
- •Лабораториялық кешен сипаттамасы
- •1.1.2. Техникалық сипаттамалар
- •1.1.3. Жинақылық
- •1.1.4. Лабораториялық жұмыстар жинағы
- •!!! Назар аударыңыз
- •2. Базалық сынақтарды жүргізу басқармасы
- •Гидродинамика негіздері.
- •Сұйықтық қозғалысы жайлы негізгі түсінік
- •3,1 Сурет. Қимыл қималар: а – құбырдың, б – клапанның.
- •3,2 Сурет. Суланған периметр
- •3,3 Сурет. Ағыс және ток сызығы.
- •3,4 Сурет. Тұрақты шығындағы ауыспалы диаметрлі құбыр.
- •Идеал сұйық үшін Бернулли теңдеуі.
- •Реал сұйықтық үшін Бернулли теңдеуі.
- •3,6 Сурет. Реал сұйықтыққа арналған Бернулли теңдеуінің қорытындысының сұлбасы.
- •Сұйықтық шығынын және ағын жылдамдығын өлшеу.
- •3,7 Сурет. Пито түтікшесі және Вентури расходометрі.
- •11,3 Сурет. Жергілікті кедергілер.
- •Гидравликалық кедергідер.
- •Сұйықтықтың қозғалыс режимдері.
- •4,1 Сурет. Рейнольдс қондырғысының сұлбасы.
- •Кавитация.
- •4,2 Сурет. Кавитацияны көрсетуге арналған түтікше сұлбасы.
- •Сұйықтықтың ламинарлы ағысы кезіндегі арынның жоғалуы.
- •4,3 Сурет. Ламинарлық ағысты қарастыруға арналған сұлба.
- •Сұйықтықтың турбулентті ағысы кезіндегі арынның жоғалуы.
- •4,4 Сурет. Турбулентті ағыстағы жылдамдықтың тіркелуі.
- •4,5 Сурет. Лурбулентті ағыстағы ток сызықтарының сипаты.
- •4,6 Сурет. Сұйықтық ағысының турбулентті тәртібінің сұлбасы.
- •4,7 Сурет. Никурадзе графигі.
- •4,8 Сурет. Гидравликалық үйкеліс коэффициентін анықтауға раналған Колбрук-Уайт номограммасы.
- •Жергілікті гидравликалық кедергілер.
- •4,9 Сурет. Арнаның күрт кеңеюі.
- •4,10 Сурет. Құбырдың баяу кеңеюі (Диффузор).
- •4,11 Сурет. Бұрышқа ζдиф тәуелділігі.
- •4,12 Сурет. Құбырдың күрт тарылуы. 4,13 сурет. Конфузор.
- •4,14 Сурет. Сопло ( Шүмек).
- •4,15 Сурет. Құбырдың күрт бұрылуы (иін).
- •4,16 Сурет. Δ бұрышына ζкол тәуелділіктері.
- •4,17 Сурет. Бұру (отвод).
- •11,1 Сурет. Арын шығымының сұйықтықтың қозғалыс жылдамдығына тәуелділігі.
- •11,2 Сурет. Құбырлардың кедір-бұдырлығы: а – абсолют кедір-бұдырлық; б – гидравликалық тегіс кедір-бұдырлық; в – ауыспалы (өтпелі) аумақ; г – гидравликалық кедір-бұдыр құбырлар.
«ЭнергияЛаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Лабораториялық кешен
«Құбырөткізгіштегі процесстерді жобалау»
Лабораториялық кешен сипаттамасы
Базалық сынақтарды жүргізу басқармасы
Алматы 2014
Мазмұны
Лабораториялық кешен сипаттамасы
Нұсқау
Техникалық сипаттамалар
Жинақылық
Лабораториялық жұмыстар жинағы
Лабораториялық кешеннің ішкі күйі
Кешен құрылымы
Жиынтық құрамы
Стендті жұмысқа дайындау
Бағдарламалық кешенге нұсқаулық
Базалық сынақтарды жүргізу басқармасы
Лабораториялық жұмыс № 1.
Құбырөткізгіштің параметрлерінің тағайындалуы мен қондырғыларын зерделеу.
Лабораториялық жұмыс № 2.
Жергілікті кедергілердегі шығындардың сипаты.
Лабораториялық жұмыс № 3.
Құбырөткізгіштің «төбешіктегі» бүгілу жеріндегі сұйықтың ағу режимін зерттеу.
Лабораториялық жұмыс № 4.
Құбырөткізгіштің «еңістегі» бүгілу жеріндегі сұйықтың ағу режимін зерттеу.
Лабораториялық жұмыс № 5.
Құбырөткізгіштегі ағып кетулерді жобалау кезіндегі шығындарды зерделеу.
Лабораториялық жұмыс № 6.
Құбырөткізгіштердің кимақан жерлеріндегі сыртқы кедергілердің пайда болуының сипаты.
Лабораториялық кешен сипаттамасы
1.1.1. Нұсқау
Бұл кешен жоғары және орта мамандандырылған оқу орындарында лабораториялық-практикалық жұмыстарды жүргізуге арналған, және кешен бойынша +10 -нан +350C - ге дейінгі температурада, және ауа сулану қатынасы +250C - та 80% болған кезде жұмыс істеуге рұқсат береді.
Лабораториялық кешен беретін мүмкіндіктер: түрлі аймақтардағы құбырөткізгіштерде жұмыстық сұйықтың ағып кету үрдістерін (тік, 45 және 90 градустық иілу, айналымдар: «төбешік», «еңіс») және түрлі жергілікті кедергілердегі ( ағып кетулер, жергілікті кедергілер, тиектік арматуралар) зерделеу.
Сонымен қатар, бұл кешен құбырөткізгіште сынақ жүргізуге дағдылануға, өлшеу құрылғыларын пайдалануға және экплуатациялық сипаттама құруға мүмкіндік береді.
Виртуалды құралдардың міндеттерін атқаратын бағдарламалық жасақтамасы және түйісу құрылғылары бар, IBM PC типті ПЭВМ топтастырылады.
1.1.2. Техникалық сипаттамалар
Тұтынылатын қуаттылық, В ∙ А, одан аспауы керек |
250 |
Электр көзі: |
|
жұмыс қуаты және қорғаныш өткізгіші нөлдік ауыспалы токтың бірфазалы торынан, В |
220 |
жиілік, Гц |
50 |
Электр тогынан зақымданудан қорғау классы |
I |
Ауқымды өлшемдер, мм, одан аспауы керек |
|
ұзындығы, ( мөлшеріне сәйкес) |
1610 |
ені ( мөлшеріне ортогонал) |
710 |
Биіктігі |
1620 |
Масса, кг, одан аспауы керек |
55 |
Топта бір мезгілде белсенді түрде жұмыс атқара алатын адамдар саны |
3 |
1.1.3. Жинақылық
Құбырөткізгіштердің жинақы үйлесімділігі бар стенд тіреуіші 1шт.
Ортадан тепкіш насос 1шт.
Жұмыс сұйығы резервуары 1шт.
Аналогты шығысты вакуумметр (құбырөткізгішке орнатылған датчик) 3 шт.
Аналогты шығысты манометр (құбырөткізгішке орнатылған датчик) 3 шт.
Жиілікті шығысты расходомер 1шт.
Өлшеу және басқару бақылаушысы 1шт.
Қосу кабельдерінің жиынтығы 1шт.
Персоналды компьютер 1шт.
Microsoft Windows 7 Лицензиясы бар бағдарламалық жасақтама 1шт.
Microsoft Office 2010 Лицензиясы бар бағдарламалық жасақтама 1шт.
Өлшеулерді өңдеу және тіркеудің мамандандырылған бағдарламалық жасақтамасы 1шт.
Техникалық құжаттамалар жиынтығы 1шт.
1.1.4. Лабораториялық жұмыстар жинағы
Құбырөткізгіштің параметрлерінің тағайындалуы мен құрылғыларын зерделеу;
жергілікті кедергілердегі шығындарды анықтау;
Құбырөткізгіштің «төбешіктегі» бүгілу жеріндегі сұйықтың ағу режимін зерттеу.
Құбырөткізгіштің «еңістегі» бүгілу жеріндегі сұйықтың ағу режимін зерттеу.
Құбырөткізгіштегі ағып кетулерді жобалау кезіндегі шығындарды зерделеу.
Құбырөткізгіштердің кимақан жерлеріндегі сыртқы кедергілердің пайда болуының сипаты.
1.1.5. Лабораториялық кешеннің ішкі күйі
1.1.6. Кешен құрылымы
1.1.7. Жиынтық құрамы
Жұмыс сұйықтығына арналған резервуар;
Н - Джилекс Циркуль 25-80 сорабы;
ПРЭМ;
Тік бағана, Ø 25;
Негізгі құбырөткізгіш, Ø 20;
Төгу сыйымдылығы;
Суармалы қылта;
Ауа жіберу құрылғылары;
Тиектік арматура;
Манометрлер;
Вакуумметрлер;
Параметрлерді жою және басқару шоғыры.
1.1.8. Стендті жұмысқа дайындау
Стендті жерге тұйықтау.
ПК - ны орнату. Оны USB кабелі арқылы стендке жалғау.
Желі автоматын қосу, ПО іске қосу.
«Құбырөткізгіштегі процесстерді жобалау» қосымша парақшасын ашу, калибрлеу датчиктерін басу.
Назар аударыңыздар!!! Датчиктерді калибрлеуді су айдаудың алдында жүргізу қажет. Қарама-қарсы жағдайда қондырғылар көрсеткіштері су бағанасын ескерусіз болады.
Желі автоматын өшіру. ПО жабу. ПК - ны істен шығару.
Барлық вентельдер жабық екендігіне көз жеткізу.
Жұмыс сұйықтығы резервуарының есігін ашу және бактағы тығынды бұрап босату.
Ыңғайлы болу үшін құйғышты пайдалана отырып, резервуар багіне 7 - 8 литр сұйықтық құйып, тығынды бекіту.
Ескерту! Жұмыстық сұйықтық ретінде дистилденген (тазартылған) суды қолдану ұсынылады.
Жиектегі сыйымдылықтың тығынын бұрап босатып, суды жиек деңгейінің
бөлігіне дейін құю, сонымен қатар автоматты клапандарда ауа жіберу тетіктері ашық болуы керек.
З - 12, З - 11, З - 10, З - 9, З - 8, З - 7, З - 6, З - 5, З - 4, З - 3 вентильдерін ашу.
Сорап және Желі автоматын қосу.
Ыдыстағы сұйықтықтың азаю көлеміне байланысты жиек деңгейінің бөлігіне дейін құйып отыру.
Жиек деңгейі төмендеуін тоқтатқан кезде сорапты өшіріп, жиек деңгейіндегі тығынды бұрау.
Ашық вентильдерді жабу.