
- •1.1.Автомобильдің жалпы құрылымы
- •1.2. Автокөлік құралдарының түрге бөлінуі
- •2.1. Қозғалтқыштың жалпы құрылымы
- •2.2. Іштен тұтанатын поршеньді қозғалтқыштардың
- •2.3. Көп цилиндрлі қозғалтқыштар.
- •2.4. Қозғалтқыштардың жалпы құрылысы
- •2.5. Поршень топтары мен бұлғақтар.
- •3.1. Газ тарату механизмінің негізгі түрлері.
- •3.3. Клапандар механизмдерінің бөлшектері.
- •4.1.Салқындату жүйесінің түрлері мен жұмыс істеу тәсілдері.
- •4.2. Сұйықтықпен салқындату жүйесінің аспаптарының
- •4.3. Тұтандыру алдындағы жылытқыш.
- •5.1. Бөлшектерді майлаудың шартты міндеті.
- •5.2. Майлау жүйесінің құрылысы мен жұмыс істеу тәсілі.
- •5.3. Майлау жүйесінің аспаптары мен механизмдері.
- •5.4. Картерлік газдарды тазалау.
- •6.1. Жанармайдың ауамен араласуы және жанғыш қоспаның құрамы.
- •6.2. Қоректендіру жүйесінің жалпы құрылысы
- •6.3. Жеңіл автомобильдер қозғалтқыштарының карбюраторлары.
- •6.4. Жанармай отынын жеткізу мен ауа тазалау аспаптар.
- •6.5. Ауа жіберу мен өтелген газдарды шығару құбырлары.
- •6.6. Қозғалтқыштың бензин отынын
- •6.6.1. Орталықты бүрку жүйесі.
- •6.6.2. Таралымды бүрку жүйесі
- •6.6.3. Жанармай отынын бүрку жүйесінің аспаптары.
- •6.6.4. Тікелей бүрку жүйесі.
- •7.1. Газбаллонды құрылғының жалпы құрылысы мен жүйеленген сызбасы.
- •7.1.1. Жүк автомобилінің сұйытылған газ отынына арналған газбаллонды қондырғылары.
- •7.1.3. Жүк автомобилінің сығымдалған газ отынына арналған газбаллонды қондырғылары.
- •7.2. Газ отынын жеткізу аспаптары.
- •7.3. Газ отынын араластырғыштар.
- •7.4. Отынын құю, қозғалтқышты тұтандыру мен тоқтату.
- •8.1. Дизельдегі қоспа араласудың ерекшеліктері.
- •8.2. Дизельдің қоректендіру жүйесінің жалпы құрылысы.
- •8.3. Төменгі қысымды магистральдің
- •8.4. Жоғары қысымды магистральдің
- •8.4.1. Бүркілудің оздыру муфтасы
- •8.4.2. Форсунканың құрылымы мен жұмыс істеуі.
- •8.5. Иінді біліктің айналу жиіліктерін реттегіштер.
- •8.6. Дизельдегі турбоүрлегіш
- •9.1. Электр тогы, өткізгіштер мен оқшаулағыштар.
- •9.2. Магнит. Электрлі магнит пен электр магнитті индукция.
- •9.3. Жартылай өткізгіш аспаптар.
- •10 Тарау. Электрлі қоректендіру жүйесі.
- •10.1. Электр жабдықтарының жүйелік сызбасына
- •10.2. Аккумулятор батареялары.
- •10.2.1. Аккумулятор батареясының негізгі
- •10.3. Генератор қондырғылары
- •11 Тарау. Тұтандыру жүйесі.
- •11.1. Контактылы тұтандыру жүйесі.
- •11.2. Тұтандыру жүйесінің құралдары мен аспаптары.
- •11.3. Контактылы –транзисторлы тұтандыру жүйесі.
- •11.4. Контактысыз тұтандыру жүйесі.
- •12 Тарау. Қозғалтқыштың электрлі тұтандыру
- •12.1. Электрлі іске қосу жүйесі
- •12.1.1. Стартердің құрылысы мен жұмыс істеуі.
- •12.1.2 Төмен температурада қозғалтқышты
- •12.2. Бақылап-өлшеу аспаптары.
- •13 Тарау. Жарықтандыру, дабыл беру мен электр жабдықтарының сызбасы.
- •13.1. Жарықтандыру мен жарықты дабыл беру аспаптары.
- •13.2. Сыртқы жарықтандыру мен жарықты
- •14.1. Трансмиссияның негізгі түрлері.
- •14.2.1. Бір дискілі сығылмалы серііппелі ілініс.
- •14.2.2. Бір дискілі мембрана серппелі ілініс.
- •14.2.3. Қос дискілі ілініс.
- •14.3. Беріліс қорабы.
- •14.3.1. Төртсатылы беріліс қорабы.
- •14.3.2. Төрт сатылы беріліс қорабының жұмыс істеуі.
- •14. 4. Автоматтандырылған беріліс қорабы
- •14. 5. Гидромеханикалық беріліс.
- •14.6. Айқартопсалы беріліс.
- •14.6.1. Бұрыштық жылдамдықтары тең емес
- •1 4.6.2. Бұрыштық жылдамдықтары тең топсалы
- •14.7. Басты беріліс пен дифференциал.
- •14.8. Жетекші белдік пен жарты осьтар.
- •15.1. Рама мен тартқыш – тіркеме құрылғы.
- •15.2. Алдыңғы басқарылушы белдік.
- •15.2.1. Алдыңғы доңғалақтың орналасу бұрышы.
- •Автомобильдің алды
- •15.3. Автомобильдің серпімді аспалары.
- •15.3.1. Тәуелді серпімді аспалар.
- •15.3.2. Тәуелсіз серпімді аспалар.
- •15.3.3. Балансирлі ( теңгерулі) аспалар.
- •15.4. Гидравликалық амотизаторлар.
- •15.5. Доңғалақтар мен шиналар.
- •16.1. Басқару жүйесі және оның жалпы құрылысы.
- •16.2. Рульдік механизм мен жетеігі.
- •16.2.1. Винтті рульдік механизм.
- •16.2.2. Құрамдастырылған жетекті рульдік механизм.
- •16.2.3. Рейкалы рульдік механизм.
- •16.2.4. Рульдік жетек.
- •16.3. Рульдік жетектердің күшейткіштері.
- •17.1. Тежеуіш жүйесі туралы жалпы түсінік.
- •17.2. Тежеуіштің жетектері.
- •17.3. Тежеуіштің гидравликалық жетегі.
- •17.4. Тежеуіш жетегінің күшейткіші.
- •17.5. Пневматикалық тежеуіш жетегі. Компрессор.
- •17.6. Ауа қысымын реттегіш.
- •17.6.1. Ауа жинау баллоны. Тежеуіш краны.
- •17.7. Көп контурлы пневматикалық тежеуіш жетегі.
- •17.8. Тежеуіштің механикалық жетегі.
- •17.9. Құрамдастырылған жетекті тежегіш
- •18.1. Шанақтың түрлері.
- •18.1.1. Жеңіл автомобильдердің шанақтары.
- •18.1.2. Автобустар шанақтары.
- •18.1.3. Жүк автомобилінің шанақтары.
- •18.2. Жүргізушінің кабинасы.
- •18.2.1. Кабинаны жылыту және тазалау.
- •18.2.2. Әйнектазалағыш және әйнекжуғыш.
- •18.3. Автомобиль – аударғыштың шанақ көтеру
- •18.3.1. Автомобиль шанағын көтеру
- •19.1 Автомобиль – тягатар.
- •19.2. Тіркемелер мен жартылай тіркемелер.
- •1Тарау. Жалпы мәліметтер................................................................................................
- •2 Тарау. Іштен тұтану қозғалтқыштары.
- •3 Тарау. Газ тарату механизмі.
- •4 Тарау. Салқындату жүйесі.
- •5 Тарау. Майлау жүйесі.
- •6 Тарау. Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі.
- •7 Тарау. Газбаллонды қондырғылы автомобильдер
- •8 Тарау. Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі.
- •9 Тарау. Электротехника бойынша жалпы мәліметтер.
- •10 Тарау. Электрлі қоректендіру жүйесі.
- •11 Тарау. Тұтандыру жүйесі.
- •12 Тарау. Қозғалтқыштың электрлі тұтандыру жүйесі
- •13 Тарау. Жарықтандыру, дабыл беру мен электр жабдықтарының сызбасы.
- •14 Тарау. Трансмиссия.
- •15 Тарау. Алып жүру жүйесі, басқарылушы белдік пен аспалар.
- •16 Тарау. Басқару жүйесі.
- •17 Тарау. Тежеуіш жүйесі.
- •18 Тарау. Шанақ пен қосымша құрылымдар.
- •19 Тарау. Автомобиль поездар.
8.2. Дизельдің қоректендіру жүйесінің жалпы құрылысы.
Дизельді қоректендіру жүйесіне жанармай отынын және ауа жеткізу аппрптуралары, өтелген газдарды шығару құбыры мен өтелген газдардың дыбысын өшіргіш жатады. Төрт ырғақты дизельдерде отын жеткізу аппаратураларының бөлектелінген түрі көп тараған, оларда жоғары қысымды отын сорабы мен форсункалар бөлек орнатылып отын жеткізу түтігімен жалғасады. Дизель отын жеткізу негізгі екі магистральмен жүргізіледі: төменгі және жоғарғы қысымда. Төменгі қысымды магистральдің механизмдері мен бөлшектерінің міндеті отынды сақтау орнынан, оны сүзгіден өткізу және кіші қысыммен жоғары қысымды отын сорабына жеткізуден тұрады. Жоғарғы қысымды магистральдің механизмдері мен бөлшектері дизель отынын жеткізіп және қозғалтқыш цилиндрлеріне қажетті мөлшерде отынды бүркуді қамтамасыз етеді.
ЯМЗ-236М2
мен ЯМЗ-238М2 (7.2, а, сур.) дизелінің жанармай
отын аппаратурасының негізгі механизмдері
мен бөлшектеріне: жоғары қысымды отын
сорғы 10; төменгі қысымды отын жеткізуші
сорғы12; отын бүркілуді оздыру муфтасы
2, цилиндрлер бастиегіне орнатылған
форсункалар 5, отын багы 14 ірі тазартқыш
отын сүзгісімен 17, майда тазатқыш отын
сүзгісі 3, төменгі қысымды
отын өткізгіш түтіктер 8 және 7, жоғары қысымды отын өткізгіш түтіктер 9, кері құю отын өткізгіш түтіктер 6, 4 және 1.
Жоғары қысымды отын сорабының жетегі дизель қозғалтқышының таратқыш білігіне орнатылған тістегерішті беріліс арқылы іске қосылады. Жетектің білігі 23 қақпақпен 24 жабылған ішпектерге орнатылған. Отын бүркілуді оздыру автоматты муфтасының 2 көмегімен ол сорабтың жұдырықша білігімен жалғастырылған, артқы шетіндегі қақпақ 11 астында дизельдің иіндібілік айналу жиілігінің көпрежимді реттегіші қондырылған.
Отын аппаратурасының механизмдері мен бөлшектерінің бірігіп жұмыс істеуі және ондағы отынның қозғалысы келесі тәсілмен жүргізіледі. Төменгі қысымды отын жеткізу сорғы12 отын өткізгіш түтікпен 13 бактан 14 отынды арқылы ірі тазартқыш отын сүзгісі 17 арқылы сорылып, артық қысыммен отын өткізгіш түтікпен 8 майда тазатқыш отын сүзгісіне 3 жіберіледі.
Бұл отын сүзгісінен 3 отын өткізгіш түтікпен 7 отын жоғары қысымды отын сорабына жіберіліп, одан отын жоғары қысыммен отын өткізгіш түтік 9 арқылы дизельдің жұмыс істеу ретіне байланысты оның форсункаларына 5 беріліп, олар арқылы цилиндрлерге бүркіледі.
Төменгі қысымды отын жеткізу сорабы 12 дизель отынын көп мөлшерде жібереді, бұл дизельдің жұмыс істеуіне қажетті, онда отынның жоғары қысымды отын сорабында қолданылмаған бөлігі, кері қайтару клапанынан 22 кері құю отын өткізгіш түтіктері 4 пен 1 арқылы отын багына құйылады. Форсункалардың 5 бөлшектерінің саңылауы арқылы бүркілмей өткен дизель отыны кері құю түтігімен 6 отын багына құйылады. Бұл кезде бүркілуге қолданылмай қалған дизель отыны сорап пен форсункалардың бөлшектерін майлау мен салқындатуды қамтамасыз етеді.
КамАЗ-740 дизелінде (7.2, б, сур.) дизель отыны бактан 40, төменгі қысымды отын жеткізуші сорабынан 27 келтірілген сейілтудің көмегімен, ірі тазартқыш 43 және майда тазатқыш 36 отын сүзгілері арқылы жіберіледі.
Төменгі қысымды отын өткізгіш түтіктермен 41, 45, 28 және 37 дизель отыны жоғары қысымды отын сорабына 29, одан отын жоғары қысыммен отын өткізгіш түтік 25 арқылы оның форсункаларына 30 беріліп, олар арқылы дизельдің жұмыс істеу ретіне байланысты цилиндрлерге бүркіледі. Қолданылмаған дизель отыны мен жүйеде пайда болған ауа жоғары қысымды отын сорабының 29 кері қайтару клапаны мен майда тазатқыш 36 отын сүзгісінің клапан-жиклер кері құю түтіктерімен 35 және 38 бакқа құйылады. Форсункалардан артылған дизель отыны кері құю түтіктерімен 44 және 33 үштік жалғама 42 мен отын өткізгіш түтік 39 арқылы бакқа құйылады.
ЗИЛ-4331 және КамАЗ автомобильдерінің дизельдерінде төмен температура жағдайында олардың оталуын жеңілдету үшін отын жүйесіне электрліфакель құрылғы жалғастырылған.
Құрылғыға жіберу құбырына орнатылған және ауаны жылытатын факельді шамы 34 жатады, жылытылған ауа цилиндрлерге жіберіледі. Дизель отыны факельді шамына отын өткізгіш түтікпен 31 магнитті клапан 32 арқылы түседі. Электрліфакель құрылғы температураның – 25оС қозғалтқыштың оталуын жеңілдетуге қажетті құрал болып табылады, сонымен бірге оталдыру процессі кезінде аккумулятор батареяларын жүктелуден сақтайды, дизельдің жүктелу жұмысын жеделдетеді және қыздырылмаған қозғалтқыштан шығарылтын өтелген газдардың түтіндеуін азайтады.