
- •1.1.Автомобильдің жалпы құрылымы
- •1.2. Автокөлік құралдарының түрге бөлінуі
- •2.1. Қозғалтқыштың жалпы құрылымы
- •2.2. Іштен тұтанатын поршеньді қозғалтқыштардың
- •2.3. Көп цилиндрлі қозғалтқыштар.
- •2.4. Қозғалтқыштардың жалпы құрылысы
- •2.5. Поршень топтары мен бұлғақтар.
- •3.1. Газ тарату механизмінің негізгі түрлері.
- •3.3. Клапандар механизмдерінің бөлшектері.
- •4.1.Салқындату жүйесінің түрлері мен жұмыс істеу тәсілдері.
- •4.2. Сұйықтықпен салқындату жүйесінің аспаптарының
- •4.3. Тұтандыру алдындағы жылытқыш.
- •5.1. Бөлшектерді майлаудың шартты міндеті.
- •5.2. Майлау жүйесінің құрылысы мен жұмыс істеу тәсілі.
- •5.3. Майлау жүйесінің аспаптары мен механизмдері.
- •5.4. Картерлік газдарды тазалау.
- •6.1. Жанармайдың ауамен араласуы және жанғыш қоспаның құрамы.
- •6.2. Қоректендіру жүйесінің жалпы құрылысы
- •6.3. Жеңіл автомобильдер қозғалтқыштарының карбюраторлары.
- •6.4. Жанармай отынын жеткізу мен ауа тазалау аспаптар.
- •6.5. Ауа жіберу мен өтелген газдарды шығару құбырлары.
- •6.6. Қозғалтқыштың бензин отынын
- •6.6.1. Орталықты бүрку жүйесі.
- •6.6.2. Таралымды бүрку жүйесі
- •6.6.3. Жанармай отынын бүрку жүйесінің аспаптары.
- •6.6.4. Тікелей бүрку жүйесі.
- •7.1. Газбаллонды құрылғының жалпы құрылысы мен жүйеленген сызбасы.
- •7.1.1. Жүк автомобилінің сұйытылған газ отынына арналған газбаллонды қондырғылары.
- •7.1.3. Жүк автомобилінің сығымдалған газ отынына арналған газбаллонды қондырғылары.
- •7.2. Газ отынын жеткізу аспаптары.
- •7.3. Газ отынын араластырғыштар.
- •7.4. Отынын құю, қозғалтқышты тұтандыру мен тоқтату.
- •8.1. Дизельдегі қоспа араласудың ерекшеліктері.
- •8.2. Дизельдің қоректендіру жүйесінің жалпы құрылысы.
- •8.3. Төменгі қысымды магистральдің
- •8.4. Жоғары қысымды магистральдің
- •8.4.1. Бүркілудің оздыру муфтасы
- •8.4.2. Форсунканың құрылымы мен жұмыс істеуі.
- •8.5. Иінді біліктің айналу жиіліктерін реттегіштер.
- •8.6. Дизельдегі турбоүрлегіш
- •9.1. Электр тогы, өткізгіштер мен оқшаулағыштар.
- •9.2. Магнит. Электрлі магнит пен электр магнитті индукция.
- •9.3. Жартылай өткізгіш аспаптар.
- •10 Тарау. Электрлі қоректендіру жүйесі.
- •10.1. Электр жабдықтарының жүйелік сызбасына
- •10.2. Аккумулятор батареялары.
- •10.2.1. Аккумулятор батареясының негізгі
- •10.3. Генератор қондырғылары
- •11 Тарау. Тұтандыру жүйесі.
- •11.1. Контактылы тұтандыру жүйесі.
- •11.2. Тұтандыру жүйесінің құралдары мен аспаптары.
- •11.3. Контактылы –транзисторлы тұтандыру жүйесі.
- •11.4. Контактысыз тұтандыру жүйесі.
- •12 Тарау. Қозғалтқыштың электрлі тұтандыру
- •12.1. Электрлі іске қосу жүйесі
- •12.1.1. Стартердің құрылысы мен жұмыс істеуі.
- •12.1.2 Төмен температурада қозғалтқышты
- •12.2. Бақылап-өлшеу аспаптары.
- •13 Тарау. Жарықтандыру, дабыл беру мен электр жабдықтарының сызбасы.
- •13.1. Жарықтандыру мен жарықты дабыл беру аспаптары.
- •13.2. Сыртқы жарықтандыру мен жарықты
- •14.1. Трансмиссияның негізгі түрлері.
- •14.2.1. Бір дискілі сығылмалы серііппелі ілініс.
- •14.2.2. Бір дискілі мембрана серппелі ілініс.
- •14.2.3. Қос дискілі ілініс.
- •14.3. Беріліс қорабы.
- •14.3.1. Төртсатылы беріліс қорабы.
- •14.3.2. Төрт сатылы беріліс қорабының жұмыс істеуі.
- •14. 4. Автоматтандырылған беріліс қорабы
- •14. 5. Гидромеханикалық беріліс.
- •14.6. Айқартопсалы беріліс.
- •14.6.1. Бұрыштық жылдамдықтары тең емес
- •1 4.6.2. Бұрыштық жылдамдықтары тең топсалы
- •14.7. Басты беріліс пен дифференциал.
- •14.8. Жетекші белдік пен жарты осьтар.
- •15.1. Рама мен тартқыш – тіркеме құрылғы.
- •15.2. Алдыңғы басқарылушы белдік.
- •15.2.1. Алдыңғы доңғалақтың орналасу бұрышы.
- •Автомобильдің алды
- •15.3. Автомобильдің серпімді аспалары.
- •15.3.1. Тәуелді серпімді аспалар.
- •15.3.2. Тәуелсіз серпімді аспалар.
- •15.3.3. Балансирлі ( теңгерулі) аспалар.
- •15.4. Гидравликалық амотизаторлар.
- •15.5. Доңғалақтар мен шиналар.
- •16.1. Басқару жүйесі және оның жалпы құрылысы.
- •16.2. Рульдік механизм мен жетеігі.
- •16.2.1. Винтті рульдік механизм.
- •16.2.2. Құрамдастырылған жетекті рульдік механизм.
- •16.2.3. Рейкалы рульдік механизм.
- •16.2.4. Рульдік жетек.
- •16.3. Рульдік жетектердің күшейткіштері.
- •17.1. Тежеуіш жүйесі туралы жалпы түсінік.
- •17.2. Тежеуіштің жетектері.
- •17.3. Тежеуіштің гидравликалық жетегі.
- •17.4. Тежеуіш жетегінің күшейткіші.
- •17.5. Пневматикалық тежеуіш жетегі. Компрессор.
- •17.6. Ауа қысымын реттегіш.
- •17.6.1. Ауа жинау баллоны. Тежеуіш краны.
- •17.7. Көп контурлы пневматикалық тежеуіш жетегі.
- •17.8. Тежеуіштің механикалық жетегі.
- •17.9. Құрамдастырылған жетекті тежегіш
- •18.1. Шанақтың түрлері.
- •18.1.1. Жеңіл автомобильдердің шанақтары.
- •18.1.2. Автобустар шанақтары.
- •18.1.3. Жүк автомобилінің шанақтары.
- •18.2. Жүргізушінің кабинасы.
- •18.2.1. Кабинаны жылыту және тазалау.
- •18.2.2. Әйнектазалағыш және әйнекжуғыш.
- •18.3. Автомобиль – аударғыштың шанақ көтеру
- •18.3.1. Автомобиль шанағын көтеру
- •19.1 Автомобиль – тягатар.
- •19.2. Тіркемелер мен жартылай тіркемелер.
- •1Тарау. Жалпы мәліметтер................................................................................................
- •2 Тарау. Іштен тұтану қозғалтқыштары.
- •3 Тарау. Газ тарату механизмі.
- •4 Тарау. Салқындату жүйесі.
- •5 Тарау. Майлау жүйесі.
- •6 Тарау. Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі.
- •7 Тарау. Газбаллонды қондырғылы автомобильдер
- •8 Тарау. Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі.
- •9 Тарау. Электротехника бойынша жалпы мәліметтер.
- •10 Тарау. Электрлі қоректендіру жүйесі.
- •11 Тарау. Тұтандыру жүйесі.
- •12 Тарау. Қозғалтқыштың электрлі тұтандыру жүйесі
- •13 Тарау. Жарықтандыру, дабыл беру мен электр жабдықтарының сызбасы.
- •14 Тарау. Трансмиссия.
- •15 Тарау. Алып жүру жүйесі, басқарылушы белдік пен аспалар.
- •16 Тарау. Басқару жүйесі.
- •17 Тарау. Тежеуіш жүйесі.
- •18 Тарау. Шанақ пен қосымша құрылымдар.
- •19 Тарау. Автомобиль поездар.
14.3. Беріліс қорабы.
Беріліс қорабы бұрылыс моментінің көлемі мен бағытына байланысты өзгертуге, автомобильдің инерциямен келе жатқанда немесе тұрған кезде қозғалтқыш пен трансмиссияны ұзақ уақыт ажыратып тұруға, және автомобильді артқа қарай жүргізгенде бағытты өзгертуге қолданады. Автомобильді пайдалану міндетіне байланысты, жетекші – дөңгелектерге тартылыс күші көбейеді немесе аздау болып келеді.
Тартылыс күшін жетекші дөңгелектерге қозғалтқыштың белгіленген жұмыстық режиміндегі қуатын, иіндібіліктің айналу жиілігі мен жетекші доңғалақтың арасындағы қатынасының өзгеруі, беріліс қорабы арқылы орындалады.
Жұмыстық тәсіліне қарай бріліс қорабы сатысыз (гидромеханикалы, фрикционды) сатылы (механикалы) болып бөлінеді.
Сатысыз беріліс қорабы автомобильдің жетекші дөңгелектеріне берілген тартылыс күш дипазонын автоматты түрде ауыстырады. Мұндай беріліс қорабтары күрделі конструкциялы болып, техникалық қызмет көрсету көп уақытты талап етеді. Қазіргі кезде көп қолданысқа енгізілген гидромеханикалық беріліс қорабы жеңіл автомобильдер мен автобустарға орнатылған.
Гидромеханикалық беріліс қорабы гидродинамикалық сатысыз берілістерден (гидротрансформатордан) және тізбектеліп жалғанған механикалық сатылы беріліс қорабынан тұрады. Автомобильдерде сатылы, механикалы, беріліс қорабы ішінде тісті редукторы бар, бір- біріне бріліс саны әртүрлі тісті дөңгелектер жалғанып орнатылған.
Олар – тісті дөңгелек жұбын құрайды, дөңгелек жұбының кішісі – тістегеріш (шестерня), үлкені – тісті дөңгелек болып аталады.
Тісті берілістің беріліс саны деп – дөңгелектің тісінің санының, шестерняның тісінің санына қатынасын айтады немесе олардың айналу жиілігінің кері қатынасы.
Егерде, берілісте бірнеше тісті дөңгелек жұптары болса, онда барлық беріліс саны олардың барлығының беріліс санының қосындысына тең.
Механикалық беріліс қорабы екібілікті немесе үшбілікті паралел орналасқан біліктерден тұрады. Олар қиғаш, түзутісті беріліс дөңгелек жиынынан тұрады. Жекеленген берілістерге үйлестіргіштер орнатылған, тісті дөңгелектердің айналу жиілігі бірдей болғанша ілінісуге жол бермейді. Алдыға жүруге байланысты сатылы беріліс қорабы үш-, төрт-, бес-, көпсатылы , тісті дөңгелектің жүріс санына байланысты,екі-, үш-, төртжүрісті болады.
Көпсатылы беріліс қорабы беріліс сандарын сатыларға бөлу үшін, қосымша жалғастырылған редуктор – бөлгіш орнатылады. Мысалы, КамАЗ автомобиліндегі бессатылы беріліс қорабында бөлгішті пайдалану арқылы, он беріліс алдыға қарай жүрісті, екі артқа жүрісті болады. Жүріс санына байланысты, олардың қосылу берілістері бір- , екі- , үшжүрісті беріліс қорабтары болады.
14.3.1. Төртсатылы беріліс қорабы.
Төртсатылы төртжүрісті беріліс қорабы ГАЗ-33-14, ГАЗ-33-27, ГАЗ-66-11, автомобильдерінде көптеп пайдаланып келеді. Барлық автомобильдерде құрылысы бірдей, бірақ ГАЗ-66-11 автомобильінде спидометр жетегі үлестіргіш қорабына, ПАЗ-672 автобусында арақашықтағы жетекті қосу берілісінің механизмі орналасқан. ГАЗ-33-14 автомобильінің беріліс қорабы ГАЗ-33-27 автомобильінің беріліс қорабымен бірдей болғанымен, бірінші мен екінші берілістің берілу саны жоғары болады. Беріліс қорабы: картер 24, қақпақ 2, рычаг 1, қосу берілісінің механизмі,жетекші білік 21, жетектегі білік 10, синхронизатор 25, аралық білік 19, артқа жүру берілісінің тісті дөңгелек тобынан 15, ашалардан 6, 7, 28, тұрады.
Жетекші білік 21 тістегерішімен 23 екі ішпекке орнатылған, алдыңғы ішпек иіндібіліктің фланцсының ұясына, соңғысы – картердің алдыңғы керегесіне орнатылған. Артқы ішпек ось тік жылжымауы үшін, оны сырқы ойығына
орнатқан тірек сақинамен бекітіп және беріліс қорабын ілінісумен орталықтандыру үшін қақпаққа 22 ұштық орнатады.
Жетектегі
білік 10 алдыңғы ұшымен жетекші біліктің
21 ойығына орнатылған аунақшалы ішпекте,
артқы шеті картер 24 қақпағының 8 ішіне
орнатылған шарикті ішпекте ұстатылған.
Жетктегі біліктің шлицте бірінші беріліс
пен артқы берілістің дөңгелегі орнатылған.
Тісті дөңгелек пен үшінші берілістің
шестернясы бронзалы втулкада бос
орналасқан.
Екінші берілістің дөңгелегінің 4 күпшегінде тісті тәжі бар, ал үшінші берілістің тістегеріш 3 үйлестіргішке 25 қосылар шеті конусты болады.
Аралық білік 19 тісті дөңгелектермен біртұтас болып жасалған, аунақшалы және шарикті ішпектерде айналып тұрады. Осьтің бойлық жүрісін болдырмау үшін, артқы шарикті ішпектің қақпағымен 12 және тірек сақинасымен ұстатылған. Тісті дөңгелек 18, 17 пен шестерня 16, жетектегі мен жетекші біліктердің шестерняларымен 23, 3 және тісті дөңгелек 4 ажырамайтын іліністе болады. Түзу тісті тістегеріш 11 бірінші берілістің тісті дөңгелегімен 5 немесе артқа жүру берілісінің тісті дөңгелектер тобына қосылып, картердің артқы керегесінің және ішкі ойығының қуысына престеліп орнатылған осьте айналады.
Берілісті қосу механизмі тісті дөңгелектің толық қосылуына, қосылу мен ажыратылу орындарында орнықты бекітуге фиксатор қолданылып, бір мезгілде екі беріліске қосылуын болдырмайды. Берілісті қосу механизмі: рычаг 1, үш сырғыма 26 мен ашалар 28, 6, 7, үйлестіргіш муфтасы, бірінші берілістің дөңгелегі, артқа жүру берілісінің тісті дөңгелек тобы, үш фиксатор 27 мен штифтан 29 тұрады. Жүргізуші берілісті қосу механизмінің рычагымен 1 белгілі орындары арқылы берілісті қосады. Бір мезетте екі беріліске қосылмауы үшін сырғыма мен штифт 29 арасына екі плужерден 31 тұратын құлып орнатылған.
Автомобильдің
алдыға жүрісінде, артқа жүру берілісне
қосылуын болдырмау үшін, жылжыманың
алмастыру қалпақшасына орналастырылған
штифт пен серіппеден тұратын сақтандырғышы
30 бар. Артқа жүру берілісін қосу үшін
рычагқа қосымша күш түсіріп қосу керек.
Үйлестіргіштердің инерциялық түрі - қосылатын тісті дөңгелектің айналу жиілігін теңестіріп, олардың тозуын азайтады, соққылы және дыбысты қосылуын болдырмайды. Үйлестіргіштер автомобильдерді пайдалану барысында көп қолданылатын берілістерге орнатылады.
ЗИЛ, МАЗ, КамАЗ, автомобильдерінде үйлестіргіштерді екінші мен үшінші, төртінші мен бесінші берілістерде орнатылған, жеңіл автомобильдерде барлық алдыңғы жүрістік берілістерге орнатылған.
Үйлестіргіштің құрылысы: күпшек 3, муфта 4, екі тосқауылшы сақина 1, үш сухарик 2, екі серіппе сақинадан 5 тұрады. Күпшек 3 жетекші біліктің 7 шлицасына орнатылып гайкамен бекітіледі, оның сыртына тісті кертігімен сухарикке 2 ойық істелген. Муфтаның 4 ішкі жағындағы тісті кертігі күпшектің тісті кетігіне киіледі. Муфтаның 4 ортаңғы белгісінде сухариктермен 2 ұсталып, серіппелі сақиналармен 5 қыстырылады. Тосқауылшы сақинаның 1 шетінде үшпазалы ойыққа сухарик 2 ұштары кигізіледі. Пазаның ені сухарик енінен 4 мм үлкен, бұл саңылау мен қиғаш муфта тістері, блоктау сақинасы мен қосылу тісті дөңгелегі берілісті қосуды жеңілдетеді.