
- •1.1.Автомобильдің жалпы құрылымы
- •1.2. Автокөлік құралдарының түрге бөлінуі
- •2.1. Қозғалтқыштың жалпы құрылымы
- •2.2. Іштен тұтанатын поршеньді қозғалтқыштардың
- •2.3. Көп цилиндрлі қозғалтқыштар.
- •2.4. Қозғалтқыштардың жалпы құрылысы
- •2.5. Поршень топтары мен бұлғақтар.
- •3.1. Газ тарату механизмінің негізгі түрлері.
- •3.3. Клапандар механизмдерінің бөлшектері.
- •4.1.Салқындату жүйесінің түрлері мен жұмыс істеу тәсілдері.
- •4.2. Сұйықтықпен салқындату жүйесінің аспаптарының
- •4.3. Тұтандыру алдындағы жылытқыш.
- •5.1. Бөлшектерді майлаудың шартты міндеті.
- •5.2. Майлау жүйесінің құрылысы мен жұмыс істеу тәсілі.
- •5.3. Майлау жүйесінің аспаптары мен механизмдері.
- •5.4. Картерлік газдарды тазалау.
- •6.1. Жанармайдың ауамен араласуы және жанғыш қоспаның құрамы.
- •6.2. Қоректендіру жүйесінің жалпы құрылысы
- •6.3. Жеңіл автомобильдер қозғалтқыштарының карбюраторлары.
- •6.4. Жанармай отынын жеткізу мен ауа тазалау аспаптар.
- •6.5. Ауа жіберу мен өтелген газдарды шығару құбырлары.
- •6.6. Қозғалтқыштың бензин отынын
- •6.6.1. Орталықты бүрку жүйесі.
- •6.6.2. Таралымды бүрку жүйесі
- •6.6.3. Жанармай отынын бүрку жүйесінің аспаптары.
- •6.6.4. Тікелей бүрку жүйесі.
- •7.1. Газбаллонды құрылғының жалпы құрылысы мен жүйеленген сызбасы.
- •7.1.1. Жүк автомобилінің сұйытылған газ отынына арналған газбаллонды қондырғылары.
- •7.1.3. Жүк автомобилінің сығымдалған газ отынына арналған газбаллонды қондырғылары.
- •7.2. Газ отынын жеткізу аспаптары.
- •7.3. Газ отынын араластырғыштар.
- •7.4. Отынын құю, қозғалтқышты тұтандыру мен тоқтату.
- •8.1. Дизельдегі қоспа араласудың ерекшеліктері.
- •8.2. Дизельдің қоректендіру жүйесінің жалпы құрылысы.
- •8.3. Төменгі қысымды магистральдің
- •8.4. Жоғары қысымды магистральдің
- •8.4.1. Бүркілудің оздыру муфтасы
- •8.4.2. Форсунканың құрылымы мен жұмыс істеуі.
- •8.5. Иінді біліктің айналу жиіліктерін реттегіштер.
- •8.6. Дизельдегі турбоүрлегіш
- •9.1. Электр тогы, өткізгіштер мен оқшаулағыштар.
- •9.2. Магнит. Электрлі магнит пен электр магнитті индукция.
- •9.3. Жартылай өткізгіш аспаптар.
- •10 Тарау. Электрлі қоректендіру жүйесі.
- •10.1. Электр жабдықтарының жүйелік сызбасына
- •10.2. Аккумулятор батареялары.
- •10.2.1. Аккумулятор батареясының негізгі
- •10.3. Генератор қондырғылары
- •11 Тарау. Тұтандыру жүйесі.
- •11.1. Контактылы тұтандыру жүйесі.
- •11.2. Тұтандыру жүйесінің құралдары мен аспаптары.
- •11.3. Контактылы –транзисторлы тұтандыру жүйесі.
- •11.4. Контактысыз тұтандыру жүйесі.
- •12 Тарау. Қозғалтқыштың электрлі тұтандыру
- •12.1. Электрлі іске қосу жүйесі
- •12.1.1. Стартердің құрылысы мен жұмыс істеуі.
- •12.1.2 Төмен температурада қозғалтқышты
- •12.2. Бақылап-өлшеу аспаптары.
- •13 Тарау. Жарықтандыру, дабыл беру мен электр жабдықтарының сызбасы.
- •13.1. Жарықтандыру мен жарықты дабыл беру аспаптары.
- •13.2. Сыртқы жарықтандыру мен жарықты
- •14.1. Трансмиссияның негізгі түрлері.
- •14.2.1. Бір дискілі сығылмалы серііппелі ілініс.
- •14.2.2. Бір дискілі мембрана серппелі ілініс.
- •14.2.3. Қос дискілі ілініс.
- •14.3. Беріліс қорабы.
- •14.3.1. Төртсатылы беріліс қорабы.
- •14.3.2. Төрт сатылы беріліс қорабының жұмыс істеуі.
- •14. 4. Автоматтандырылған беріліс қорабы
- •14. 5. Гидромеханикалық беріліс.
- •14.6. Айқартопсалы беріліс.
- •14.6.1. Бұрыштық жылдамдықтары тең емес
- •1 4.6.2. Бұрыштық жылдамдықтары тең топсалы
- •14.7. Басты беріліс пен дифференциал.
- •14.8. Жетекші белдік пен жарты осьтар.
- •15.1. Рама мен тартқыш – тіркеме құрылғы.
- •15.2. Алдыңғы басқарылушы белдік.
- •15.2.1. Алдыңғы доңғалақтың орналасу бұрышы.
- •Автомобильдің алды
- •15.3. Автомобильдің серпімді аспалары.
- •15.3.1. Тәуелді серпімді аспалар.
- •15.3.2. Тәуелсіз серпімді аспалар.
- •15.3.3. Балансирлі ( теңгерулі) аспалар.
- •15.4. Гидравликалық амотизаторлар.
- •15.5. Доңғалақтар мен шиналар.
- •16.1. Басқару жүйесі және оның жалпы құрылысы.
- •16.2. Рульдік механизм мен жетеігі.
- •16.2.1. Винтті рульдік механизм.
- •16.2.2. Құрамдастырылған жетекті рульдік механизм.
- •16.2.3. Рейкалы рульдік механизм.
- •16.2.4. Рульдік жетек.
- •16.3. Рульдік жетектердің күшейткіштері.
- •17.1. Тежеуіш жүйесі туралы жалпы түсінік.
- •17.2. Тежеуіштің жетектері.
- •17.3. Тежеуіштің гидравликалық жетегі.
- •17.4. Тежеуіш жетегінің күшейткіші.
- •17.5. Пневматикалық тежеуіш жетегі. Компрессор.
- •17.6. Ауа қысымын реттегіш.
- •17.6.1. Ауа жинау баллоны. Тежеуіш краны.
- •17.7. Көп контурлы пневматикалық тежеуіш жетегі.
- •17.8. Тежеуіштің механикалық жетегі.
- •17.9. Құрамдастырылған жетекті тежегіш
- •18.1. Шанақтың түрлері.
- •18.1.1. Жеңіл автомобильдердің шанақтары.
- •18.1.2. Автобустар шанақтары.
- •18.1.3. Жүк автомобилінің шанақтары.
- •18.2. Жүргізушінің кабинасы.
- •18.2.1. Кабинаны жылыту және тазалау.
- •18.2.2. Әйнектазалағыш және әйнекжуғыш.
- •18.3. Автомобиль – аударғыштың шанақ көтеру
- •18.3.1. Автомобиль шанағын көтеру
- •19.1 Автомобиль – тягатар.
- •19.2. Тіркемелер мен жартылай тіркемелер.
- •1Тарау. Жалпы мәліметтер................................................................................................
- •2 Тарау. Іштен тұтану қозғалтқыштары.
- •3 Тарау. Газ тарату механизмі.
- •4 Тарау. Салқындату жүйесі.
- •5 Тарау. Майлау жүйесі.
- •6 Тарау. Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі.
- •7 Тарау. Газбаллонды қондырғылы автомобильдер
- •8 Тарау. Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі.
- •9 Тарау. Электротехника бойынша жалпы мәліметтер.
- •10 Тарау. Электрлі қоректендіру жүйесі.
- •11 Тарау. Тұтандыру жүйесі.
- •12 Тарау. Қозғалтқыштың электрлі тұтандыру жүйесі
- •13 Тарау. Жарықтандыру, дабыл беру мен электр жабдықтарының сызбасы.
- •14 Тарау. Трансмиссия.
- •15 Тарау. Алып жүру жүйесі, басқарылушы белдік пен аспалар.
- •16 Тарау. Басқару жүйесі.
- •17 Тарау. Тежеуіш жүйесі.
- •18 Тарау. Шанақ пен қосымша құрылымдар.
- •19 Тарау. Автомобиль поездар.
6.4. Жанармай отынын жеткізу мен ауа тазалау аспаптар.
Жанармай багы. Автомобильдерде бір немесе бірнеше жанармай багы орнатылып, отынды сақтау орны болып есептелінеді. Отын багының сыйымдылығы автомобильдің 400 – 600 км аралығындағы жүрісіне арналған. Жанармай багының ерекшелігі, оның жанармай құю қылта аузына және автомобильге бекітіп орналастыру орнының конструкциясына байланысты болады.
Ал құрылысы бойынша әртүрлі автомобильдердің жанармай бактары бір–бірне ұқсастығы бар.
Жанармай багы штампыланып және өзара пісірілген екі болат қаңылтырдан тұрады. Бактың ішінде оған қажетті қатаңдық беретін, бірнеше бөлікке бөлінген қабырға пісіріліп орнатылады. Бұл қабырғалар отынның шайқалуы кезінде оның кенересіне гидравликалық соққылардың қатты соғылуын болдырмайды. Қабырғаның төменгі жағында бактың бөлінген бөгеттерінің арасынан отын өту үшін ойықтар жасалған. Бактағы отынның қажетті деңгей мөлшері бактың ішіне орнатылған сезгінің көмегімен аспаптар қалқанында орнатылған өлшеуіш аспап арқылы көрсетіледі. Кейбір автомобильдердің жанармай багын, автомобильдің 50 км жол жүруіне арналған қосымша отынның бастапқы шығынын анықтайтын аспаптар орнатылады. Бактың қылта аузына болат каркастан тұратын тор сүзгі қойылып, бактың ішкі қуысын атмосферамен жалғастыратын екі автоматты клапаны бар қақпақшамен қаттылап жабылады.
Бактың ішіндегі қысымның 1,5 – 4 кПа дейін сейілту аралығында жіберу клапаны ашылып сыртқы атмосферамен жалғастырылады, ал артық қысым (0,01 – 0,02 МПа) болғанда оның шығару клапаны ашылады.
Жанармай сүзгілері. Жанармай отынын механикалық қоспалардан және судан тазарту үшін жанармай сүзгілері қолданылады. Бактан карбюраторға дейінгі жүру жолында жанармай отыны бактың, жанармай сорабының және карбюратордың тор сүзгілері арқылы тазартылады.
Сонымен
бірге бак пен жанармай сорабының ортасына
саңылау типті сүзгі–тұндырғыш,
ал жанармай сорабы мен карбюратордың
ортасына отынның майда
тазартқыш сүзгісі
орнатылады. Отынды мұндай мұқият
тазартудың жүргізілу себебі, өте кішкене
механикалық қоспалар мен сулар
карбюратордың дұрыс жұмыс істеуіне
кедергі болмайды.
Отынның ірі тазарту сүзгісі жұқа тілімшелер жиынтығынан 8 тұратын саңылаулары 7 және штампыланған шығыңқы кертігі 6 бар сүзгі элемент 5 пайдаланылады. Сүзгі элементтер жиналып тұрғанда шығыңқы кертіктің арасынан 0,05 мм биіктікте отын өтуі үшін тесік саңылау болады, соның себебінен 0,05 мм-ден үлкен механикалық қоспалар өтпей тұндырғышта қалып қояды.Отын сүзгінің тұқына 3 жіберу тесігінен 4 түсіп, сүзгі элементтің 5 тілімшелерінің 8 саңылаулары 7 арқылы өтіп, шығару тесігінен 2 тазартылып шығады. Металл стаканның 1 ішінде отыннан су бөлініп тұндырылады да механикалық қоспалармен бірге тығынмен 9 бекітілген төгу тесігі арқылы түсіріледі.
Отынның майда тазарту сүзгісі өте ұсақ механикалық қоспалардан тазартып, карбюратордың қоспаүнемдегіш жүйесінің ақаусыз жұмыс істеуін және оның жиклерлерінің өте кішкене тесіктерінен отынның кедергісіз берілуін қамтамасыз етеді. Отын жіберілу саңылауы 12 арқылы сүзгі тұрқына 11 бекіткіш 15 қыстырылған шыны стакан-тұндырғышқа 14 беріледі. Стакандағы отын керамикалық сүзгі элементтен 13 майда тазаланып, шығару тесігі 10 арқылы мұқият тазаланған отын карбюраторға беріледі.
Көптеген жеңіл автомобильдердің қозғалтқыштары тек қана латуннен жасалған тор сүзгі 16 немесе престелген қағаздан жасалып алюминий немесе капрон тұрқыда орналастырлған майда тазарту сүзгісі қолданылады. Мұндай сүзгінің жұмыс істеу тәсілі керамикалық элементті сүзгінің жұмыс істеу тәсілімен бірдей болады.
Жанармай отын сорабы. Отын багынан карбюраторға жанармай отынын еріксіз жіберу үшін отын сорабы қолданылады. ЗИЛ-130 және Москвич-2140 автомобильдерінің қозғалтқыштарында отын сорабы таратқыш біліктің эксцентригінен штанга арқылы іске қосылады, ГАЗ-24-10 және ГАЗ-53-12 автомобильдерінің қозғалтқыштарында – таратқыш біліктің эксцентригінің өзінен, ал ВАЗ қозғалтқыштарында – май сорабы мен үзгіш–таратқыш білігінің эксцентригі арқылы іске қосылады. Жақсы жұмыс істеу қабілеттілігне байланысты жарғақ диафрагмалы отын сорабы көптеп қолданылады.
ЗИЛ қозғалтқышының Б-10 сорабы негізгі үш бөліктен тұрады:
тұрқы 2, клапандар бастиегінен 7 және қақпақтан 10. Тұрқының ішіне күйенте 17, сығымдағыш серіппе 4 мен білікше 14 қолмен отын жібергіш тұтқа 1 орнатылған. Клапандар бастиегіне 7 үш шығару клапаны 13 және үш жіберу клапаны 8 бекітілген, клапандардың үстіңгі жағында тор
сүзгі 9 бар. Қақпақта сораптың жіберу мен сығымдаушы қуыстарын екіге бөліп тұратын қабырғасы 11 бар. Клапандар бастиегі 7 мен тұрқының 2 арасына қалың қабатты лакталған материалдан жарғақ диафрагма 6 орнатылып, штокқа 5 бекітілген, төменгі шеті тығырық арқылы күйентенің 17 ішкі аша тәрізді иығына жалғастырылған, ал оның сыртқы иығының ұшы серіппенің 15 көмегімен сораптың жетегінің штангасына 18 тұрақты тіреліп тұрады.
Отын
сорабы келесі тәсілмен жұмыс істейді.
Эксцентриктің 19 шығыршығы айналып келіп
штанганың 18 астынан әсер етіп күйентенің
17 ұшын жоғары көтереді. Күйенте 17 осінде
16 айналып, өзінің аша тәрізді иығына
жалғастырылған штокты диафрагмасымен
6 бірге серіппенің 4 күш әсеріне қарсы
төмен қарай түсіреді. Бұл кезде
диафрагманың 6 үстінде сейілту болып,
соның әсерінен жіберу клапандары 8
ашылады, жанармай отыны бактан қақпақтың
10 жіберу қуысына А
келіп түседі, тор сүзгі 9 арқылы тазартылып
диафрагманың 6 үстіңгі жағын толтырады.
Эксцентриктің19 шығыршығы штанганың
18 астынан айналып өткеннен кейін,
серіппенің 4 әсерімен шток 5 диафрагмамен
бірге жоғары көтеріледі, бұл кезде
диафрагманың 6 үстіндегі отын қысымының
әсерінен жіберу клапандары 8 жабылады,
ал шығару клапандары 13 ашылып, отын
сығымдаушы қуысына Б
жіберіледі.Содан кейін шығару саңылауына
бекітілген штуцерден түтік арқылы
отын карбюраторға барады.
Егерде карбюратордың үнемдегіш жүйесінен берілген отынның шығыны аз мөлшерде, ал қалтқы бөлмешегінің бекіткіш клапаны жабық болатын болса, онда отын сорабы бос жүрісте жұмыс істейді. Бұл анықтамада жарғақ диафрагманың 6 үстіндегі отын, оны жоғары қозғалуға мүмкіндік бермейді, бұл кезде серіппе 4 қысылып тұрады да, ал шток 5 төмен түседі, сондықтан қалтқы бөлмешегінің
бекіткіш клапаны ашылғанша күйентенің аша тәрізді иығы өзінің осінде бос тербетіліп тұрады. Жөндеу – реттеу жұмыстары кезінде қалтқы бөлмешегін отынмен толтыру үшін қолмен отын толтыру құрылғысы арқылы атқарылады. Білікше 14 ойығымен, күйентеге 17 жалғастырылған, аша тәрізді иығына әсер етіп, шток 5 пен жарғақ диафрагманы 6 эксцентригтің көмегінсіз қолмен – тұтқаның 1 көмегімен төмен қозғалтады. Диафрагманың істен шыққан кезінде (жыртылғанда, тесілгенде, т.б.) отын тұрқының төменгі бөлігіне түсіп, бақылау саңылауы арқылы сыртқа төгіледі.
А
уа
тазартқыш тазатрқышы.
Ауада
0,0001 ден 0,1 г/м 3
дейін, кейде 2 г/м 3
дейін шаң-тозаң болады. Шаң-тозаңның
цилиндр ішіне түсіп маймен араласқанда
қойырмаға айналып, қажалатын
(цилиндр-поршень, поршень-сақина,
сақина-цилиндр) бөлшектердің жылдам
тозуына әсер етеді.
Сондықтан ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін, қозғалтқыштарда ауа тазартқышы орнатылады. Ауа тазартқыштарды қолдану, қозғалтқыштың цилиндр-поршень топтары бөлшектерінің тозуын, ауа тазартқышсыз жұмыс істуіне қарағанда 2 – 3 есеге азайтады. Сонымен бірге ауа тазартқыш ауа жіберу процссі кезінде жіберу құбырында болатын шуылдың деңгейін де азайтады.
Ауа үш тәсілмен тазартылады:
Сүзілу – ластанған ауа сүзгі элементінен өтіп тазартылады(көбінде арнайы қағаз сүзгі);
Инерциялы – жоғары жылдамдықпен түскен ауа бағытын жылдам өзгертеді. Соның нәтижесінде ортадан тепкіш күш әсерінен ауаның құрамынан тазартқыш тұрқысының керегесіне ауыр механикалық қоспалар ажыратылып қалады;
Түйіспелі – ауа жүрген кезде жабысқыш затпен (маймен) жанасып, оған механикалық қоспалар жабысып қалады;
Өте
кеңінен тараған түрлері құрғақ ауыстырмалы
сүзгі элементті ауатазартқыш және
сұйықты – инерциялы екісатылы
ауатазартқыштар.
Құрғақ ауыстырмалы сүзгі (6.11. сурет.) қазіргі жүк және жеңіл автомобильдердің қозғалтқыштарында кеңінен қолданылуда. Оның негізі ретінде қақпақтардың арасына қыстырылған ауыстырмалы арнайы тығыздалып оралған қағаздан немесе картоннан жасалған сүзгі элементінен 9 өткенде, ауа шаң-тозаңнан тазартылады. Ауаның жақсы тазартылып және кедергісінің аз болуы үшін қағаздың сыртқы беті кеңірек болуы шарт. Сүзгінің көлемін кішірейту үшін, қағаз тығыздалып бүктеледі. Бүктелген қағазды бұзылудан сақтау үшін оны тығыз картонмен қаптап, оралған сүзгінің сыртына қосымша поролон матадан 3 жасалған сүзгі элемент кигізіліп қойылады. Мұндай тазартқыш сүзгі элементі тұрқының 8 ішіне орнатылып қақпақпен 10 жабылады және ашабас сомынмен 1 тартып бекітеді. Жыл мезгілінің салқын уақытында термоқосқыштың 5 көмегімен өтелген газдарды шығару құбырының маңындағы жылы ауаны пайдаланады.
Сұйықты–инерциялы ауатазартқышы (6.12. сурет.) тұрқыдан, сүзгі тұрқысынан 7, сүзгі элементінен 2, май ваннасынан 1, сақина саңылаудан 3, ауа жинауға арналған қақпақтан 4, шағылыстырғыштан 8, ауажинағыштан 5 ауатазартқышты бекіткіш 9 пен ауа жинап өткізгіш 6 келтеқұбырдан тұрады. Қозғалтқыштың жұмыс істеуі кезінде жіберу құбырында сейілту жүргізіліп, ауажинағыштан 5 тазартылмаған ауа қақпаққа 4 жіберіліп, сақина саңылау 3 арқылы май ваннасына 1 өтіп, шағылыстырғышқа 8 бағытталады.
Ваннадағы майдың үстіне келіп түскен ауаның бағыты жылдам өзгеріп, капрон талшықтарымен немесе метеллдан тығыздалған сүзгі элементіне қарай қозғалады. Ауаның бағыты өзгерген кезде ауамен бірге ілесіп келген ірі механикалық қоспалар инерция күш әсерінен төмен қозғалып май ваннасында шөгінді болып қалады. Сүзгі элемент 2 арқылы өткенде ауаның бағыты бірнеше рет өзгереді, соның әсерінен ауадағы ұсақ шаң-тозаңдар сүзгінің тығыздалған талшығында ұсталынып тазартылады.
Тазартылған ауа бекіткіш 9 келтеқұбыр арқылы ауа жинап өткізгіш 6 келтеқұбырмен карбюратордың ауа жүретін келте аузына жіберіледі.