Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

8.3. Төменгі қысымды магистральдің

МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН БӨЛШЕКТЕРІ.

Төменгі қысымды магистраліне жанармай отын багы, ірі отын тазатқыш пен майда отын тазартқыш сүзгілері, төменгі қысымды отын жеткізуші сорабы, қолмен отын жіберуші сорабы және төменгі қысымды отын өткізгіш түтіктер.

Жанармай отынының багы. МАЗ-5335, -5432 автомобильдерінде отын багы 14 болат қаңылтыр жаймадан жасалған, раманың оң жағына кронштейнге орнатылып, тартпа хомуттармен бекітілген. Бактың жылжымалы тығыз жабылатын қақпақты және тор сүзгілі қылта аузы бар. Қақпақтың ауа шығару мен енгізетін қосарланған клапаны бар. Бактың ішінде отынды алдын-ала тазартатын (ірі тазартқыш) сүзгі және отын деңгейін көрсеткіш сезгі орнатылады. Бактың астыңғы бөлігінде тығынмен жабылған отын ағызу саңылауы бар.

Отынның ірі тазартқыш сүзгісі. Отынның ірі тазартқыш сүзгісі жанармай отынын алдын-ала тазалау үшін қолданылады. МАЗ автомобильдерінде ірі тазартқыш сүзгі 17 бактың 14 ішіне қойылады (7.2, а сур.) және тұрқымен отын жинағыш тік түтіктен 21, қақпақ 16 пен саңылауланған металл каркасқа 20 салынған, мақтақағаз жіптен тығыздалып жасалған сүзгі элементтен 19 тұрады. Төменгі қысымды отын сорабы отын жинағыш тік түтіктен 21 сүзгі элементке 19 жіберіледі, онда тазартылып, штуцер 15 арқылы төменгі қысымды отын өткізгіш түтікке 13 түседі.

ЯМЗ дизелінен КамАЗ-740 пен ЗИЛ-645 дизельдерінің ірі тазартқыш сүзгілері келесі құрылымды ерекшеліктері бар. Ірі тазартқыш сүзгінің арнайы (мақта-матадан) сүзгі элементі жоқ, ал отының тазартылуы стакан-тұрқысының ішіне орнатылған арнайы тыныштандырғыш тор сүзгінің көмегімен жүргізіледі. КамАЗ автомобилінде рама лонжеронына, ал ЗИЛ-4331 автомобилінде — отын багының кронштейніне бекітіледі.

Отынның майда тазартқыш сүзгісі. Отынның ірі тазартқыш сүзгісі жанармай отынын (7.3. сур.) жоғары қысымды отын сорабына жіберілерден бұрын мұқият тазалау үшін қолданылады. Ол тұрқыдан 8, қақпақтан 4 және сүзгі элементтен 3 тұрады. Қақпақ тұрқымен стерженьге 9 бұралатын бұрандамен 5 бекітіледі. Тығыздалып бекітілуін тығыздағыш төсем атқарады.

Сүзгіде отынның жүретін тұсында жиклер 6 бар, содан отынның (артық) бөлігі сүзгі элементіне түспей өткізгіш түтікпен отын ағызылады. Бұл сүзгінің ластануын азайтады және отынның үздіксіз төменгі қысымды магистраліне жіберіліп тұруын қамтамасыз етіп, жоғары қысымды магистральге ауаның түсуін болдырмайды.

Ауыстырмалы сүзгі элементі 3 болат каркастан 2 дайындалған, көп саңылау тесіктері бар. Каркас матамен қапталған, оның үстіне арнайы біріктіретін зат сіңдірілген сүзгі элементтін ораған. Сүзгі элементтің сыртқы бетін дәкеленген лентамен оралған. Қақпаққа 4 сүзгі элементі серіппенің 1 көмегімен қысылады. Төменгі қысымды отын сорабының жұмысы кезінде жанармай отыны жиклер 6 арқылы сүзгі элементіне жіберіледі, одан тазартылған отын каркас 2 пен өзектемірдің 9 арасына түседі, одан соң, арна арқылы жоғары қақпаққа 4 көтеріліп, отын өткізгіш түтікпен жоғары қысымды отын сорабына жіберіледі. Жүйені отынмен толтырып, араласқан ауаны шығару үшін, қақпақтағы тығынмен 7 бекітілетін саңылау атқарады. Сүзгінің түбіне тұндырылған механикалық қалдықтарды төменгі тығынмен 10 бұрандалы бекітілген саңылаудан жібереді.

КамАЗ-740 және ЗИЛ-645 дизелдерінің майда тазартқыш сүзгілерінің келесі ерекшеліктері болады. Майда тазартқыш сүзгі 36 (7.2. сур.) қоректендіру жүйесінің басқа аспаптарынан жоғары орналастырылған, жанармай отынының алмасуы кезінде, жүйеде пайда болған ауаның қоспасын, 0,15...0,17 МПа қысымнан артық болған кезде жеңілдетіліп, жиклер арқылы оған орнатылған қосымша клапан ашылып, бакқа жіберетін отын өткізгіш түтікпен құйылады.

Жанармай отынының сапалы тазартылуын арттыру үшін майда тазартқыш сүзгісі, арнайы қағаздан тығыздалып дайындалған және қосарланған бір тұрқыға орнатылған паралель жұмыс істейтін екі ауыстырмалы сүзгі элементтері қолданылады.

Төменгі қысымды отын сорабы. Бұл отын сорабы жанармай отынын бактан жоғары қысымды отын сорабына жеткізу үшін арналған. Поршень типті отын жеткізгіш сорабы жоғары қысымды отын сорабының жұдырықша білігінің эксцентригінен қозғалысқа келтіріледі. Сораптың тұрқына отынның жіберілуі және шығарлуы үшін серіппелермен 14, 16 қысылған жіберу 13 және шығару 15 клапандары орнатылған. Поршень 19 роликті түрткіштің 3 көмегімен қозғалысқа келтіріледі, ол роликтен 2, штоктан 5 және эксцентрикті 23 түрткішке қысып тұратын серіппеден 4 тұрады (8.4, б, сур.). Поршеньнің 19 жоғары қозғалысында қысыммен келтілген отынның жіберілуіне байланысты жіберу клапаны 13 жабылады, а шығару клапаны 15 ашылады.

Бұл кезде отын А қуысынан өткізу арнасы 22 арқылы Б қуысына түседі, оның көлемі поршеньнің жоғары қозғалысына байланысты арттырылады.

Поршеньнің 19 төмен қозғалысы кезінде (8.4, в, сур.) шығару клапаны 15 жабылады да, отын Б қуысынан сораптың шығару саңылауына барып, одан шығару штуцері 17 арқылы майда тазартқыш сүзгісіне түсіп, сонан соң жоғары қысымды отын сорабына жіберіледі.

Б ұл кезде А қуысының көлемінің ұлғаюына байланысты сейілту пайда болады, сның әсерінен жіберу клапаны 13 (8.4, б, сур.) ашылып, жіберу саңлауының штуцері 7 (8.4, а, сур.) арқылы жаңа жанармай отыны түсіп, сорабтың жұмысы кезектесіп қайталанады. Дизельді қозғалтқыштың әртүрлі жұмыс режимдерінде отын өткізу арнасында 22 (8.4, б, сур.) тұрақты қысым арнайы дайындалған серіппенің 18 көмегімен поршеньді 19 ауыспалы жүріске келтіру арқылы жеткізіледі.

Дизельдің жекеленген жүктемелі режимінде отынның кіші шығыны кезінде Б

қуысындағы қысымның әсерінен поршень 19 өзінің толық жүрісін жүргізе алмайды, сондықтан түрткіштің штогы 5 (8.4, а, сур.) бос жүрісте қозғалады, соның нәтижесінде отынның жіберілуі азаяды. Шток 5 пен бағыттаушы төлке 20 саңылауы керегесінің арасынан түсетін отынмен жоғары қысымды отын сорабының картеріндегі майдың араласуын болдырмау үшін, қайтадан жіберу клапанының 13 қуысына дренажды арна 6 арқылы жіберіледі. Төменгі қысымды отын сорабының тұрқына қолдың көмегімен отын жеткізу сорабы орнатылған, ол қоректендіру жүйесін жанармай отынымен толтыруға және жөндеу – реттеу жұмыстарынан кейін немесе автомобильді ұзақ уақыт тұрықта сақтау кезінде жүйеде пайда болған ауаны шығару үшін қолданылады. Қолдық сорабы цилиндрден 11, штогы 9 бар поршеньнен 8 және тұтқадан 10 тұрады.

Қолдың көмегімен отын жеткізу үшін тұтқаны 10 бұрандалы ұштықтан 21 бұрап ағытып (8.4, в, сур.), тұтқамен штокты қозғау арқылы әдеттегі поршеньді сорабы ретінде қолданып, магистральға отын толтырады немесе жүйенің ішіндегі ауаны шығарады. Қолмен отын жеткізіп болғаннан кейін қоректену жүйесіне қолдық отын жеткізу сорабынан ауа сорылуын болдырмау үшін, тұтқаны 10

ұштыққа 21 қаттылап бұрап, поршеньді төсемге 12 толық тығыздап (8.4, а, сур.) бекітеді. ЯМЗ-236М2 мен ЯМЗ -238М2 дизельдерін КамАЗ-740, ЗИЛ-645 және

Д -245.12 дизельдерін салыстыру барысында жоғары қысымды отын сорабтарының құрылымы бойынша жеке бөлшектерінің өзгешелігі болғанымен олардың жұмыс істеу тәсілдерінде айтарлықтай өзгешелік болмайды. КамАЗ-740 дизелінің (8.5. сур.) төменгі қысымды отын сорабы келесі тәсілмен жұмыс істейді. Түрткіштің 1 төмен түсуіне байланысты поршень 2 серіппенің 3 көмегімен төмен қозғалады. Бұл кезде А қуысында сейілту жүргізіліп, жіберу клапаны 4 серіппені сығымдап ашылып, отынды осы қуысқа отын өткізгішпен ірі отын тазартқыш сүзгіден жібереді.

Б –қуысында болған жанармай отыны бір уақытта сығымдалып, жоғары қысымды отын сорабына ығыстырылады (ЖҚОС).

Поршеннің 2 жоғары қозғалысы кезінде алдын ала түскен отын қысымының әсерінен жіберу клапаны 4 жабылып, шығару клапаны 6 ашылады. Бұл кезде отын А – қуысынан отын өткізу арнасы арқылы Б – қуысына түседі және поршеннің 2 төмен ауыспалы қозғалысы кезінде сорабтың суреттелген жұмыс циклы қайталанады. Төмен қысымды отын сорабының фланцасына қолдық отын шайқалту сорабы 5 бекітіледі. КамАЗ дизельдерінің қоректену жүйесінде ұқсас үлгіде қолдық отын шайқалту екінші сорабы орнатылған, ілініс картеріне тіреуіш арқылы бекітіледі . Мұндай сорабтан кабина аудармай жанармай отынын қолдың көмегімен жіберуге мүкіндік береді, қозғалтқышты оталдыру кезінде, әсіресе күрделі жағдайда маңызды пайдалану шарттарында ыңғайлылық көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]