Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

18.2.1. Кабинаны жылыту және тазалау.

Кабинаның алдыңғы әйнегін және ішін жылыту үшін оған жылытқыш орнатылады. Жылытқыш автомобиль қозғалтқышының салқындату жүйесінен берілетін сұйықтық арқылы жылынады. Жылытқышқа түтікті-пластиналы радиатор орнатылып, оны салқындату жүйесіне түтік арқылы жалғастырады. Электрлі желдеткіш арқылы ауа құндағынан жіберілген ауа, радиатордың арасынан өтіп, жылы ауа бөлу каналдары арқылы алдыңғы әйнекке беріліп жылытады. Ыстық салқындатқыш сұйықтығы жылытқыш радиаторына келіп тұрады. Оны сұйықтық сорабы еріксіз жеткізіп беріп тұрады.

Ауа жылытқышқа кабинаның оң жағындағы канал арқылы өткізіледі, сол жағындағы канал және кабинаның төбесіндегі ашқышпен, есіктің әйнектерінің ашылуының нәтижесінде кабинаның ішін таза ауамен қамтамасыз етеді. Ауа каналдарының алдыңғы жағында сыртқы қақалағыш орнатылған. Қалқалағыш екі деңгейде жұмыс істейді.(ауа каналы жабық немесе ауа каналы ашық). Ішкі қалқалағыштар жүргізушінің әрекеттерінің әсерінен қолмен ашылып жабылады, қалқалағышты үш деңгейде қозғап іске қосады.

Бірінші деңгейде қалқалағыш тік қалпында болып, оң жағындағы ауа каналының жолын жабады. Бұл кезде ауа тек кабина ішіне беріледі.

Екінші деңгейде қалқалағыш көлбеу қалпына жылжытылады, сырқы ауаның каналы ашылып, ауа жылытқышқа беріледі. Кабинаға баратын жылы ауаның жолы жабылады.

Үшінші деңгейде қалқалағыш жазыңқы қалпында болып, кабинаның ішіне таза ауа келуін қамтамасыз етеді. Жлытқышты қосудан бұрын қозғалтқыштың жұмыстық температурасын жоғарлатып, сонан кейіноның жұмысын алдымен алдыңғы әйнекті алған соң оны кабинаны жылытуға бағыттайды. Қозғалтқыш жылдам қыздыруы үшін, оның айналу жиілігін көбейтеді. Жаз айларында жылытқыштың радиаторын салқындату жүйесінен ажыратып қояды.

ЗИЛ – 4314, – 4333 автомобильдерінің модельдерінде кабина жылытқыш (18.9. а, сурет) қозғалтқыш салқындату сұйықтығымен түтік жетектер 7, 8 арқылы жалғастырылған түтік – пластиналы радиатордан 12, желдеткішті 9 электрлі қозғалтқыштан 10, ауа қалқалағышының 13 құндағынан 11, тілімше фиксаторлы 14 басқару тұтқасынан 15, шашыратқыш ұштығына 4 шланг құбырмен 16 ауа тарату арнасынан 5 тұрады. Тұтқаға 1 жалғастырылған тростың 2 көмегімен арнаны 5 жабатын қалқалағыштың 3 қалпын өзгертуге болады.

Ыстық сұйықтық (су немесе антифриз) салқындату жүйесінен шүмек 6 ашық тұрған қалпынан құбыржетек 7 арқылы жылытқыш радиатор бачогының төменгі сол жағы бөлігінен жіберіліп, бачогтың оң жағының жоғарғы бөлігінен шығарылады, содан соң құбыржетек 8 арқылы қозғалтқыштың сұйықтық сорабының сорылу қуысына жалғастырылады.

Жылытқышқа сыртқы ауаның ағыны, капот астында орналасқан оң жағының вентиляциялық арнасы арқылы түседі. Жылытқыштың радиаторынан жылытылған ауаның үлкен бөлігі желдеткіш арқылы таратқыш арнаға 5, ал кіші бөлігі – кабинаның ішіне жолаушылар аяқтарының астына жіберіледі. Таратқыш арнадан жылытылған ауа шланг – түтікпен 16 алдыңғы әйректі жылытатын шашыратқышқа 4 және арнаның соңында қалқалағышпен 3 жабылатын саңылау арқылы жүргізушінің аяқтарының астына жіберіледі. Сырттан берілетін ауаның ағыны сонымен бірге жылытқыш құндағының төменгі бөлігіне орналасқан қалқалағыш 13 арқылы жылытқышқа түседі. Жылытқыштың сол жағына орналасқан қалқалағыш рычагы, үш қалыпын өзгертуге болады.

Жылытқыштан берілген ауамен бірге кабинаның ішін тазалау үшін оған кабина төбесіндегі люктен, кабина есігіндегі бұрылмалы әйнек пен есік әйнегінің түсіріліп тұрған кезінде ауа түсіріледі.

Жылытқыш салқындату сұйықтығының 75 о...80 о С температурасында әсерлі жұмыс істейді. Сондықтан жылытқыштың желдеткішін қозғалтқышты жылытқаннан кейін аспаптар қалқанында орналасқан қосқыш арқылы қосу керек, қосқыштың рычагының үш қалпында, екеуі электірлі қозғалтқыштың айналу жиілігін ауыстырып қосуға және біреуі оны өшіруге арналған. Жылытқышты қосқанда ең алдымен оның жылуын қалқалағышты 3 тұтқаның 1 көмегімен жауып, барлық жылы ауаны қатып тұрған алдыңғы әйнекті жылытуға бағыттайды. Сонан соң тұтқаның 1 көмегімен қалқалағыштың 3 қалпын өзгертіп, жылы ауаны кабинаның ішін жылытуға бағыттайды. Автомобильдің желіге шығар алдында, қозғалтқышты тұтандырғанда және оны жылытқаннан кейін жылытқыш радиаторына 12 жіберілетін сұйықтықтың шүмегін 6 ашып, жылытқыш желдеткішін қосып қозғалтқыш иінді білігінің айналу жиілігін арттырады. Бұл кезде жылытқыш радиаторы жылы сұйықтықпен жылдам толтырылып, радиторға жіберілген сұйықтықтың қатып қалуын болдырмайды. Автомобильдің желіден оралғаннан кейін, егер салқындату сұйықтығына суды пайдаланған болса, онада қыс мезгілінде сұйықтықты қозғалтқыштың салқандату жүйесінен төу кезде, жылытқыш радиаторынан 12 да шүмек 6 арқылы төгіп, шүмекті жабу керек.

ГАЗ-31029 «Волга» автомобилінің жылыту жүйесі мен салонды тазалау 18.10. суретте көрсетілген. Бұл автомобильдің шанағының салонын жедел жылыту қосқышпен 12 басқарылатын екі жылдамдықты жылытқыш желдеткішімен, сонымен бірге жылытқышқа ауа жіберілуінің қалқалағышын 5 тұтқаның 9 ашылу мөлшерімен және сұйықтықты жіберу шүмегі 4 тұтқаны 8 ашу арқылы реттеледі. Бұл кезде тұтқаның оң жағындағындағы қалпы шүмекті толық ашылуына сәйкес келіп, қозғалтқыштың салқындату жүйесінен жылытылған сұйықтық жылытқыштың 6 радиаторына жіберіледі, ал тұтқаның 8 шеткі сол жығындағы қалпында сұйықтық радиаторға жіберілмейді. Сыртқы ауа жылыту жүйесіне алдыңғы әйнектің орнатылған негізіндегі решетка арқылы түседі. Жылытқышқа 6 бағытталған ауаның мөлшері тұтқамен 9 басқарылатын ауа жинағыштың қалқалағышымен 5 реттеледі. Тұтқаның шеткі сол жағының қалпында ауа жинағыштың қалқалағышы толық жабық, ал шеткі оң жағында — толық ашық, сыртқы ауаның барлық көлемі жылытқыштың радиаторы арқылы жіберіледі. Тұтқаның ортаңғы қалпына тұрақтанғанда сыртқы ауаның жарты бөлігі радиаторға бағытталып, ал қалған бөлігі оны айналып жүріп радиатордың кейін жылытылған ауамен араласады. Сыртқы ауаның төмен температурасында ауа жинағыш қалқалағышының тұтқасын 9 қозғалтқыштың 75 о...80 о С температурасында ашу керек. Жылытылған ауаның ағынын тарату тұтқа 11 арқылы бөлінеді. Тұтқаның шеткі сол жағының қалпында жылытылған ауа алдыңғы әйнекті шашыратқыш 2 арқылы жылытуға және бағыттаушы решетка 1 арқылы алдыңғы есіктердің әйнегін жылытуға жіберіледі, шеткі оң жағының қалпында — жылытылған ауа көрсетілген бағытпен, ауа жүру арнасы 13 арқылы салонның артқы бөлігін жылытуға жіберіледі. Табиғи түрде автомобиль салонын тазалау тұтқаны 10 шеткі оң жағының қалпына қозғалтып қалқалағыш 3 ашу арқылы жүргізледі. Бұл кезде салонға бағытталған ауаның ағыны бағыттаушы решеткамен 7 реттеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]