Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
32. Несие алушының несие қабілеттілігі..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.54 Кб
Скачать

Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері.

Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.

Қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның мынаай төлем қабілетіне байланысты:

  1. шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;

  2. несиені қайтару;

  3. жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;

  4. бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады.

Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады. ҚР-да ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық зерттеулер орталығы дайындап, ҚР Ұлттық банк Директорларының 27 қыркүйек 1994 жылы мәжілісінде №26 қаулы бойынша бекітілген «Қарыз алушының несиелік қабілетін талдауына байланысты банктердің әдістемелік нұсқауы», сондай-ақ АҚШ-та және басқа да елдерде пайдаланатын әдістемелер де біршама танымал.

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде ҚР Қаржы министрлігі бекіткен мынадай жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді:

  • Кәсіпорын балансы, №1 форма;

  • Қаржы нәтжелері және оларды пайдалану туралы есебі, №2 форма;

  • Кәсіпорын балансына қосымша бет, №3 форма;

  • Статистикалық есеп формасы – кәсіпорнның қаржылық қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі;

  • Кәсіпорынның өнімінің кеткен шығындары туралы есебі.

Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда мынадай негізгі көрсеткіштер пайдаланылады:

Көрсеткіштер атауы

Есептеу алгоритмі

1

Ағымдағы өтімділік көэффициенті

Ағымдағы активтер / ағымдағы міндеттеме

2

Мерзімді өтімділік коэффициенті

Ағымдағы активтер – запастар / ағымдағы міндеттеме

3

Активтер рентабельділігі

Пайда / кәсіпорын активтері

4

Рентабельділік сауда

Өнімді сатудан түскен пайда / өнімді сатудан түскен түсім

5

Негізгі құралдар мен басқа айналымнан тыс активтер рентабельділігі

Пайда / негізгі құралдар + айналымнан тыс активтер

6

Меншікті капитал рентабельділігі

Пайда / меншікті капитал

7

Ұзақ мерзімді міндеттеме рентабельділігі

Пайда / ұзақ мерзімді несиелер

8

Қаржы тұтқасы коэффициенті

Заемдық қаражаттар / меншікті қаражаттар

9

Тіркемелі активтерді өтеу коэффициенті

Тіркемелі активтер (ғимараттар және құрылғылар) / қамтамасыз етілген несиелер

10

Қарызға қызмет ету коэффициенті

Пайда / қарыз бойынша шығындар

11

Қор қайтарымы

Жалпы пайда – түсім / ативтер

Осы көрсеткіштердің ішінде аса көңіл аударатыны бұл баланс өтімділігіне байланысты көрсеткіштер.

Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз міндеттемесін орындай алу қабілеттігін айтады. Өтімділік жалпы қарыз және өтімді қаражаттар (ақшалай қаражаттар, алашақ қарыз, қорлар) көлеміне байланысты болып келеді. Баланс өтімділігі актив баптарындағы ақшалай қаржаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты топтастырылған қаржаттарды, пассив баптарындағы төлеу мерзіміне қарай топтастырылған міндеттемелермен салыстыру арқылы анықталады.