Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

12.1.2 Төмен температурада қозғалтқышты

ТҰТАНДЫРУДЫ ЖЕҢІЛДЕТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ.

Қозғалтқыштың тұтануын ауа-райының төмен температурасында жеңілдету үшін, оған әртүрлі жылытқышты пайдаланады. Дизельді қозғалтқыштың жіберу құбырымен енетін тазартылған ауаны жылытуға, дизельді және карбюраторлы қозғалтқышта салқындату сұйықтығы мен картердегі майды жылыту арқылы жеңілдетеді.

Жіберу кезіндегі ауаны және салқындату сұйықтығын бірге жылыту арқылы, қозғалтқыштың тұтануын жылдамдаты. Картердегі майды жылыту арқылы иіндібіліктің айналу жиілігін стартермен айналдыруға жеңілдетеді.

Электрлофакельді жылытқыш дизельді қозғалтқышты ауа-райының суық кезінде, -25оС қыстық майды, -18оС –ға дейін жай майды пайдаланған қозғалтқышты жеңіл тұтандыруға көмектеседі. Жылытқыш дизельді жанармай жүйесіне жалғастырылған.

Жылытқыш екі электрлі факельді штифті шамнан тұрады. Ол қозғалтқыштың ауа жіберу құбырына орнатылып, электрлімагнитті жанармай клапанынан, қосымша резисторлы термореле, жылыту қосқышы, контактор, ажыратқыш реле, бақылау лампасы арқылы бақыланып іске қосылады. Қысқа тұйықталудан сақтау үшін оны сақтандырғышқа, токты пайдалануды бақылау үшін амперметр жалғанады.

Факельді шамның тұрқында металлды құндақ тәрізді жылытқыш элемент бар, оның ішіндегі толтырғышта жоғары жылулық өткізгішті иірмек престеліп, оны металлды құндақтан оқшаулап тұрады. Сүзгі арқылы тазартылған жанармай штуцер арқылы факелді шамға беріліп, жиклермен үнемделеді. Шамның ішіне берілген жанармай оның дөңгелек керегесі арқылы жылытқыш элемент пен түтік арасында жылумен буланады.

Жылыту мен булануды жеделдету үшін тор бар. Шамның төменгі бөлігінде көлемді тор орнатылып, ауаның өтуіне аралған екі қатарлы ойық дөңгелек экран бекітілген. Көлемді тор булану мен жанармайдың жануын жеделдетсе, экран жіберу құбырынан өткен ауаның жылдамдығынан, жанған алауды өшіртпеу үшін керек.

Жылытқышты қыздыру үшін қосқышты электр ток көзіне қосып, басып ұстап термореленің қосымша резистор арқылы электрлі факельге ток өтіп оны жылытады.

1 -2 минуттай термореле тұйықталы, электрмагнитті жанармай клапаны ашылып, жанармай жылытқыш шамға барады. Бақылау шамы дабылы тұтандыруға дайындығын білдіреді. Стартермен қозғалтқышты іске қосып иіндібілікті айналдырғанда, ашық жанармай клапанынан қыздырылған шамға жоғары қысымды сорабтан берілген жанармай тұтанып, құбырдан өткен ауаны жылытады, қозғалтқышты жылдам тұтануына көмектеседі. Қозғалтқыш тұтанғаннан кейін жүргізуші факельдің қосқышын біршама ұстап жандырып тұруға болады.

12.2. Бақылап-өлшеу аспаптары.

Автомобильдер мен автобустарды дұрыс пайдалану үшін бірнеше бақылап-өлшеу аспаптарын орнатады. Оларды екі топқа бөледі: көрсететін, дабыл беретін аспаптар.

Көрсететін аспаптар көрсеткіш шкала мен стрелкасы бар. Олар жүргізушіге бақылау параметрі бойынша өлшемдерін көсетіп тұрады. Ол аспаптарға: ауа мен май қысымын өлшеу, жанармай деңгейін өлшеу, спидометр,тахометр,эконометр т.б. тұрады.

Дабыл беретін аспаптар жүргізушіге механизмдер мен агрегаттарда ақауы пайда болғанда ескерту дабылын береді. Олар жарықты немесе дыбыспен ескертіп, сезгілері ток көзіне жалғанып оны тұйықтау арқылы жұмыс істейді. Оларға: май мен ауа қысымының сезгілері, салқындату сұйықтығының

температурасының сезгісі.

Қысым өлшеу аспаптары. Май мен ауа қысымын өлшеп - көрсеткіш аспаптары, қысымның төмендеуі шамның өшіріп,жандыру арқылы және ақау сезгілерімен көрсетіледі.

Көрсеткіш аспаптар электрлі қозғалыс (магнитэлектрлі мен электрліжылу) және түтікті серіппелі болады. Қазіргі кезде сенімді және тура жұмыс атқаратын электрлі аспап.

Магниттіэлектрлі май мен ауа қысымын көрсеткіш аспап реостатты сезгіден, магниттіэлектрлі қабылдағыштан тұрады. Сезгі мен қабылдағыш электр тогына тізбектеліп, қосқышқа жалғанады.Сезгі қабылдағышта ток күшін, қозғалтқышта май қысымының, тежеуіш жүйесінде ауа қысымының өзгеруі арқылы өзгертеді. Қабылдағыш ауа мен май қысымын көрсетеді. Шкалаларда « масло» немесе «воздух» деген жазу бар.

Ауа мен май қысымының дабыл беру сезгісі жүргізушіге қозғалтқыштың май қысымының немесе тежеуіш жүйесінің ауа қысымының өте төмен екендігін білдіреді. Сезгі қозғалтқыштың май магистраліне бұратылып, көрсеткіш шамы аспаптар қалқанына бекітіліп, жүгізуші кабинасында болады.Дабыл бергіш ток көзіне жалғанып, қосқыш арқылы қослады. Қозғалқыштың жұмыс істемей тұрған кезінде контактілері тұйықталып, көрсеткіш шамы жанып тұрады.

Температура көрсеткіш аспаптары. Қозғалтқыштың дұрыс жұмыс істеуіне салқындату сұйықтығының бірқалыпты температурасына байланысты болады.

Автомобильдер мен автобустарда сұйықтық буының қысымы мен температурасының көтерілуіне арналған электрліқозғалтқышты термометрлер қолданылады. Олар кең тараған және өте дәлдікпен және сенімді жұмыс істейді.Термометрлер магнитэлектрлі,электрлі- жылулы болып бөлінеді.

Магнитэлектрлі салқындату сұйықтығының температурасының көрсеткіші жартылай- өткізгішті терморезисторлы сезгіден, магнитэлектрлі қабылдағыштан тұрады.

Латунды тұрқына дөңгелек диск – термистор орнатылған.

Термистор жартылайөткізгішті болып, температура көтерілсе – төмен, температура төмендесе – көтеріліп жұмыс істейді.

Дабыл беру көрсеткіші жүргізушіге температураның жоғарлағанын көрсетіп лампа шамын жандырады. Оның сезгісі радиатордың жоғарғы бачогына бекітілген. Төменгі температурада түйіспелер ток көзінен ажыратылып лампа өшіп тұрады, температураның көтерілуіне байланысты толтырғышты баллон қызудың көмегімен биметалды пластина сезгі түйіспелерін ток көзіне түйістіріп, дабыл беру шамын жандырады.

Жанармай отын деңгейін өлшеу аспаптары арқылы жүргізуші кез – келген уақытта бактағы жанармай мөлшерін байқай алады. Жанармай деңгейін өлшеуге ленейкамен, дистанционды көрсеткіш (магнитэлектрлі,электрмагнитті) пайдаланады.

Магнитэлектрлі дистанционды көрсеткіш қазіргі кезде көп тараған түрі, сенімді және дәлірек жұмыс атқарады. Ол ток көзіне жалғастырылып, жанармай толып тұрғанда бактың ішіндегі қалтқы реостат орамына 5 электр тогы жалғанып, магнит өрісі көрсеткішті жоғары қарай көтереді, жанармай деңгейі төмендегенде, сезгі төмендеп, ток күші катушкада көбейуіне байланысты магнит өрісі артады, көрсеткіш төменгі шкалаға төмендейді.

Аккумулятор батареясының заряд режимін бақылау аспаптарына амперметр, вольтметр, жарықты дабыл беру қолданылады. АКБ зарядын бақылау аспабы генератор мен реле – реттегіштің дұрыс жұмыс істеуін бақылау арқылы, АКБ қуаттану дәрежесін көрсетеді. Жарықты дабыл арқылы жүргізуші жүйенің ақауын тез арада байқай алады. Оның ақпараты амперметр мен вольтметрге қарағанда әлсіз болады.

Амперметрлер АКБ зарядын және разрядын көсетеді, сондықтан оған «оң» мен «теріс» («-», «+») таңбалары қойылып,олардың шектік сандары жазылады.

Мысалы; -15 +15; -20 +20; -30 +30; -50 +50; болып, «-» қуат беруді, «+» қуаттануды білдіреді. Электр жүйесінде амперметр АКБ тізбектеле жалғанады, стартер мен дыбысты дабыл беру аспаптарының ток көздері жалғанбайды.

Магнитэлектрлі жылжымалы магнитті амперметр жалғанған екі

пластмассалы қалыптан 3 тұрады. Оларға жіңішке мыс сымнан орамды катушка 5 орнатылған. Катушкаға параллель резистор 1 жалғанған. Катушкадағы ток бағытының өзгеруіне байланысты магнит өрісі өзгеріп, көрсеткішті АКБ-ға қуат алу кезінде оңға қарай, қуат беру болғанда солға қарай қозғалтады.

Магнитэлектрлі жылжымайтын магнитті амперметр жылжымайтын магнит шинкасынан 13, якорь 11 мен керісалмақты көрсеткіштен тұрады. Егерде амперметрден ток өтпесе, керісалмақтың әсерінен көрсеткіш қозғалмайды. Генератордан АКБ ток берілгенде, шинкада магнит өрісі пайда болып якорьді оңға қарай қозғайды, АКБ-да қуат беру болса, көрсеткіш тілін солға қарай жылжытады.

Автомобиль жылдамдығын өлшеу мен иіндібіліктің айналу жиілігін өлшеу аспаптарына спидометр мен тахометр жатады.

Спидометр автомобильдің жылдамдығы мен жүрілген жолдың ұзындығын өлшейді. Спидометр жылдамдық пен тәуліктік жүрілген жолды,жарықты дабыл беру жылдамдық диапазонынан тұрады.

Олар жетегі бойынша электржетекті, бұратылмалыбілікті болып келеді. Бұралмалы білікті спидометрлер ұзындығы 3 – 3,5 м артық болмауы керек.

Содықтан үлкен жүк автомобильдері мен автобустарда электржетекті спидометрлер қолданылады. Электржетекті спдометрлер қазіргі кезде көп тараған түрі. Ол екі синхронды жұмыс істейтін – сезгі мен қабылдағыштан, экранды жетегі автомобильдің электр жүйесіне жалғастырылған.

Электржетегінің сезгісі беріліс қорабына бекітіледі. Сезгі тұрақты ток көзін, үшфазалы айнымалы ток көзіне айналдырып, айналу жиілігі пропорционалды өзгеретін сезгі коллекторын ажыратқыш контактыден тұрады. Сезгінің негізгі элементіне: екі токжетегі бар айналмалы коллектор, оқшаулағыш, үш ток алушы 120о бұрышта орналасқан шеткадан тұрады.

Қабылдағыш екі полюсті тұрақты магнитті айналдырушы үш фазалы синхронды двигатель. Статор орамы үш фазалы катушкалы үш полюсынан, электрлі қозғалтқыштың роторы тұрақты екі полюсті магнит. Ротордың айналуы спидометрдің есептеуші механизміне беріледі.

Тахометр қозғалтқыштың иіндібілігінің айналу жиілігін өлшеу үшін қолданады, жүргізушінің алдындағы аспаптар панеліне орнатылады. Тахометр жетегі қозғалтқыштың таратқыш білігінен бұралмалыбілік немесе электржетек арқылы қозғалысқа келеді.

Үнемделген режимді көрсететін аспап – эконометр қозғалысты,қозғалтқыштың иіндібілігінің айналу жиілігіне таңдап, үнемді режимді анықтау үшін қолданады. Максималды айналу жиілігінде эконометр көрсеткіші, шкаланың сол жағына ауытқиды, бұл қозғалтқыштың жанармай шығынының көп мөлшерде екенін көрсетеді.

Егерде төмен жылдамдықта және қозғалтқышқа жүк түсіріп жүретін болсақ, онда эконометр көрсеткіші шкаланың оң жағына жылжиды. Бұл тура жылдамдықты төменгі қозғалысқа ауыстыру керек екенін білдіреді.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

1. Іске қосу стартерінің құрылымын түсіндіріңіз?

2. Іске қосу стартерінің жұмыс істеу тәсілін түсіндіріңіз?

3. Стартерді қосқан кезде қандай электр тогын пайдаланады? Стартерді қанша уақытқа дейін қосуға болады?

4. Май қысымын көршеткіш аспаптың құрылымы мен жұмыс істеуінтүсіндіріңіз?

5. Отын деңгейін көрсеркіш аспаптың құрылымын түсіндіріңіз?

6. Спидомертдің құрылымын түсіндіріңіз?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]