
- •Абайдың баласы Әкiмбайдың жоқтауы
- •Абайдың өзге ақындармен сөз жарыстыруы
- •Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ
- •Антпенен тарқайды
- •Асқа, тойға баратұғын
- •Ауру жүрек ақырын соғады жай
- •Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей
- •Байлар жүр жиған малын қорғалатып
- •Болды да партия
- •Бір дәурен кемді күнге — бозбалалық
- •Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол
- •Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында
- •Домбыраға қол соқпа
- •Жаздыкүн шілде болғанда
- •Жазғытұры (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы)
- •Жалын мен оттан жаралып
- •Жастықтың оты жалындап
- •Жақсылық ұзақ тұрмайды
- •Желсіз түнде жарық ай
- •Жылуы жоқ бойының
- •Жігіт сөзі (Айттым сәлем, қаламқас)
- •Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
- •Жүрегім, нені сезесің
- •Көлеңке басын ұзартып
- •Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
- •Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
- •Лай суға май бітпес қой өткенге
- •Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
- •Менсінбеуші ем наданды
- •Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
- •Ойға түстім,толғандым
- •Оспанға
- •Сағаттың шықылдағы емес ермек
- •Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын
- •Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
- •Қажымас дос халықта жоқ
- •Қайғы шығар ілімнен
- •Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
- •Қансонарда бүркітші шығады аңға
- •Қарашада өмір тұр
- •Қартайдық,қайғы ойладық,ұлғайды арман
- •Қатыны мен Масақбай
- •Қыздарға (Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең)
- •Қыз сөзі (Қиыстырып мақтайсыз)
- •Құлақтан кіріп, бойды алар
- •Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi)
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абайдың айтқан жұбатуы
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абай шығарып берген жоқтау
- •Әбдірахманға (Орынсызды айтпаған)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Көзімнің нұрысыз)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Тілім саған айтайын)
- •Әбдірахман өліміне (27 жасында)
- •Өкінішті көп өмір кеткен өтіп
- •Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы
- •Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
- •Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
- •Ала қойлар (и. А. Крыловтан)
- •Асау той, тентек жиын, опыр-топыр (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Бородино
- •Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы (я. Полонскийден)
- •Піл мен қанден (и. А. Крыловтан)
- •Теректің сыйы (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шайтан (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шегіртке мен құмырсқа (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен бүркіт (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен түлкі (и. А. Крыловтан)
- •Ескендiр
- •Алтыншы сөз
- •Тоғызыншы сөз
- •Оныншы сөз
- •Он тоғызыншы сөз
- •Жиырмасыншы сөз
- •Жиырма бірінші сөз
- •Жиырма екінші сөз
- •Жиырма үшінші сөз
- •Жиырма төртінші сөз
- •Жиырма бесінші сөз
- •Жиырма алтыншы сөз
- •Жиырма жетінші сөз
- •Жиырма сегізінші сөз
- •Жиырма тоғызыншы сөз
- •Отызыншы сөз
- •Кәрілік туралы
- •Жастарға
- •Шын сырым
- •Ашу мен ынсап
- •Шаруа мен ысырап
- •Анық пен танық
- •Ер қоспақ пен сөз сөйлемек
- •Махаббат пен құмарлық
- •Міндеу мен күндеу
- •Қазақ айнасы
- •Піскен мен шикі
- •Бай мен кедей
- •Партия адамдары
- •Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым
- •Мал жимақ
- •Насихат
- •Хайуан мен ақымақтар
- •Сәнқойлар
- •Еріншек
- •Құмарлық
- •Жан менен дене һәм көңіл
- •Қалжыңшыл қылжақпас
- •Сөз сынап, өлең өлшемен
- •Ажалсыз әскер
- •Бояулы суыр
- •Қаншыр мен бөдене
- •Ақылшы торғай
- •Қасқыр, түлкі, бөдене
- •Талап пен ақыл
- •«Кәрілік— шал деген бір ат қылғандай...»
- •«Мен адамның таппаймын өнерлісін...»
- •Ақындарға
- •Ескі ақындық
- •Жасымнан жетік білдім түрік тілін
- •«Адамның ең жақсысы...»
- •«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға
- •«Адамнан артық жәндік жаралмаған...»
- •«Бір ханның кеудесіне жара шыкқан...»
- •«Ана жыл әскер шығып оңнан-солдан...»
- •«Тумақ, өлмек — тағдырдың шын қазасы...»
- •«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...»
- •«Наушеруан аңда жүріп киік атқан...»
- •«Бір ханда екі ұл бопты бір туысқан...»
- •«Кәрілік— құтылмайтын бір қазған ор...»
- •«Ғайсадай жан беретін таңның желі...»
- •«Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса...»
- •«Епті тышқан бидайды таси берген...»
- •Насихат
- •«Партия қуған өңкей қырт...»
- •Адам немене?
- •Серігім жалғыз Әупіш қасымдағы
- •Бостандық туы жарқырап
- •Бостандық таңы атты
- •«Анадан алғаш туғанымда...»
- •Бұл ән, бұрынғы әннен өзгерек
- •«Қай жолдассың, айтшы сен?...»
- •«Жылым— қой, жұлдызым — июль...»
- •«Жас алпыстан асқан соң...»
- •Тау басындағы ой
- •«Тура жолда қайғы тұрмас...»
- •Адамшылық
- •«Таң» журналына жаңа бір әнмен байғазы
- •Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім күйді
- •«Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі...»
- •«Адамның еркі қайда» -деп ақылдан сұрағаным
- •Ақылдың жауабы
- •Қорқыт, Кожа Хафиз түсіме енді де...
- •Қорқыттың сарыны
- •Тіршілік, жан туралы
- •«Шошыма достым сөзімнен...»
- •«Әлемді түгел мен көріп...»
- •«Өртейін деп отқа көмдім...»
- •«Өмірдің ұнап ойыны...»
- •«Өмір сырын көздесең...»
- •«Жүректен аққан қанымнан...»
- •«Қобызым неге сарнайды?...»
- •«Сорлы бұлбұл жазға асық боп...»
- •«Қырық жылдан өтіп жасым...»
- •«Ақыл құсы адаспай аспандаса...»
- •«Шам жардан жарықпын деп күнәлі боп...»
- •«Тауық неге шақырар сағат сайын?...»
- •Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі
- •Қош, жұртым
- •Жайлаудың баласымен айтысқан өлеңі
- •Жұмбақтардың шешуі
- •Ажал, маған арақ берсең
- •Жер жүзiне қарасам
- •Жиырма үш жасымда
- •Дубровский әңгімесі.
- •Нартайлақ пен Айсұлу
- •Қалқаман-Мамыр
- •Еңлік-Кебек
Жалын мен оттан жаралып
Жалын мен оттан жаралып, Жарқылдап Рағит жайды айдар. Жаңбыры жерге таралып, Жасарып шығып гүл жайнар.
Жайына біреу келсе кез, Белгілі жұмыс, сор қайнар. Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар.
Жалын мен оттан жаралған Сөзді ұғатын қайсың бар? Партия жиып, пара алған, Бейілді кедей байсыңдар.
Қулық пенен құбылдан Жалықсаң, жақсы жансыңдар. Түзелмесе шұғылдан, Арсылдар да қалшылдар. Несі өмір, Несі жұрт? Өңшең қырт, Бас қаңғырт! |
Жапырағы қуарған ескі үмітпен
Жапырағы қуарған ескі үмітпен Қиял қып өмір сүріп, бос жүріппін. Жыбыр қағып, көңілді тыншытпайды, Қашанғы өтіп кеткен бұлдыр көп күн.
Ой, дәурен өмір емес, бір көрген тус, Ойға тойма, қызықты қиялдан күс. Қарашы, өз бойыңа түгел ме екен, Ыстық жүрек, өң-шырай, қуат пен күш?
Төңкеріліп құбылған, жұрт— бір сағым, Шынға шыңдап, қоса алмас ынтымағын. Көптің аузын күзетсең, күн көрмейсің, Өзіңді өзің күзет, кел, шырағым! |
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да, Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ, Саған жар менен артық табылса да.
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да, Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да, Шыдайды риза боып жар ісіне Қорлық пен мазағына табынса да. |
Жастықтың оты, қайдасың
Жастықтың оты, қайдасың, Жүректі түртіп қозғамай? Ғылымның біліп пайдасын, Дүниенің көркін болжамай?
Адамның тауып айласын, Кісілікті ойламай. Қаруын көңіл сайласын, Қолға ол түспес бойламай.
Махаббат, қызық кім көрер, Оның да дәмін татпаса? Біржола басты кім берер, Жаныңа қайғы батпаса.
Аямай жанын дос ерер, Жолдастықты ақтаса. Алдыңа айдап кім келер, Ерінбей жүріп бақпаса.
Мал бақпақтық шаруа боп, Адал тауып асықпай. Құр айғаймен әуре боп, Өнердің жайын баса ұқпай.
Ендi ненi iстеймiз, Бәрiнен де бос қалдық? "Ауызға келiп түс" деймiз, Қылып жүрiп құр салдық!
|
Жастықтың оты жалындап
Жастыќтың оты жалындап. Жас жүректе жанған шаќ. Талаптың аты арындап, Әр ќиынға салған шаќ.
Уайым — аз, үміт — көп, Ет ауырмас бейнетке, Бүгін-ертең жетем деп Көңілге алған дәулетке.
Ќайратпен кіріп, жалынбай, Аќылмен тауып айласын, “Мен ќалайға?” салынбай, Жылы жүзбен жайнасын.
Ќайратќа сеніп ќаќтыќпай, Жазасын тауып жауласар, Ќатынша тілмен шаптыќпай, Майданға шыќса жарасар.
Жалыны ќайтар дененің. Үнемі тұрмас осы шаќ. Талайғы кәрі дүниенің, Бір кетігін ұстап баќ.
Ќұйрығы шаян, беті адам,— Байќамай сенбе ќұрбыға! Жылмаңы сыртта, іші арам Кез болар ќайда сорлыға.
Достыќќа достыќ — ќарыз іс. Дұшпаныңа_әділ бол. Асығыс түбі — өкініш, Ойланып алмаќ—сабыр сол.
Аќ көңілді жаќсыдан, Аянбай салыс ортаға. Аќылы, ары тапшыдан, Ќу сөзін алма ќолќаға.
Сұмсұрќия, ќу заман, Гүл көрінер жігітке — Ќызыќты өмір жайнаған, Кеудесі толып үмітке.
Бір нәрсені ұнатса, Ќайта ойланып ќарамас. Маќтанып жұртты шулатса, Ќұмары сол ќызба бас.
Сенісерге келгенде, Сене берер талғамай, Жұрты ќұрғыр сенгішке Тұра ма ќулыќ жалғамай?
Ары кеткен алдағыш. Мені-аќ алда, сөкпейін, Балы тамған жас ќамыс Ормасаңшы көктейін
Сені жаќсы көрмесе, Сенер ме еді сөзіңе? “Япырмай?..” деп терлесе, Ар емес пе өзіне? |
Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, Қолымды дәп сермесем, өстер ме едім? Адамның бір қызығы бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім. Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім, Өзім де басқа шауып, төске өрледім, Қазаққа қара сөзге дес бермедім. Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ, Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім. |
Жас өспірім замандас қапа қылды
Жас өспірім замандас қапа қылды, Сабыр, ар жоқ, аял жоқ, ілді-жұлды. Тұрлау қылып ешнәрсе басқара алмай, Сенімі жоқ серменде өңкей жынды.
Жамандық, жақсылық пен — оған бір бәс, Дін ісін, құдай ісін айыра алмас. Арын сатып, ант ұрып іздегені — Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас.
Тұрлаусыздың қолынан не келеді? Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді? Еңбегі жоқ, еппенен мал табам деп, Сендіре алмай, сене алмай, сенделеді.
Онда оны алдайды, мұнда мұны, Жанын берсе табылмас сөздің шыны. Алты жақсы, жүз жылқы болған басы Бір семіз ат болады оның құны. |