Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

8.4. Жоғары қысымды магистральдің

МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН БӨЛШЕКТЕРІ.

Дизельді қозғалтқышының жоғары қысымды магистралін қоректендіру аспаптарына жоғары қысымды отын сорабынан, бүркуді оздыру муфтасынан, форсункалар мен жоғары қысымды отын өткізгіш түтіктерден тұрады.

Жоғары қысымды отын сорабы. Отынды дәлдікпен мөлшерлеп және оны белгіленген момент мезгілінде жоғары қысыммен бүркігішке (форсункаларға) жеткізу үшін жоғары қысымды отын сорабы қолданылады. Дизелді қозғалтқыштарда көп тараған түрі және отын беру соңында реттелетін тұрақты жүрісті тығынжылы(плунжер) бар көпсекциялы сорабтар қолданылады. Сораб секцияларының орналасуы бойынша бір қатарлы және V-бейнелі болып бөлінеді. Отын сорабының әрбір секциялары дизельді қозғалтқыштың бір ғана цилиндрінің жұмысын атқарады, сондықтан отын сорабының секциялар саны цилиндрлер санымен анықталады.

Д изельдік отын сорабтары Д-245.12 — бірқатарлы төрт секциялы, ЯМЗ-236М2 — бірқатарлы алты секциялы ЯМЗ-238М2 мен ЗИЛ-645 дизельдерінде — бірқатарлы сегіз секциялы, КамАЗ-740 дизелінде — V – бейнелі сегіз секциялы болады. Сораб арқылы берілген бүркілу қысымы 17,0–18,5 МПа жетеді.

ЯМЗ-236М2, -238М2, ЗИЛ-645 пен Д-245.12 дизельдеріндегі бірқатарлы отын секцияларының құрылымы бойынша бір-бірінен айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Мысалы, құрылым түрлері бойынша ЯМЗ-236М2 дизелінің бірқатарлы бір-біріне ұқсас алты секциядан тұратын жоғары қысымды отын сорабы болады

(7.6 сур.). Сораб тұрқының 1 төменгі бөлігінде сальнигі бар өздігінен қозғалмалы екі радиальды-тіректі шарик ішпекке 20, тістегеріші(шестернясы) 11 мен жұдырықша білік 12 орнатылған.

Жұдырықша білікте сорабтың әрбір секциясына арналған профильді жұдырықшалар 79 және жоғары қысымды отын сорабының орналастыру жазығына 13 бекітілетін төменгі қысымды отын жеткізу сорабын іске қосатын эксцентригі 14 бар. Сораб тұрқының аралығында әрбір жұдырықшаға қарсы аунақшалы – түрткіш(ролик - толкатель) 18 орнатылған. Аунақшылдың осі 75 өзінің ұшымен сораб тұрқының ойығына кіріп тұрып, түрткіштің айналып кетуін болдырмайды.

Сорабтың секциялары тұрқының жоғарғы бөлігіне орналасып бұрандамен 29 бекітіледі. Әрбір сораб секцияларының негізгі бөлігі тығынжыл жұбы болып, тығынжыл 6 мен гильзадан 35 тұрады. Тығынжыл жұбы хром-молибденді болаттан жасалып және жоғары қаттылыққа дейін шыңдалады. Мұқият өңделгеннен кейін тығынжыл мен гильзаны жинағанда, олардың арасының бірігу саңылауы 0,0015 – 0,0020 мм болуы тиіс. Қозғалмалы бөлшектердің мұндай жақын бірігу тығыздығы, отынды бүркуге қажетті қысыммен қамтамасыз етеді. Дизель отыны тығынжыл жұбына арнамен 36 беріледі, ал кері қарай алдыңғы шетінде қақпақ астында орнатылған кері қайтару клапаны 5 бар арна 30 арқылы қайтарылады. Егер арнада қысым 0,16 – 0,17 МПа көбейетін болса, онда кері қайтару клапаны ашылып, отынның артық бөлігі отын багына қайтарылады. Отын жүретін арнаға ауа түсетін болса, онда тығынмен 8 бекітілген саңылау арқылы шығарылады. Гильза 35 шетінің өңделген бетіне сығымдағыш клапанның 33 ершігі 34 тіреліп тұрады. Ершік тығынжыл гильзасына штуцермен 7 тығыздағыш төсем арқылы қысылып тұрады.

Сығымдағыш клапан 33 таяныш конусты ойығы бар қалпақшадан, жүк түсіргіш белдемеден және отын жүруіне арналған қиығы бар құйрықшадан тұрады. Сығымдағыш клапан үстіне серіппе 32 орнаталған, оны ершікке итеріп тіреп тұрады. Жоғары шеті таяныштың 31 қырына тіреледі.

Сорабтың жұдырықша білігі 12 айналғанда жұдырықшаның ұшы 19 роликті түрткішке 18, одан болт 40 арқылы тығынжылға әсер етіп оны жоғары көтереді.

Жұдырықшаның ұшы 19 роликті түрткіштің 18 астынан айналып өткеннен кейін, таяныш тіректерге 39, 28 тіреліп тұрған серіппе 38, тығынжылды бастапқы орнына қайтарады. Рейка 3 гильзаға кигізілген бұрылу төлкесінің 16 тісті тәжісімен ілініседі, ал төлкенің төменгі бөлігінің тіктелген ойығына тығынжылдың қыры 17 орнығып тұрады.

Өзінің ось бағытында рейка 3 қозғалғанда төлке 16 гильзаның үстінде айналады да, тығынжыл қырына 17 әсер етіп, оны бұрады, соның нәтижесінде форсункаларға берілетін отынның мөлшері өзгеріп тұрады. Рейканың жүрісі оның бойлық ойығына кіріп тұрған таяныш винтпен 37 шектеледі. Рейканың артқы шеті Р тұрқында орнатылған иіндібіліктің айналу жиілігін шектеуіш жетегіне 10 жалғастырылған. Сорабтан рейканың шығып тұратын алдыңғы шеті қақпақпен жабылып пломбыланған, оған автомобильге сынақ жұмыстарын өткізгенде қозғалтқыштың қуаттылығын шектеуіш винті 2 бұралған.

Дизель цилиндрлеріне иіндібіліктің айналу жиілігіне байланысты отын бүркілуді оздыру үшін сорғының алдыңғы бөлігіне ортадан тепкіш муфта орнатылған. Ол жетекші 23 мен жетектегі 26 жартылай муфтадан тұрады. Жетекші жартылай муфтаға екі ось 27 бекітіліп, оған ортадан тепкіш жүкшелер 25 орнатылған, оның қиығына осьтің 27 бір шетіне ұстатылып тұратын серіппелер 22 қойылған, ал екінші шетіне — таяныш саусаққа 21 жетекші жартылай муфталар 23

орнатылады. Муфтаның механизмі жиналып жетектегі муфтаның бұрандасына бұралған қақпақпен 24 жабылған.

ЗИЛ-645 дизелінің жоғары қысымды отын сорабы бірқатарлы сегіз секциялы, бүркілу қысымы 18,5 МПа дейін жетеді. Ол цилиндрлер қаңқасының ортасына орнатылған. Сорабының жетегі иіндібіліктен екі тісіті дөңгелек арқылы жетек алып, серпімді муфта жетегіне және бүркілуді оздырудың автоматты муфтасына беріледі. Отын сорабының секциясы ЯМЗ дизелінің сорабы сияқты, тығынжыл (золотникті) типті, тығынжыл жүрісі тұрақты. Жекеленген құрылымдарының өзгелігіне қарамастан сорабтың секцияларының жұмыс істеуінде ЯМЗ-236М2, -238М2 дизель сорабының секциялар жұмысынан көп өзгешелігі жоқ.

Тығынжыл типті ЯМЗ-236М2, -238М2, Д-245.12, КамАЗ-740 және ЗИЛ-645 дизельдерінде орнатылған жоғары қысымды отын сорғының жұмыс істеуі тығынжыл үстінің қуысын отынды жекелеп өткізіп толтырудан, форсункаларға қысыммен отын жіберуден, тоқтатып және артылған отынды төгу түтігіне өткізуден басталады. Қозғалтқыш жұмыс істегенде отын сорабының рейкасы отын жіберу мөлшерінің өзгеруіне байланысты қозғалады, бұл кезде барлық секциялардың тығынжылы бірдей бұрылады.

Егерде барлық секциялар бірдей жұмыс істейтін болса, онда мысалға ЯМЗ-236М2 дизель сорабының бір секциясының жұмыс істеуін қарастырып көрейік. Тығынжылдың 1 төмен қозғалысында (8.8. а, сур.) гильзаның 12 ішкі қуысы сорабтың тұрқындағы 11 жіберуші арнасынан 10 жіберілген отынмен толтырылады. Бұл кезде жіберу саңылауы 9 ашылып, отын тығынжыл үстіндегі қуысқа 8 түседі. Сонан кейін жұдырықшаның әсерінен тығынжыл жоғары көтеріле бастайды (8.8.б, сур.), тығынжылдың жоғары жиегі гильзаның жіберу саңылауын 9 толық жапқанға дейін, отынды қайтадан жіберуші арнаға 10 кері қайтарады. Бұл саңылау жабылғаннан кейін отынның қысымы жедел артады,

1,2–1,8 МПа қысымдағы отын, серіппе 5 күшінің әсерін қайтарып, сығымдағыш клапанды 6 көтеріп түтік жетекке түседі.

Тығынжылдың жоғары қозғалысында форсунка серіппесінің қысым күшінен артық болатын қысымға жоғарлайды(16,5+05 МПа дейін), соның әсерінен форсунканың инесі көтеріліп жану камерасына отынның бүркілуі жүрізіледі. Отынның берілу тығынжылдың винттелген жиегі 13 (8.8. в, сур.) гильзадағы жіберу саңылауын ашқанға дейін жалғаса береді, соның нәтижесінде тығынжылдың үстіндегі қысым төмендейді, сығымдағыш клапан 6 серіппенің көмегімен тығынжыл үстінің қуысын бекітіп, жоғары қысымды түтіктен отынның берілуі тоқтатылады. Тығынжылдың тағыда жоғары қозғалысында отын тығынжылдың бойлық ойығы 2 мен винттелген жиегі 13 арқылы төгу арнасына 4 ағып барады.

Сығымдағыш клапан 6 жоғары қысымды түтікті босатады, өйткені оған цилиндрлі жүк түсіргіш белдеме 7 орнатылған, сондықтан клапан ершікке отырғанда отын түтітігінің көлемін шамамен 70 – 80 мм3 дейін ұлғаюын қамтамасыз етеді. Мұнымен отынның бүркілуі жеделдетіп тоқтатылады және форсунканың шашыратқышынан отынның тамшылауы болмайды, соның нәтижесінде қоспа араласуы мен жұмыстық қоспаның жану процесстері жақсарады, сонымен бірге форсунканың сенімді жұмыс істеуін арттырады.

Тығынжылдың жіберу саңылауының жабылғанынан шығару саңылауының ашылғанына дейінгі төлкенің ішіндегі қозғалысы тығынжылдың белсенді қозғалысы деп аталады, оны негізінен отын секциясының жұмыстық цикл кезінде берілген отынның мөлшерімен анықтайды.

Бір цикл мерзімінде сораб секциясынан берілген отынның мөлшерінің өзгеруі, тісті рейканың көмегімен тығынжылдың 1 бұрылуының нәтижесінде жүргізіледі. Әртүрлі бұрышқа тығынжылдың бұрылуы винттелген жиегінің көмегімен шығару саңылауының ашылу моменті қиылысады. Бұл кезде шығару саңылауының ашылу кешірек болса, форсункаларға отынның берілу мөлшері соншалықты көбейеді.

8.9. суретте тығынжылдың винттелеген жиегінің отын секциясының бір цикл жұмысындағы қалпы көрсетілген:

а) қалпы — максимальды жіберу және тығынжылдың 1 өте үлкен белсенді жүрісі. Бұл мезетте тығынжылдың винттелген жиегінен 5 шығару саңылауына 2 дейінгі аралығы Һ өте үлкен болады;

б) қалпы — аралық жіберу, тығынжылдың сағат тілі бойынша бұрылысында аралық Һ кемиді де, шығару саңылауы ертерек ашылады;

в) қалпы —нөлдік отын жіберу. Тығынжылдың бойлық ойығы 3 шығару саңылауына 2 (Л = 0) қарама қарсы орналасып бұрылады, Соның нәтижесінде тығынжылдың жоғары қозғалысы кезінде отын төгу арнасына қарай сығымдалады, отынның берілуі тоқтатылып қозғалтқыш жұмыс істемейді.

Иінді біліктің айналу бұрышына байланысты әрбір секцияға отын берілудің басталу моментін түрткішке бұратылған контрсомынды реттегіш болтпен 40 (8.6. сур.қараңыз) өзгертеді. Болтты тығынжылдың жоғарғы шетіне бұрап кіргізгенде гильзаның жіберу саңылауы 4 ерте жабылады да, (8.8. сур.қараңыз) отын форсункаларға ерте жіберіледі, өйткені отын берілу бұрышы көбейеді. Болтты түрткішке бұраған кезде бұл бұрыш кемиді де, форсункаларға отын кешігіп беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]