Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

10.3. Генератор қондырғылары

Соңғы уақытта жүк автомобильдері мен жеңіл автомобильдерде электр магниттерден қоздырылатын ауыспалы токтың үш фазалы генераторларын орнататын болды. Мұндай генератордағы магнит ағыны қоздырғышың орамы арқылы жасалады, ол арқылы тұрақты электр тогы өтеді. Қозғалтқышты іске қосқанда тұрақты токты аккумулятор батареясынан пайдаланады, ал қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде генератордан шығатын айнымалы ток түзеткіштердің көмегімен тұрақты токқа айналады. Қоздырғыштың орамы қалпына қарай автомобильдың электр жабдықтарының үш фазалы генераторлары қозғалмайтын және айналмалы қоздыру орамды болып екі топқа бөлінеді.

Қозғалмайтын қоздырғыш орамы бар генератор беріктігімен, қарапайым құрылысы және күрделі емес қызмет істеуімен түсіндіруге болады.

Генератор кіріктірілген түзеткіші бар жабық контактыланбаған үш фазалы динамомашина болып табылады. Генераторға статор , қақпақтар, ротор және түзеткіш орнатылған.

Статор электротехникалық болаттан жасалған пластиналардан құрастырылған. Оның тоғыз плюсі бар оған статор орамының катушкасы кигізілген. Тізбектеп жалғастырылған үш катушка фазаны құрайды. Фазалардың шеті қысқыш арқылы түзеткішпен, ал басы жұлдызшамен жалғастырылған. Статорға екі жағынан қақпақтар бекітілген. Артқы қақпаққа шығармалы қысқыштар бар екі қалып бекітілген; олардың бірінде Ш (шунт, яғни генератордың қоздырғыш орамы), В ( түзеткіш) және М (массасы) әріптері, ал екіншіден екі қысқыш оларға (айнымалы ток ) белгісі жазылған. Қақпақтарға генератордың бекітуге арналған табандар жасалған.

Генератор роторының көлденең қимасы алты сәулелі жұлдызша тәрізді. Ротордың пластиналары электротехникалық болаттан дайындалған және ол майын өзгертуді қажет етпейтін, қақпақтарға орнатылған жабық конструкциялы екі шарикті подшипникте айналатын білікке қатаң орнатылған. Қоздырғыш орам болат втулкаға қозғалмайтындай етіп бекітілген және М мен Ш қысқыштары арқылы тұрақты токпен қоректенеді.

Ротор айналған кезде жұлдызша сәулелері қоздырғыш орамның өзектемірінің ұшы маңында қозғалады. Осы орамнан пайда болған магнит ағының втулкадан ауа саңылауы арқылы ротордың жұлдызшасына өтіп, оны магниттейді өз кезегімен ротордың магнитті ағыны фазалы катушкалардың айналымдарын қыйып өтеді және оларға түзеткіштің көмегімен тұрақты токқа айналатын айнымалы токтың индукцияланған электр қозғаушы күшін бағыттайды.

Түзеткіш алты диодтан құрастырылған, ол арнауы пластинаға – жылу бұрғышқа (диод ұстағыш) престелген. Диодтардың өткізгіштері генераторды фазаларына екі – екіден жалғастырылған. Түзеткіштің қырланған алюминий корпусы бұрандамен генератордың алдыңғы қақпағына бекітілген.

Генераторды іске қосу шкив арқылы ременмен жүзеге асырылады, ол білікке шпонка және гайкамен бекітілген. Шкивке генератор тұсынан желдеткіш бекітілген, ол генератор мен түзеткішті салқындату үшін қызмет етеді. Генераторда шеткалы – коллекторлы торап жоқ.

Ауыспалы қоздырғыш орамы бар генератор. Бұл топтағы генераторларды автомобильдерге орнатады. Ол статордан, ротордан және түзектіш блоктан тұрады.

С татор электротехникалық болат пластинадан құрыстырылған сақина тәрізді болып келеді оның ішкі бетінде 18 плюс бар, оның арқайсысына бес айналымнан тұратын орам кигізілген. Сонымен, әрбір фазада өзара тізбектеп қосылған алты катушка бар. Фазалардың шеті шығарылмалы қысқыштармен, ал басы жұлдызшамен жалғастырылған. Магнит өрісі қоздыру орамымен және ротордаға 12 плюсті магнит өткізгішпен жасалады. Қоздыру орамы ротордың втулкасына бекітілген, ал оның өткізгіші контактылы сақиналарға дәнекерленген. Қорек қыздырғыш орамға оталдырудың қосқышы, реле- реттеуші, щетка және контактылы сақина арқылы аккумулятор батареясына беріледі.

Генератордың роторы айналған кезінде ротордың магнит өрісі күш сызықтарымен статордың орам өткізшін қиып өтеді және оларда айнымалы электр тогы индукацияланады. Түзеткіш блокта элетр тогын түзету жүреді және сыртқы тізбекке тұрақты электр тогы беріледі. Генеротардың жұмысына бақылау жасау приборлардың қалқанына орнатылған амперметрдің көмегімен жүзеге асырылады.

Жұмыс істеп тұрған кезде қозғатқыштың иіндібілегінің сондай-ақ генератор роторының айналу жиілігі тұрақты емес. Осының нәтижесінде генератор өндірітін токтың кернеулігі де тұрақты болмайды. Жиілік артқан сайын кернеу жоғары болады және керісінше, жиілік кеміген сайын кернеуі төмендейді. Мұндай ауытқулар ток тұтынатын аспаптардың жұмыс істеуі қауыпты жағдай жасамайды.

Иіндібіліктің айналу жиілігіне және генеретордың шамадан артық күштен қорғалуына қарамастан генератор өндіретін желідегі тұрақты кернеуді ұстау үшін реле реттеуішті қолданады.

Контактылы транзисторлы реле – реттеуіш генераторлардың контактылы сызықша транзисторлы реле реттеуішімен жұптасып жұмыс істейді. Реле реттеуіш кернеуді реттеуге арналған құрылғыдан, қорғау релесінен, маусымдық реттеуішті ауыстырып қосқыштан тұрады. Барлық үш құрылғы табанға орнатылған онда изоляцияланған екі В және Ш қысқышы және изоляцияланбаған бір М қысқышы орналасқан.

Генеротордың кернеуін реттеуге арналған құрылғы кернеуді (РН) электр магнитті реттеушінен, транзистордан, резисторлардан (Ry, Rd, Rt, R6) және жартылай өткізгіш диодтардан ( Д1 және Д2) тұрады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

1. Қорғасын – қышқылды аккумулятор батареясының құрылысын түсіндіріңіз?

2.Аккумулятор батареясының сыйымдылығы дегенімізне, оның көлемі неге

байланысты болады?

3. Қорғасын – қышқылды аккумулятор батареясының маркасы қалай талданады?

4. Аккумулятор батареясын тізбектен өшіргішінің қызметі?

5.Аккумулятор батареясының кенеуін қандай құралмен тексереді?

6. Тұрақты ток генераторымен салыстырғандағы ауыспалы ток генераторының

қандай артықшылығы бар?

7 Генератордың қызметі неге негізделген?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]