Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ_11 сынып_Қазақ тілі (бірінші тіл) пәнінің т...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154.56 Кб
Скачать

1 А) Екі мәтінді салыстырып, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз. [15]

1б) Сізге мектепаралық ғылыми конференцияда тіл дамуы туралы өз пікіріңізбен баяндама жасау қажет делік. Осы мәтіндердегі мағлұматты қолданып, баяндамаңыздың тезисін жазыңыз. Тезисіңіз шамамен 120-150 сөзден тұруы тиіс. Пікіріңізді қажетті деректермен қолдап, қорғай біліңіз. [20]

А мәтіні: Ахмет Байтұрсынов, Тіл тазалығы, 1926.

Тіл тазалығы

Тіл тазалығы дейтініміз - ана тілін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу қажет. Орыстың жақсы жазушыларын алсақ, олар көбінесе мына түрлі сөздерден қашқан:

а. Ескірген сөздерге жоламаған.

ә. Жаңадан шыққан сөздерден қашқан.

б. Өз тілдерінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашқан.

в. Жергілікті сөздерге, яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламаған.

Қазақ әдебиеті қатып пісіп жетпеген уақытта біз қазақ сөзін ескі, жаңа деп талғамаймыз, жергілікті сөз екен деп оған қатал қарап, қашып тұрмаймыз. Жалғыз-ақ, біздің мықтап қашатынымыз - жатшылдық (жат сөзшілдік) болуы тиіс. Себебі біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдениет жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздерінің даярлығына қызықпай, өз ана тілімізден қарастырып, сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалады.

5

10

15

В мәтіні: Тіл туралы блогта жазылған пікір, 2011.

Басқа тілден сөз алу тіл дамуында айтарлықтай орын алатын үрдіс. Басқа тілден келген сөздер екі тіл қауымдастығы арасындағы мәдени қарым-қатынастың нәтижесі деп санайды зерттеушілер. Сөз алу екі жақты болуы мүмкін. Мысалы, қандай да бір түсініктің немесе заттың мүлдем басқа мәдениеттен келуі. Бұған араб және парсы тілдерінен басқа тілдерге тараған ‘шахмат’ (шах өлді) ойыны және оның атауы жақсы мысал бола алады.

Бірақ, көп жағдайда бұл үрдіс бір жақты болып кетеді. Бір жақтылық – екі тіл қауымдастығының біреуінің қандай да бір артықшылыққа ие болуының көрсеткіші. Яғни, «сөз беруші» жақ ие болып отырған түсініктер мен дүниелердің «сөз алушы» жақты қызықтыратын, құнықтыратын күшке ие болуы.

Бұл жағдай басымыздан жуықта ғана өтті. Қызықсақ та, қызықпасақ та, сөз қорымыздың елу пайызы орыс сөздерімен алмастырылды. Ал тіл даму заңдылықтарына сүйенсек, басқа тілден сөз алу үшін бір керемет қажеттілік болу керек. Компьютер, телефон сияқты сөздердің баламасы табылмайды-мыс болғанымен, француз тілін бақылайтын ұйым компьютер сөзінің баламасын тауып алып, барлық оқулықтарында жазып, қолданысқа енгізіп бағуда. Себеп? Француздар өздерінің ұлттық мүдделерін, әсіресе тіл мүддесін өліп бара жатса да сатпайды.

Соңымен, оқырманның назарын қазақ тілшілері мен ғаламтор қолданушылары кеңінен қолданып жүрген глобалды және контент сөздеріне аудармақпын. Қазақ сөз қорында глобалды деген сын есімге жаһандық, ауқымды, дүниежүзілік деген баламалар жетіп жатыр. Сонда бұл бөтен сөзді қабылдауың қажеттілі бар ма?

Контент сөзінің тілімізге жымысқыланып орыс хаккерлері арқылы келіп, қалып қойғаны қызық жәйт. Бірнеше жыл бұрын бұл сөз орыс тілді хаккерлердің «сөздігіне» өзара қарым-қатынасты жеңілдету үшін жүрдім- бардым еніп кеткені белгілі. Бірақ кейбір қазақ тілді басылымдар қазір бұл сөзді мазмұн деген сөздің орнына қолданып жүрген іспетті. Орыстар бұл сөзді сөздіктерінде «содержание, содержимое» деп аударады және сөздің хаккерлердің тіліне жататынын міндетті түрде көрсетіп қояды. Әсіресе «содержимое» мағынасы ғаламторға қатысты тақырыптарда көп қолданылып жүр. Яғни, ғаламторға немесе ақпаратық технологияларға қатысы жоқ жерде бұл сөз қолданылмайды. Бұл бөтен сөзді қазақ тілінде жаппай қолданатын қандай қажеттілік бар? Меніңше, себептері терең сарапты онша қажет ете қоймайды. Бұл туралы жеке басымның болжамдары төмендегідей:

1. Баяғы қанға сіңіп кеткен орыс тілін немесе басқа тілдерді қазақ тілінен жоғары қою, бұл сөздер қазақ тілінен табылмайды-мыс және бұл сөздерді қолдансақ басқа тілдерді білетінімізді көрсету (әлеуметтік тіл білімінің еншісіндегі сұрақтар). Кеңес заманында екі сөздің біріне орыс сөздерін қосып сөйлеу сән болатын.

2. Екінші себеп, баяғы енжарлық пен немқұрайдылық, ізденістен бас тарту.

3. Үшінші болжам – ғаламтор арқылы ағылып келіп жатқан ағылшын сөздеріне төтеп бере алмай мойынсұну. Төтеп берудің орнына көзді жұмып қабылдай салу.

5

10

15

20

25

30

35

40

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]