Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

15.2.1. Алдыңғы доңғалақтың орналасу бұрышы.

Автомобиль бұрылғаннан кейін қайтадан түзу жүруі тиіс, шиналары жолдың үстінде сырғанамауы керек, ол шинаның ерте тозуына әсер етеді.

Автомобильдің алды

Осындай міндеттердің дұрыс орындалуы үшін алдыңғы басқару доңғалағының бұру цафасын белгілі бұрыштықта орналастырады. Алдыңғы белдіктің конструкциясы бойынша, алдыңғы доңғалақтың алшақтығы мен жақындасуын, сонымен бірге шкворннің көлденең және бойлық бұрыштық жантаюы қарастырылады.

Доңғалақтың бұрыштық алшақтығы бұру цафасының еңкіштеу бұрышы төмен бағытталып, доңғалақтың жоғарғы бөлігі тік жазықтық бойынша сыртқа жантайып тұрса, онда мұндай алшақтық дұрыс деп есептеледі.. Алшақтық бұрышы автомобильдердің модельдері бойынша 0 – 2о аралығында болады.

Доңғалақтың жақындаушы бұрышы паралельді тербелісін түзетеді. Автомобильдің жүрісі кезінде доңғалақтардың алдыңғы жағы сыртқа қарай алшақтайды. Доңғалақтың алды мен артқы жағы тең айналуы үшін, оның алдыңғы жағындағы екі дөңгелектің арасын артқы жағының арасына қарағанда қысқартып орналастырады. Соның әсерінен дөңгелектер бойлық жазықтықта параллеьді қозғалыста болады, шиналардың тозуын болдырмайды.

Кіндіктемірдің көлденең жантаюы доңғалақ бұрышының алшақтығымен, кіндіктемірдің геометриялық осьі мен жолдың қиылысу нүтесінің арасын азайтады, автомобильдің жүрісі кезінде бұруды жеңілдетеді. Мұндай бұрыштық еңкіштік 6о – 10о аралығында болады.

15.3. Автомобильдің серпімді аспалары.

Автомобильдің аспалары жолдың бедерінен дөңгелектер арқылы берілген соққыларды жұмсартып, рама мен шанақтың тербелісін өшіріп, жүріс жүйесіне берілген динамикалық салмақты азайтуға қолданылады.

Аспалар үш негізгі бөліктен: серпімді элемент, өшіргіш элемент және бағыттаушы құрылғыдан тұрады.

Серпімді элемент раманы алдыңғы және артқы доңғалақтарды жалғастырып, жолдың бедерінен автомобиль жүрісі кезінде пайда болған соққыларды жеңілдетіп, жұмсақ жүруін қамтамасыз етеді.

Өшіргіш элемент – амортизатор автомобиль шанағы мен рамасының тік бұрыштық тербелісін азайтып жоюға арналған.

Бағыттаушы құрылғы дөңгелектің тік қозғалысын және итеруші мен тежеуші күштерді дөңгелектен рамаға немесе шанаққа жеткізуді жеңілдетеді. Асқыштардың түрлері бойынша тәуелсіз серпімді ( серіппелі), тәуелді серпімді (рессорлы, балансирлі) болып бөлінеді.

15.3.1. Тәуелді серпімді аспалар.

Жүк автомобильдердің алдыңғы мен артқы белдіктері, кейбір жеңіл автомобильдердің артқы белдіктері тәуелді аспалар арқылы бекітіледі. Мұндай асқыштардың ерекшелігі жолдың тегіс емес бетінен берілген тербелісті жұмсартуымен бірге дөңгелектен рамаға берілген жетекші және тежеуші күштерді жеткізеді.

Механизмдер мен бөлшектердің дөңгелекпен рессор арқылы байланысы автомобильдің рессорастылық бөлігі болып, ал бөлшектердің дөңгелек арқылы байланысы ( балка, рычагтар, жетектер, т. б.) рессорастылық емес болып орналасады.

Тәуелді серпімді аспалар автомобильдің дөңгелектері рессор арқылы рамаға қаттыланып бекітіледі, дөңгелектердің жазықтықтағы қозғалысы бір–біріне қатысты болады. Жүк автомобилінің алдыңғы асқышы рамаға жартылай серпімді рессор мен амортизатор арқылы бекітіледі. Әрбір рессорлар кремнийлі болаттан жасалған бірнеше беттерден тұрады, ұзындау екі беті негізі болып есептеледі.

Рессордың алдыңғы жағы рамаға топсалы жалғанып (кронштейн) бекіткіш көлбеу тірекпен рамаға бекітіледі. Рессордың ортасы тартпа (стремянка) арқылы белдікке қаттылап орнатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]