
- •1.1.Автомобильдің жалпы құрылымы
- •1.2. Автокөлік құралдарының түрге бөлінуі
- •2.1. Қозғалтқыштың жалпы құрылымы
- •2.2. Іштен тұтанатын поршеньді қозғалтқыштардың
- •2.3. Көп цилиндрлі қозғалтқыштар.
- •2.4. Қозғалтқыштардың жалпы құрылысы
- •2.5. Поршень топтары мен бұлғақтар.
- •3.1. Газ тарату механизмінің негізгі түрлері.
- •3.3. Клапандар механизмдерінің бөлшектері.
- •4.1.Салқындату жүйесінің түрлері мен жұмыс істеу тәсілдері.
- •4.2. Сұйықтықпен салқындату жүйесінің аспаптарының
- •4.3. Тұтандыру алдындағы жылытқыш.
- •5.1. Бөлшектерді майлаудың шартты міндеті.
- •5.2. Майлау жүйесінің құрылысы мен жұмыс істеу тәсілі.
- •5.3. Майлау жүйесінің аспаптары мен механизмдері.
- •5.4. Картерлік газдарды тазалау.
- •6.1. Жанармайдың ауамен араласуы және жанғыш қоспаның құрамы.
- •6.2. Қоректендіру жүйесінің жалпы құрылысы
- •6.3. Жеңіл автомобильдер қозғалтқыштарының карбюраторлары.
- •6.4. Жанармай отынын жеткізу мен ауа тазалау аспаптар.
- •6.5. Ауа жіберу мен өтелген газдарды шығару құбырлары.
- •6.6. Қозғалтқыштың бензин отынын
- •6.6.1. Орталықты бүрку жүйесі.
- •6.6.2. Таралымды бүрку жүйесі
- •6.6.3. Жанармай отынын бүрку жүйесінің аспаптары.
- •6.6.4. Тікелей бүрку жүйесі.
- •7.1. Газбаллонды құрылғының жалпы құрылысы мен жүйеленген сызбасы.
- •7.1.1. Жүк автомобилінің сұйытылған газ отынына арналған газбаллонды қондырғылары.
- •7.1.3. Жүк автомобилінің сығымдалған газ отынына арналған газбаллонды қондырғылары.
- •7.2. Газ отынын жеткізу аспаптары.
- •7.3. Газ отынын араластырғыштар.
- •7.4. Отынын құю, қозғалтқышты тұтандыру мен тоқтату.
- •8.1. Дизельдегі қоспа араласудың ерекшеліктері.
- •8.2. Дизельдің қоректендіру жүйесінің жалпы құрылысы.
- •8.3. Төменгі қысымды магистральдің
- •8.4. Жоғары қысымды магистральдің
- •8.4.1. Бүркілудің оздыру муфтасы
- •8.4.2. Форсунканың құрылымы мен жұмыс істеуі.
- •8.5. Иінді біліктің айналу жиіліктерін реттегіштер.
- •8.6. Дизельдегі турбоүрлегіш
- •9.1. Электр тогы, өткізгіштер мен оқшаулағыштар.
- •9.2. Магнит. Электрлі магнит пен электр магнитті индукция.
- •9.3. Жартылай өткізгіш аспаптар.
- •10 Тарау. Электрлі қоректендіру жүйесі.
- •10.1. Электр жабдықтарының жүйелік сызбасына
- •10.2. Аккумулятор батареялары.
- •10.2.1. Аккумулятор батареясының негізгі
- •10.3. Генератор қондырғылары
- •11 Тарау. Тұтандыру жүйесі.
- •11.1. Контактылы тұтандыру жүйесі.
- •11.2. Тұтандыру жүйесінің құралдары мен аспаптары.
- •11.3. Контактылы –транзисторлы тұтандыру жүйесі.
- •11.4. Контактысыз тұтандыру жүйесі.
- •12 Тарау. Қозғалтқыштың электрлі тұтандыру
- •12.1. Электрлі іске қосу жүйесі
- •12.1.1. Стартердің құрылысы мен жұмыс істеуі.
- •12.1.2 Төмен температурада қозғалтқышты
- •12.2. Бақылап-өлшеу аспаптары.
- •13 Тарау. Жарықтандыру, дабыл беру мен электр жабдықтарының сызбасы.
- •13.1. Жарықтандыру мен жарықты дабыл беру аспаптары.
- •13.2. Сыртқы жарықтандыру мен жарықты
- •14.1. Трансмиссияның негізгі түрлері.
- •14.2.1. Бір дискілі сығылмалы серііппелі ілініс.
- •14.2.2. Бір дискілі мембрана серппелі ілініс.
- •14.2.3. Қос дискілі ілініс.
- •14.3. Беріліс қорабы.
- •14.3.1. Төртсатылы беріліс қорабы.
- •14.3.2. Төрт сатылы беріліс қорабының жұмыс істеуі.
- •14. 4. Автоматтандырылған беріліс қорабы
- •14. 5. Гидромеханикалық беріліс.
- •14.6. Айқартопсалы беріліс.
- •14.6.1. Бұрыштық жылдамдықтары тең емес
- •1 4.6.2. Бұрыштық жылдамдықтары тең топсалы
- •14.7. Басты беріліс пен дифференциал.
- •14.8. Жетекші белдік пен жарты осьтар.
- •15.1. Рама мен тартқыш – тіркеме құрылғы.
- •15.2. Алдыңғы басқарылушы белдік.
- •15.2.1. Алдыңғы доңғалақтың орналасу бұрышы.
- •Автомобильдің алды
- •15.3. Автомобильдің серпімді аспалары.
- •15.3.1. Тәуелді серпімді аспалар.
- •15.3.2. Тәуелсіз серпімді аспалар.
- •15.3.3. Балансирлі ( теңгерулі) аспалар.
- •15.4. Гидравликалық амотизаторлар.
- •15.5. Доңғалақтар мен шиналар.
- •16.1. Басқару жүйесі және оның жалпы құрылысы.
- •16.2. Рульдік механизм мен жетеігі.
- •16.2.1. Винтті рульдік механизм.
- •16.2.2. Құрамдастырылған жетекті рульдік механизм.
- •16.2.3. Рейкалы рульдік механизм.
- •16.2.4. Рульдік жетек.
- •16.3. Рульдік жетектердің күшейткіштері.
- •17.1. Тежеуіш жүйесі туралы жалпы түсінік.
- •17.2. Тежеуіштің жетектері.
- •17.3. Тежеуіштің гидравликалық жетегі.
- •17.4. Тежеуіш жетегінің күшейткіші.
- •17.5. Пневматикалық тежеуіш жетегі. Компрессор.
- •17.6. Ауа қысымын реттегіш.
- •17.6.1. Ауа жинау баллоны. Тежеуіш краны.
- •17.7. Көп контурлы пневматикалық тежеуіш жетегі.
- •17.8. Тежеуіштің механикалық жетегі.
- •17.9. Құрамдастырылған жетекті тежегіш
- •18.1. Шанақтың түрлері.
- •18.1.1. Жеңіл автомобильдердің шанақтары.
- •18.1.2. Автобустар шанақтары.
- •18.1.3. Жүк автомобилінің шанақтары.
- •18.2. Жүргізушінің кабинасы.
- •18.2.1. Кабинаны жылыту және тазалау.
- •18.2.2. Әйнектазалағыш және әйнекжуғыш.
- •18.3. Автомобиль – аударғыштың шанақ көтеру
- •18.3.1. Автомобиль шанағын көтеру
- •19.1 Автомобиль – тягатар.
- •19.2. Тіркемелер мен жартылай тіркемелер.
- •1Тарау. Жалпы мәліметтер................................................................................................
- •2 Тарау. Іштен тұтану қозғалтқыштары.
- •3 Тарау. Газ тарату механизмі.
- •4 Тарау. Салқындату жүйесі.
- •5 Тарау. Майлау жүйесі.
- •6 Тарау. Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі.
- •7 Тарау. Газбаллонды қондырғылы автомобильдер
- •8 Тарау. Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі.
- •9 Тарау. Электротехника бойынша жалпы мәліметтер.
- •10 Тарау. Электрлі қоректендіру жүйесі.
- •11 Тарау. Тұтандыру жүйесі.
- •12 Тарау. Қозғалтқыштың электрлі тұтандыру жүйесі
- •13 Тарау. Жарықтандыру, дабыл беру мен электр жабдықтарының сызбасы.
- •14 Тарау. Трансмиссия.
- •15 Тарау. Алып жүру жүйесі, басқарылушы белдік пен аспалар.
- •16 Тарау. Басқару жүйесі.
- •17 Тарау. Тежеуіш жүйесі.
- •18 Тарау. Шанақ пен қосымша құрылымдар.
- •19 Тарау. Автомобиль поездар.
12 Тарау. Қозғалтқыштың электрлі тұтандыру
ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БАҚЫЛАП — ӨЛШЕУ АСПАТАРЫ.
12.1. Электрлі іске қосу жүйесі
Электрлі іске қосу жүйесі қозғалтқыштың иіндібілігін айналдырып іске қосып, жанғыш қоспаның араласып тұтануына әсер етеді. Карбюраторлы қозғалтқышта иіндібіліктің айналу жиілігі 50-100 айн/мин , дизельді қозғалтқышта 50-250 айн./мин. аралығында болады. Іске қосу тогы 300-800 А. дейін жетеді. Айналудың мұндай жиілігін қолмен айналдыру жүргізушіге едәуір жүк түсіреді. Оны жеңілдету үшін электрлі стартер қолданады. Электрлі тұтандыру жүйесіне стартер, АКБ, стартер тізбегі («масса» өшіргіш, қосқыш реле, электр жібі)жатады. Стартердің негізгі бөлшегі АКБ-дан қоректенетін тұрақты ток көзінің электрлі қозғалтқышы саналады. Стартер қажетті айналдыру моментінде иіндібіліктің айналу жиілігіне жеткізіп, жұмыстық жанғыш қоспаны жандыруға көмек беруі тиіс. Сондықтан стартердің білігі иіндібілікпен тұтандырар кезде қосылады. Бұл үшін жетекші тістегеріш стартер білігінің бойлық бағытында шлицамен жылжып, сермердің тәжісімен жалғасып іске қосылады.
Қ
азіргі
автомобильдерде арақашықтықтан еріксіз
элетромагнитті іске қосып
басқаратын, номинал кернеулігі 12 В, 24 В стартерлер қолданылады. Олар СТ230-А1, СТ230-Б4, СТ130-К4, СТ-130-А, СТ117-А – 12В, СТ-142 – 24В болады. Стартердің негізгі бөлшектеріне; төрт полюсты өзектемір орнатылған тұрқы, қоздырғыш орамы бар якорь, якорь білігі, коллектор, алдыңғы қақпақтан щетка ұстағыш пен щеткадан тұрады.
Қосқышты іске қосқанда АКБ-дан қосқыш релеге ток беріліп, реле өзектемірі магниттеліп контактылерді түйістіреді. Реленің тартылатын және ұстатқыш орамдары арқылы өткен ток якорь орамдарымен төлкелі ішкі рычагты тартады. Рычаг муфтаның көмегімен жетекші тістегерішті сермердің тісті тәжісімен жалғастырады. Стартер тістегеріші қосылып және коллектордан якорьға берілген ток кенеулігі арқылы айналып сермерді айналдырады. Стартердің жетекші электромагнит релесі жетекші тістегерішін сермермен қосып ұстап тұруға, электр қозғағышты ток тізбегіне жалғастыруға көмектеседі.
Жетекші механизм тістегерішті сермермен қосып, электр қозғалтқышпен айналдыру моментін беруге, стартерді автомобиль қозғалтқышы тұтанғаннан кейін істен шығудан сақтайды.
Бос жүріс муфтасы ұзақ уақыт мерзімді жұмыс істеуге арналмаған, муфтаның істен шығуын болдырмау үшін, оны тұтандырғаннан кейін жылдам ажырату керек. Стартерді ажыратқанда жетекші реленің якорі мен оның жұмыс істеген бөлшектері серіппенің көмегімен алғашқы қалпына қайтарылады.
12.1.1. Стартердің құрылысы мен жұмыс істеуі.
Автомобильдерде кеңінен қолданылатын стартерлер СТ230-А1, СТ230-Б4, СТ130-К4 еріксіз қосылатын, арақашықтықтан басқарылатын және 12 В номиналды кернеулікте қоректенеді. Құрылысы мен жұмыс істеуіне байланысты олардың айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Мысалы, ГАЗ-3307, -3302 «ГАЗель» автомобильдер қозғалтқыштарында орнатылған СТ230-А1 стартерінің (12.2 сур.), құрылысы мен жұмыс істеуін қарастырайық. Оның номиналды қуатылығы 1,5 кВт, максималды бұралу моменті — 22,5 Н*м.
Электрлі қозғалтқыш. Электрлі қозғалтқыштың негізгі құрылысы төрт полюсты өзектемірлері бар тұрқыдан 9 (12.2, а. сур.), оған катушка 10 қоздырғыш орамы бекітілген, қақпақтардан 13, 30, аралық тірек 29 пен якорден 8 тұрады. Тұрқы мен полюсты өзектемірлер жұмсақ төмен көміртекті болаттан дайындалған. Қоздырушы орамдары екі жіптен тұрады; әрбір жіпке түзу бұрышты кесінділі мыс өткізгіштен дайындалған екі катушка тізбектеліп қосылған. Орам аралық оқшаулағыш арнайы қағаздан дайындалған. Коллектор жағының қақпағы 13 — болаттан штампталған, төрт қорап тәрізді щетка ұстағышқа бекітілген мыс – графитті электрлі щеткаларға 15 арналған терезесі бар. Екі щетка ұстағыш стартер тұрқына жалғанған («массаға»), ал басқа екеуі тұрқынан гетинакстен дайындалған төсемімен оқшауланған. Оқшауланған щетка ұстағышқа қоздырғыш орамның параллел жібінің екі ұшы жалғанған, ал басқа екі ұшы бірігіп түйіспе бұрандаға 16 шығарылып жалғанады. Стартер тұрқының шетка ұстағыш шетінің қуысы резеңке төсемді 11 құндақпен жабылған. Аралақ тірек 29 якорь білігін қисаюдан сақтандырады. Аралық тіректің 29 қақпақтары 13, 30 стартер тұрқына тарқыш бұрандалармен бекітіледі. Қақпақ 30 шойыннан дайындалған және стартерді сермер картеріне бекітуге арналған фланец бар. Сонымен бірге бұл фланецке стартер механизм жетегінің қақпағы 27 бекітіледі. Аралық тіректің қақпақтарының ішіне үш сырғыма ішпектер орнатылған, онымен якорь білігі 8 айналып тұрады. Біліктің ось бағытындағы
қозғалысы, таяныш сақинамен 2 ұсталып тұрған реттегіш тығырықтың 1 қалыңдығын өзгертумен реттеледі. Якорь біліктен, өзектемірден, орамнан 7, және коллектордан 14 тұрады. Трансформатор болат тілімшеден жинақталған якорь өзектемір ойығына, жеке секциядан тұратын орам оралған, олардың ұштары бірнен – бірі оқшауланып коллектордың мыс тілімшелеріне дәнекерленеді. Коллекторға серіппенің көмегімен төрт элекрлі щеткалар 15 қысылып тұрады. Тартқыш реле. Жетекші рычагқа 26 күш әсерін келтіруге (12.2, а)сур.) және стартер тізбегінің тұйықталуына тартқыш реле қолданылады. Ол құндақтан 22, пластмассалы қақпақтан 19, зәкірден 23 қайтарғаш серіппеден 24, түйіспелі диск штогы 20 және тартылатын мен ұстатқыш орамдарының 21 серіппесінен 18 тұрады. Якорь реле латунді түтікте қозғалып тұрады, оның үстіне алдымен тартылатын орам, ал оның сыртынан ұстатқыш орам оралған. Тартылатын орам якорь орамына тізбектеліп қосылған, ал ұстатқыш орам – оған параллелді жалғанған. Екі орамдарда 21 бірге біріккен ұштығы бар, ол қақпаққа 19 бекітілген қысқышқа 17 жалғанады. Тартылатын орамның екінші ұшы түйіспе бұрандаға 16, ал ұстатқыш орамның екінші ұшы – стартер тұрқына жалғастырылады. Реле орамы магнит жетек болатын құндақпен жабылған. Көрсетілген түйіспелерден басқа стартер тізбегіне КЗ қысқышы қосылады, ( 12.2, б) сур.), оның көмегімен қозғалтқышты іске қосу кезінде тұтандыру катушкасының тізбегіндегі қосымша
резистордың
жібі тұйықталады. Якорь штогындағы екі
серіппелердің ортасына түйіспелі диск
20 серіппесімен 18 еркін орнатылған, оны
түйіспелері бастапқы қалпында ашылып
тұрғанда ұстап тұрады.
Стартерді
іске қосқанда магнит өрісі якорь 23 реле
орамын тартады, ол оске 28 орнатылған
саусақпен 25 рычагқа 26 әсер етеді. Бұл
кезде рычагтың төменгі ұшы жетекші
муфта 6 мен қайтарғыш серіппе 5 арқылы
аунақшыл муфтаны 4 якорь білігінің
иірмек шлицасымен жетекші тістегерішті
3 сермердің тісті тәжісімен толық
қосылғанға дейін қозғалтады. Мұнымен
бір мезгілде якорьдің жұмыс жүрісінің
соңында түйіспелі дискінің көмегімен
стартердің жұмыс жүрісінің ток тізбегін
тұйықтайды. Тартқыш реленің тартылатын
орамы бұл кезде тұйықталады, ал якорь
латунды түтіктің ішінде ұстатқыш
орамының магнит өрісінің әсерімен
ұстатылып тұрады. Стартер якорі
қозғалтқышты іске қосу үшін айнала
бастайды. Стартерді сөндірген кезде
ұстатқыш орамның тізбегі ажыратылып,
якорь релесі жетекші бөлшектерімен
серіппенің 24 көмегімен бастапқы қалпына
қайтарылады, жетекші тістегеріш сермердің
тісті тәжісінен шығарылып, стартер
өшіріледі. Қозғалтқышты іске қосқанда
іске қосу ток күші 550...600 А жетеді, ал
оның бос жүрісінің ток күші 70...80 А
тең.
Жетекші
механизм.
Жетекші механизмнің бос жүріс муфтасы
9 бар (12.3 сур.), о
л
стартерден сермерге бұралу моментін
жеткізеді және қозғалтқышты іске
қосқаннан кейін сермерден стартер
білігіне айналуды жібермейді, сонымен
якорьдің айналу айырмашылығын тоқтатады.
Муфта стартер білігінің шлицасына
орнатылған шлицалы төлкеден 3, төрт сына
тәрізді ойық жасалған құрсаудан 5,
тығынжылды 11аунақшадан 6, тығынжыл
серіппесінен 10, тістегерішпен 8 бірге
дайындалған күпшектен 7 тұрады. Тығынжыл
серіппенің 10 көмегімен аунақшаны құрсау
мен күпшектің ішкі беттерінің ортасына
қысады.
Қозғалтқышты іске қосқанда
бұралу моменті жетекші тістегеріштен
сермердің тісті тәжісіне беріледі. Бұл
кезде аунақша құрсаудың сына тәрізді
жіңішке бөлігіне қозғалып, құрсау мен
тістегеріш күпшегінің ортасына қатты
сыналанып қыстырылады. Қозғалтқышты
іске қосқаннан кейін тісті берілістердің
үлкен беріліс санынан сермер стартердің
жетекші тістегерішін үлкен жиілікте
айналдырады, стартер білігінің айналуына
байланысты онымен бірге құрсауда 5
айналады, бұл кезде күпшектен 7 тістегеріш
8 кейін кешігіп құрсау мен күпшектің
ортасы ажыратылады. Стартер бұл кезде
тізбекті өшіргенге дейін бос жүріс
режимінде жұмыс істейді.
Қозғалтқыш іске қосылмаған жағдайда немесе жетекші тістегеріш сермердің тісті тәжісінде ұстатылып қалғанда шектегіш серіппе 1 жетекші муфта 2 мен рычагты 26 (12.2, а, сур.) солға тірелгенше қозғалтады, бұл кезде рычагтың жоғарғы ұшы якорь релесі арқылы стартердің ток тізбегін өшіреді. Қайтарғыш серіппе 4 (12.3 сур.) жетекші тістегеріштің 8 тістері сермердің тісті тәжісінің тістерімен сәйкес қосылмаған жағдайда теңестіріп жалғастыруды қамтамасыз етеді. Серіппе, қысылып, түйіспелі дискіге жетекші релені тұйықтап стартер якорін айналдыруға мүмкіндік береді. Қарастырған элементермен бірге іске қосу жүйесіне қоршаған ортаның төмен температурасында қозғалтқышты іске қосуды жеңілдеткіш қондырғы да жатады.