Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

6.5. Ауа жіберу мен өтелген газдарды шығару құбырлары.

Жіберу құбыры жанғыш қоспаны карбюратордан қажетті арналар арқылы цилиндрлерге жеткізу үшін, ал шығару құбыры – қозғалтқышта өтелген газдарды сыртқа шығару үшін қолданылады. Ауа жіберу құбырын алюминий қортпасынан, ал шығару құбырын – сұр шойыннан құйып жасайды. Газдарды шығару құбырлары газдардың қозғалысына минимальды кедергі келтіріп, цилиндрлердің іші көбірек толуы үшін және өтелген газдардан жақсы тазаруына мүмкіндік келтіруі тиіс. Жіберу құбыры қозғалтқыштың жекленген цилиндрлеріне жанғыш қоспаның тең таралуын қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге жанғыш қоспаның жүруі кезінде отынның ұсақ қоспалары жіберу құбыр арналарының керегесінде жабысып қалады. Бұл қозғалтқыш цилиндрлеріне барған қоспаның құрамының әртүрлі өзгеру себебі болып, қалыпты жану процессі бұзылады. Бұл құбылысты болдырмау үшін, жіберу құбырына жанғыш қоспаны қыздыру қолданылады.Сондықтан жіберу құбырының қабырғаларының жартысы қосарланып жасалады, оның арасымен өтелген газдар немесе қозғалтқыш қаңқасының сұйықтық тысынан берілген салқындату сұйықтығы жүріп тұрады.

V- бейнелі қозғалтқыштарда жіберу және екі шығару құбырлары қолданылады. Жіберу құбыры қаңқаның бастиектерінің ортасына орналастырылады. Оны алиминий қортпасынан құйып және фрезерленген жазықтығымен екі бастиегіне, бойлық екі асбестік пен көлденең екі резиналы төсем арқылы бұрандаларға сомындармен бекітіледі. Цилиндрлерге жанғыш қоспа жіберетін арналары 7 мен 8, салқындату жүйесінің ыстық сұйықтығы жүретін арналары 6 мен 9 арқылы қоспа қыздырылып тұрады. Карбюраторды бұрандаға 2, радиатордың келтеқұбырын бұранда 3, клапанмен 1 жалғастырылған картерлік газдарды тазалау құбыры бұранда 4 және отын сорабын бұрандаға 5 бекітеді. Жіберу құбыры карбюратордың әрбір бөлмешегінен берілген жанғыш қоспаны белгіленген цилиндрлер тобына қозғалтқыштың жұмыс істеу ретіне байланысты жанғыш қоспаның сапасына қарай бірдей мөлшерде жүруіне арналып орнатылған.

Барлық бірқатарлы қозғалтқыштарда екі газ құбырыда бірге біріктірілген, келтеқұбыр фланцалары бұранда мен сомындар арқылы цилиндрлер қаңқасына бекітілген (ЗИЛ-157КД қозғалтқышында) немесе қаңқаның бастиегіне(ГАЗ 24-10 «Волга» және ГАЗ 31-02 «Волга» автомобильдерінің қозғалтқыштарында). Өтелген газдардың жылуымен жанғыш қоспаны қалыпты қыздыруды реттеу үшін мұндай қозғалтқыштардың газдарды шығару құбырына қайталанғыш қалқалағышы орнатылып, жіберу құбырының қыздыру қуысына түскен өтелген газдардың мөлшерін автоматты түрде өзгертіп тұрады. Қайталанғыш қалқалағыштың қалпын реттеу – қолмен немесе автоматты түрде жүргізіледі.

6.6. Қозғалтқыштың бензин отынын

БҮРКІП ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ.

Қазіргі бүркігіш карбюратордың қарапайым карбюратордан өзгешелігі, оннан астам қосымша құрылғысы бар, және оның қоспа дайындауы өзге ерекшелікпен жүргізіледі. Сонымен бірге карбюраторлы қоректендіру жүйесі бар қозғалтқыштың жұмыстық режимдері белгіленген шектікте болады.

Карбюраторлы қоректендіру жүйесімен салыстырғанда отынды бүркіп қоректендіру жүйесінде бірқатар артықшылықтары бар:

  • қозғалтқыштың жоғары қуаттылығы;

  • жақсартылған үнемділігі;

  • жанғыш қоспаның құрамын дәлдікпен реттеп беру мүмкіндігі;

  • өтелген газдардағы зиянды қалдықтарды азайту;

  • сығылу дәрежесінің 2 – 3 бірлікке көбейту мүмкіндігі;

Қуаттылық пен үнемділік көрсеткіштері отынды цилиндрлерге тура таратып бүркіу мен енгізу кезіндегі кедергілерді азайту арқылы жүзеге асады(карбюратор жоқ). Ал сығылу дәрежесін көбейтуді жақсарту цилиндрлерді таза ауамен толтыру арқылы оның температурасын төмендетеді.

Бүрку жүйесінің кемшіліктеріне:

  • бағасының жоғары болуы;

  • техникалық қызмет көсетудің күрделілігі, арнайы құрылғылардың қажет болуы мен қызметші мамандардың жоғары біліктілігі қажет;

  • бензин отынының тазалығы мен сапасына жоғары талап қою керек;

Орталық бүрку жүйесінде бір форсунка қолданылады, оны карбюратордың орнына орнатады және бүркілу енгізу құбырына жүргізіледі де қозғалтқыштың барлық цилиндрлеріне қызмет көрсетеді.

Таралымды бүрку жүйесінде жекеленген форсункалар әрбір цилиндрлердің жіберу клапандарының маңында орнатылады.

Тікелей бүрку жүйесінде форсункалар цилиндрлер қаңқасының бастиегіне орнатылып, жану бөлмешегіне тікелей бүркіп жеткізеді.

Кесте бойынша бүрку жүйесінің көрсеткіштері, отын жеткізу орны мен тәсілі, отын мөлшерін реттеу тәсілі және ауа шығынын анықтау тәсілі көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]