Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

11 Тарау. Тұтандыру жүйесі.

11.1. Контактылы тұтандыру жүйесі.

Тұтандыру жүйесі қозғалтқыштың цилиндрлерінің жану камераларында сығылған жұмыстық қоспаны жұмыс істеу ретіне байланысты белгіленген мезгілде жандыру үшін қажет. Карбюраторлы және газбаллонды қозғалтқыштарда жұмыстық қоспа электр білтесінің электр ұшқыны арқылы тұтандырылады. Ол үшін тұтандыру жүйесі қозғалтқыштың барлық жұмыстық режимінде жоғарғы кернеулік ток күшінде жұмыс істеуі керек. Электрлі қоректену көзіне

байланысты тұтандыру жүйесі екі түрге бөлінеді: батареялы және магнето арқылы тұтандыру жүйесі. Автокөліктерде көп тараған түрі батареялы, оның токты үзіп- таратуына байланысты контактылы, контактылы-транзисторлы, контактысыз

тұтандыру жүйесі болып бөлінеді. Контактылы-транзисторлы тұтандыру жүйесі барлық автокөліктерде бірдей болып келеді, көп қолданылған түрі контактысыз тұтандыру жүйесі.

Батареялы тұтандыру жүйесі: АКБ, генератор мен реле-реттегіш, тұтандыру-катушкасы, қосымша резистор, токты үзгіш- таратқыш, конденсатор, тұтандыру білтесі, күшейткіш резистор, тұтандыру қосқышы, төменгі және жоғарғы кернеулі ток өткізгішінен тұрады.

Ж оғарғы кернеулі ток күші үзгіш-таратқыш пен тұтандыру катушкасының бірге жұмыс істеуінің әсерінен пайда болады. Үзгіш жұдырықшасының айналуы кезінде төменгі ток кернеуін контакты арқылы ажыратқанда катушканың алғашқы орамындағы ток пен магнит өрісі жойылады. Жойылатын магнит өрісі тұтандыру катушкасының екінші орамының айналымдарын қиып өтіп, онда электр қозғаушы күшін туғызады. Егерде алғашқы орамда ток көп болса, онда Э.Қ.К екінші орамда көп болады, және магнит өрісінің жоғалу жылдамдығы мен екінші орамның айналымы көп болады. Екінші орамда айналымның көп болуына байланысты, оның шеттеріндегі ток кернеуі 17-24 кВ-қа жетеді.

Алғашқы орамда жұдырықшаның үзгішті ажырату әсерінен Э.Қ.К.-тің индукциясы 200-300 В жетеді. Соның әсерінен токтың жоғалу шетіне қарай контактылардың арасында ұшқын пайда болып, контактылардың істен шығыуна әсер етеді. Сол үшін алғашқы орамда токтің ажыратылу жылдамдығын арттыру үшін және контактылардың жануын азайту үшін үзгішке паралелді түрде конденсатор жалғанып контактылары арасындағы ұшқынды азайтады.

Ажыратылған контактылардан қуатталған конденсатор тұтандыру катушкасы-ның алғашқы орамында қосымша резистор мен АКБ берілген кері бағыттағы ток импульсінен магнит өрісі жойылып, Э.Қ.К.-тің екінші орамды индукциялау әсерінен ток кернеуі артады. Екінші орамда пайда болған жоғарғы ток кернеуі таратқышқа беріліп, одан тұтандыру білтесінің электродтарының арасынан пайда болған ұшқын арқылы цилиндрлердегі жұмыстық қоспаны тұтандырады.

Контактылы тұтандыру жүйесінің екінші орамында ток кернеуінің жеткіліксіз болуы, әсіресе иіндібіліктің жиілігін арттырған кезде; сығылу дәрежесі мен иіндібіліктің айналу жиілігінің шектеулілігі; үзгіш контактыларның істен шығуы, тұтандыру жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін төмендетуі және қозғалтқыштың үнемді жұмысын қиындатуы сияқты біршама кемшіліктері бар. Сол үшін контактыларды жиі тазалап, олардың тұтандыруды айналдыру бұрыштарын жиі реттеп тұру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]