Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

18.1. Шанақтың түрлері.

Шанақ жүргізушіні, жолаушыларды, жүктерді және арнайы құрылымдарды орналастыруға қолданылады. Автомобиль шанақтарын пайдалануы мен құрылымы бойынша анықтайды. Пайдаланылуы бойынша шанақтар негізгі үш топқа бөлінеді: жолаушыларды тасымалдауға арналған (жеңіл автомобильдер, автобустар, жүкжолаушы автомобильдері), жүк тасымалдауға арналған (платформалар, цистерналар, фургондар, өздігінен аудармалы (самосвалдар) т.б.) және арнайы пайдалануға арналған (санитарлық, өрт сөндіруші т.б.).

Жеңіл автомобильдер шанақтары құрылымы бойынша каркассыз, каркасты және жартылайкаркасты, ал салмақ қабылдау мінездемесіне байланысты алып жүруші (несущие), жартылай алып жүруші(полунесущие) және түсірілген (разгруженные) болады.

Алып жүруші шанақтарда рама болмайды, автомобильдің жүрісі кезінде түсірілетін барлық салмақты шанақ қабылдайды. Жартылай алып жүруші шанақтар рамаға қаттылап орнатылып, рамаға түсірілген салмақтың жарты бөлігін қабылдайды. Түсірілген шанақтар тек қана түсірілген жүк салмақтарын қабылдайды, өйткені оны рамаға серпімді элементтердің көмегімен орнатылады (резиналы төсемдермен, жастықшалармен т.б.).Серпімді элементтері бар шанақтар автомобиль қозғалысы кезінде рамаға берілген барлық күштерден босатылады (тартылыс күшінен басқа).

18.1.1. Жеңіл автомобильдердің шанақтары.

Көптеп шығарылатын жеңіл автомобильдер алып жүру шанақты болады. Бұл орталық тартылыс күшін төмендетіп, жалпы біиіктігін және құрылымның металл көлемін де азайтады. Біртұтас металлды алып жүруші каркассыз шанақтарды, әдетте қалыңдығы 0,8... 1,2 мм жайма болаттан дайындайды. Мұндай шанақтың тұрқы (сур. 18.1) пісірілген құрылымнан жасалып, шанақтың(еденінен) негізінің 2 алдыңғы, артқы бөлімінен, сол және оң жақтауы 3 артқы қанаттарымен, алдыңғы қанаттан 1 және шанақтың төбесінен 4 тұрады. Шанақтың есігі жалғамалар мен біріктіргіштер арқылы біріне – бірін фланцтердің көмегімен жалғастырып, штампталған сыртқы және ішкі, екі панелден тұрады. Шанақтың негізгі алып жүру элементтер бөлшегіне қораб кесінділері, жақтау таянышы, табалдырығы мен едені және әртүрлі көлденең құрылымдар жатады. Шанақтың қажетті қаттылығы панельдің қаптамаларын дәл келтіріп жалғастыру арқылы жеткізіледі, оларға әртүрлі қиғаш кесінділер мен жұқа қалыңдықтағы болат профильді біріктіргіштер қолданылады. Панельдерді пісіріп жалғастыру мен бірге шегелеп немесе бұрандалы түрде де жалғастырады.Каркасты алып жүруші шанақтардың арнайы каркастары болады, оған негізгі бөлшектерді және жұқа қалыңдықтағы профильдердің құрылымдарын, пісіріп құрайтын панельдің қаптамаларының біріктіргіштерімен бекітіледі. Жартылай каркасты шанақтардың жарты бөлігі каркас болып — тікелей немесе панель жапсырмалармен байланыстырған жеке таяныштан, доғадан, тіректерден, қаттылық бекіткіштен тұрады. Каркасты және жартылай каркасты құрылымды шанақтар жеңіл автомобильдерде сирек қолданылады. Қазіргі жеңіл автомобильдердің шанақтарының әртүрлі көп айырмашылығы бар. Автомобильдің түрлері мен пайдаланылуы шанақтың формасына, есіктерінің саны, орындары мен сыйымдылығына байланысты болады, сыйымдылығын шанақтың көлеміне байланысты анықтайды.

Ш анақтың көлемінің саны бойынша үшкөлемді болаып жасалады — қозғалтқыш бөлімі, салон, жүк бөлігі (сур.18.2, а, б, в) немесе екікөлемді — қозғалтқыш бөлімі, салон(сур.18.2, г), мұндай кезде салон мен жүк бөлігі біртұтас болып жасалады.

Екі көлемді шанақтарға шанақтың универсал түрі жатады, классикалық схемадан екікөлемді шанақтың айырмашылығы төбесінің артқы бөлігі өте жоғары орналасқан, шанағы өте шығарып ұзартылған (сур.18.2, д).

Егер қозғалтқыш бөлімі, жолаушылар мен жүк бөлімі біртұтас шанақта орнатылған болса, онда мұндай шанақ біркөлемді болады. Мұндай шанақтар автомобиль өндірісінде шектеулі болады.

Жеңіл автомобильдерде раманың қызметін автомобиль шанағы атқарады, оған асқыштар бекітіледі. Автомобильдерде әртүрлі шанақтар пайдаланылады. Шанақтар пайдаланылуына байланысты екі немесе үш бөлімді болады. Екі бөлімді шанақтар жолаушылар салоны мен қозғалтқыш бөлігінен тұрады, ал үш бөлікті шанақтар – қозғалтқыш пен жүк бөлігіне және жолаушылар салонына бөлінеді.

Седан – (18.2, сур. а) үш бөлімді, жабық, төрт есікті, екі қатар орындықты(үшінші қатар сирек кездеседі). Седан жеңі автомобильдерде көп тараған түрі. (автомобилдер ВАЗ-2105-07; ГАЗ-3110, -31029 «Волга» т.б.)

Лимузин – (18.2, сур.б) үш бөлімді, жабық, төрт есікті, екі немесе үш қатар орындықты (үшінші қатары жиылдмалы) шанақ. Алдыңғы қатар мен екінші қатар, жүргізуші мен жолаушы ортасында көтерілетін қалқа (перегородка) пайдаланылады.

Артқы қатар орындықтардың үстінде жиналмалы жұмсақ тент жапқышы бар лимузин, (18.2, сур. в) ландо-лимузин деп аталады. Лимузин шанағы жоғары класты жеңіл автомобильдерде орнатылады. (автомобиль ЗИЛ-4104, ЗИЛ-41045).

Хэтчбек(комби, лиртбек)– (18.2, сур.г) екі бөлімді, жабық, екі есікті, екі қатар орындықты шанақ. Қосымша есік шанақтың артқы қабырғасына орналасқан. Хэтчбек шанағының жүк бөлімін ұлғайтуға болады. Бұл шанақ өте кіші, кіші және жеңіл автомобильдерде пайдаланылады. (автомобильдер ВАЗ-2108, «Москвич»-214122, ЗАЗ-1105).

Әмбебаб(Универсал) – (18.2, сур.д) екі бөлімді, жабық, үш немесе бес есіктк, екі немсе екі қатар орындықты. Қосымша есік шанақтың артқы қабырғасына орнатылған. Екінші қатардағы орындықтарды жинағанда жүк салатын бөлімі ұлғаяды.

Универсал шанағы кіші және орта класты жеңіл автомобильдерінде қолданылады. (ВАЗ-2104, ВАЗ-21213 «Нива», ГАЗ-24-14 «Волга»).

Фаэтон – (18.2, сур.е) толық ашылатын екі немесе үш бөлімді, екі немесе төрт есікті, екі немесе үш қатар орындықты шанақ. Шанақ төбесі жиналмалы және жұмсақ, жақтауы алып-салынатын болады. Фаэтон шанағы орта және жоғары класты автомобильдерде қолданылады. Кейде мұндай шанақты «Торпедо» деп атайды. (УАЗ-3151-01).

Купе – (18.2, сур.ж) үш бөлімді, жабық, екі ,есікті, бір немесе екі қатар орындықты шанақ. Екінші қатардағы орындықтарға отыру үшін алдыңғы есікті ашып алдыңғы қатардағы орындықты алға қарай шалқайтып кіру қажет. Купе шанағы өте кіші класты жеңіл автомобильдерде орнатылады.

Кабриолет – толық ашылатын үш бөлмді, төрт есікті, екі немесе үш қатар орындықты (үшінші қатар орындықтар жиылмалы) шанақ. Шанақ төбесі қатты немесе жұмсақ жиылмалы, жақтауы алып-салынатын болады. Кабриолет шанағы орта және жоғары класты жеңіл автомобильдерде пайдаланылады. (автомобиль ЗИЛ-41044).

Пикап – (18.2, сур.з) жүк-жолаушы шанағы ашық платформалы, бүйірдегі 4-6 адамдарға арналған орындықтары алынады, екі адамға арналған жабық кабиналы болады. (ИЖ-27151)

Арнайы транспорттық автомобильдерде толық немесе жартылай рама пайдаланылады. Рама болат прокаттан жасалады, оған автомобиль агрегаттары бекітіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]