Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
32. Несие алушының несие қабілеттілігі..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.54 Кб
Скачать

Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа бөлінеді:

  1. ақшалай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа да шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да ақшалай қаражаттар; арнайы қорлардың қаражаттары; күрделі қаржы жұмсалымдарына пайдаланылмаған қаражаттар қалдығы);

  2. жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпеген, жөнелтілген тауарлар және тапсырылған жұмыстар; берешектермен есеп айырысулар; өзінің жүйесіндегі кәсіпорындардан оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу; банк несиелері және кәсіпорынның арнайы қорларынан берілген несиелер бойынша жұмысшыларымен және қызметкерлерімен есеп айырысу). Жеңіл іске асатын талаптар қатарына мерзімінде төленбеген жөнелтілген тауарлар мен тапсырылған жұмыстар жатпайды.

  3. жеңіл іске асырылатын тауарлы-материалдық құндылықтар (арзан бағалы тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяқталмаған өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым қаражаттары).

Қарыз алушылардың салалық еркешеліктеріне байланысты өтімділік коэффициентінің біршама оңтайлы мәні 1,2 мен 1,5 аралығын құрайды. Көрсеткіштің мәнінің 1-ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік коэффициенті қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымынан ақшалай қаражаттарды босатуын сипаттайды. Қаншалықты бұл коэффициенттің мәні жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді.

Бірақ та алашақ қарыздың сипатын ескеру қажет. Алашақтар туралы есеп аталған шоттардың қарыз алушының жағдайына әсер етуіне баға беруге және сондай-ақ жүргізілген несиелік саясаттың нәтижелігін бағалауға мүмкіндік береді.

Өтімділік коэффициентін талдау барысында мынадай факторларды есепке алу қажет:

  • қызметінің көлемі (қаншалықты өндіріс және өнімді сату көлемі үлкен болса, соғұрлым тауарлы-материалдық құндылықтар қоры көп болады);

  • өнеркәсіп және өндіріс саласы (өнімге сұраныс және оны сатудан түсетін төлемдердің жылдамдығы);

  • өндіріс циклінің ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);

  • материалдар қорын жаңарту үшін қажетті уақыт (өтімді қаражаттардың айналысы);

  • жұмыстың маусымдылығы

Өтімді қаражаттардың мөлшерінің төмендеуіне ықпал етушілерге мыналар жатады:

  • ағымдағы қызмет зияндары;

  • өткен жылдары және төтенше оқиғалардың нәтижесінде болған зияндар;

  • өтімді қаражаттар бағасының төмендетілуі;

Өтімді қаражаттардың артық болғаны қажет емес. Егер де ол артық болса, айналым активтерінің жұмыс тиімділігі азаяды. Өтімді қаражаттардың артық болу себептері: күрделі қаржы жұмсалымдарды кеңейтпей-ақ пайданың жинақаталуы; амортизацияланатын объектілердің ауыстырылмауының нәтижесінде амортизацияның жинақталып қалуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]