Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

17.3. Тежеуіштің гидравликалық жетегі.

Тежеуіштің жетегі дегеніміз – жүргізушінің тежеуіш педалімен немесе рычагы арқылы түсірген күш әсерін, тежеуіш механизмдеріне жеткізетін құрылғылардың біріккен жиынын айтамыз.

Г идравликалық жетекті тежеуіш механизмі(17.4.суретте) гидравликалық жетектің жүйесінде сұйықтың қысымын жасаушы және тежеуіш сұйықтығының резервуарымен 8 жалғастырылған басты тежеуіш цилиндрінен 13; тежеуіш сұйықтығының қысымын тежеуіш қалыбына жеткізуші доңғалақтың тежеуіш цилиндрінен 5; шланглер мен жалғастырғыш түтіктен тұрады. Кейбір жағдайда гидрожетекке тежеуіш механизмдерінің бөлгішінен, қысым реттегіш, күшейткіш орнатылады.

Тежеуіш педаліне 10 басқан кезде, шток 9 (17.4. суретте) поршеньді 12 қозғалтып, тежеуіш сұйықтығын түтіктер 3, 2, 11 арқылы жұмыстық тежеуіш цилиндріне 5 жеткізеді. Сұйықтықтың қысымының әсерінен поршень 4, 7 екі шетке қозғалып, тірек стерженьдер арқылы тежеуіш күшін қалыптарға 1, 14 береді, қалыптардың фрикционды жапсырмалары тежеуіш барабанына қысылып доңғалақтарды тежейді. Тежеуіш педалін босатқанда, қозғалмалы білікте 15 орнатылған тежеуіш қалыбтары 1, 14 тартқыш серіппенің 6 әсерінен кері қайтарылады, онымен бірге поршеньдар 4, 7 тежеуіш сұйықтығын түтіктер арқылы басты цилиндрге 13 қайтарып, бастапқы орнына барады. Бұл кезде түтіктердегі сұйықтықтың қысымы бірқалыпты болып, жүйеге сыртқы ауаның енуін болдырмайды.

Басты тежеуіш цилиндрі. Тежеуіш педалінен берілген механикалық күшті сұйықтықтың қысымына пайдалану (17.5.суретте) үшін басты цилиндр қолданамыз. Цилиндрді сұйықтық резервуарымен 4 бірге құйылып жасалады

(немесе резервуар жеке жасалып, басты цилиндрмен жалғастырылады). Резервуар 4 қақпақпен 3 жабылған. Сұйықтық құятын саңылауы бұрандалы тығынмен 1 жабылып, оның жұқа шағылыстырғышы 2 сұйықтықтың шайқалуын болдырмайды. Цилиндрдің ішіне поршень 13, қайтарғыш серіппе 11, енгізу (жіберу) клапаны 5, және шығару клапаны 8 серіппесімен 9, тірек тұйықтағыш 10 орнатылған. Поршеньнің 13 тығыз орнықтылығын екі резиналы манжет 14, 12 атқарады. Манжет 12 пен серіппенің 11 арасына шайба 23 қойылған. Поршень 13 шайбаға 15 серіппенің 11 көмегімен қысылып, тірек сақинаға 16 тұрақталады.

Шток 17, жетекке 20 бұрандаланып, гайкамен 19 қаттылап бекітіледі. Жетек 20 саусақ арқылы педальмен 21 жалғанады. Цилиндрді шаң–тозаңнан сақтандыру үшін жиналмалы резиналы қапшық 18 кигізіледі. Сұйықтықтың шығу тесігіне болт 7 арқылы үштік 6 жалғамамен бекітілген.

Р езервуар 4 цилиндрмен екі саңылау арқылы жалғасып тұрады: қайтаратын Б саңылауы, толықтыратын саңылау В. Қайтару саңылауы Б резервуармен А қуысын тоқтаусыз жалғастырады, ал В саңылауы резервуарды цилиндрмен бастапқы қалпында, тежеуіш педаліне күш салмаған кезде жалғастырады Бастапқы тежеген кезде манжет 12 В саңылауын бітейді, сонан соң сұйықтық шығару клапаны 8 арқылы магистралмен доңғалақтың жұмыстық цилиндріне барады. Тежеуішті босатқан кезде кері қайтару клапанын 5 цилиндрдің шығару саңылауына серіппе 11 қысып, сұйықтықтың басты цилиндрге қайтарылуын тежейді. Поршень 13 бастапқы орнына барған кезде, клапанға тежеуіш магистралінен берілген қысым, серіппенің 11 көмегімен теңестіріліп, цилиндрге сұйықтықтың баруы тоқтатылады. Сұйықтық магистралі мен доңғалақтың жұмыстық цилиндрлерінің ішінде тежеуіш сұйықтығының артық қысымы (0,05 МПа жуық) сақталады, ол қысым тығыздауыш манжетінің цилиндр ішін тығыз бекітіп, жүйеге сыртқы ауаның енуін болдырмайды. Тежеуіш педалін жедел босатқанда тежеуіш сұйықтығы поршеньнің босатылған орындарын жылдам толтырып үлгермейді, өйіткені кері қайтару клапаны 5 мен түтіктердің кедергісі әсер етеді, соның нәтижесінде жүйеде сейілту жүргізіледі де ауа сорылу мүмкін және тежеуіш жетегін қайтадан тежегенде кешігіңкіреп жұмыс істейді. Жүйенің бір қалыпты жұмысын поршеньдегі алты кері қайтару 22 тесігі атқарады.

Сейілтудің әсерінен А қуысы арқылы алты кері қайтару тесігінен 22 тежеуіш

сұйықтығы тығыздауыш манжеттің12 шетін қайтарып поршеньнің босатылған орнына барады. А қуысы сұйықтық резервуарынан Б тесігі арқылы келетін сұйықтықпен толтырылады. Артық тежеуіш сұйықтығы цилиндрге қайтарылғанда резервуарға В тесігі арқылы өткізіледі. Поршеньнің 13 түбіндегі алты кері қайтару тесігіне тығыздауыш манжеті 12 жабысып қалмауы үшін, поршеньге жұлдызша орнатылған. Көптеген автомобильдердің басты цилиндрінің құрылысында осыған ұқсастықтары бар.

Қосарланған екі поршеньнен тұратын басты цилиндр ГАЗ «Волг», ВАЗ, «Москвич» автомобильдерінде орнатылған, жоғары сенімділікте алдыңғы және артқы доңғалақтардың тежеуіштерін бөліп басқаруға арналған.

Қосарланған басты тежеуіш цилиндрі. Мұндай басты цилиндрлер ГАЗ «Волга», ВАЗ автомобильдерінің барлық модельдерінде орнатылған, алдыңғы және артқы доңғалақтардың тежеуіш жүйелерін жекелей басқаруға арналған. Қосарланған басты тежеуіш цилиндрі (17.6. суретте) ішіне екі поршень 9, 13 орнатылған шойын корпустан 3 тұрады.

Алдыңғы доңғалақтың контурын іске қосатын поршеньнің 9 құрылысы, артқы доңғалақтардың контурын іске қосатын поршеньнің құрылысынан көп айырмашылығы жоқ. Поршеньға 9 тежеуіш педалінің штогы тіреліп тұрады. Поршеньдар 9, 13 корпустың 3 ішінде екі камераны 4, 7 құрайды, одан екі 2, 6 тесіктеріне бекітілген түтіктер арқылы алдыңғы және артқы доңғалақтардың жұмыстық цилиндрлеріне жалғанады, ал басқа екі тесктеріне бекітілген түтіктер арқылы тежеуіш сұйықтығының резервуарына жалғанады. Тежеуіш педалі бос тұған кезде серіппе 15 поршеньді 13 оң жағына қарай қозғалтады.

Бұл кезде поршень 13 шектеуішке 14 тіреліп шектеледі, ал поршень 9 серіппенің 11 көмегімен екінші шектеуішке 10 жетіп тіреледі. Камералар 4, 7 бір – бірінен поршеньге 13 кигізілген резина манжетамен 12 бөлініп тұрады. Поршеньнің ойықтарында резиналы тығыздауыш сақина 17 мен тірек втулкасы 18 орнатылған. Бастапқы қалпында тұрғанда серіппе 16 тығыздауыш сақинаны тірек втулкасына серпіліп қысып тұрады да араларында саңылау 19 орын қалады. Саңылау мен тесік арқылы камералар бочокпен жалғасып, контурларда сұйықтықтың артық қысымы болмайды. Тежеуіш педалін басқан кезде поршень 9 қозғалады, дөңгелек саңылау 19 реттеліп, поршеньнің 9 сыртқы ернеуі тығыздауыш сақинаға 17 жақындап қысылады. Содан кейін жұмыстық жүріс басталып, сұйықтық доғалақ цилиндріне беріліп, алдыңғы тежеуіш контурында тежуге арналған қысым пайда болды. Бір уақытта поршень 9, мен екінші поршень 13 бірге қозғалып, артқы доңғалақтың тежеуіш жетегінің контурында тежеуіш сұйықтығының қысымын арттырады. Камераға 7 әсер еткен сұйықтықтың қысымы екінші камерадағы 13 поршень арқылы тежеуіш сұйықтығына беріледі. Екі контурдағы сұйықтықтың қысымы тежеуіштің ақаусыз жұмысы кезінде тең болады. Егерде алдыңғы доңғалақтың тежеуіш контурында ақау пайда болса онда, тежеуіш педалін басқан кезде поршень 9 екінші поршеньге 13 тіреледі, артқы доңғалақтың поршенінің камерасында 4 сұйықтықтың қысымы пайда болып, артқы доңғалақтың тежеуіші іске қосылады. Егерде артқы доңғалақтың тежеуіш контурында ақау пайда болса онда, тежеуіш педалін басқан кезде поршень 13 тығынға 1 тіреледі, алдыңғы доңғалақтың поршенінің камерасында 7 сұйықтықтың қысымы пайда болып, алдыңғы доңғалақтың тежеуіші іске қосылады.

Тежеуіштің гидравликалық ажыратқышы. Ақауы бар гидравликалық жетектің бөлігін автоматты түрде ажырату үшін жүйеге тежеуіш механизмдерінің ажыратқышы (17.7. суретте) орнатылады. Ажыратқыш ішінде екі поршені 16 бар, серіппелер 15 арқылы тірек сақинаға 3 қысылған корпустан 9 тұрады. Тежеуіш педалін басқан кезде тежеуіш сұйықтығы алдыңғы қуыстан 10 канал ақылы ішкі екі поршеньнің 16 қуысына 13 жеткізіледі. Сұйықтықтың қысымы арқылы поршеньдер сыртқа қарай серіппелерді 15 қысып қозғалады. Бұл кезде поршеньдердің сыртындағы қуыстарғы 7 мен 14 сұйықтықтың қысымы жоғарылап, каналдар 1мен 6 түтіктер 2 мен 5 арқылы алдыңғы мен артқы доңғалақтардың тежеуіш механизмдеріне беріледі. Егерде гидрожетектің сұйықтық берілетін каналдарының 7 мен 14 біреуінде ақау пайда болса, онда ақау пайда болған каналдағы сұйықтықтың қысымы төмендейді, бұл қуыстағы поршень басты цилиндр мен ажыратқыштың бағытындағы серіппенің кедергісінен жеңетін сұйықтықтың қалдық күшімен 0,08 – 0,12 МПа сырқы шеткі жағында ұсталып тұрады. Бұл уақытта поршень ақау болған лайықты көмекші каналдарды 8 бен 12 бекітіп, басты цилиндрден берілген сұйықтық ақауы бар қуысқа жіберілмейді, тежеген кезде ақаусыз гидрожетектің каналының поршенін іске қосады.

Жұмыс кезінде жетектің бір бөлігінде ақауы бар болса, онда педальді бірінші басқан кезде бос жүрісі болады, қайтадан басып тежегенде бос жүріс сезілмейді, сұйықтықтың барлығы гидрожетектің дұрыс бөлігіне ғана қолданылады. Мұндайда тежеуіштің жұмыс істеуі әлсірейді. Гидрожетектің жүйесінде пайда болған ауаны шығару клапанын 4 пайдалану арқылы реттейді.

Доңғалақтың тежеуіш цилиндрі тежеуіш сұйықтығның механикалық күшін тежеуіш қалыбына жеткізу үшін қолданылады. Доңғалақ цилиндрлері екі – және бір поршеньді болады. Екі поршеньді шойын корпуста 4 екі поршень 2 және 6, екі тығыздауыш манжета 3, мен серіппе 5 орналасқан. Цилиндрдің екі шетіне шаң – тозаңнан қорғайтын қалпақтар 1 кигізілген. Поршеннің ішіне болат іитергіштер 7 салынып, олардың қиығына тежеуіш қалыбының ұштары кіргізіледі. Цилиндрдің ойығына 8 тежеуіш сұйықтығының берілетін түтігі жалғанады. Конусты шығару клапанымен 9 бекітілетін жоғарғы ойықтан ауа шығарылады, егерде каналда ауа пайда болса. Клапанның 9 каналы, болт 10 және қалпақ арқылы шаң – тозаңнан қорғалады. (17.8, а, суретте.)

ГАЗ, ВАЗ, АЗЛК автомобильдерінің доңғалақтарының тежеуіш цилиндрлерінде тежеуіш барабаны мен антифрикционды жапсырмалы қалыптың арасындағы саңылауды автоматты түрде біркелкі ұстап тұру үшін қарапайым негізгі құрылғы орнатылған. Құрылғы цилиндрдің ішіне үлкен тығыздықпен екі резиналы сақина орнатылған. Сақинаның бұранда салынған ойығының арасы 3,5 мм – ге тең. Осы бұрандаға ойығының арасы 1,5 мм болатын поршеньдар бұралып орнатылады. Осы мүмкіндікте поршень ось бағытында 2 мм – ге қозғалады, тежеуіш қалыбы мен барабан арасының саңылауын бірқалапты етіп реттеп тұрады. Фрикционды жапсырмалардың қалыңдығының желінуіне байланысты 2 мм–лік поршеньнің жүрісі қалыбтың барабанға жақындауын толық қамтамасыз етпейді, сонда поршень өзінің жиегімен тығыздық күшін жеңіп, сақинаны өзімен бірге тартады. Тежеуіш қалыбының кері қайтарылған кезде тартқыш серіппелердің күші сақиналарды кері қайтаруға жетпейді де, олар сол жақындаған қалпында тоқтайды. Сақинаның жақындап қозғалуы, фрикционды жапсырмалардың барабанмен арасындағы қажетті саңылауы автоматты құрылғы арқылы орындалады.

Доңғалақтың тежеуіш қалыбының гидрожетекті механизмі алдыңғы остің бұрыу цафасының фланцасына немесе артқы белдіктің жартылай осьтің фланцасының шетіне орнатылған тірек дискден 17 тұрады.(17.8.б, суретте)

Дискінің жоғарғы бөлігінде тежеуіш цилиндрі орнатылған. Ал төменгі бөлігінде, бронзалы эксцентрикті 14 тірек саусақтарына 13 орнатылған тежеуіш қалыбы 15 бекітілген. Тірек саусақтарды 13 бұрау арқылы тежеуіш қалыбы мен барабан арасындағы саңылауды реттеуге болады. Қалыбтарға фрикционды жапсырмалар 16 бекітілген. Қалыбтың жоғарғы ұшы доңғалақ цилиндрінің поршеньдарының итегіштерінің қимасына кигізілген. Қалыбтар күпшекпен бірге винт арқылы б екітілген доңғалақ барабандарының ішіне орнатылған. Атанақ фланцасында тежеуіш қалыбы мен атанақ арасының саңылауын шуп арқылы өлшеуге арналған ойық жасалған. Қалыбтар 15 реттегіш эксцентрикке 21 тіреліп, серіппелермен 12 қысылып тұрады. Эксцентриктер бұралып кетпеуі үшін серіппелермен 20 ұстатылады. Тірек дискде 17 орнатылған пластина серіппелі 19 қысқыш 18, қалыбтардың жанына қарай қозғалуын болдырмайды. Тежеуіш қалыбы атанаққа қатысты тірек саусақтардың эксцентриктері 21, 14 арқылы орталықтанып реттеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]