанасы, Арызшы орыс — олардың олжаласы. Бірде оны жарылқап, бірде мұны, Қуды ұнатты-ау, Семейдің бұл қаласы. |
Тәңірбердіге
Байсып, паңсып, Көрінгенге бәлсіп, Өзі ғана келгендей, Дүниеге жансып.
Маң-маң басып, Мен-мендігі асып, Мал бітті деп, көңілі Көтеріліп тасып.
Бай-бай десе мастанып, Мың теңгесін жастанып, Ешкім тимей өзіне, Ағайынға қастанып.
Өз тамағым тоқ деп, Басымда қайғы жоқ деп, Жақыны аттан жығылса, Жаны ашымай “шоқ” деп.
Бай-еке десе, елігіп, Қайырсыз малға желігіп, Кеудесінен буынып, Пыс-пыс етіп демігіп.
Өтірік жала жабады, Біреуге көр қазады. Отырғанда үйінде, Ылдидың төрін алады.
Өтірік, өсек, дау десе, Бәйге атындай шабады. Қолыңнан келер түк те жоқ, Осының маған болды кек. |
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Ауызомыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке, үңiрейген болса сағақ.
Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті, Қабырғалы, жоталы, болса күшті. Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы, Тояттаған бүркіттей салқы төсті.
Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ, Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ. Жерсоғарлы, сіңірлі, аяғы тік, Жаурыны етсіз, жалпақ тақтайдай-ақ.
Кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы, Алды-арты бірдей келсе ерге жайлы. Күлте құйрық, қыл түбі әлді келіп, Көтендігі шығыңқы, аламайлы.
Ұршығы төмен біткен, шақпақ етті, Өзі санды, дөңгелек келсе көтті. Сырты қысқа, бауыры жазық келіп, Арты талтақ, ұмасы үлпершекті.
Шідерлігі жуандау, бота тірсек, Бейне жел,тынышты,екпінді мініп жүрсек. Екі көзін төңкеріп, қабырғалап, Белдеуде тыныш тұрса, байлап көрсек.
Тығылмай әм сүрінбей жүрдек көсем Иек қағып, еліріп жүрсе әсем. Шапса жүйрік, мінсе берік,жуан,жуас, Разы емен осындай ат мінбесем.
Аяңы тымақты алшы кигізгендей, Кісіні бұлбұл қағып жүргізгендей. Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс, Ыза қылдың қолыма бір тигізбей. |
Ысытқан,суытқан
Ысытќан,суытќан Бойыңды бір көңіл. Дүниені ұмытќан Ќұмарың тозар, біл.
Әуелгі кезіңде Ќайтпаған көңілдің, Есептеп өзің де, Түрінен өмірдің.
Бір жаќсы күнім деп, Ќызыќпен сөйлесіп, Артынан “ол нем?” деп, Ұялып кезнесіп.
Бір аќымаќ әңгіме Сыќылды көрінер, Онысын өңгеге Айтуға ерінер.
Айтуға білсе, ерінбес, Надандыќпен жеңілмес. Білген кісі айтса оған, Надандығы кемімес. |
Ішім өлген, сыртым сау
Ішім өлген, сыртым сау, Көрінгенге деймін-ау: Бүгінгі дос — ертең жау, Мен не қылдым, япырм-ау?!
Өз үйінде өзендей Күркірейді, айтса дау. Кісі алдына барғанда Шабан, шардақ және шау.
Мұндай ма едің ана күн, Мұның қалай, батыр-ау? Үш күн арқаң босаса, Бола қалдың бас асау.
Жан қысылса, жайтаңдап, Жанды еріткен жайдары-ау. Жан жай тапса, сен неге Жат мінезсің жабырқау?
Ұрлық пенен қулыққа Байлағанда кестің бау. Берерменде бесеусің, Аларманда және алтау.
Топ болғанда көресің Түрлі дауды жүз тарау Аяғында сендейлер Көрмей жүр ме ханталау?
Қайта кірер есікті Қатты серіппе, жарқын-ау Жетілсең де жетсең де Керек күні бір бар-ау. |
Ғабидоллаға
Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын, Қайдан білсін өмірдің көбін-азын, Бәйтеректі күндейді жетемін деп, Жылы күнге мас болып, көрсе жазын.
Күз келген соң тамырын үсік шалып, Бетегеге жете алмай болар жазым. Мен-дағы көп есіттім жастың назын, Қол жетпеске қол созар бар ма ылажың?
“Боламынмен” жүргенде болат қайтып, Жалын сөніп, жас жүзін басады әжім. |
Ғалымнан надан артпас ұққанменен
Ғалымнан надан артпас ұққанменен, Тағдыр көрмей қоймайды бұққанменен. О-дағы қалыбынан аса алмайды, Жауқазын ерте көктеп шыққанменен. |
Ғашықтық, құмарлық пен — ол екі жол
Ғашықтық, құмарлық пен — ол екі жол, Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, Мен не болсам болайын, сен аман бол.
Көңілімнің рақаты сен болғансың, Жасырынба, нұрыңа жан қуансын. Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді, Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?!
Ғашықтық келсе жеңер бойыңды алып, Жүдетер безгек ауру сықылданып. Тұла бой тоңар, суыр үміт үзсе, Дәмеленсе өртенер күйіп-жанып. |
Ғашықтың тілі — тілсіз -тіл
Ғашықтың тілі — тілсіз -тіл, Көзбен көр де, ішпен біл. Сүйісер жастар қате етпес, Мейлің илан, мейлің күл.
Ол тілге едік ондайлы, Қарыпсыз біліп сондайды, Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек, Енді ішіме қонбайды. |
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ — Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой — Бес асыл іс, көнсеңіз. Жамандық көрсең нәфрәтлі,* Суытып көңіл тыйсаңыз. Жақсылық көрсең ғибрәтлі,* Оны ойға жисаңыз. Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз? Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз. Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз. Білгендердің сөзіне Махаббатпен ерсеңіз. Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз. Ақсақал айтты, бай айтты, Кім болса мейлі, сол айтты Ақылменен жеңсеңіз. Надандарға бой берме, Шын сөзбенен өлсеңiз. Аят, хадис емес қой, Күпір* болдың демес қой, Қанша қарсы келсеңіз. Көп орында көріне айтпа, Біздің сөзге ерсеңіз. Мұны жазған кісінің, Атын білме, сөзін біл! Осы жалған дүниеден. Шешен де өткен не бұлбұл, Көсем де өткен не дүлдүл. Сөз мәнісін білсеңіз, Ақыл-мизан*, өлшеу қыл. Егер қисық көрінсе, Мейлің таста, мейлің күл. Егер түзу көрінсе, Ойлап-ойлап, құлаққа іл. Ақымақ көп, ақылды аз, Деме көптің сөзі бұл. Жақынның сөзі тәтті деп, Жақыным айтты дей көрме. Надандықпен кім айтса, Ондай түпсіз сөзге ерме, Сізге айтамын, қаупiм —бұл. Өзің, үшін үйренсең, Жамандықтан жиренсең, Ашыларсың жылма-жыл. Біреу үшін үйренсең, Біреу білмес, сен білсең, Білгеніңнің, бәрі — тұл. Сөзіне қарай кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма. Шын сөз қайсы біле алмай, Әрнәрседен құр қалма. Мұны жазған білген құл, Ғұламаћи* Дауани Солай депті ол шыншыл. Сөзін оқып және ойла, Тез үйреніп, тез жойма, Жас уақытта көңіл — гүл |