Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

14.2.3. Қос дискілі ілініс.

Қос дискілі фрикционды сығылмалы серіппелі ілініс МАЗ, КамАЗ, Урал – 4320 т.б. жүк автомобильдерінде қоланылады.

КамАЗ автомобилінің ілінісі құрғақ картерде 5 орнатылады.

Іліністің жетекші бөлшектері: сермерден 13, жетекші дискден 1, сығымдағыш дискден 4, құндақтан 6 тұрады.

Жетекші мен сығымдағыш дискілердің сыртқы беті төрт шабақты(шипы), сермердің цилиндрлі бетіндегі ойыққа енгізіп орнатылады және қозғалтқыштың бұралу моментін жетектегі дискіге жеткізеді. Жетекші мен сығымдағыш дискілердің 1, 4 бір мезгілде ось бойымен жылжуына мүмкіндік береді.

Іліністің жетектегі бөлігі: фрикционды жапсырмалары бар екі жетектегі диск 3 мен бұралу тербелісін өшіргіштің жиынтығынан тұрады. Жетекші дискінің күпшегі беріліс қорабының немесе бөлгіштің жетекші білігіне орналатылады. Құндақ 6 пен сығымдағыш дискінің 4 арасына сығымдағыш серіппе 12 орнатылып, оның көмегімен жетектегі дискіні 3 сығымдағыш дискі 4 мен сермердің 13 арасына қыстырылады.

Іліністің ажыратқыш механизмі, сыртқы ұштарымен сығымдағыш дискіге 4 жалғанған рычагтардан 8, ал ортаңғы бөлігі құндаққа орнатылған тіректі ашаға 7, ілінісу мен муфтаның 9 ажыратқыш рычагтарының тірек сақинасынан 11, ажыратқыш ішпек пен ажыратқыш ашадан 10 тұрады.

Ілініс қосылып тұрғанда, бұралу моменті сермерден шабақтар(шипы) арқылы ортаңғы жетекші мен қысқыш дискіге, сонан соң жетектегі дискінің фрикционды жапсымалары мен бұралу тербелісін өшіргіші арқылы оның күпшегіне, одан беріліс қорабының жетекші білігіне беріледі. Ілініс қосылып тұрғанда, ажыратқыш рычагтың таяныш сақинасы ажыратқыш ішпек муфтасынан шеткері болады.

Іліністі ажыратқан кезде, ажыратқыш муфта ішпегімен ттаяныш сақиналары арқылы рычагтардың ішкі ұштарынан басып, оны тірек ашасындағы инелі ішпектерде айналдырады. Рычагтың сыртқы ұштары қысқыш дискіні артқы жетекші дискіден босатады. Ортаңғы жетекші диск мен оған орнатылған автоматты рычаг механизмі, өздігінен қысқыш диск мен сермердің тең ортасына жылжып, алдыңғы жетекші дискіні босатады. Іліністің жетекші мен жетектегі дискілерінің араларында толық ажыратылған кезде саңылау пайда болып, жетектегі бөлшектерді жетекші бөлшектерден ажыратып тұрады.

Іліністің жетегі дистанционды гидравликалық пневмогидрокүшейткішті жетек.

Гидравликалық жетектің күшейткішінің қосылуы іліністі ажыратуға және оны қатты қысып ұстатып тұруға жеңілдік береді. Педальға басқан кезде, ілініс ажыратқышнан күш рычаг пен шток арқылы басты цилиндрге беріліп, одан сұйықтық қысым арқылы түтікпен бақылағыш құрылғының корпусына беріліп, ауа түтігі арқылы пневмокүшейткішке берілетін қысымды ауаның келуіне көмектеседі. Басты цилиндрден бірмезгілде сұйықтық күшейткіштің жұмыстық цилиндріне беріледі. Бақылағыш құрылғы, пневмокүшейткіш цилиндрі мен жұмыстық цилиндр бір агрегатта – пневмогидравликалық күшейткіште орнатылған.

Басты цилиндр (14.8. сур.) ілінісу кронштейнінде оранатылған тұрқыдан, оның екі цилиндрлі А, және көмекші Б қуыстары бар, онда жұмыстық тежеуіш сұйықтығы болады. Цилиндр тұрқы қорғаушы қақпақпен 2 жабылған. Цилиндрлі А қуысында тығыздағыш манжетамен 5 поршень 4 орнатылған.Поршньде 4 саңылау В бар, жұмыс жүрісі кезінде штоктың 3 ұшындағы тығыздағыш манжетамен 5 жабылып тұрады. Педальдің бос тұрған кезінде поршень 4 серіппенің 6 әсерімен жоғарғы қалпында болады. Цилиндрдің төменгі А қуысы тығынмен 7 бекітілген, оның ортасындағы бұрандалы саңылауға гидро жетектің түтігі жалғанады. Ілініс педалінің бос тұрған кезінде, цилиндрлі А қуысы мен көмекші Б қуысы В саңылауы арқылы жалғастырылып тұрады, өйткені штоктың 3 ұшы мен поршеннің арасында саңылау болады. Ілініс педалін басқанда шток 3 поршеньге 4 қарай қозғалады, саңылау В тығыздалып жабылып цилиндрдің А қуысынан поршеннің қысымының әсерінен гидро жетектің түтігімен пневмогидравликалық күшейткішке беріледі.

Пневмогидравликалық күшейткішті жетек (14.9 сур.) ілініс педальіне күш түсіруді жеңілдетеді. Күшейткіштің тұрқы екі бөліктен тұрады: алдыңғы 3 мен артқы 9 бөліктің арасына пневматикалық күшейткішті жетектің үстіндегі бақылаушы құрылғының мембранасы 5 орнатылған. Бақылаушы құрылғының ілініс педалін күшпен басқанда, пневматикалық поршеньдегі 8 ауаның қысымы автоматты түрде өзгеріп тұрады.

Бақылаушы құрылғының негізгі бөлігіне тығыздағыш манжетасы бар бақылаушы поршень 4, жіберу 6 мен шығару 7 клапаны, мембрана 5 мен серіппелер жатады.

Ілініс педалі бос тұрғанда, пневматикалық поршень 8 мен іліністі өшіргіш поршень 2 пневматикалық поршеньді қайтарғыш серіппенің әсерінен оң жағының шеткі қалпында болады. Поршеньнің алдыңғы мен артқы қуыстарындағы қысым атмосфера қысымына сәйкес болады. Іліністі өшіру поршенінің 2 қалыпты жағдайы, оның түткіші пневматикалық поршеньнің 8 түбіне тірелгенде анықталады. Бақылаушы құрылғыда бұл кезде шығару клапаны 7 ашық, ал жіберу клапаны 6 жабық болады. Ілініс педалін басқан кезде, қысымның әсерінен жұмыстық сұйықтық іліністі өшіру цилиндрінің қуысына және бақылаушы поршеньнің 4 шетіне қысым келтіріп, А қуысына түседі. Сұйықтықтың қысымының әсерінен бақылаушы поршень клапанды құрылғыны қозғалтады, соның нәтижесінде, шығару клапаны 7 жабылады, ал жіберу клапаны 6 ашылып, сығымдалған ауаны түтік жетегімен күшейткіштің Б тұрқындағы тесікке жібереді. Сығымдалған ауаның қысымымен пневматикалық поршень 8 қозғалып, поршньнің штогына әсер етеді. Нәтижесінде түтркішке 1 іліністі өшіру поршенінің қосарланған күші әсер етіп, ілініс педалін басқан кезде іліністі толық өшірілуін қамтамасыз етеді. Ілініс педалін босатқан кездебақылаушы поршеньнің 4 алдында қысым төмендейді, соның нәтижесінде бақылаушы құрылғыдағы жіберу клапаны 6 жабылып, ал шығару клапаны 7 ашылады. Сығымдалған ауа пневматикалық поршньнің артқы қуысынан ақырындап сыртқы атмосфераға ш ығарылады, поршеньнің штокқа берген әсері азайып, ілініс жәйімен қайтадан қосылады. Пневматикалық жүйеде сығымдалған ауа болмаған жағдайда іліністі басқару қиындық келтірмейді, өйткені іліністі өшіру күшейткіштің гидравликалық бөлігіндегі қысымның әсерімен жүргізіле береді. Бірақ бұл кезде педальға берілетін күш әсері артады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]