Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

18.3. Автомобиль – аударғыштың шанақ көтеру

МЕХАНИЗМІ МЕН ШАНАҒЫ.

Өздігінен аударушы автомобильдерде шанақ көтеру үшін қозғалтқыш арқылы гидравликалық жетекті көтергіш механизмдер қолданылады. Сол үшін көтергіш механизмдер екі тәсілмен орнатылады:

–Тербелмелі цилиндр мен шанақтың түбіне бекітілген айналмалы тірек;

–Тербелмелі цилиндр мен рычагты – теңгергіш арқылы шанақтың

платформасына әсер ету;

Көтергіш механизмнің жұмыс істеген кезінде қозғалтқыш қуатының біршама бөлігі (қуат іріктеп алу қорабы, май сорабы, басқару краны, кері қайтару клапаны, көтеру механизмінің цилиндрі арқылы) автомобиль-аударғыштың шанақ платформасына беріледі.

Қуат іріктеп алу қорабы Е көтергіш механизмнің май сорабына автомобильдің беріліс қорабынан алынған айналыс моментінің күшін жеткізу үшін пайдаланады. Қуат іріктеп алу қорабы E беріліс қорабының оң жағындағы ашық орынға бекітіледі. Жетекші білік 24 жетекші тісті шестерниясымен 23 қуат іріктеп алу қорабының картерінде 17 рычаг 5 арқылы алдыға және артқа жылжытып көтеру механизмін қосып немесе ажыратады. Жетекші білікті 24 оңға қозғалтқанда(суретте рычаг 5 I қалыпта тұрады) тістегеріш 23 беріліс қорабындағы артқа жүргізу блогының тістегерішіне 18 ілініске қосады. Бұл кезде беріліс қорабы бос айналысында болады. Жетекші біліктің 24 тістегеріші 23 жетектегі тістегерішке 22 беріліс қорабының артқа жүру блогының тістегерішнен 18 айналыс моментін май сорабының жетекші білігіне 20 жеткізеді.Май сорабының жетекші білігі төлке 21 арқылы қуат іріктеп алу қорабының тістегерішімен шлицті жалғанады.

Май жіберу сорабы Ғ тістегерішті, құрылымы автомобиль қозғалтқышының майлау жүйесінің май сорабына ұқсастығы бар. Ол іске қосылған кезде бактағы майды 8 МПа қысыммен көтеру механизмінің гидравликалық жүйесіне жеткізеді.

Басқару краны D шанақтың платформасын көтеріп немесе түсіру үшін немесе оны ортаңғы қалыпта бекітіп көтеріп қоюға болады. Басқару краны D май сорабының Ғ тұрқының 19 үстіне орнатылған. Кранның тұрқында 7 золотник 9 жетек 6 арқылы күш іріктеп беру қорабының рычагына 5 жалғастырылған. Золотник кран в тұрқында 7 әртүрлі деңгейде жұмыс істеуіне байланысты, май сорабынан д май жіберу арнасымен жоғары қысымды түтік 10 арқылы көтеру механизмінің цилиндріне а жалғастырылып, майдың қысымымен көтеріледі. Екінші жағынан басқару краны қайтару клапаны арқылы май багына б қайтадан құйылады.

Кері қайтару клапаны 11 май сорабы жұмыс істемеген кезде май багына құйылатын арнаны бекітіп тұрады, бұл кезде шанақ платформасы көтеріліп немесе ортаңғы қалпында болады. Сақтандырғыш клапан 8 көтергіш механизмінің гидравликалық жүйесінде қысым 9 МПа – дан артық болған кезде жұмыс істейді.

Көтергіш цилиндр B қозғалмалы түрде цафа 1 арқылы автомобиль – аударғыштың рамасынның қаттылығын арттыратын шанақтың астыңғы қаңқасына бекітіледі. Шанақтың қаңқасы шанақ платформасында қозғалмалы айналып тұрады. Цилиндр тұрқының 2 ішіне резиналы 8, 11 және қорғағыш 7 сақиналары тығыздалған гильза 6 орнатылып, ішкі беті тығынжылдың 5 бағыттауышы болады. Гильзаның 6 цилиндр тұрқына 2 байланысты қозғалысын тұрақтандыру үшін бағыттаушы төсемдер 9, 12, ал тығынжылдың 5 гильзаға 6 байланысты қозғалысын тұрақтандыруға бағыттаушы төсемдер 16, 17 орнатылған.

Цилиндрдің асты резиналы 19 және таяныш 18 сақиналармен тығыздап, төгу тығыны 21 бар түпшемен 20 жауып бекітеді. Тығынжыл 5 сырғалық 3 арқылы шанақтың платформа балкасының көлденең кронштейніне орналасқан осьпен 4 жалғастырылған. Ось 4 пен сырғалық 3 цафалармен 1 бір деңгейде болады(сур. 18.14. ось цафаға байланысты 90о бұрышқа бұрылады). Май цилиндрге май сорабынан F басқару краны D мен жоғары қысымды түтік 13 арқылы жіберіледі. Жоғары қысымды түтік 13 төлке 14 мен штуцер 15 көмегімен арнасы бар цилиндр цафасының 1 оң жағына жалғанады. Тығынжылдың түбіндегі қуыс майға толтырылып, 7 – 8 МПа қысымда тығынжыл жоғары көтеріле бастайды (платформа көтеріледі). Тығынжылдың шығыңқы төменгі бөлігі гильзаның жуандатылған жоғарғы бөлігіне тірелгенде, тығынжыл мен гильза бірігіп қозғалады. Гильзаның шығыңқы бөлігі цилиндр тұрқының шығыңқы бөлігіне түйіскенде оның жүрісі тоқталады. Автомобиль – аударғыштың шанақ платформасы мен астыңғы раманың топсалы жалғануы, цилиндрге өзінің жантаю бұрышын өзгертуге ерік береді.

Май багы C болат темірден штампланып, контактылы пісіріліп бекітілген, цилиндр а мен май сорабының F ортасына орналастырған. Келтетүтік 13 пен құйылу түтігінен 12 цилиндрдегі май түтік 10 арқылы басқару кранынан май багына F қайтарылады. Бактың ішінде сүзгі 14 бар, ол қайтарылған майды тазалау үшін қолданылады. Бактың үстінде май құятын қылта ауыз 1 орналастырылған.

Бак ішінің ортасына қалқа 4 және шағылыстырғыш 3 орнатылған, олар майдың шайқалу азайтады.

Жалғастырғыш түтіктер көтергіш цилиндрмен B май сорабын F, басқарушы кранды D, май багын жалғастыру үшін болат түтіктер мен резиналы шлангтер қолданылады. Жоғары қысымды 10 түтіктер болаттан жасалып, оның кенересінің қалыңдығы 3мм, резина шлангтердің кенересі 6мм болып, екі қабатталып тоқылған болат темір салынып жасалынады. Төменгі қысымды түтіктер 16, 12 болаттан жасалып, оның кенересінің қалыңдығы 1,5мм, резина шлангілер төсемді маталар салынып 5 – 6мм қалыңдықта жасалады.

Шанақ платформасы пісіріліп бекітілген бойлық және көлденең болат темірлі балкалардан тұрады. Платформаның формасы тік бұрышты, жартылай цилиндр тәрізді болып келеді. Қазіргі кезде көп тараған тіктөртбұрышты платформа. Шанақ платформасы көтергіш цилиндрдің көмегімен көтеріледі. Көтерілген кезде жартылай автоматты артқы жақтаудың ашылуы бірге іске қосылады. Артқы

жақтауларды жабу кезінде жүргізушінің жұмысы қажет болады. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде платформа көтеріліп оның астына сақтандырғыш тіректі тіреп қояды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]