
- •1.1.Автомобильдің жалпы құрылымы
- •1.2. Автокөлік құралдарының түрге бөлінуі
- •2.1. Қозғалтқыштың жалпы құрылымы
- •2.2. Іштен тұтанатын поршеньді қозғалтқыштардың
- •2.3. Көп цилиндрлі қозғалтқыштар.
- •2.4. Қозғалтқыштардың жалпы құрылысы
- •2.5. Поршень топтары мен бұлғақтар.
- •3.1. Газ тарату механизмінің негізгі түрлері.
- •3.3. Клапандар механизмдерінің бөлшектері.
- •4.1.Салқындату жүйесінің түрлері мен жұмыс істеу тәсілдері.
- •4.2. Сұйықтықпен салқындату жүйесінің аспаптарының
- •4.3. Тұтандыру алдындағы жылытқыш.
- •5.1. Бөлшектерді майлаудың шартты міндеті.
- •5.2. Майлау жүйесінің құрылысы мен жұмыс істеу тәсілі.
- •5.3. Майлау жүйесінің аспаптары мен механизмдері.
- •5.4. Картерлік газдарды тазалау.
- •6.1. Жанармайдың ауамен араласуы және жанғыш қоспаның құрамы.
- •6.2. Қоректендіру жүйесінің жалпы құрылысы
- •6.3. Жеңіл автомобильдер қозғалтқыштарының карбюраторлары.
- •6.4. Жанармай отынын жеткізу мен ауа тазалау аспаптар.
- •6.5. Ауа жіберу мен өтелген газдарды шығару құбырлары.
- •6.6. Қозғалтқыштың бензин отынын
- •6.6.1. Орталықты бүрку жүйесі.
- •6.6.2. Таралымды бүрку жүйесі
- •6.6.3. Жанармай отынын бүрку жүйесінің аспаптары.
- •6.6.4. Тікелей бүрку жүйесі.
- •7.1. Газбаллонды құрылғының жалпы құрылысы мен жүйеленген сызбасы.
- •7.1.1. Жүк автомобилінің сұйытылған газ отынына арналған газбаллонды қондырғылары.
- •7.1.3. Жүк автомобилінің сығымдалған газ отынына арналған газбаллонды қондырғылары.
- •7.2. Газ отынын жеткізу аспаптары.
- •7.3. Газ отынын араластырғыштар.
- •7.4. Отынын құю, қозғалтқышты тұтандыру мен тоқтату.
- •8.1. Дизельдегі қоспа араласудың ерекшеліктері.
- •8.2. Дизельдің қоректендіру жүйесінің жалпы құрылысы.
- •8.3. Төменгі қысымды магистральдің
- •8.4. Жоғары қысымды магистральдің
- •8.4.1. Бүркілудің оздыру муфтасы
- •8.4.2. Форсунканың құрылымы мен жұмыс істеуі.
- •8.5. Иінді біліктің айналу жиіліктерін реттегіштер.
- •8.6. Дизельдегі турбоүрлегіш
- •9.1. Электр тогы, өткізгіштер мен оқшаулағыштар.
- •9.2. Магнит. Электрлі магнит пен электр магнитті индукция.
- •9.3. Жартылай өткізгіш аспаптар.
- •10 Тарау. Электрлі қоректендіру жүйесі.
- •10.1. Электр жабдықтарының жүйелік сызбасына
- •10.2. Аккумулятор батареялары.
- •10.2.1. Аккумулятор батареясының негізгі
- •10.3. Генератор қондырғылары
- •11 Тарау. Тұтандыру жүйесі.
- •11.1. Контактылы тұтандыру жүйесі.
- •11.2. Тұтандыру жүйесінің құралдары мен аспаптары.
- •11.3. Контактылы –транзисторлы тұтандыру жүйесі.
- •11.4. Контактысыз тұтандыру жүйесі.
- •12 Тарау. Қозғалтқыштың электрлі тұтандыру
- •12.1. Электрлі іске қосу жүйесі
- •12.1.1. Стартердің құрылысы мен жұмыс істеуі.
- •12.1.2 Төмен температурада қозғалтқышты
- •12.2. Бақылап-өлшеу аспаптары.
- •13 Тарау. Жарықтандыру, дабыл беру мен электр жабдықтарының сызбасы.
- •13.1. Жарықтандыру мен жарықты дабыл беру аспаптары.
- •13.2. Сыртқы жарықтандыру мен жарықты
- •14.1. Трансмиссияның негізгі түрлері.
- •14.2.1. Бір дискілі сығылмалы серііппелі ілініс.
- •14.2.2. Бір дискілі мембрана серппелі ілініс.
- •14.2.3. Қос дискілі ілініс.
- •14.3. Беріліс қорабы.
- •14.3.1. Төртсатылы беріліс қорабы.
- •14.3.2. Төрт сатылы беріліс қорабының жұмыс істеуі.
- •14. 4. Автоматтандырылған беріліс қорабы
- •14. 5. Гидромеханикалық беріліс.
- •14.6. Айқартопсалы беріліс.
- •14.6.1. Бұрыштық жылдамдықтары тең емес
- •1 4.6.2. Бұрыштық жылдамдықтары тең топсалы
- •14.7. Басты беріліс пен дифференциал.
- •14.8. Жетекші белдік пен жарты осьтар.
- •15.1. Рама мен тартқыш – тіркеме құрылғы.
- •15.2. Алдыңғы басқарылушы белдік.
- •15.2.1. Алдыңғы доңғалақтың орналасу бұрышы.
- •Автомобильдің алды
- •15.3. Автомобильдің серпімді аспалары.
- •15.3.1. Тәуелді серпімді аспалар.
- •15.3.2. Тәуелсіз серпімді аспалар.
- •15.3.3. Балансирлі ( теңгерулі) аспалар.
- •15.4. Гидравликалық амотизаторлар.
- •15.5. Доңғалақтар мен шиналар.
- •16.1. Басқару жүйесі және оның жалпы құрылысы.
- •16.2. Рульдік механизм мен жетеігі.
- •16.2.1. Винтті рульдік механизм.
- •16.2.2. Құрамдастырылған жетекті рульдік механизм.
- •16.2.3. Рейкалы рульдік механизм.
- •16.2.4. Рульдік жетек.
- •16.3. Рульдік жетектердің күшейткіштері.
- •17.1. Тежеуіш жүйесі туралы жалпы түсінік.
- •17.2. Тежеуіштің жетектері.
- •17.3. Тежеуіштің гидравликалық жетегі.
- •17.4. Тежеуіш жетегінің күшейткіші.
- •17.5. Пневматикалық тежеуіш жетегі. Компрессор.
- •17.6. Ауа қысымын реттегіш.
- •17.6.1. Ауа жинау баллоны. Тежеуіш краны.
- •17.7. Көп контурлы пневматикалық тежеуіш жетегі.
- •17.8. Тежеуіштің механикалық жетегі.
- •17.9. Құрамдастырылған жетекті тежегіш
- •18.1. Шанақтың түрлері.
- •18.1.1. Жеңіл автомобильдердің шанақтары.
- •18.1.2. Автобустар шанақтары.
- •18.1.3. Жүк автомобилінің шанақтары.
- •18.2. Жүргізушінің кабинасы.
- •18.2.1. Кабинаны жылыту және тазалау.
- •18.2.2. Әйнектазалағыш және әйнекжуғыш.
- •18.3. Автомобиль – аударғыштың шанақ көтеру
- •18.3.1. Автомобиль шанағын көтеру
- •19.1 Автомобиль – тягатар.
- •19.2. Тіркемелер мен жартылай тіркемелер.
- •1Тарау. Жалпы мәліметтер................................................................................................
- •2 Тарау. Іштен тұтану қозғалтқыштары.
- •3 Тарау. Газ тарату механизмі.
- •4 Тарау. Салқындату жүйесі.
- •5 Тарау. Майлау жүйесі.
- •6 Тарау. Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі.
- •7 Тарау. Газбаллонды қондырғылы автомобильдер
- •8 Тарау. Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі.
- •9 Тарау. Электротехника бойынша жалпы мәліметтер.
- •10 Тарау. Электрлі қоректендіру жүйесі.
- •11 Тарау. Тұтандыру жүйесі.
- •12 Тарау. Қозғалтқыштың электрлі тұтандыру жүйесі
- •13 Тарау. Жарықтандыру, дабыл беру мен электр жабдықтарының сызбасы.
- •14 Тарау. Трансмиссия.
- •15 Тарау. Алып жүру жүйесі, басқарылушы белдік пен аспалар.
- •16 Тарау. Басқару жүйесі.
- •17 Тарау. Тежеуіш жүйесі.
- •18 Тарау. Шанақ пен қосымша құрылымдар.
- •19 Тарау. Автомобиль поездар.
17.5. Пневматикалық тежеуіш жетегі. Компрессор.
Пневматикалық тежеуіш жетегі көп салмақты жүк автомобильдерінде, көп орынды автобустарда, тіркемелер мен жартылай тіркемелер тіркеп жұмыс істейтін доңғалақты автомобиль-тягачтарда қолданылады. Пневматикалық тежеуіш жетегі автомобиль-тягач пен тіркемені өзара жалғастыру үшін бір өткізгішті немесе екі өткізгішті болып бөлінеді.
КамАЗ, ЗиЛ, МАЗ автомобильдерінде пневматикалық тежеуіш жетегі бар тежеуіш жүйесі қолданылады. Мұндай тежеуіш жүйесіне: компрессор 1, қысым реттегіш 2, сақтандырғыш клапан 7, ауа ыдыстары(рессивер, баллон) 6, тежеуіш краны 10, доңғалақ тежеуіш камерасы 12, тежеуіш тебінгісі (педаль) 9, жалғағыш қалпақша 14, ажыратқыш кран 13, ауа жинап алу краны 8, жіберу краны 11, манометр 5 жатады. Компрессор 1 (17.13. сур.)ауа баллондарын 6 ауаға толтырып, жүйені сығымды ауамен қамтамасыз етеді. Жүйедегі ауаның қысымы манометрмен 5 бақыланады.
Тежеуіш педалін 9 басқан кезде, тежеуіш краны 10 ашылып, сығымды ауа ауа баллондарынан 6 алдыңғы және артқы тежеуіш камераларына 12 жіберіліп, механизмдері тежеуіш қалыптарын керіп тежейді.
Тежеуіш педалін босатқанда тежеуіш қалыптары тартқыш серіппелердің көмегімен қайтарылып босатылады. Ауа тежеуіш жүйесінен басқару кранының 4 қалпақшасының көмегімен әйнектазалағыштың механизмі 3 іске қосылады.
ЗиЛ, КамАЗ, МАЗ автомобильдерінде орнатылған поршень типтес екі цилиндрлі бір сатылы қысымды компрессор желдеткіш шкивінен 1 клинді ремень арқылы іске қосылады. Компрессор цилиндрлер блогынан 2, цилиндрлер блогының бастиегінен 5, картерден 9, алдыңғы, төменгі және артқы 7 қақпақтан тұрады. Компрессордың иінді білігі 10 шрикті ішпекпен айналып тұрады және бұлғақ арқылы қозғалмалы саусақпен поршеньдарға 4 жалғастырылған. Біліктің алдыңғы жағына шкив 1 орнатылған және сынамен(шпонка) гайка арқылы қаттыланып бекітілген. Иінді біліктің артқы шетінде тығыздауышы және шарикті ішпекті қысып бекітуге арналған гайкасы бар. Цилиндрлер блогының керегесінде В қуысынан цилиндр ішіне ауа түсетін терезе жасалған, оған екі жіберу клапаны 11 ершіктерімен 15 орнатылған, ал әрбір цилиндрлердің үстіндегі бастиегінің 5 ішіне шығару клапандары 6 орналастырылған. Жіберу клапандарының 11 астында штогы 12 бар плунжерден 13, күйентеден 16, серіппелерден 14 және оның бағыттауышынан 17 тұратын компрессордың жүк түсіргіш құрылғысы бар. Компрессордың майлау жүйесі еріксіз қозғалтқыштың басты магитралінен артқы қақпаққа жалғастырылған саңылау 8 арқылы жіберіледі. Бабитпен қапталған бұлғақтық ішпектер мен поршень саусақтары бұлғақтың ішіне жасалған арнаға жалғанып еріксіз майланады, ал қалған бөлшектері – шашыратылып майланады. Компрессордың картерінен пайдаланылған май арнайы түтік арқылы қозғалтқыштың картеріне жіберіледі. Компрессор сұйықтықпен салқындатылады. Салқындату сұйықтығы компрессордың цилиндрлер блогының Б қуысына қозғалтқыштың салқындату жүйесінен беріледі. Поршеньнің төмен қозғалысында цилиндр ішінде сейілту жүргізіліп, ауа В қуысына түседі де, жіберу клапанының 11 ашылуы арқылы цилиндр ауаға толтырылады. Поршеньнің жоғары қозғалысында сығымдалған ауаның қысымы арқылы шығару клапаны 6 ашылып, А бөлмешегінен ауа, ауа ыдыстарына жіберіледі, одан пневматикалық жүйеге беріліп тұрады.
А
уа
ыдыстарындағы сығымдалған ауаның қысымы
арнайы жүк түсіргіш құрылғымен шектеліп
тұрады, ол қозғалтқыштың компрессордың
жетегіне берілген қуаттылығының шығынын
азайтып, компрессордың жұмыс істеуін
арттырады. Бұл құрылғы қысым реттегішпен
бірге жұмыс істейді.