Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ_11 сынып_Қазақ тілі (бірінші тіл) пәнінің т...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154.56 Кб
Скачать

Кірі к«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»

ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ

Кіріктірілген білім беру бағдарламасы

Қазақ тілі (бірінші тіл) пәнінің

тест спецификациясы

11 КЛАСС

білім беру бағдарламасы

Қазақ тілі (бірінші тіл спецификациясы

11-сынып

АСТАНА 2013

Мазмұны

1 Мақсаты 4

1.1 Халықаралық стандарттармен байланысы 4

1.2 Оқу бағдарламасымен байланысы 4

1.3 Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделімен байланысы (КБКМ) 4

2 Бағалауға шолу 5

2.2 Бағалау міндеттері 6

3 Емтихан жұмысының сипаттамасы 7

3.1 1-емтихан жұмысы: Тыңдалым және айтылым 7

3.2 2-емтихан жұмысы: Оқылым және мәтінді талдау 9

3.3 3-емтихан жұмысы: Жазылым 9

3.4 Балдарды бөлу 10

3.5 Бағалау тілі 10

4 Емтихан өткізу процесін басқару 11

5. Балдарды қою 11

6 Бағаларды қою процесі 12

6.1 Деңгейлеу дескрипторлары 12

7 Мысал сұрақтар үлгісі: 14

7.1 1-емтихан жұмысы: Сұрақтар 14

7.2 2-емтихан жұмысы: Оқылым және мәтінді талдау 17

Төмендегі екі мәтінді оқуға 15 минут беріледі. Мәтіндерді оқып болған соң, берілген тапсырмаларды орындаңыз. Тапсырманы орындағанда тіл сапасына, тапсырманы анық және ұқыпты орындауға мән беріңіз. 17

Тапсырма: 17

Төменде берілген мәтіндердің бірі - Ахмет Байтұрсыновтың 1926 жылы жазылған тіл өнері туралы мақаласынан үзінді, ал екіншісі - 2011 жылда жазылған блог авторының қазіргі қазақ тілі туралы пікірі. Мәтіндер әр түрлі кезеңдеріндегі қазақ тілінің даму үрдісінен көрініс береді. 17

1 а) Екі мәтінді салыстырып, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз. [15] 17

1б) Сізге мектепаралық ғылыми конференцияда тіл дамуы туралы өз пікіріңізбен баяндама жасау қажет делік. Осы мәтіндердегі мағлұматты қолданып, баяндамаңыздың тезисін жазыңыз. Тезисіңіз шамамен 120-150 сөзден тұруы тиіс. Пікіріңізді қажетті деректермен қолдап, қорғай біліңіз. [20] 17

А мәтіні: Ахмет Байтұрсынов, Тіл тазалығы, 1926. 17

7.3 3-емтихан жұмысы: Жазылым 24

  1. Мақсаты

Бағалаудың мақсаты - оқушылардың оқу процесінде алған білімі мен білігін анықтау. Емтихандар оқушылардың жоғарғы деңгейдегі мәселелерді аналитикалық тұрғыдан шешу үшін 21 ғасырдың жаһандану жағдайындағы пәндік дағдыларды қолдану мүмкіндіктерін дәлелдейді.

    1. Халықаралық стандарттармен байланысы

Бағалау халықаралық стандарттармен салыстырыла отырып дайындалды. 11-сыныптағы бірінші тіл ретіндегі Қазақ тілінің бағалауы Cambridge International AS Level халықаралық деңгейіне сәйкес келеді.

    1. Оқу бағдарламасымен байланысы

11-сынып оқушыларының жиынтық бағалауы бірінші тіл ретіндегі Қазақ тілі пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын ғана бағалайды және осы бағдарлама төңірегіндегі оқу нәтижелерімен анықталады.

    1. Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделімен байланысы (КБКМ)

Сыртқы жиынтық бағалау Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделінің бір бөлігі болып табылады, сонымен бірге оған қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау кіреді.

Бағалаудың міндеттері бірінші тіл ретіндегі Қазақ тілінің оқу бағдарламасы мен оқу жоспары мазмұнын және осы құжаттардағы оқу мақсаттарын қамтиды. Қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалау оқу мақсаттарына негізделгенімен, оқушылардың білігін біршама басқа формада тексереді.

  1. Бағалауға шолу

Барлық оқушылар үш тапсырма орындайды.

1-емтихан жұмысы: Тыңдалым және Айтылым

Шамамен 20 минут, дайындыққа 20 минут

Берілген емтихан жұмысы жұппенен өткізіледі және 40 балмен бағаланады. Сынақ басталардан 20 минут бұрын әр оқушыға 11-сыныптың тақырыбына немесе өтілген тақырыпқа сәйкес келетін 200 сөзден аспайтын мақала (статья) беріледі. Сынақ уақытында А оқушы алдымен мақаланың қысқаша мазмұнын және онда қозғалған сұрақтарды айтады. В оқушы оны тыңдайды және А оқушыға мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтарды қояды. Содан соң бұл ары қарай емтихан алушы мен екі кандидат арасындағы мақалада қозғалған маңыздырақ мәселе төңірегіндегі пікірталасқа ұласады. Сынақтың екінші бөлімінде дәл осы жағдай қайталанады. Яғни мұнда өз мақаласының қысқаша мазмұнын айтуды В оқушы бастайды. Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.

Қорытынды 40 балл бірінші тіл ретіндегі қазақ тілін бағалауға арналған жалпы соманың үштен бірін құрайтын 50 балға сәйкестендіріледі.

Жалпы балл санының33%

2-емтихан жұмысы: Оқылым және мәтінді талдау

2 сағат 15 минут

Оқушылар 50 балмен бағаланатын екі міндетті тапсырманы орындайды.

1-сұрақ өтілген тақырыптарға сәйкес келетін жалпы көлемі 700 сөзден аспайтын 2 үзіндіден тұрады. Сонымен бірге 1-сұрақта екі жазбаша тапсырма бар: (а) бөлімінде үзіндінің тілі мен стилін салыстыру қажет, (b) бөлімінде белгілі-бір аудиторияға арналған нақты мақсаты бар 170-200 сөзден тұратын мәтін жазу керек. 2-сұрақта құрамы 600 сөзден аспайтын ауызекі сөйлеу тіліндегі мәтінге талдау жүргізу қажет.

Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.

Жалпы балл санының 33%

3-емтихан жұмысы: Жазылым

1 сағат 45 минут

Оқушылар берілген алты тапсырманың ішінен 2 тапсырманы орындайды. Ол тапсырмалар жалпы 50 балмен бағаланады. Әр сұрақтың жауабы үшін бірдей сандағы балдар беріледі. Оқушылар А бөлімінен бір тапсырманы – шығармашылық жазба жұмысын жазуды таңдайды және В бөлімінен бір тапсырманы - белгілі-бір аудиторияға бағытталған жазбаны таңдайды. Әр бөлімде құрамы 450-600 сөзден тұратын жазба жұмысын немесе құрамы 225-300 сөзден тұратын қысқаша екі азат жолдан тұратын, мазмұны бойынша байланысып келетін жазба жұмысын жазу керек. А бөлімінде оқушылар хабарлама немесе сипаттама мәтінін, ал В бөлімінде дискуссиялық немесе аргументті мәтін жазу қажет. Екінші бөлімнің жұмысы белгілі-бір аудитория үшін анықталған форматта (мысалы, журналдағы үлкен мақала, кәдімгі мақала, сыни мақала, газетке хат, сахналық сөз, дикторлық мәтін) ұсынылу керек.

Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.

Жалпы балл санының 33%

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]