Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

6.1. Жанармайдың ауамен араласуы және жанғыш қоспаның құрамы.

Карбюраторлы қозғалтқышта жанғыш қоспаның қажетті құрамы тозаңдалып бүркілген бензиннің ауамен араласып булануын карбюрация деп, ал оны дайындайтын арнайы аспапты – карбюратор деп атайды. Карбюратордың негізгі міндеті қозғалтқыштың мүмкіндігінше барлық жұмыс істеу режимінде цилиндрлеріне керекті мөлшерде бензинді жіберу болады. Бүркіліп буланған бензин мен ауаның құрамы жанғыш қоспа деп аталады. Қозғалтқыштың цилиндрінде өткен жұмыстық циклдан қалған пайдаланған газдармен араласып жұмыстық қоспаны құрайды. Карбюраторлы қозғалтқышта жанармайдың ауамен араласуы қас қағым сәтте өткізіледі, бұл уақыт ішінде карбюратордың араластыру камерасындағы бензин қажеттілігінше бүркіліп ауамен араласып, булануы тиіс. Жанармайдың бүркілуі ауа мен жанармайдың түсу жылдамдығына байланысты болады. Карбюратордың араластыру камерасына түсірілген жанармайдың жоғарғы жылдамдығы 5–7 м/с, ал ауаның жылдамдығы – 20–25 есе көп,

100–150 м/с жылдамдықты құрайды. Ауаның жылдамдығы араластыру камерасында көбейген сайын бензиннің бүркіліп тозаңдалуы да артады, бұл жанармайдың булану жылдамдығын да арттырады. Бензиннің булану жылдамдығының артуы, цилиндрлердің керегесінің, жану камерасы мен поршеньнің түбінің қызуының көмегімен жанғыш қоспаны қыздырыу арқылы жүргізіледі. Егер қоспаның мұндай қыздырылуы жеткіліксіз болса, онда карбюраторды қозғалтқыштың цилиндрлерімен жалғастыратын енгізу құбырына жекеленген қыздырғыш қолданылады. Жанғыш қоспаның ең жоғарғы араласуы 45 – 65о С температурасында қамтамасыз етіледі.

Жанғыш қоспаның құрамы – бұл қарбюраторда майда тозаңдатылған отынның

(бензиннің) буларынан және ауадан дайындалған қоспа. 1 кг бензиннің толық жануы үшін 15 кг (12,5 мз) ауа қажет. Мұндай қатыстықтағы бензин мен ауаның қоспасы қалыпты деп есептеледі.

Ауа артық болған жағдайда қоспа тапшы (1 кг бензинге 15–17 кг ауа қажет) немесе жұтаң (17 кг–нан артық ауа) деп аталады. Бензин мен ауаның 1:21 және одан да жоғары қатынасындағы қоспа тұтанбайды.

Ауа жетіспегенде байытылған (13–15 кг ауа) немесе бай ( 13 кг–нан аз ауа ) қоспа деп аталады. Егер 1 кг бензинген 15 кг–нан кем ауа келсе , қоспа тұтанбайды.

Пайдалану кезінде қозғалтқыштар иінді біліктің өзгеретін күшімен және айналу жиілігімен жұмыс істейді. Қозғалтқыштың жұмыс істеу режиміне сәйкес карбюратор дайындайтын жанғыш қоспаның құрамы да өзгеруге тиіс. Мысалы, қозғалтқышты от алдыру кезінде бай қоспа, ал оның толық күшінде ең үлкен қуатына жету үшін және бос жүрісте – байытылған, ал орташа күште тапшы қоспа қажет.

Детонация – бұл қопарлыс тәрізді, отынның тез жануы. Қозғалтқыштың детонациямен жұмыс істеуіне болмайды, өйткені поршеньге, поршень саусақтарына, бұлғаққа және түпкі ішпектерге соққылы күшпен, поршеньдердің және клапандардың жануымен, түтін шығуымен, қозғалтқыштың қуатының төмендеуімен және отын жұмсалуының артуымен қабаттаса жүреді. Детонацияның пайда болуына, сондай–ақ шапшаң режим мен қозғалтқыштың күші, поршень мен цилиндрдің қалпақшасында күйенің қалыңдауы, ерте от алу т.б әсер етеді.

Бензиннің антидеторациялық қасиеттері октан санымен бағаланады. Бензин екі отын қоспасымен – гептанмен және изооктанмен салыстырылады. Гептан күшті детонациялайды және октан саны ол үшін шартты түрде нөлге тең деп алынады. Изооктан нашар детонациялайды және октан саны ол үшін шартты түрде 100 бірлікке тең деп алынады.

Отындағы октан саны деп детонациялық беріктілігі бойынша сыналатын отынмен бірдей болатын қоспадағы изооктан мен гептанның % -дық құрамын айтады. Мыслы, егер 76% изооктаннан және 24% гептаннан(көлемі бойынша) тұратын қоспа детонациялық қасиеттері бойынша сыналатын бензинге сәйкес келсе ,онда мұндай бензиннің октан саны 76-ға тең болады. Отындағы октан саны неғұрлым жоғары болса, оның детонцияға қарсы беріктілігі соғұрлым артығырақ болады. 2084 – 67 ГОСТ – сәйкес АИ-80; АИ – 92; АИ - 93; АИ – 96; АИ – 98; автомобиль бензинінің маркалары шығарылды: А әріпі – автомобиль бензині екендігін, ал цифры– бензиннің октан санын көсетеді. Бензиннің АИ–98 маркасынан басқалары, жаздық және қыстық болып бөлінеді. Антидетонациялық беріктігін арттыру үшін кейде бензинге антидетонатор (этил сұйығы) құйылады. АИ-76 маркалы бензин этилденбеген. Өнеркәсіп басқа маркалы бензиндердің этилденбеген де түрлерін шығарады. Этилденген бензиндер мынадай түстерге боялған: АИ– 80 – қызғылт сары, АИ– 93-көк және АИ – 96– сары.

Бензинмен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережелері қатаң сақталуы керек, өйткені ол оңай тұтанады. Боялған бөлшектер мен резинкеге тамған бензин, оларды бүлдіреді, бояу мен резинкені ерітеді.

Әсіресе этилденген спиртпен жұмыс істеген кезде өте сақ болу керек, өйткені ол адамның организіміне тигенде уландыруы мүмкін. Этилденген бензинмен қолды бөлшектерді, киімді жууға, түтік арқылы ауызбен сорып пайдалануға тиым салынған. Этилденген бензин теріге тиген жағдайда дереу керосинмен, сонан соң сабынды сумен жуу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]