
- •Бағалауға шолу
- •Бағалау міндеттері
- •Емтихан жұмысының сипаттамасы
- •Балдарды бөлу
- •Бағалау тілі
- •Емтихан өткізу процесін басқару
- •5. Балдарды қою
- •6 Бағаларды қою процесі
- •6.1 Деңгейлеу дескрипторлары
- •7 Мысал сұрақтар үлгісі:
- •1 А) Екі мәтінді салыстырып, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз. [15]
- •2. Кино актер
- •А бөлімі: Шығармашылық жазба жұмысы
- •В бөлімі: белгілі бір аудиторияға бағытталған жазба
Балдарды бөлу
Жалпы бағалау мен әрбір тапсырмаға қойылатын балдарды үйлестіру төмендегі кестеде берілген. Кестеде өңделмеген балдар көрсетілген. 1-тапсырма үшін жалпы балл сомасы 50 балды құрайды, сондықтан әр тапсырманың балдары жалпы бағалаудың үштен бір бөлігін құрайды.
|
1-емтихан жұмысы: Тыңдалым және Айтылым |
2-емтихан жұмысы: Оқылым және мәтінді талдау |
3-емтихан жұмысы: Жазылым |
Барлығы |
БМ1 |
13.3 |
22.5 |
22.5 |
58.3 |
БМ2 |
13.3 |
22.5 |
22.5 |
58.3 |
БМ3 |
13.3 |
5 |
5 |
23.3 |
БАРЛЫҒЫ |
40 |
50 |
50 |
140 |
11-сыныпта қазақ тілін осы деңгейде ана тілі ретінде оқитын оқушылар үшін көрсетілген БМ1 және БМ2 дағдылардың сәйкестігі мен мүмкіндігі жағынан мәні мен мағынасы бірдей деп күтіледі.
Бағалау тілі
Бағалау тілі - қазақ тілі.
Емтихан өткізу процесін басқару
Бағалау материалдардың қауіпсіздік шаралары мен емтихан өткізу тәртібін қатаң түрде сақтай отырып және бағалаудың әділдігін көрсете отырып жүргізілу керек. Зияткерлік мектептерде емтихан өткізуге арналған Нұсқаулық жазылып шығарылады. Ол төмендегілерді қамтиды:
емтихан материалдары және олардың қауіпсіздігі;
әкімшіліктің және кезекшілер мен мұғалімдердің міндеттері;
емтихан өткізуге арналған материалдар мен аудиторияларды дайындау;
жазбаша, ауызша және практикалық емтихандарды өткізу үшін сәйкес келетін кабинеттерді дайындау;
курстық жұмыстарды тіркеуге арналған рәсім;
курстық жұмыстарды модерациялау және реттеу рәсімі;
емтихан тапсырушыларға бақылау жасау рәсімі;
балл қоюға арналған материалдармен қоса емтихан аяқталғаннан кейінгі рәсімдер.
Берілген Нұсқаулық барлық оқушылар, кезекшілер және менеджерлер емтиханның әділ, ұйымшыл өтуіне көз жеткізе алатындай болып, барлық мектептерде емтихандардың бір қалыпта, стандартталған тәртіпте өтуіне кепілдік береді.
5. Балдарды қою
Балл қою кестесі сұрақ кітапшаларымен қатар құрастырылады.
Барлық емтихан алушылар стандарттау процесінде белгіленген балл қою кестесінің бірдей нұсқасын пайдаланады
Бағалаудың объективтілігі мен балл қою кестесінің дұрыс қолданылғанын қамтамасыз ету мақсатында емтихан алушының тексерген жұмыстарын Кембридж халықаралық емтихан кеңесінің экспертімен және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығының бас емтихан алушысының үйлестіруімен қайта тексеріледі.
6 Бағаларды қою процесі
Әрбір оқытылған пәннің бағалау қорытындысы баға түрінде ұсынылады. Мынадай бағалар қойылады: A*, A, B, C, D және E, мұндағы A* ең жоғарғы баға, ал Е-ең төменгі оқу жетістігі.
Баға U (‘қанағаттанарлықсыз’) сынақ тапсырылған жоқ дегенді білдіреді.
Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі әр емтихан жұмыстары үшін емес, емтихан жұмыстарының санына қарай бөлінген барлық жұмыстардың (белгіленген спецификацияға сәйкес қойылған) жалпы балынан есептеп шығарылады.
Тест спецификациясында белгіленген негізгі деңгейлер А, С және Е болып табылады, оларға дескриптор қоса беріледі.
Деңгейлік бағалаудың шегін белгілеу процесі күрделі әрі көп жұмысты қажет етеді, сондықтан өтпелі балды Біліктілік ұйымы анықтайды. В және D деңгейлері үшін өтпелі балл нәтижелерді статистикалық өңдеу процесінде белгіленеді.
A*, A, B, C, D және E деңгейлері қорытынды бағаны қою үшін балға айналдырылады.