Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
362 каз эл. 3 к ОЗ и МДП без+.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.17 Кб
Скачать
  1. Сыздауық

  2. көршиқан

  3. сикоз

  4. ит емшек

  5. эктима

61. Апокринді бездің стафилококкты қабынуы – бұл:

  1. итемшек

  2. эктима

  3. көршиқан

  4. сыздауық

  5. импетиго

62. Сыздауықтың қай кезеңінде хирургиялық ем ұсынады:

  1. абсцестену кезеңі

  2. жазылу кезеңі

  3. даму кезеңі

  4. іріңдеу және некроз кезеңі

  5. тыртықтану кезең

63. Фурункулезде қажетті лабораториялық зерттеу:

  1. қанды RW тексеру

  2. қанды биллирубинге тексеру

  3. зәрді креатининге тексеру

  4. нәжісті гельминтке тексеру

  5. антибиотиктерге сезімталдықты анықтау

64. Қабылдау бөліміне дерматолог дәрігеріне 5 жасар қызымен әйел адам келді. 2 күн бұрын қызының бетінде көпіршікше пайда болған, ол тез кеуіп қабық түзуге бейім. Сабынмен ыстық суда бетін жуғанда урдіс одан арман өршіп өседі. Объективті: ауыз бұрышында, мұрын ерін қатпарында қою – жасыл қабық және жеке аздаған әлсіз көпіршік, іші лайлы түзіліс, айналасында күлгін тәж. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Сіздің диагнозыңыз?

  1. Импетиго

  2. эктима

  3. шанкр тәрізді пиодермия

  4. сыздауық

  5. итемшек

65. Дерматология бөліміне 55 жасар ер адам түсті. Суық күні балық аулағаннан кейін мойынның артқы жағына қатты ауыратын инфильтрат пайда болған, біртіндеп өсіп бала алақанына дейін қошқыл- қызыл, ортасы көкшіл бернеше тесіктері бар одан түсі жасыл қан аралас іріңді некротикалық масса бөлініп тұр. Бас ауру және қалтырау. Дене қызуы 38,50С. Сіздің болжам диагнозыңыз:

1) Остеофолликулит

2) сыздауық

3) гуммозды сифилид

4) колликвативті туберкулез

5) көршиқан

66. Дәрігерге 48 жасар толықтау келген әйел мына: оң жақ қолтық астындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Жедел ауырған. Қарағанда оң жақ қолтық астының шұңқырында қошқыл-қызыл түсті көтеріңкі көлемі үлкен бұршақтай ауыратын түйіндері бар, дене қызуы 37,60С. Болжамды диагнозыңыз:

1) Остеофолликулит

2) сыздауық

3) итемшек

4) көршиқан

5) лимфаденит

67. Балалар емханасына анасы 4 айлық сәбисімен келді. Баланың денесінде, бетіне, бастың шашты бөлігінде (әсіресе желкеде), аяқ –қолында, сонымен қатар алақан табанда, дақтар, күлдіреуік, көпіршікше, сулану, паранихия, онихия бар қатты қышудың әсерінен көптеген нүктелі экскориациялар, гемморагиялық қабықпен жабылған. Диагноз қой:

1) қотыр

2) атопиялық нейродерматит

3) строфулюс

4) балалар экземасы

5) аллергиялық дерматит

68. Балалар емханасына анасы 4 айлық сәбисімен келді. Баланың денесінде, бетіне, бастың шашты бөлігінде (әсіресе желкеде), аяқ –қолында, сонымен қатар алақан табанда, дақтар, күлдіреуік, көпіршікше, сулану, паранихия, онихия бар қатты қышудың әсерінен көптеген нүктелі экскориациялар, гемморагиялық қабықпен жабылған. Баланы емдеуге қай майды қолданасыз.

1) фторокорт

2) 3% бор-дегтерлы майы

3) 2% салицил майы

4) 10% күкірт майы

5) 3% бонафтон майы

69. Дәрігер дерматологқа 23 жасар науқас кешке қарай күшейетін қышу сезіміне шағымданып келді. Тексергенде: қолдың саусақ аралық қатпарында, білектің бүгелетін беттерінде, іште құймышақта, санның ішкі жақтарында жұптасқан түйіншекті – көпіршікшелі бөртпелер, нүктелі экскорияциялар табылған. Ем тағайындаңыз:

  1. цинк майы

  2. сулы қоймалжың қосынды

  3. цинк пастасы

  4. ланолин кремі

  5. бензил-бензоат

70. Емханаға келнен 55 жастағы науқастың саусақ аралықтарында және саусақтарының сырт жақтарында жұптаса орналасқан кешкі және түнгі мезгілде қышитын түйіншекті-көпіршікшелі бөртпелер бар. Қандай диагноз қоясыздар:

  1. қотыр

  2. аллергиялық дерматит

  3. есекжем

  4. экзема

  5. кәдімгі импетиго

71. Қотыр емінде қолданылатын дәрілерді ата:

1) сулы қоймалжың

2) 20 % бензил-бензоаттың сулы эмульсиясы

3) стероидты май

4) 2 % салицил майы

* цинк пастасы

* линдан

72. Қотырға келесі диагностикалық белгілер тән:

* Михаэлис

* Бенье -Мещерский

* Арди-Горчаков

* Никольский

* Поспелов