Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

5.4. Картерлік газдарды тазалау.

Қозғалтқыштың цилиндр ішінде жанған қоспалардың газдары, поршеньдерінің сақиналарының тығыздалмауының әсерінен картерге газдар өтіп кетіп, майдың буымен араласады, сол картерлік газдарды тазарту қажет. Картерлік газдарды тазалаудың тиімділігі, қозғалтқыштың картерінің ішіндегі қысымды атмосфералық қысыммен теңестіріп тұруға, майдың ластануын, тығыздауыш сальниктерінен майдың ағуын болдырмайды, сонымен бірге газдардың жүк автомобилінің кабинасына және жеңіл автомобильдің салонына баруын тоқтатады.

Картерлік газдарды тазалаудың ашық табиғи түрі және жабық – еріксіз түрі болады. Ашық түрде тазалау кезінде, катерлік газдар сыртқы атмосфераға шығарылады, ал жабық түрде тазалау кезінде, қозғалтқыштың жіберу құбырына жіберіледі.

Ашық жүйедегі картерлік газдарды тазалау КамАЗ, МАЗ, ГАЗ–53.12, ГАЗ «Волга» автомобильдерінің қозғалтқыштарында қолданылады.

ЯМЗ және КамАЗ дизельді қозғалтқыштарында картерлік газдарды тазалау, цилиндр блогының оң жағының қуысындағы 5 сермер картерінің ұясына орналастырлған лабиринт тәрізді сапун 1 арқылы жүзеге асырылады.

С апунның негізгі бөліктеріне жоғарғы, ортаңғы, ішкі стақандары және газ шығару түтігі 3 жатады. Пайдаланылған газдар мен жанармай буларының қозғалтқыш картерінен атмосфераға шығарылуы, автомобильдің жүрісі кезінде газ шығару түтігінен сырытқа қарай сейілту арқылы орындалады. Лабиринт

тәрізді сапуннан майдың газ шығару түтігі арқылы шығып кетуін болдырмайды, өйіткені лабиринт каналдарынан өткенде газдардың бағыттары жылдам өзгереді, газдардың құрамындағы май түйіршіктері бөлініп, май картеріне қайтадан құйылады. ЗМЗ қозғалтқышының ашық түрде катерлік газдарды тазалау жоғарыда жазылған бойынша жүгізіледі, бірақ сыртқа шығарылатын газдардан май түйіршіктерінің бөлінуінде біршама ерекшеліктері болады.

ЗИЛ–508.10, ВАЗ, Москвич автомобильдерінің қозғалтқыштарында жабық түрдегі катерлік газдарды сору құрылғысы арқылы еріксіз жіберу құбырына бағытталып, сонан соң жанғыш қоспамен араластырылып қозғалтқыш цилиндріне түседі. Мұндай тазалау жүйесі өте жетілдірілген болып табылады, өйіткені картерлік газдардың зиянды құрамдарының сыртқы атмосфераға шығуын едәуір төмендетеді.

ЗИЛ–508.10 қозғалтқышының жабық түрдегі картерлік газдарды тазалау

(5.8. сур.), майұстағыш 7, клапан 9, және түтік 8 арқылы жіберу құбырына сорылып алынып, сонан кейін жанғыш қоспамен араластырылып, қозғалтқыштың цилиндріне жіберіледі. Майұстағыш 7 сорылып алынған газдардағы майдың тамшыларын бөліп тұрады, ал сейілту қысымының күші арқылы картерден сорылып алынған газдардың мөлшерін клапан 9 түтіктегі 8 штуцердің 10 биіктігіндей шамада түтік 8 тесігінен өтуін реттеп тұрады. Тазартылған ауа катерге май құйатын қылта ауызына орнатылған сүзгі 6 арқылы барады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

1. Жарылайсұйықты үйкелісті дегеніміз не?

2. Қозғалтқыштың майлау жүйесі қандай негізгі механизмдер мен аспаптардан

тұрады?

3. Қозғалтқыштың қандай бөлшектері қысыммен майланады?

4. Қозғалтқыштың майын тазарту үшін қандай сүзгілер қолданылады?

5. Май cорабының құрылысы және оның жұмыс істеу тәсілі қандай?

6. Картерлік газдарды тазалау не үшін қажет және қалай жүргізіледі?

6 –тарау. КАРБЮРАТОРЛЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]