
- •Бағалауға шолу
- •Бағалау міндеттері
- •Емтихан жұмысының сипаттамасы
- •Балдарды бөлу
- •Бағалау тілі
- •Емтихан өткізу процесін басқару
- •5. Балдарды қою
- •6 Бағаларды қою процесі
- •6.1 Деңгейлеу дескрипторлары
- •7 Мысал сұрақтар үлгісі:
- •1 А) Екі мәтінді салыстырып, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз. [15]
- •2. Кино актер
- •А бөлімі: Шығармашылық жазба жұмысы
- •В бөлімі: белгілі бір аудиторияға бағытталған жазба
2. Кино актер
Төмендегі мәтін - кино актерінің ток-шоуда өзінің киноға түсу тәжірибесі туралы айтқан әңгімесі.
Тапсырма: Мәтіннің тілі мен стилінің ерекшеліктерін сараптаңыздар. [15]
Жүргізуші: Түсірілім барысындағы қиындықтар мен есте қаларлық оқиғалар туралы айтып берсеңіз. Актер: О, ол туралы айтсақ, бір ажалдан қалған жағдай да болды. Атамыз көп жасаған еді, жарықтық, жасын беретін шығар. Бір күні Днепр өзені үстінде баржаны сүйретіп жалпы көріністер түсіріліп жатты. Мен сыртта күтіп отырған едім. Бір кезде мені шақырды. Ойланбастан катерге көтерілдім. Сценарий бойынша мен жасырынып отыруым керек, қолымда револьверім бар. Содан катер қатты жылдамдық алып баржаны жұлқып қалғанда трос үзіліп, басындағы шойын темір келіп балтырымның қара етіне тиді. Жаныма батқаны соншама, жерге жата кеттім. Тұра алмай жатырмын. Ешкім байқамайды. Өлдім деп ойладым. Режиссер рупормен: – «Қасым сенің шығатын жерің, тұр»,- деп айқайлап жатыр. Біраздан кейін мен көрінбеген соң келіп көрді де, жылдам «жедел жәрдем» шақырып, ем көрсетілді. Сөйтіп Құдай сақтап, жаным қалғаны бар. Егер басыма не болмаса сүйегіме тисе парша-парша болатын еді. Дәрігерлер ауырғанын басып берді. – Жұмысты жалғастыра аласың ба?, - деп сұрады режиссерім. Намысыма тырысып сол күні түсірілімді жаралы түрде аяқтадым. Содан кейінгі үш күн бойы режиссерім қайта-қайта кешірім сұрап жүрді. Басқалар үшін қауіп-қатері молдау деген- атқа міну, қиын болған жоқ. Ауыл баласы болғандығымның арқасы ғой. Барлығы таңқалысып жатты. Жылқымен бірге жаратылғандайсың деп таңдай қағысты. Атпен түсірілген жерлерін бір дубльде түсірдік. Тура сол жерде тағы бір рет жарақаттандым. Сюжет бойынша мен шауып келемін де жаралы күйде аттан ақырындап сырғып құлаймын. Басында репетиция кезінде бір-екі рет құладым, бәрі жақсы болды. Ал негізгі түсірілім кезінде сол баяғы репетиция бойынша аттан ақырындап сырғып құладым да, жерге жақындағанда аттың жалын қоя беріп, жерге гүрс ете қалдым. Сол кезде арқама бірдеңе гірш етіп қатты батты. Тастың үстіне түстім-ау дедім. Режиссердің ‘тоқта’ деген сөзін, жаным шығып бара жатса да шыдап күтіп жаттым. Сөйтсем, микрофонның станциясын арқама тағып қойғанын ұмытып кетіппін. Омыртқам әлі күнге дейін ауырады. Бірақ сол дубльді түсіре салысымен режиссер ойынға риза болғаны соншама, “сен бүгінен бастап менің баламсың, мен сенің өкіл әкең боламын”- деп шын жүректен жарылып жатты. “Қазақша “сынок” деген қалай болады’, - деп қазақшасын сұрап, мені елге кеткенше «балам» деп жүрді. Маған қиын тигені - орыс тіліндегі күрделі сөздерді тез айту болды. Әйелім орыс тілді болғанан кейін балалардың тілі қазақша шықсың деп, өзім орысша сөйлемеуші едім. Соның әсері болар, жәй сөйлеген түк емес қой, тез айтатын үлкен текстерде қиналып жүрдім. Жұмыс барысында барынша тәртіп сақтауға тырыстым. Қазақ актерлері осындай екен деп айта жүрсін деп, жақсы пікір қалыптастыру ойымда болды. Ұдайы белгіленген уақытта сақадай сай тұру, грим мен киім киюге бөлінген уақытты кешіктірмей деген сияқты. Арнайы бөлінген автомобиль жүргізушісі де бір күні – «Қуандық, сен басты кейіпкер ретінде бір керігіп, бір минут болса да кешікші ең болмаса?», - деп қалжыңдағаны да бар. Ол жерде шынымен жұлдыз ауруымен сырқаттанып қалуға толық болады. Өйткені, басты кейіпкер ретінде алақанға салып жүреді. Арнайы көліктен басқа киініп шешінудің өзін арнайы адамдар жасайды. Сәл үзіліс болса шай сусыныңды алдыңа жайып тастайды, арнайы белгіленген жайлы орын сайланған, қолыңдағы жүгің болса дубль арасында қолың талмасын деп арнайы адам көтеріп тұрады. Койшы әйтеуір, балаша қарайды ғой. |
5
10
15
20
25
30
35
40
45
|
2-емтихан жұмысы: Балдарды қою кестесі
Балдарды қою кестесі екі түрге бөлінеді.
Балдарды қою жолының жинақталған кестесі: жекеленген сұрақтардың нақты мазмұнына сілтеме жасамайды тек сұрақтарға қолдануға арналған. Балдарды қою жолының жинақталған кестесі 20-25 аралық диапазонында белгіленген. Берілген кестеде балдарды қою оқушының диапазон аралығындағы толық балының аясында қарастырылады. Негізгі ұстаным - орташа балдың басқа баллмен салыстырмалы түрде қойылатындығында.
Белгіленген тапсырмаға қойылатын балл әрбір тапсырманың мазмұнын бағалайды және тапсырманың қасына қойылады.
1a және 2-тапсырмалар үшін оқушы жауабының мазмұны туралы ақпарат беру мақсатында нақты тапсырмаларға қойылатын балды қою кестесі алынады. Ол балдарды қою жолының жинақталған кестесімен бірге қолданылады.
1a мен 2-тапсырмалары үшін балдарды қою жолының жинақталған кестесі:
Диапазон |
Бал дар |
Сипаттама |
5 |
13-15 |
|
4 |
10-12 |
|
3 |
7-9 |
|
2 |
4-6 |
|
1 |
1-3 |
|
0 |
0 |
|
Белгіленген тапсырмаға қойылатын балл кестесі: 1a сұрағы
20-бетте көрсетілген балдарды қою жолының жинақталған кестесімен бірге қолданылады
Екі мәтіннің ұқсастығы |
|
Мәтіннің екеуі де қазақ тілі мәселелеріне арналған. |
|
Олардың негізгі мақсаты оқырманды нақты мәселелермен таныстыру. |
|
Екі мәтіннің айырмашылығы |
|
A Мәтіні |
В Мәтіні |
Түрі |
|
|
|
Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы) |
|
|
|
Мақсаты |
|
|
|
Мазмұны |
|
|
|
Стилі |
|
|
|
Тілі |
|
|
|
Балдарды қою жолының жинақталған кестесі: 1b сұрағы
Диапазон |
Коммуникация |
Тіл құзырлылығы |
5 |
9-10 балл
|
9-10 балл
|
4 |
7-8 балл
|
7-8 балл
|
3 |
5-6 балл
|
5-6 балл
|
2 |
3-4 балл
|
3-4 балл
|
1 |
1-2 балл
|
1-2 балл
|
0 |
0 балл
|
0 балл
|
Ескерту: Шығармашылық жауапқа байланысты, 1b сұрағына балл қою кестесі көрсетілмеген
Белгіленген тапсырмаға қойылатын балды қою кестесі: 2-сұрақ
21-бетте көрсетілген балдарды қою жолының жинақталған кестесімен бірге қолданылады.
Түрі |
Спикер шет елде болған тәжірибесі туралы сөз қозғайды |
Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы) |
Ток-шоу көрермендері мен кино сүйер қауым |
Мақсат |
Қауымның көңілін көтеру |
Стилі |
Формальды емес, әзіл-сықақ, ауызша, көңіл аудару |
Тілі |
|
7.3 3-емтихан жұмысы: Жазылым
Назар аударыңыздар, төмендегі сұрақтар мысал ретінде көрсетілген, бұл толық сұрақ кітапшасы емес.
А бөлімінен бір сұраққа және В бөлімінен бір сұраққа жауап беріңіз. Барлық сұрақтардың маңызы мен бағалау шарттары бірдей. Әр сұраққа жазған жауабыңыз 450-600 сөз болуы тиіс.