Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

18.2. Жүргізушінің кабинасы.

Жүргізуші кабинасы бір немесе екі жолаушы мен жүргізушіге арналған. Қалааралық жүретін жүк автомобильдерінде екінші жүргізушіге арналған тынығатын орынмен қамтылған. Жүк автомобильдері қозғалтқыш бөлімінің жапқышынан (ЗиЛ, ГАЗ, т.б. автомобильдерінде), қозғалтқыш бөлімін жапқышынсыз(МАЗ, КамАЗ, ГАЗ-66, т.б. автомобильдерінде) болып келеді. Қозғалтқыш жапқыш бөлімі бар жүк автомобильдерді қазіргі кезде өндірістен азайтып келеді. Жүргізуші кабинасының көп тараған түрі қозғалтқыш үстіне орналастырылған кабина. Мұндай жүк автомобильдерінің жүк платформасының көлемі ұлғайып және жүргізушінің автомобильді басқаруына, кабина астындағы қозғалтқыштың агрегаттары мен механизмдерін жөндеуге қолайлы болып келеді. Мұндай кабиналар алдыға қарай ашылады, кабинаның артқы жағында кабина тірегі мен тұтқа механизмі орнатылған.

Ол кабинаның өздігінен ашылып кетуін болдырмайды. ЗИЛ-431410, ГАЗ-3307 жүк автомобильдердің кабиналары — бүтін металлдан штампталған панельден пісірлген екі жанындағы есіктерден тұрады. Есіктер екі топсаға 2 ілініп (18.11. а, сур.) және жабық тұрғанда тұтқалы 13 құлпымен ұстатылып, ішкі және сыртқы жақтарынан ашылуға мүмкіндік береді. . Есіктер екі топсаларға бекітілген, жабық кезінде құлпы арқылы ұсталып, ішінен де сыртынан да тұтқа арқылы ашылады. Есіктерді құлыппен жабуға болады. Құлыптар сақтандырғыш ілгекпен жабылып, жүру кезінде есіктердің өздігінен ашылуына кедергі жасайды. Есіктің ашылуы шектеуішпен шектеледі, төменгі жағында ішіне жиналған сулардың ағуына арналған саңылаулар бар. Көбінесе жүк автомобильдерінде жүргізуші орындығы жеке орнатылып және жүргізушіге қолайлы болуы үшін реттеліп тұрады. Автомобильді қолайлы басқару үшін кабинаның екі шетіне артқы жағын көруге арналған айна қойылады, оларды реттеп тұруға болады және күнқағармен қамтамасыз етілген. Күнқағар кез-келген қалыпта бұрып реттеп бекітіп қоюға болады. Кабинаның ішінде автомобильді басқаруға арналған барлық жүйесі орнатылған. Есіктің ашылу бұрышы шектеуішпен 4 қосымша максималды ашылу қалпы тұрақтандырылып реттеледі. Есіктің жоғарғы бөлігінде әйнекке арналған ойығы бар. Терезенің оң жағы түсірілетін әйнек 11, ал сол жағы —бұрылмалы әйнек 9 оны бекітетін ілгегі 8 және әйнектің қапсырмасының тығыны 12 болады. Әйнекті 11 төмен түсіруде бағыттауыш 1 арқылы есіктің ішіне орнатылған әйнек көтергішпен 5 жүргізіледі. Әйнек көтергіштің жетегі тісті сектормен 6 біріктіріліп

тістегерішпен бір осьта орнатылған тұтқаның 7 көмегімен жұмыс істейді. Терезенің жабылуы мен ашылуы кезінде тісті сектор 6 күш әсерін әйнек көтергіштің рычаг 14 арқылы түсірілетін әйнектің қапсырмасына 15 бекітілген қозғалмалы кулисаға 16 жеткізеді, соның әсерінен әйнекті қозғалту жүзеге

асырылады. Есіктің құлпында қозғалыс кезінде есіктің өздігінен ашылып кетуін болдырмайтын сақтандырғыштар бар. Есіктердің құлпы сыртынан кілтке

жабылады. Кабина есіктерінің ішкі жағынан шынтақ асты тұтқасы 23 орнатылған, сол арқылы есікті ішке тартып жабуға болады. Кабинаның ойығы мен есіктердің жиегі кабинаға шаң – тозаң және салқын ауаны жібермеу үшін жұмсақ резеңке тығыздағышпен 3 тығыздалады. Есіктің терезесі және бұрылмалы әйнектің қапсырмасы тығыздауыш ұстағышпен 10 бекітілген түктіленген немесе резеңкелі тығыздауышпен тығыздалады. Кабина есігінің ішкі қуыстары монтаждау люктің қақпағымен 17 жабылады. Қозғалтқыштың және басқа агрегаттардың жұмыс істеуінен берілетін шуылды азайту үшін кабинаның еденін және есік панелдерінің ішкі беттерін шуылға қарсы мастик жағылады. Есіктің төменгі бөлігінде есіктің ішіне түскен сулардың ағып шығуына арналған саңылау орындалған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]