Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

17.8. Тежеуіштің механикалық жетегі.

Тежеуіштің мехеникалық жетегі жетектер мен рычагтардан тұрады және басқыш педаль немесе қол тұтқасын тежеуіш механизмдеріне жалғау үшін қолданады. Қазіргі кезде мұндай тежеуіштерді тұру тежегішіне қолданылады. Тұру тежеуіші ленталы немесе жапсырмалы қалып тежеуіш механизмді болып орнатылады.

З иЛ, ГАЗ-33, МАЗ автомобильдерінде атанақ түрдегі орталық тұру тежеуіші орнатылған, ал «Волга», «Жигули», тағы басқа жеңіл автомобильдерде тұру тежеуіші ретінде артқы доңғалақтың тежегіш қалыптары іске қосылады.

Мысалы, ЗиЛ -4331 автомобилінде тұру тежеуішіне(17.19.сурет.) барабанды-қалып тежегіш орнатылған. Шойыннан құйылған тежегіш барабаны 2, беріліс қорабының жетектегі білігінің 4 артқы ұшына бекітілген. Барабанның ішіне екі метелды-асбест жапсырмалы қалып 1 орнатылған. Қалыптың осі 3 тежегіштің тірек кронштейніне бекітілген. Қалыптар екі серіппе 5 тартқышпен тартылып тұрады және тежелу кезінде ажыратқыш жұдырықша 6 арқылы керіледі.Жұдырықша білікпен біртұтас болып, тежегіш тірегінің кронштейніне бекітіледі. Жұдырықша біліктің рычагы 7 жетек 8 арқылы қол тұтқаның рычагіне 9 жалғастырылған. Қол тұтқа 11 тіректі тісті ілгішпен қамтылған және сектор 10 бойымен жылжығанда тұтқаны 12 тежелген қалпында бекітіп ұстап тұрады. Тұру тежеуішінің қалыбы мен барабан арасының саңылауын жетекші жетектің 8 ұзындығын өзгерту арқылы реттейміз. Сонымен қатар тежегішті реттеу жетектің 8 бекіткіш саусағын жұдырықша біліктің рычагының 7 тесіктерін өзгерту арқылы жүргізіледі. Реттеуіш тесіктер жұдырықша біліктің рычагына 7 орналастырылған. Қол тұтқаны 11 артқа қарай тартқан кезде механикалық жетек ажыратқыш жұдырықшаны 6 бұрады, сол кезде қалып 1 атанаққа 6 тіреліп тежеледі. Тұтқаны 11 босатқан кезде тартқыш серіппелер 5 қалыпты бастапқы орнына тартып қайтарады. Тұру тежегішінің жетегінде құлақша бар, ол жетекті доңғалақтың пневматикалық жетегін аралас тежегіш кранының басқару жүйесімен жалғастырады.

« Волга» автомобильдерінде тұру тежеуіш (17.20 сурет.)жүйесі артқы доңғалақтардың тежегіш механизмдері 2 арқылы іске қосылады. Тежеуіш жүйесі жүргізуші орындығының оң жағындағы қол тұтқасы 1 арқылы іске қосылады.

Қол тұтқасын 1 көтерген кезде күш рычаг реттеуіш 5 жетек арқылы теңдеуіші 3 жетекке беріледі. Теңдеуіш жетек трос 6 арқылы тежегіш механизмдерінің рычагтарына 4 жалғастырылған. Рычаг ажыратқыш стерженьнің көмегімен тежегіш қалыбы керіліп барабанға жақындап тежеледі. Қол тұтқаның тірегі, кронштейнге бекітілген тірек тісті механизм болады.

17.9. Құрамдастырылған жетекті тежегіш

П невмогидравликалық жетекті тежегіш Урал-375 автомобилінде қолданылады (17.18. сурет). Оның құрылысындағы алдыңғы, ортанғы, артқы белдіктердің доңғалақтарындағы тежеуіш механизмінің қалыптары 12, 11, мен 9 доңғалақтың гидравликалық цилиндрлері 10 мен 8 арқылы іске қосылып, аралас жетектің гидравликалық бөлігіне жалғастырылған. Алдыңғы мен ортаңғы белдіктің доңғалақтарының гидравликалық цилиндрлері бірінші басты тежеуіш цилиндрлеріне 4, ал артқы белдіктің доңғалақтарының гидроцилиндрі екінші басты тежеуіш цилиндріне 6 түтік арқылы жалғастырылған. Сондықтан аралас пневмогидравликалық жетектің гидравликалық бөлігі екі тәуелсіз гидравликалық жетектен тұрады.

Құрамдастырылған жетектің пневматикалық бөлігі, аралас тежеуішті поршень типтес краннан 1, төменгі бөлігі тежегіш кранынымен түтік 3 арқылы жалғастырылған екі пневмоцилиндрден 5, 7 тұрады. Тежеуіш кранының үстіңгі бөлігінен түтік 2 арқылы тіркемелердің тежегіш механизмдері жұмыс істейді. Жетектің пневматикалық бөлігі компрессор арқылы сығымды ауаны ауа баллондарына жинайды. Тежеуіш педалін басқан кезде сығымды ауа түтік 3 арқылы пневмоцилиндрге 5, 7 беріледі. Цилиндрлерде ауаның қысымы арқылы екі поршень, шток пен түрткіштің көмегімен басты цилиндрлердің поршеньдеріне 4, 6 беріледі. Сондықтан гидрожетектер орындаушылық қызметін атқарады, ал пневмоцилиндрдің тежегіш крандары басқарушылық қызметін атқарады. Доңғалақтың гидроцилиндріндегі 10, 8 тежеуіш сұйықтығының қысымы пневмоцилиндрдегі 5, 7 ауаның қысымына тура пропорционалды болады. Сондықтан құрамдастырылған жетектің гидравликалық бөлімі бір мезгілде барлық доңғалақтардың тежелуін атқарса, ал пневматикалық бөлімі оны жеңіл басқаруға және автомобиль тіркеген тіркемелерді тежеуге пайдаланады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

  1. Тежеуіш жүйесінің қызметі мен түрлері, оларға қандай талаптар қойылады?

  2. Тежеуіш жүйелері механизмдерінің құрылымдары мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

  3. Басты тежеуіш цилиндрінің құрылымы мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

  4. Доңғалақ тежеуіш цилиндрінің құрылымы мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

  5. Өздігінен реттелетін құрылғысы бар тежеуіш механизмінің құрылымы мен жұмыс істеуі қалай?

  6. Қандай мақсатта гидрожетектің тежеуіш ажыратқышы қосылады? Оның құрылымы мен жұмыс істеуі қалай?

  7. Пневматикалық тежеуіш жетегінің құрылымы мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

  8. Компрессордың құрылымы мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

  9. Тежеуіш краны мен тежеуіш камерасының құрылымы мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

  10. Тежеуіштің пневматикалық жүйесіндегі қысым реттегіш пен сақтандырғыш клапанның құрылымы мен

жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

  1. Жүк және жеңіл автомобильдердің тұру тежеуіштерінің құрылымы мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

  2. Гидравликалық, пневматикалық және механикалық тежеуіш жетектерінің басымдылығы мен кемшіліктері қандай?

18 – тарау. ШАНАҚ ПЕН ҚОСЫМША ҚҰРЫЛЫМДАР.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]