Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

10 Тарау. Электрлі қоректендіру жүйесі.

10.1. Электр жабдықтарының жүйелік сызбасына

ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕМЕ.

Автомобиль электр жабдықтары электрлі қоректендіру жүйесі I, электр қосқышы II, оталдыру жүйесі III, жарықтандыру мен жарықты дабыл беру жүйесі V және бақылап-өлшеу аспаптары IV мен қосымша электр жабдықтарынан VI тұрады.

Электрлі қоректену жүйесі I автомобильдің барлық тұтынушуларын электр энергиясымен және сыртқы тізбекте тұрақты ток күшін қамтамасыз етуге пайдаланады. Оның құрамына - өзара паралель жалғастырылған ток көздері – АКБ 1 мен генератор қондырғы 2 және электр тогын тұтынушылардан тұрады. Генератор қондырғы негізгі ток көзі болып, оның құрамына тұрақты кернеулік беретін кұрылғы, қажет болғанда оны қорғаушы – кернеу реттегіш немесе реле – реттегіштен тұрады. Қазіргі автомобильдер 12 В және 24 В кернеуліктегі ток көзімен тұтынушылар пайдаланылады.

Электрлі қосқышы II қозғалтқышты оталдыру кезінде еріксіз иіндібілікті айналдырып, жанғыш қоспаның дайындалуы мен жұмыстық қоспаның тұтандыру үшін пайдаланады. Бұл үшін АКБ-дан 1 қоректенетін стартер 6 қолданылады және оны іске қосуда сөндіргіш 4 пен стартер релесі 5 арқылы жүргізеді.

Тұтандыру жүйесі III қозғалтқыштың барлық режимде жұмыс істеу кезінде тұтандыру білтесінің 7 электродтарының арасында болатын жоғары кернеулі электр ұшқынымен цилиндрлерде сығымдалған жұмыстық қоспаны тұтандыруға қажет. Ток көзінен берілген төмен кернеулі токты жоғары кернеулі токқа айналдыруға тұтандыру катушкасы 9 қызмет атқарады. Тұтандыру жүйесіне сонымен бірге әрбір тұтандыру білтесінің жоғары кернеулі токты жеткізуге тұтандыруды үзіп-таратқышы 8 қолданылады.

Бақылап-өлшеу аспаптары қызметін IV жанармай деңгейін 11, қозғалтқыш температурасын 12, май қысымын 17 өлшеу аспаптары мен олардың сезгілері 13, 14, 15, автомобиль жылдамдығы мен жүрілген жолдың көрсеткіші, иіндібіліктің айналу жиілігін өлшеуіші, АКБ зарядын өлшеуіші атқарады. Сонымен қатар жүргізушіге шамадан тыс көрсеткіш кезінде жарық пен дыбыс арқылы дабыл беретін шектеуіш аспаптарыда пайдаланылады.

Жарықтандыру мен жарықты дабыл беру жүйесі V тәуліктің қараңғылық мезгілінде автомобильдің жүретін жолын жарықтандыруға қажет. (орталық жарық фарасы 22, 23 мен тұман сейілдіргіш фарасы), жарықты дабыл беру (артқы және тежеуіш жарық фонарлары 21, 25, 34, 36, мен бұрылу көрсеткіші ) артқы нөмірлік белгіні жарықтандырғыштан тұрады.

Қосымша электр жабдықтары VI автомобильдің қосалқы функциялық қызметін атқарады.

Оларға дыбысты дабыл беру 30, әйнектазалағыштар, шанақ пен кабинаны жылытуға арналған құрылғы, коммутациялық аспаптардан ( тізбекті сақтандырғыш 10, 20, 24, өткізгіш, өшіргіштер) т.б. тұрады.

10.2. Аккумулятор батареялары.

Аккумулятор батареясыз қозғалтқыш жұмыс істемейді, болмаса иінді біліктің кіші жиіліктегі айналысында жұмыс істеп тұрғанда токпен тұтынатын орындарды қоректендіру үшін қызмет етеді. Аккумулятор батареясы өзара тізбектеліп байланысқан, құрылысы жөнінен біртекті бірнеше аккумулятордан тұрады.

Аккумулятордың қызметі электр энергиясын химялық энергияға (қуатталу) және керісінше, химиялық энергияны электр энергиясына (қуат беру) жүйелі түрде айналдыруға негізделген. Аккумулятор батареясы қозғалтқышты іске қосқанда стартерді электр тогымен қоректендіруге, барлық тұтынушы аспаптарды қозғалтқыш жұмыс істемегенде электр энергиясымен қамтамасыз етуге, сонымен бірге қозғалтқыш иінді білігінің кіші айналу жиілігінде тұтынушы аспаптарды генератор қондырғыға көмектесіп қоректендіруге қолданылады. Қазіргі көпшілік автомобильдерге қорғасын қышқылды аккумулятор батареялары орнатылады.

Қарапайым қорғасын аккумулятор электролит құйылған (тазартылған судағы күкірт қышқылының ерітіндісі) пластмассадан жасалған банкадан және екі қорғасын пластинадан тұрады. Электролиттегі тілімшелердің беті күкірт қышқылды қорғасынмен басқаша айтқанда қорғасын сульфатымен жалатылған.

Аккумулятор жұмыс істеу үшін міндетті түрде зарятау, яғни ол арқылы электр тогын өткізу керек. Тысқары көзден аккумулятор арқылы тұрақты электр тогы өткен кезде химиялық реакцияның нәтижесінде, тілімшеде қорғасынның асқын тотығы, ал ток көзінің теріс полюсімен жалғастырылған тілімшеде борпылдақ кеуекті қорғасын пайда болады. Сонымен бірге электорлитте оның тығыздығын арттыратын күкірт қышқылы бөлінеді. Тілімшелерге қосылған шам зарядталғаннан кейін жанады. Олай болса, зарядталған кезде аккумуляторға жинақталған химиялық энергия, разрядталу кезде электр энергиясына айналады.

Аккумулятор пластиналары белсенді массамен – ұнтақ қорғасынмен толтырылған, темір тор түрінде жасалынады. Энергия қорын арттыру үшін жұп тілімшелерінің санын көбейтеді. Тоқтың тұрақты күшімен білгілі бір түпкі кернуеге дейін үздіксіз қуат алу кезінде, қуатталған аккумулятор толық беретін электр мөлдшерін аккумулятор сыйымдығы дап атайды. Аккумулятор сыйымдығы ампер-сағатпен өлшенеді.

Аккумулятор батареясы ішкі жағынан бөгеттермен бөлінген бактан тұрады. Әрбір бөлікке (банкада) бір аккумулятор орналастырылады. Бакты қышқылға төзімді пласмассадан немесе эбониттен жасайды. Оның түбінде тілімшелер тірелетін қырлары болады. Әр банкаға оң және теріс тілімшелер жиыны орналасқан. Оң пластиналарды плюс таңбалы полюсті қысқышқа, ал теріс тілімшелерді минус таңбалы полюсті қышқышқа жалғайды. Оң тілімшелер теріс тілімшелер аралығына орналасқан, сондықтан теріс тілімшелердің саны, оңға қарағанда біреуі артық. Тілімшелер бір-бірінен ұсақ тесікті бөгеттер сеператорлармен бөлінген. Олар арнайы өңделген ағаштан, өте ұсақ тесікті пластмассадан немесе шыны талшығынан жасалады. Сеператорлар пластиналарды қысқа тұйықталудан сақтайды және өз бойынан электролитті еркін откізеді. Банканы электролитпен толтыруға қажетті тесігі бар қақпақпен жабады. Электролит құятын тесік тығынмен жабылады. Тығында аккумулятор қуысын атмосферамен жалғастыратын желдеткіш тесігі бар, ол химиялық реакция кезінде бөлінетін газды шығуы үшін қажет. Батареяны құрастырғаннан кейін, аккумулятор қақпағының жиегін арнаулы қышқылға төзімді мастикамен құйып тастайды.

Ж еке аккумуляторларды біріктіретін ұстатқышта батареяның жасалған күні мен маркасы, мысалы, 6 СТ-50 ЭМС, көрсетіледі. Батарея маркасы былайша түсіндіріледі. Бірінші цифр тізбекті жалғастырылған аккумулятордың санын көрсетеді, ол батареяның (12В) номинал кернеуін білдіреді. Бірінші цифрдан кейінгі әріптер батареяның ауыр стартерлі екенін көрсетеді. Ондай батарея ерекше берік болып келеді. Ол ауыр жұмыс атқаратын автомобильдерде қолданылыды. 50 цифрі 20 сағаттық разрядталу кезінде батареяның ампер-сағаттық сыйымдылығын көрсетеді. Цифрдан кейінгі бірінші әріп бактағы материалдың сипатын (Э – эбонит) білдіреді, екіншісі –сеператорлар материалы(С – шыны талшықты), (М – өте ұсақ талшықты пластмасса). Құрғақ зарядталған батарея маркасының шетіне 3 әрпі болады.

Электролитті химиялық таза күкірт қышқылымен тазартылған судан дайындайды. Қышқыл мен суды қышқылға төзімді ыдысқа құйып араластырады, мұндай қышқылды суға аз-аздан сыздықтатып құйяды. Егер суды қышқылға құятын болса тасқынды реакция болады, қышқыл шашырап ыдыстың ернеуінен асады,ал денеге тисе күйдіріп жіберуі мүмкін. Электорлитті қышқыл мен суды ара қатысын оның тығыздығы арқылы анықтайды.

Электорлитті климат жағдайын ескере отырып жасайды. Қысқы температура 30оС-қа дейінгі орталық аудандар үшін толық зарядталған аккумуляторларда электролиттің тығыздығы жыл бойына 1,27 г/см3 болуға тиіс. Температура төменгі жағдайда электролиттің тығыздығы жоғары, ал температура көтерілген кезде төмен болуға тиіс.

Электорлиттің тығыздығын ареометрмен тексереді. Аккумулятордың разрядталуына қарай, электролиттің тығыздығы кеми түседі. Электролиттің деңгейі мен тығыздығын батареяның әр элементі сайын тексереді. Электролит деңгейі пластиналардың үстіңгі жиегінен 12-14 мм жоғары тұруы керек.

Электролит буланған кезде тазартылған су құю керек, өйткені тек су ғана буланады, ал электролит ағып кеткен кезде аккумуляторға күкірт қышқылының ерітіндісін қосады. Электролиттің тығыздығына қарай, аккумулятор

батареясының зарядтану деңгейін анықтайды. Жүк түсірілген батареялардың зарядтану деңгейін қосылған кедергі кезінде жүк ашасы арқылы өте дәлдікпен анықтайды. Күш түсіру ашасының ұштықтарын кезегімен аккумулятордың қысқышына тығыз етіп қысады және вольтметрдің көрсеткішіне қарайды. Толық зарядталған аккумулятордың кернеуі 1,7 В-дан төмен түспеуі керек. Батареяның жекелеген аккумуляторлары кернеуінің айырмасы 0,1 В-дан аспауы тиіс. Егер айырмашылық осы мәнділіктен көп болса немесе батарея жазда 50%-тен астам және қыста 25%-тен астам разрядталса, онда оны зарядтауға жіберу кажет. Батареяның бұзылмауы үшін оны ұзақ мерзім бойы жартылай зарядталған күйде қалдыруға болмайды. Пластиналардың бұзылуына жол бермес үшін стартерді ұзақ уақыт бойы және қатарынан бірнеше рет қосуға болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]