Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

8.4.1. Бүркілудің оздыру муфтасы

Иінді біліктің екі айналымында сорабының жұдырықша білігі бір айналым жасайды, қозғалтқыштың жұмыс істеу ретіне байланысты отын жоғары қысымды отын сорабының секциясынан беріледі. Иіндібіліктің айналу жиілігіне байланысты дизель цилиндрлеріне отын берілуінің басталуын өзгерту үшін

(8.10. сур.)отын бүркуді оздыру муфтасы атқарады, ол жұдырықша білікті жоғары қысымды отын сорбы білігінің жетегіне байланысты қосымша айналдырады. Соның нәтижесінде бүркуді оздыру бұрыштарын қалыпты (оптималь) болуын қамтамасыз етеді, бұл қозғалтқыштың тұтану процессін жақсартады, сонымен бірге жекеленген және толық жүктемемен жұмыс істегенде үнемділігі артады.

ЯМЗ дизельдерінің бүркуді оздыру механизмі тұрқысына 5 орнатылған, жетекші 6 және жетектегі 10 екі жартылай муфтадан тұрады. Жетекші жарты муфта жетектегі жарты муфтаның күпшегіне кигізілген және бірге айналып тұрады, ал жетектегі жарты муфта сораптың жұдырықша білігіне 11 қаттылап бекітілген. Жетекші жарты муфта аралық бөлшектер 2, 3 және 4 арқылы жетектің білігімен 1 жалғастырылған. Жарты муфталардың ортасына екі біркелкі жүктер 7 жетекші муфтаның осіне 8 орнатылған, ал өзінің қиғаш кесіндісімен жүкшелер жетекші муфтаның таяныш саусақтарын 12 қапсырып тұрады. ь 8 пен таяныш саусақтың 12 ортасына тірегіш серіппелер 9 орнатылған, екеуінің арасын алыстатуды көбейтуге ұмтылу арқылы, бір жарты муфтаны екіншісіне байланысты айналдырады. Бұл кезде жүктер 7 механизмнің ортасына жылжытылады, ал жетектегі жарты муфта жетекшіге байланысты бастапқы қалпында болады. Муфтаның жұмыс істеуіне жүктердің ортадан тепкіш күшінің тәсілін қолдану негізделген. Жетекші жарты муфтаның айналысында оның таяныш саусақтары 12 жүктердің 7 қиғаш кесіндісін басып, күш әсерін жетектегі жарты муфтаның осіне жеткізеді де, жоғары қысымды сорабтың жұдырықша білігін 11 айналдыратын жүктердің жұптасуын құрайды. Дизель иінді білігінің айналу жиілігіне байланысты жүктерге түсірілген ортадан тебуші күштердің әсері артады. Осы күштердің әсерінен жүктер 7 серіппелердің 9 қарсы күш әсерін жойып, бір – бірінен алыстайды. Бұл кезде жүктер, жетекші жарты муфтаның таяныш саусағының қиғаштүзулі қиындысымен сырғанап, оларға жетектегі жарты муфтаның осін жақындатады, соның нәтижесінде сорабының жұдырықша білігінің (айналу бағытымен)сораб жетегінің білігіне қатынасты бұрыштық ауытқу қозғалысы болады. Соған байланысты, отынды бүркуді оздыру бұрышы арттырылады. Иінді біліктің айналу жиілігінің төмендеуіне байланысты жүктердің сыртқа серпігіш күш әсері азаяды да серіппелердің әсерінен жетектегі жарты муфта жетекші жарты муфтаға қатынасты сорабтың жұдырықша білігінің айналуына қарсы бағытқа бұрылады, соның нәтижесінде отын бүркуді оздыру бұрышы кемиді. Муфта арқылы өзгеретін отын бүркуді оздыру максимальды бұрышы жетекші біліктің айналу бұрышына қатысты жұдырықша біліктің айналу бұрышы 6 – 8о және иінді біліктің айналу бұрышына қатысты жұдырықша біліктің айналу бұрышы 10–14о құрайды. КамАЗ-740 және ЗИЛ-645 дизельдерінің отын бүркуді оздыру муфталары, сонымен бірге ЯМЗ-236, -238, дизельдерінің отын бүркуді оздыру муфталарыда автоматты, сыртқа серпігіш механизмді болады. Олар бір – бірімен қозғалмалы серіппелі элементтер арқылы байланысқан жетекші және жетектегі жарты муфтадан тұрады. Олардың жұмыс істеу тәсілі ЯМЗ дизелінің отын бүркуді оздыру муфталарының жұмыс істеу тәсілімен бірдей болады. Муфталардың құрылымында ешқандай артық өзгерістері жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]