
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе...................................................................................................................3
2.Курыстық жобалауға тапсырма..........................................................................4
3.Күшейткіштің құрылымдық схемасын таңдау және негіздеу….…………………………………………………...................................5
4.Күшейту каскадының санын есептеу……………………..............................7
5.Күшейткіштің принципиалдық схемасын таңдау және негіздеу…………………………………….............................................................8
6.Ақырғы каскадты есептеу………………………………..................................9
7.Тұрақты ток бойынша схема элементтерін есептеу……...............................14
8.Күшейткіштің күшейту коэффициентін есептеу және тексеру………………………………………………..............................................17
9.Жалпы ООС тізбегіндегі ұзартқышты есептеу………...................................19
10.Есептеу қорытындысын шығару………………………….............................20
11.Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………................................21
Курстық жобалау.
Сызықтық күшейткіш.
Кіріспе:
Байланыс техникасында ең күрделі сызықтық күшейткіштің параметрлері,құрылымдық схемасының құрылысы,жұмысы жайлы ақпарат алу.Сызықтық күшейткіштерді толығымен түсіну үшін:
Курстық жобалауға тапсырма
Электронды схематехника негіздері бойынша.
Тапсырма тақырыбы: Сызықтық күшейткіш.
1.
Жүктемеге берілген қуат:
.мВт
Жұмыс диапазонындағы төменгі жиілік: т.кГц
Жұмыс диапазонындағы жоғарғы жиілік: ж.кГц
Күшейткіштің номиналды күшеюі: S.дБ
Сигнал көзінің және жүктеменің кедергісі: Rқор. Көз.=Rж,Ом
-
Күшейткіш көрсеткіштері
Нұсқа номері
17
.мВт
23
т.кГц
60
ж.кГц
552
S.дБ
35
Rқор. Көз.=Rж,Ом
145
I-бөлім.
Сызықтық күшейткіштің құрылымдық схемасын
таңдау және негіздеу.
Байланыс техникасында беру жүйесінің қондырғылары көптеген электр сигналдарының күшейткіштерінен тұрады.Ең күрделі күшейткіш болып аралық күшейткіш пунктілерінде орналастырылатын сызықтық күшейткіштер саналады.Сызықтық күшейткіштің негізгі параметрлері болып мынадай параметрлер саналады:
1. Жиілікті жұмыс диапазоны.
2. Номиналды күшеюі.
3. Кіріс және шығыс кедергілері.
4. Сызықты емес күшею.
Күшею тұрақсыздығы.
Сызықтық күшейткіштің жиілікті жұмыс диапазоны-беру жүйесінің сызықты спектрімен анықталады.
Күшейткіштің номиналды күшеюі деп- күшейткіштің жиіліктік жұмыс диапазонының жоғарғы жиілігіндегі өшу мәнін күшейтуін атаймыз.
S- номиналдық күшею.
S=20 lgUшығ./Uкіріс [дБ]
Сызықтық күшейткіштерде бір уақытта әртүрлі арналардың сигналдарын күшейтетін сызықты емес бұрмаланудың болуы арнада шуылдың болуына әсерін тигізеді.Бұл құбылыс өшу коэффициентімен бағаланады. а-өшу коэффициенті.
аг=20lg 1/Kг [дБ]
Күшею тұрақсыздығы мына формуламен есептелінеді.
St=20lg [1+KK] [дБ]
мұндағы: K- күшею коэффициентінің өзгеруі.
K-күшею коэффициенті.Сызықтық күшейткіш құрылым схемасы 1- суретте көрсетілген.Сызықтық күшейткіштің кіріс және шығыс қондырғысы ретінде трасформаторлы дифференциалдық жүйелері қолданылады.
Күшейткіштің (ОК) ақырғы каскады теріс кері байланысы ескерілген сызықты емес бұрмаланудың рұқсат етілген мәніндегі жүктемені сигналдың берілген қуатымен қамтамасыз етеді.
Алдын ала күшейту каскад ақырғы каскадты басқару үшін қажет болатын сигналдың ток мәнін алу үшін қолданылады , күшейткіштің сапалық күшейткіштерінің мәндерін барлық күшейту каскадтарын қамтитын теріс кері байланыстың максималдық тереңділігімен анықталады.Теріс кері байланыс тізбегінің құрамына мыналар жатады :
дБ-айнымалы ұзартқыш, бұл жиілікке тәуелсіз күшейткіш бөлігінің ұзындығына сәйкес күшеюді реттейді.
Аалғашқы иілу контуры. Бұл тұрақты параметрлі – берілген амплитуда-жиіліктік сипаттаманы қамтамасыз ететін , жиілікке тәуелді төртполюстік.
Автоматты түрде реттеу қондырғы - бұл тізбектің өшуінің температуралық өзгеруіне сәйкес күшеюін реттейтін, айнымалы параметрлі жиілікке тәуелді төртполюстік
Трансформаторлы диференциалды жүйе 3 орамды трансформатордан және баланс кедергілерінен тұрады. Сигнал көзі және жүктеме ретінде байланыс желілері алынған.
II-бөлім.
Күшейту каскадының санын есептеу.
Күшейту каскадының санын мына формуламен анықтадым.
N=Sкб-сызSкаск.
N=35+22,5/22,4=2,6
Мұндағы: Sкб-сыз.-кері байланыссыз күшейткіштің күшеюі. [дБ]
N-каскад саны.
Sкб-сыз.=S+Aкб.
Sкб-сыз.=35+22,5=57,5
Мұндағы: S - күшейткіштің номиналды күшеюі.
Акб-теріс кері байланыстың тереңдігі.
Акб=2030 дБ
Sкаск-бір каскадтың күшеюі.
Sкаск=2025 дБ
III-бөлім.
Күшейткіштің принципиалдық схемасын
таңдау және негіздеу.
2-суретте 3 каскадты сызықтық күшейткіштің принципиалдық схемасы көрсетілген.Күшейткіштің V1, V2, V3 транзисторлары ОЭ схемасымен қосылған 3 каскадтан тұрады.Бірінші және екінші каскад өзара тікелей қосылған.Ал екінші және үшінші каскадтар С8 бөлгіш конденсаторы арқылы қосылған.Екінші каскадтың кірісінде кернеу бөлгіш пен бөлгіш конденсатордың болмауы схема элементтерінің санын азайтады, қоректендіру тогын үнемдейді.Сонымен қатар бөлгіш конденсатордың болмауы төменгі жиіліктегі амплитуда-жиіліктік бұрмалануды төмендетеді,бірақ кемшілігі қоректендіру кернеуінің үлкен мәнін талап етуі.Яғни, бұл схемада бірінші каскадтың режимінің тұрақты болуы өте маңызды.
Каскад аралық паразитті кері байланысты әлсірету үшін ортақ қоректендіру көзінің тізбегі арқылы R6, C3, R11, C5 фильтрлеуші тізбегі қосылған. Күшейткіштің кіріс және шығыс қондырғылары Т1, Т2 дифференциальды трансформаторлардан жасалған.
R1 және R16 резисторлары балансты резисторлар болып саналады.
Күшейткіште кіріс және шығыс қондырғыларының көмегімен жасалған ортақ теріс кері байланыс қолданылады.Теріс кері байланыс тізбегінің пассивті бөлігінде автоматы т8рде реттеАРУ, КНН контурлары R7, R10, R12 резисторларынан құрылған айнымалы ұзартқыш қосылған.Кері байланыс тек айнымалы ток арқылы жүргізіледі.Сондықтан ООС тізбегінің кірісіне және шығысына C2, C11 конденсаторлары қосылған.
С1, С7, С10 конденсаторлары ООС пассивті бөлігі ілмегінің жоғарғы жиілікте айналып өту жолын құрайды және күшейткіштің өзіндік қозу мүмкіндігін жояды.
IV-бөлім.