
- •1.1.Автомобильдің жалпы құрылымы
- •1.2. Автокөлік құралдарының түрге бөлінуі
- •2.1. Қозғалтқыштың жалпы құрылымы
- •2.2. Іштен тұтанатын поршеньді қозғалтқыштардың
- •2.3. Көп цилиндрлі қозғалтқыштар.
- •2.4. Қозғалтқыштардың жалпы құрылысы
- •2.5. Поршень топтары мен бұлғақтар.
- •3.1. Газ тарату механизмінің негізгі түрлері.
- •3.3. Клапандар механизмдерінің бөлшектері.
- •4.1.Салқындату жүйесінің түрлері мен жұмыс істеу тәсілдері.
- •4.2. Сұйықтықпен салқындату жүйесінің аспаптарының
- •4.3. Тұтандыру алдындағы жылытқыш.
- •5.1. Бөлшектерді майлаудың шартты міндеті.
- •5.2. Майлау жүйесінің құрылысы мен жұмыс істеу тәсілі.
- •5.3. Майлау жүйесінің аспаптары мен механизмдері.
- •5.4. Картерлік газдарды тазалау.
- •6.1. Жанармайдың ауамен араласуы және жанғыш қоспаның құрамы.
- •6.2. Қоректендіру жүйесінің жалпы құрылысы
- •6.3. Жеңіл автомобильдер қозғалтқыштарының карбюраторлары.
- •6.4. Жанармай отынын жеткізу мен ауа тазалау аспаптар.
- •6.5. Ауа жіберу мен өтелген газдарды шығару құбырлары.
- •6.6. Қозғалтқыштың бензин отынын
- •6.6.1. Орталықты бүрку жүйесі.
- •6.6.2. Таралымды бүрку жүйесі
- •6.6.3. Жанармай отынын бүрку жүйесінің аспаптары.
- •6.6.4. Тікелей бүрку жүйесі.
- •7.1. Газбаллонды құрылғының жалпы құрылысы мен жүйеленген сызбасы.
- •7.1.1. Жүк автомобилінің сұйытылған газ отынына арналған газбаллонды қондырғылары.
- •7.1.3. Жүк автомобилінің сығымдалған газ отынына арналған газбаллонды қондырғылары.
- •7.2. Газ отынын жеткізу аспаптары.
- •7.3. Газ отынын араластырғыштар.
- •7.4. Отынын құю, қозғалтқышты тұтандыру мен тоқтату.
- •8.1. Дизельдегі қоспа араласудың ерекшеліктері.
- •8.2. Дизельдің қоректендіру жүйесінің жалпы құрылысы.
- •8.3. Төменгі қысымды магистральдің
- •8.4. Жоғары қысымды магистральдің
- •8.4.1. Бүркілудің оздыру муфтасы
- •8.4.2. Форсунканың құрылымы мен жұмыс істеуі.
- •8.5. Иінді біліктің айналу жиіліктерін реттегіштер.
- •8.6. Дизельдегі турбоүрлегіш
- •9.1. Электр тогы, өткізгіштер мен оқшаулағыштар.
- •9.2. Магнит. Электрлі магнит пен электр магнитті индукция.
- •9.3. Жартылай өткізгіш аспаптар.
- •10 Тарау. Электрлі қоректендіру жүйесі.
- •10.1. Электр жабдықтарының жүйелік сызбасына
- •10.2. Аккумулятор батареялары.
- •10.2.1. Аккумулятор батареясының негізгі
- •10.3. Генератор қондырғылары
- •11 Тарау. Тұтандыру жүйесі.
- •11.1. Контактылы тұтандыру жүйесі.
- •11.2. Тұтандыру жүйесінің құралдары мен аспаптары.
- •11.3. Контактылы –транзисторлы тұтандыру жүйесі.
- •11.4. Контактысыз тұтандыру жүйесі.
- •12 Тарау. Қозғалтқыштың электрлі тұтандыру
- •12.1. Электрлі іске қосу жүйесі
- •12.1.1. Стартердің құрылысы мен жұмыс істеуі.
- •12.1.2 Төмен температурада қозғалтқышты
- •12.2. Бақылап-өлшеу аспаптары.
- •13 Тарау. Жарықтандыру, дабыл беру мен электр жабдықтарының сызбасы.
- •13.1. Жарықтандыру мен жарықты дабыл беру аспаптары.
- •13.2. Сыртқы жарықтандыру мен жарықты
- •14.1. Трансмиссияның негізгі түрлері.
- •14.2.1. Бір дискілі сығылмалы серііппелі ілініс.
- •14.2.2. Бір дискілі мембрана серппелі ілініс.
- •14.2.3. Қос дискілі ілініс.
- •14.3. Беріліс қорабы.
- •14.3.1. Төртсатылы беріліс қорабы.
- •14.3.2. Төрт сатылы беріліс қорабының жұмыс істеуі.
- •14. 4. Автоматтандырылған беріліс қорабы
- •14. 5. Гидромеханикалық беріліс.
- •14.6. Айқартопсалы беріліс.
- •14.6.1. Бұрыштық жылдамдықтары тең емес
- •1 4.6.2. Бұрыштық жылдамдықтары тең топсалы
- •14.7. Басты беріліс пен дифференциал.
- •14.8. Жетекші белдік пен жарты осьтар.
- •15.1. Рама мен тартқыш – тіркеме құрылғы.
- •15.2. Алдыңғы басқарылушы белдік.
- •15.2.1. Алдыңғы доңғалақтың орналасу бұрышы.
- •Автомобильдің алды
- •15.3. Автомобильдің серпімді аспалары.
- •15.3.1. Тәуелді серпімді аспалар.
- •15.3.2. Тәуелсіз серпімді аспалар.
- •15.3.3. Балансирлі ( теңгерулі) аспалар.
- •15.4. Гидравликалық амотизаторлар.
- •15.5. Доңғалақтар мен шиналар.
- •16.1. Басқару жүйесі және оның жалпы құрылысы.
- •16.2. Рульдік механизм мен жетеігі.
- •16.2.1. Винтті рульдік механизм.
- •16.2.2. Құрамдастырылған жетекті рульдік механизм.
- •16.2.3. Рейкалы рульдік механизм.
- •16.2.4. Рульдік жетек.
- •16.3. Рульдік жетектердің күшейткіштері.
- •17.1. Тежеуіш жүйесі туралы жалпы түсінік.
- •17.2. Тежеуіштің жетектері.
- •17.3. Тежеуіштің гидравликалық жетегі.
- •17.4. Тежеуіш жетегінің күшейткіші.
- •17.5. Пневматикалық тежеуіш жетегі. Компрессор.
- •17.6. Ауа қысымын реттегіш.
- •17.6.1. Ауа жинау баллоны. Тежеуіш краны.
- •17.7. Көп контурлы пневматикалық тежеуіш жетегі.
- •17.8. Тежеуіштің механикалық жетегі.
- •17.9. Құрамдастырылған жетекті тежегіш
- •18.1. Шанақтың түрлері.
- •18.1.1. Жеңіл автомобильдердің шанақтары.
- •18.1.2. Автобустар шанақтары.
- •18.1.3. Жүк автомобилінің шанақтары.
- •18.2. Жүргізушінің кабинасы.
- •18.2.1. Кабинаны жылыту және тазалау.
- •18.2.2. Әйнектазалағыш және әйнекжуғыш.
- •18.3. Автомобиль – аударғыштың шанақ көтеру
- •18.3.1. Автомобиль шанағын көтеру
- •19.1 Автомобиль – тягатар.
- •19.2. Тіркемелер мен жартылай тіркемелер.
- •1Тарау. Жалпы мәліметтер................................................................................................
- •2 Тарау. Іштен тұтану қозғалтқыштары.
- •3 Тарау. Газ тарату механизмі.
- •4 Тарау. Салқындату жүйесі.
- •5 Тарау. Майлау жүйесі.
- •6 Тарау. Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі.
- •7 Тарау. Газбаллонды қондырғылы автомобильдер
- •8 Тарау. Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі.
- •9 Тарау. Электротехника бойынша жалпы мәліметтер.
- •10 Тарау. Электрлі қоректендіру жүйесі.
- •11 Тарау. Тұтандыру жүйесі.
- •12 Тарау. Қозғалтқыштың электрлі тұтандыру жүйесі
- •13 Тарау. Жарықтандыру, дабыл беру мен электр жабдықтарының сызбасы.
- •14 Тарау. Трансмиссия.
- •15 Тарау. Алып жүру жүйесі, басқарылушы белдік пен аспалар.
- •16 Тарау. Басқару жүйесі.
- •17 Тарау. Тежеуіш жүйесі.
- •18 Тарау. Шанақ пен қосымша құрылымдар.
- •19 Тарау. Автомобиль поездар.
8.6. Дизельдегі турбоүрлегіш
Дизельдің қуаттылығын арттыру үшін үрлегіш қолданылады, оның міндеті тазартылған ауаны қысыммен цилиндрлерге жеткізіп берді.
Үрлегіш
үшін дизельде өтелген газдардың
энергиясын пайдаланылатын турбосығымдағыш
қондырғы орнатылады. Цилиндрлерді
ауамен толтыруды көбейтумен бірге,
турбосығымдағыш бүркілген отынның
байытылған мөлшерін бірмезгілде әсерлі
жедел тұқтануын арттырады. Бұл дизельдің
әсерлі қуаттылығын 20 – 30% арттыруға
мүмкіндік келтіреді. Бірақ үрлегіш
иінді – бұлғақ пен газ тарату механизмдері
бөлшектерінің жылулық және механикалық
кернеулілігін арттырады. Дизель
ЯМЗ-238НБ, -240П турбоүрлеуіші біріктірілген
өтелген газдарды шығару жылдамдығының
көмегімен айналатын газ турбинасынан,
ауаның артық қысымымен қамтамасыз
ететін ортадан тепкіш сығымдағыштан
тұрады. Екі агрегаттың бронзалы ішпекке
орнатылған бір роторлы білігі бар.
Дизельдің жіберу ырғағы кезінде
сығымдағыш арқылы сығымдалған ауа 0,15
– 0,20 МПа қысымда оның цилиндрлеріне
жіберіледі.
Турбоүрлегіш газ турбинасынан 6 және ортадан тепкіш сығымдағыштан 4 тұрады. Ротор білігінің 7 бір шетіне турбинаның 6 жұмыс дөңгелегі 9, ал екінші шетіне – сығымдағыштың 4 жұмыс дөңгелегі 5орнатылған.
Шығару құбырымен 2 шығарылған өтелген газдар, турбинаның 6 жұмыс дөңгелегін 9 үлкен жиілікпен айналдырып (35 – 40 мың. айн/мин), ал сонан соң газ құбырымен 3 өшіргіштің құбырына шығарылады.
Турбина жұмыс дөңгелегімен 9 бірге сығымдағыштың 4 жұмыс дөңгелегі 5 айналады, ауатазартқыштан тазартылған ауаны тартып, оны жоғары қысыммен жіберу құбыры 1 арқылы дизельдің цилиндрлеріне 8 сығымдап жеткізеді.
Қысымның арттырылу дәрежесіне байланысты үрлегіш ауа жіберу кезінде төмен қысыммен 0,15 МПа дейін, ортаңғы – до 0,2 МПа, жоғарғы – қысымы 0,2 МПа жоғары болғанда таратып жеткізеді.
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ.
1. Дизельді қоректендіру жүйесі қандай аспаптар мен бөлшектерден тұрады?
2. Дизельді қозғалтқыштың қоспа араластыру тәсілінің карбюраторлы қозғалтқыш
тәсілінен өзгешелік мақсаты неде?
3. Төменгі қысымды отын жеткізу сорабының қызметі және оың жұмыс істеу
тәсілі?
4. Жоғары қысымды сорабтың отын секцияларының жұмыс істеу тәсілін
түсіндіріңіз?
5. Отынның бүркілуін оздыру муфтасының қажеттілігін түсіндіріңіз?
6. Дизельдің иінді білік айналу жиілігінің барлық режимді реттегіші мен екі
режимді реттегішінің жұмыс істеу айырмашылықтары қандай?
7. Дизельдегі турбоүрлегіштің қызметі және оның дизель қозғалтқышының ұзақ
жұмыс істеуіне әсері қандай?
II БӨЛІМ
АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫ.
9 – тарау. ЭЛЕКТРОТЕХНИКА БОЙЫНША ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ.
9.1. Электр тогы, өткізгіштер мен оқшаулағыштар.
Автомобильдерде электр энергиясын қозғалтқышты стартермен іске қосуға, жанғыш қоспаны тұтатуға, дыбыс және жарық дабылдарына, қозғалыс жолдары мен кабинаны жарықтандыруға, электронды басқару жүйесіне, бақылау- өлшеу аспаптары мен қосымша жабдықтарды қоректендіруге қолданылады.
Электр энергиясын өндіретін аспаптар электр тогының көздері , ал оны тұтынатындар тұтынушылар деп аталады. Автомобильдерде электр энергиясының ток көздері - генератор мен аккумулятор батареясы болса, ал тұтынушылар – электр бақылау блогы, электрлі двигательдер, стартер, дабылдар мен жарықтандыру және бақылап-өлшеу аспаптары болады. Электр тогының көздері механикалық және химиялық энергияны электр энергиясына айналдырса, ал тұтынушылар электр тогы энергиясын- энергияның басқа түріне
( механикалық , жарық , дыбыс, жылу) айналдыруға қызмет етеді.
Электр тогын өткізетін және өткізбейтін материалдар заттың электрондар құрылысын құрайды. Барлық заттар ұсақ бөлшектерден – молекулалардан тұрады. Молекулалардың жиынтығы атомды құрайды. Әрбір атом – протондар(оң зарядталған бөлшектерден) мен нейтрондарды қамтитын ядродан тұратын орбиталық жүйе болса ,ал электрондар соның теріс зарядының ағынын туғызушы болады. Әртүрлі заттың атомдары электрондарды ұстап тұруы бірдей болмайды. Атомдардағы электрондарды жібермей ұстап тұратын материалдарды оқшаулағыштар(изолятор) дейміз. Оларға жататын материалдар: резина, әйнек, платмассалар, эбонит, лак-бояулар, майлар т. б.
Электрондардың бір атомнан екіншісіне кедергісіз өтіп жүруін өткізгіштер (проводник) деп атайды. Оларға жататын материалдар: барлық металдар, көмір,графит,еріткіш қышқылдар, тұздар мен сілтілердің судағы ертіндісі, т.б.
Оқшаулағыштар мен өткізгіштердің арасында өздерінің құрамына қарай орналасуын жартылай өткізгіштер (полупроводник) деп айтады. Оларға кремний, германий, селен т.б.жатады. Электрондардың өткізгіште атомдармен әлсіз байланысы бейтарап қозғалыс деп айтады. Егер мұндай өткізгішке электр өрісін жалғаса , онда электрондар қозғалысы бағытталған болады. Электрондардың өткізгішпен бағытталған қозғалысын электр тогы деп айтады. Электр тогының бір бағыттағы қозғалысы тұрақты ток деп, ал оның бағыты мен шамасының тоқтаусыз өзгереуін тұрақсыз ток деп айтады.
Өткізгіштерде күштің әсерінен пайда болған электр тогын, электр қозғаушы күші деп айтады. Э.Қ.К. ток көздерінде генераторда немесе аккумулятор батареясында пайда болады.
Тұрақты ток көздері, оң(+) және теріс(-) екі полюстерден тұрады. Бұл полюстерді өткізгішпен жалғастырса тұрақты ток тізбегін құрайды. Тұрақты ток сыртқы тізбекте оң полюстен теріс полюске қарай қозғалады деп шартты түрде есептейді. Электр тізбегі ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі электр тізбегі ток көзінің өзінде болып,ал сыртқы тізбек ток көзін жалғастырушы мен тұтынатын орындардан тұрады.
Электр тізбегі бірөткізгішті немесе екіөткізгішті болып бөлінеді. Автомобильдерде бірөткізгішті электр тізбегі қолданылады, ал екінші өткізгіш үшін автомобиль қаңқасы (барлық метал бөліктері) «масса» қызметін атқарады.Электр қозғаушы күш ішкі және сыртқы электр тізбегінде токтың жүрісін атқарады. Э.Қ.К. сыртқы кедергілерге жұмсалуын ток кернеуі (В) вольт деп,оны вольтметрмен өлшейді. Тізбектегі ток күшін (А) ампер деп, оны амперметрмен өлшейді. Электр тогының сыртқы өткізгіштегі кедергіге көрсететін бөлігін электр кедергісі деп , оны (Ом) оммен белгілейді. Бір уақыт өлшеміндегі электр тогының жұмысы электр қуаты деп ,оны (Вт) ваттпен белгілейді.
Электр тогының жылу әсері өткізгіштен өткен кезде оны қыздырады және кедергісі артады.Сондықтан электр энергиясының жылу энергиясына айналдырып,оны қыздырғыш аспаптарда, жарық шамдарға пайдаланады. Өткізгіштің шектен артық қызуы оның оқшаулағышына кері әсерін тигізеді.Тұтынушылар мен ток көздері электр тізбегінде тізбектеліп және параллель қосылады. Тізбектей қосылғанда бір ток көзіндегі оң полюс екіншісіндегі теріс полюспен, екіншісінің оң полюсы үшінсінің теріс полюсымен жалғанады. Тізбектегі тұтынушылар кедергілері ток тізбегіндегі кедергілермен бірдей болады. Ток күші тізбектегі барлық нүктеде бірдей болып, кернеулігі әр нүктеде әртүлі болады.
Параллель қосқанда аттас полюстер өзара жалғанады.Бұл жалғануда тізбектегі тұтынушылардың саны көбейген сайын оның кедергісі азайады да , ал кернеуі барлық жалғанған тұтынушыларға бірдей болады немесе ток көзінің кернеуіне тең келеді.
Әрбір тізбектегі ток күші оның кедергісіне байланысты болады. Барлық ток күші тізбектегі барлық параллель жалғанған тұтынушылардың ток күшінің қосындысына тең болады. Автомобильдерде барлық тұтынушылар бір-біріне параллель қосылған және біреуінде ақау болса басқалары тоқтаусыз жұмыс істейді. Автомобиль генераторы мен аккумулятор батареясы бір-біріне параллель жалғанған.