Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

7.1. Газбаллонды құрылғының жалпы құрылысы мен жүйеленген сызбасы.

Автомобиль қозғалтқыштарында газды жанармай ретінде пайдалану жүк тасымалдау шығынын кемітуге, қоршаған ортаның ластануын азайтуға ықпалын тигізеді. Жанармай отыны ретінде газбаллонды автомобильдерде сығымды (табиғи) және сұйықты (мұнай) газдары қолданылады. Сығымды газ метаннан, сұйықты газ пропан мен бутаннан тұрады. Газбен қоректендіру жүйесінде цилиндр кенересінде күйе орнауын азайтады, жанармайдың булануын кемітеді, майдың жануы мен май қабыршығының жуылып кетуін болдырмайды, сондықтан май айырбастау мерзімі 1,5 – 2 есеге арыттырылады. Газ бен ауадан құралған жанғыш қоспа цилиндр ішінен жанып шыққан кезде адам ақзаларына кері әсер келтіретін улы заттары аз болады. Газ жанармайы жанған мезгілде, олардың басқа жанармайларға қарағанда, жану жылдамдығы мен жылу бөлінуі төмен болады. Пайдаланған газ жанармайы түрлеріне қарай қозғалтқыштың қуатын бірдей қысым дәрежесінде 7-12 % кемітеді. Сұйықты газбаллонды қондырғылы қоректендіру жүйесімен жұмыс істейтін жүк автомобильдері ЗиЛ-138, ГАЗ-53-07, жеңіл автомобильдер ГАЗ «Волга» мен «Жигули» автомобильдерінің барлық модельдері, автобустар ЛАЗ-695П, ЛиАЗ-677Г, қысымды газбаллонды қондырғылы автомобильдер ЗиЛ-138А, ГАЗ-53-27 және т.б. Газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштардың жұмыс істеу циклдары карбюраторлы қозғалтқыштардың жұмыс істеу циклдарымен бірдей, бірақ құрылысында көп өзгешеліктер бар.

7.1.1. Жүк автомобилінің сұйытылған газ отынына арналған газбаллонды қондырғылары.

Сұйытылған газбен жұмыс істейтін газбаллонды ЗИЛ жүк автомобильдерінің базалық моделі, ЗИЛ-138 автомобилі болады.

Сұйытылған газ сұйық және булы түрінде автомобильдің алдына қарай сол жағына орналастырылған баллонда 25 болады. Баллонның алдыңғы бүйіріне газдың булы 19 және сұйытылған 24 фазаларының шығын вентильдері орнатылған. Қозғалтқышты оталдырғанда және қыздырғанда бу фазасынан, ал қыздырылғаннан кейін – сұйытылған газ фазасынан газ отынымен қоректендіруге қолданылады. Шығын вентильдерінен 19, 24 газ отыны магистральды вентильге 14 келіп түседі, содан кейін жоғары қысымды шланг 7 түтік арқылы газ буландырғышқа 4 барады. Газ бландырғыштағы 4 сұйықты газ, салқындату жүйесінен түтік 2 арқылы келетін ыстық сұйықтықтың жылуымен буға айналып, шланг түтікпен 3 сүзгіге 16 жіберіледі, онда механикалық қоспалардан (қабыршық, тот тозаңы) және т.б. заттардан тазартылады. Содан кейін газ отыны шланг түтікпен газ бәсеңдеткіштің сүзгісінен 12 өтіп газ бәсеңдеткішке 10 беріледі, онда газ қысымы атмосфера қысымына жақын екі сатылы төмендетіледі. Қысымы төмендетілген газ, бәсеңдеткіштің екінші сатысының қуысынан мөлшерлегіш – экономайзерлі құрылғысы 9 арқылы түтікпен 8 газ араластырғыштың 17 жіберу құбырындағы кері қайтару клапанына бағытталады да, форсунка арқылы газ араластырғыштың дроссельдік қалқалағыштарына жіберіледі. Газ араластырғыштан газдыауа қоспасы қозғалтқыштың цилиндріне беріліп, онда тұтанады.

Газ құрылғысының жұмысын, газ бәсеңдеткіштің бірінші сатысындағы қысымды көрсететін манометрмен 13, және сезгіден 21 анықтама алатын баллондағы сұйықты газдың деңгейін көрсеткішпен бақылайды.

Газ бәсеңдеткіш 10 қозғалтқыштың үстіне кронштейндердің көмегімен тікелей орнатылады, газ сүзгісі 16 кабинаның алдна капот астына бекітіледі, ал газ буландырғыш 4 жіберу құбыржетегінің үстіне бекітіліп орнатылады. Бәсеңдеткіштің бірінші сатысының газ қысымы манометрі 13 және баллондағы газ деңгейін көрсеткіші аспаптар қалқанында орналасқан. Жүргізуші кабинасының ішіне магистральды вентильдің 14 тұтқасыда енгізіліп орнатылған. Сұйытылған газ баллоны автомобиль қаңқасына бекітілген кронштейндерге орнатылған.

Автомобильдерде газ қондырғысы мен бірге қосымша қоректендіру жүйесі орнатылады. Қосымша қоректендіру жүйесі бензинмен жұмыс істегенде, газдың толық біткен кезінде немесе ақау пайда болған кезде пайдаланылады.

Қосымша қоректендіру жүйесі жанармай багы 5 кранымен 6, отынжетегінен 7, жанармай сорабынан 1, жанармай сүзгі-тұндырғышынан 4 және келте құбырдың екі шетіне орналастырылған тор жалын өшіргіші бар бір бөлмешекті карбюратордан 2 тұрады.

Қосымша қоректендіру жүйесі құрылғысының араластырғыш пен енгізу құбының ортасына арнайы қыстырма қондырғы 3 орнатылған, карбюраторды қозғалтқышға жалғайтын өткізгіш элемент болып табылады. Газбаллонды қондырғылы автомобильді бензинге ауыстырғанда қозғалтқыш жұмысы номиналды қуаттың 30-40 %-на дейін артады.

Г азбаллонды қондырғылы ГАЗ жүк автомобильдерін ЗИЛ автомобильдеріне орнатылған құрылғылармен салыстырғандағы өзгешелігі, негізінен газбен қоректену жүйесінің газ сүзгісі орнатылмаған, соның нәтижесінде жоғарғы қысымды түтіктердің саны азаяды және кейбір газ қондырғыларының капот астында орналасуы өзгереді. Сонымен бірге ГАЗ автомобильдерінің қозғалтқыштарында карбюратор – араластырғыш орнатылған, ол қозғалтқыштың газ отынымен де және бензинмен де жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сондықтан барлық ГАЗ жүк автомобильдерінде бензинге арналған жанармай багының көлемі, газбаллонды ЗИЛ автомобильдеріне қарағанда өте жоғары және 90 л құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]