Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

8.5. Иінді біліктің айналу жиіліктерін реттегіштер.

Автомобильдің дизельдері иінді біліктің ауыспалы жүктемелігі мен жиілігінде жұмыс істейді. Дизель иінді білігінің айналу жиілігі мен жүтемеленуі автомобильдің жүру жылдамдығына, тасымалданатын жүктің салмағы мен жол бетінің кедергісіне байланысты болады. Иінді біліктің айналу жиілігі белгіленген жиіліктен артық болып, дизельдің қозғалмалы механизмдеріне салмақ келтірмеуі тиіс, сонымен бірге автомобильдің азғана уақытқа тоқтап тұрғанында, кіші айналу жиілігінде және бос жүрісте жұмыс істегенде дизельдің иінді білігі айналуын тоқтатпауы керек.

Осы мақсатпен дизельдерге иінді біліктің айналу жиіліктерін реттегіштер орнатылады, олар автомобильдің берілген жүру жылдамдығын автоматты түрде реттеп, автомобильді басқару мен дизельді әсерлі түрде пайдалануды жеңілдетеді.

Автомобиль дизельдерінде ортадан тепкіш реттегіштер орнатылады, олар екі– және барлық режимді болып бөлінеді. Біріншіден барлық берілетін жылдамдық режимдерінде дизельдің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді, сонымен бірге дизельдің бос жүрісінде иінді біліктің минимальды айналу жиілігін және иінді біліктің максимальды айналу жиілігін шектейді:екіншіден бос жүрісте иінді біліктің айналуын минимальды тұрақтандырады және оның максимальды айналу жиілігін шектейді, яғни қозғалтқыштың екі жылдамдық режиміндегі жұмысына әсер етеді.

Барлық режимді реттегіштер. Төрт ырғақты ЯМЗ-236 мен ЯМЗ-238 (8.12. сур.)және КамАЗ-740 автомобиль дизелдерінде барлық режимді реттегіштер орнатылады, қозғалтқышқа түсірілген жүктеме бойынша берілетін отынның мөлшерін автоматты түрде өзгертіп және басқару рычагының берілген қалпында немесе отын жеткізуді басқару педалін басып иінді біліктің айналу жиілігін қалыптандырып тұрады. Реттегіштер сонымен бірге қозғалтқышты тұтандыру кезінде отынның берілуін көбейтеді, минимальды тұрақтылықты және иінді біліктің максимальды айналу жиілігін шектеп тұрады.

Реттегіштің тұрқында 1 (8.12. сур.) отын сорғысының жұдырықша білігінен 18 жоғарылататын берілістің көмегімен жетекке алынатын шарикті ішпекке 2 реттегіштің білігі 16 орнатылған және жетекші 17 мен жетектегі 15 тісті дөңгелектен тұрады. Білікте 16 ұстағыштың көмегімен ортадан тепкіш жүктер 14 орнатылған, рычагтар жүйелерімен сорғы рейкасына 19 және отын беруді басқару рычагына жалғастырылған.

Біліктің айналу кезінде жүктер 14 сыртқа қарай ашылып, өзінің роликтерімен муфтаның 13 шетінен итереді. Муфта, қабылдаған күш әсерін таяныш өкшелік 12 арқылы жалғастырылған тяга 3 мен рейкаға 19 жеткізеді.

Өкшеліктің шеті 12 корректор 26 арқылы, қосиінді рычагпен 6 бір осьте 21 отырғызылған күш рычагына 27 әсер етеді және серіппенің 9 күш әсерімен тартылып тұрады. Серіппенің бір шеті рычагқа 10 бекітіліп, отын жеткізуді басқару рычагымен 8 қаттылап жалғанған, екіншісі – қосиінді рычагтың 6 реттегіш винтке 23 бұралған сыртқы иығына бекітіліп, күш рычагына 27 тіреліп серіппенің тартылысын алдын ала өзгеруін қамтамасыз етеді.

Реттегіштің төменгі бөлігінде қозғалтқышты тоқтатуға арналған кулиса механизмі орнатылған. Бұл механизмнің кулисасы 28 қапсырма(скоба) 11 арқылы іске қосылады.

Реттегіштің жұмысы келесі тәсілде орындалады. Барлық режимді ортадан тепкіш реттегішін белгіленген режимге жүргізуші кабинасындағы басқару педалімен жалғастырылған жетектің көмегі арқылы рычагпен 8 орнатылады.

Қозғалтқышты тұтандыру алдында(8.12.сурет,б) қапсырма 11 мен отын жеткізуді өшіргіш кулисаны 28 «Жұмыс» («Работа») қалпына орнықтырады, бұл кезде басқару рычагы 8 бұрандаға 22 тіреледі. Бұл жағдайда тартқыш серіппенің 4 әсерінен рычагтың 7 жоғарғы иіні сағат тіліне қарсы қозғалып, рейканы 19 сорғы тұрқының ішіне қарай жылжытады. Қозғалтқышты тұтандыру кезінде циклдық отын жіберу салыстырмалы түрде жоғары болуы тиіс, сондықтан сорғы рейкасын отын жіберуді (көбейтілген) тұтандыру қалпына орнықтырылады.

Қозғалтқышты тұтандырғаннан кейін, иінді біліктің айналу жиілігі арта бастаған кезде, ортадан тепкіш күш әсерінен жүктер 14 сыртқа ашылады және тартқыш серіппенің 4 кедергісін жойып, қозғалғыш муфтаны 13 оңға қозғалтады, сонымен рычаг 7 күш рычагінің 27 корректорындағы 26 өкшелікке 12 тіреледі. Бұл кезде рейка 19 сорғының тұрқынан шығып, отынның жіберілуі азаяды. Ары қарай иінді біліктің айналу жиілігінің бос жүріс режимінде 450-500 айн/мин артуына байланысты рычаг 7 оңға қарай шығып рейканы 19 оңға қозғалтуды жалғастырады. Бұл кезде күш 27 және қосиінді 6 рычагтар серіппенің 9 кедергісін жойып, сағат тіліне қарсы айналады. Жүктердің 14 сыртқа тепкіш күші серіппенің 9 тартылыс күшімен теңескенде рычаг 7 пен рейканың 19 қозғалысы тоқтатылады, бұл қозғалтқыш иінді білігінің көрсетілген айналу жиілігіне бос жүріс режимінің минимальды отын жеткізуі сәйкес келеді. Иінді біліктің бос жүрістегі минимальді айналу жиілігін бұрандамен 22 және тығынның 24 буферлі серіппесін қысып реттейді.

Қозғалтқыштың жүктемелі режимді жұмысына ауыстыру кезінде иінді біліктің қажетті айналу жиілігін отын жеткізуді басқару педалін басып қозғалту арқылы орналастырады. Бұл жағдайда жүктер 14 білікпен 5 бірге біршама бұрышқа бұрылып және серіппені 9 тартып, рычагқа 10 әсер етеді. Серіппе күшінің қосиықты рычагқа 6 әсер етуінен рейка 19 отын жеткізуді көбейту жағына қарай қозғалады және қозғалтқыш иінді білігінің айналу жиілігі, жүктердің 14 ортадан серпігіш күші серіппенің 9 тартылыс күшін теңестіргенше жоғарылай береді. Қозғалтқыш иінді білігінің орналастырылған айналу жиілігі реттегішпен автоматты түрде келесі тәсілмен реттеледі.

Қозғалтқышқа берілген жүктемелер азайғанда цилиндрлерге отынның түсуі сол мөлшерде жалғастырылады, соның нәтижесінде иінді біліктің айналу жиілігі және жүктердің 14 ортадан тепкіш күші артады. Жүктер 14 үлкен бұрышқа алшақтайды да, рычагты жүйеге әсер ету арқылы рейканы 19 отын жеткізуді азайту жағына қарай серіппенің 9 күші мен жүктердің 14 ортадан серпігіш күші теңескенге дейін қозғалтады, бұл кезде белгіленген жылдамдық рижимі қалыптастырылады.

Жүктемелер көбейгенде және отынның жеткізілуі берілген мөлшерінде иінді біліктің айналу жиілігі төмендейді, соның нәтижесінде жүктердің 14 ортадан тепкіш күші кемиді, және олар жақындайды, бұл кезде серіппе 9 рычагты жүйеге әсер ету арқылы рейканы 19 отын жеткізуді көбейту жағына қарай белгіленген жылдамдық рижимін қалыптастырғанға дейін қозғалтады.

Нақтылы пайдалану жағдайында қозғалтқышқа сондай жүктемелер болуы мүмкін, бұл кезде берілісті ауыстырмастан белгіленген жылдамдық режимін қалыптастыру, бұранданың 25 бастиегі рычагтардың 8, 10 білігіне 5 тірелгенше жүргізіледі. Жүктемелердің одан жоғары артуына байланысты иінді біліктің айналу жиілігі төмендейді. Бұл кезде өзгертілетін жылдамдық режимін қалыптастыру беріліс қорабының төменгі берілісін ауыстырып қосу арқылы іске асырылады.

Қапсырмаға 11 троспен жалғастырылған жүргізуші кабинасындағы «Стоп» түймесі арқылы қозғалтқышты тоқтатады(8.12.сурет, а). Бұл кезде қапсырма 11 және онымен жалғасқан отын жеткізуді өшіру кулисасы 28 төменгі шеткі қалпына қозғалады, ал рычаг 7 таяныш өкшелікке 12 орнатылған саусаққа қатысты сағат тілі бағытында бұрылады, және өзінің жоғарғы иінімен рейканы 19 оңға қарай тірелгенше қозғалтады, сол кезде отынның берілуі тоқтатылады..

Қозғалтқышты пайдалану барысында иінді біліктің максималды айналу жиілігін(8.12. сурет, в) 20 бұрандамен шектейді, ал кулисаның жүрісін 29 бұрандамен шектейді. Сорабпен номиналды (сағаттық) отынның берілуін 25 бұрандамен реттейді. Бұл реттеуді арнайы стендте орындайды.

КамАЗ дизелінде иінді біліктің айналу жиілігінің барлық режимді реттегіші жоғары қысымды отын сорабының ортасына орнатылған. Реттегіштің тұрқына қақпақ бекітіледі, оған отын жіберуді басқару рычагтары 18 және қозғалтқышты тоқтату реттегіш құрылғылары қондырылған. Барлық режимді реттегіштің жұмыс тәсілі, тура беру әсерінен, жүктердің ортадан серпігіш күш әсері рычагтар жүйесі арқылы және рейкадан тығынжыл жұбына тікелей беріледі. Қозғалтқыш иінді білігінің қажетті айналу жиілігі отын жеткізу педалімен жалғастырылған рычагтың көмегімен реттегіш серіппесін тарту арқылы беріледі. Иінді біліктің берілген айналу жиілігіндегі серіппенің әрбір тартылысы ортадан тепкіш күшпен серіппенің тартылысының арасындағы теңдікпен орнықтырылады. Осы тәсілдегі КамАЗ дизель қозғалтқыш реттегішінің жұмысы ЯМЗ дизель реттегішінің жұмысынан ешқандай өзгешелігі жоқ, бірақ жалпы сызбасының құрылымында, сонымен бірге көрсетілген реттегіштердің жекеленген бөлшектері мен байламаларының құрылымы бойынша бір – бірінен өзгешеленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]