Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

5.3. Майлау жүйесінің аспаптары мен механизмдері.

Май радиаторы. Қозғалтқыштың қалыпты жылу температуралық режимінде майдың температурасы 65–85о С аралығында болуы тиіс. Жүк автомобильдерінде қоршаған ортаның ауасының температурасы жоғары болғанда және қозғалтқыштың ұзақ уақыт жоғары салмақта жұмыс істеген кезінде май картерін ауамен үрлеп және майды май радиаторы арқылы салқындату керек. Көптеген жеңіл автомобильдердің қозғалтқыштарының майын, қарсы үрленген ауаның көмегімен май картерінің сыртқы бетін салқындату арқылы жүргізіледі.

Жүк автомобиліне сұйықты(май жылу алмастырғыш) немесе ауамен салқындату май радиаторлары орнатылады.

ЗИЛ–508.10 қозғалтқышында ауамен салқындайтын түтікті май радиаторы 12 салқындату жүйесінің радиаторының алдыңғы жағына орнатылған және тоқтаусыз майлау жүйесіне жалғастырылған түтікпен 19, радиаторға май жіберіліп, түтікпен 15 картерге құйылып тұрады. Радиаторды ажыратуға кран 23 орнатылған және салқын қозғалтқышты оталдыр кезде немесе ауаның температурасы 0о С төмен болғанда ажыратылады.

КамАЗ – автомобилінің дизельді қозғалтқышының май радиаторы 8 түтікті – пластиналы ауамен салқындатын, салқындату жүйесінің радиаторына орнатылған. Оны ажырату үшін центрифуганың корпусына орнатылған кранның көмегімен қоршаған ауаның температурасы 0о С төмен болғанда ажыратылады.

ЗИЛ–375Я7 (ЛиАЗ–677М автобусының) қозғалтқыштарында май жылу алмастырғыш орнатылған, майдың бірқалыпты температурасын салқындату

с ұйықтығының жылу алмасуымен ұстап тұрады. Майдың артық жылуы салқындатқыш сұйықтығына беріліп, ал май салқын болғанда сұйықтықтың температурасымен жылынады. Жылу алмастырғышқа сұйықтық салқындату жүйесінің радиаторының төменгі бачогынан беріледі, жылуалмастырғыштан жүріп өткен сұйықтық насосқа барады, сонан соң қайтадан радиаторға жіберіледі.

Май сорабы. Қозғалтқыштың механизмдері мен бөлшектерінің қажалатын беттеріне май жеткізуге және магистраль арналарына қысыммен май жіберуге май сорабы қажет. Автомобиль қозғалтқыштарында тісті дөңгелектерінің сыртай және іштей іліністе болатын май сорабтары қолданылады. Секциялардың саны бойынша бір немесе екі секциялы болады. Екі секциялы сорабтың тісті дөңгелектерінің әрбір жұбы, аралық қақпақпен 1 бөлінген жоғарғы корпуста 4 және төменгі корпуста 9 орналасқан. Жоғарғы секцияның 6 және төменгі секцияның 7 жетекші тістегеріштері насостың білігіне шпонкамен бекітіліп, таратқыш білікпен іске қосылады. Әрбір секцияның тұрқында осьтарға 3, 8 жетектегі тісті дөңгелектері 2, 10 еркін орнатылған, жетекші тістегеріштермен бірігіп өздерінің тұрқында минималды бүйірлік және шеттік саңылауымен айналып тұрады.

Сораб жұмыс істегенде қозғалтқыш картерінен алынған май жоғарғы және төменгі секцияның сору қуысына беріледі, тісті дөңгелектердің тістерінің арасы

толтырылып, әр бағытта айналып тістері майды корпустың енетін каналынан айдау каналына қарай ағызады, содан кейін май сүзгісіне және май радиаторына жіберіледі. Насостың жоғарғы секциясында жасалған майдың қажетті қысымы, майланудың басты магистраліне енетін каналында редукциялық клапан арқылы реттеледі және белгіленген қысымда реттелген плунжерден 11, серіппеден 12 және жабылатын тығыннан 13 тұрады. Май қысымының шектен тыс жоғарылаған кезінде кері қайтару клапаны ашылып, айдау қуысынан енгізу қуысына қарай майды қайтарады.

КамАЗ –740 дизелінде клапаннан 12 басқа, сораб секциясының басты магистраліндегі май қысымын шектеу үшін сақтандырғыш клапандары 9 және 7 бар, ол ағызу қуысындағы майдың қысымы 0,8 – 0,85 МПа артық болғанда кері қайтарады.

ЗИЛ–508.10 қозғалтқышында редукциялық клапан аралық қақпақта 1 орналасқан, 0,32 МПа қысымнан жоғарылаған кезде ашылады. Май насосының төменгі секциясы майды радиатор бағытында жібереді. Май радиаторына жіберілген майдың қысымы, 0,12 – 0,15 МПа қысымға арналған кері қайтару клапаны 14 арқылы реттеледі. Май қысымының шектен тыс жоғарылаған кезінде кері қайтару клапаны ашылып, төменгі секцияның айдау қуысынан енгізу қуысына қарай майды қайтарып, радиатордың түтіктерінің бұзылуынан сақтайды.

КамАЗ–740 дизелінде радиатордағы май қысымының 0,12 МПа жоғарылағанда, центрифугадан клапан 16 арқылы берілген май радиаторға жіберілмей май картеріне 6 құйылады.

ГАЗ–53.12 және ГАЗ«Волга» автомобильдерінің қозғалтқыштарында май радиаторы басты майлау магистраліндегі 0,1 МПа май қысымына арналып реттелген сақтандырғыш клапан арқылы жалғастырылған. Бұл клапан майлау жүйесіндегі (көрсетілген мағынадан төмендеген кезде) майдың шығыны көп болғанда (радиатордан, иіндібіліктің ішпектерінен т.б.), майдың көлемінің шектелуінен, радиатор арқылы жіберілгенде немесе оны ажыратқанда май қысымының қауіпті төмендеуін болдырмайды.

Май сүзгілері. Майдағы қажалған бөлшектерден пайда болған механикалық қоспаларды, ауадан түскен шаң–тозаңдарды, күйеден пайда болған қорытпа тәрізді қоспаларды тазартуға сүзгілер қолданылады. Майлау жүйесінде ірі және майда тазарту май сүзгілері пайдаланылады.

Қазіргі қозғалтқыштарда кеңінен қолданылатын сүзгілер ауыстырмалы элементті жұқа тазарту сүзгі және ортадан серпігіш күшті май тазарту сүзгі(центрифуга) болып бөлінеді.

Егерде майлау жүйесіндегі майдың жарты бөлігі май сүзгісінен тазаратын болса, онда олар толық ағынды емес, ал сүзгіден майдың барлығы тазаратын болса, онда оны толық ағынды болып аталады.

З ИЛ–508.10 қозғалтқышының ортадан серпігш толық ағынды май сүзгісі

(5.5. сур.) корпустан 12, құндақтан 7 және гидроактивті жетектен тұрады. насостан түтік 11 арқылы жіберіген май центрифуганың қондырғысының 6 астына беріледі, майдың біршама бөлігі сеткалы сүзгіден 5 өткенен кейін тесіктері қарама – қарсы бағытталған екі шашыратқыш жиклерлерге 2 беріледі. Жиклерден 2 қарама – қарсы бағытқа шашыратылған майдан пайда болған айналу моментінің күшімен, таяныш ішпегіне 10 орнатылған ротор 3 айналу жиілігі 5000 – 6000 айн/мин айналады. Бұл кезде ротордың қақпағының 4 қуысына берілген майдың негізгі бөлігі ортадан тепкіш күшпен әректтеседі. Майдың құрамындағы ауыр қоспалар ортадан тепкіш күштің әсерінен қақпақтың 4 ішкі кенересіне қарай бірқалыпты ысырылып, тұнба түрінде жабысады, оны (май ауыстырған кезде) центрифугадан тазартып тастайды. Тазартылған май ротор осінің 8 радиалды тесігі, түтік 9 және канал 1 арқылы май магистралінің таратқыш камерасына жіберіледі. Канал 1 кері қайтару клапанымен 13 жалғастырылған, иіндібіліктің ішпектері

тозғанда немесе май қоюланғанда (салқын қозғалтқышты оталдырғанда) тазартылмаған майдың біршама бөлігін центрифугаға жібермей май магистраліне қайтарады.

ЯМЗ–236, КамАЗ–740 тағы басқа да дизельді қозғалтқыштарындағы ортадан тепкіш май тазартқыш сүзгілері жоғарыда айтылған тәсілмен жұмыс істейді, бірақ олар толық ағынды емес сүзгілер болып есептелінеді.

Өйіткені олардан тазартылған май, магистральге жіберілмей бірден май картеріне құйылады.

ВАЗ, ГАЗ«Волга», Москвич сияқты жеңіл автомобильдердің қозғалтқыштарында толық ағынды, элементтері қағаз лентадан, картоннан, матадан немесе басқа материалдардан жасалған бір дана майда тазарту ауыстырмалы сүзгісі (5.6. сур.) қолданылады. Майдың тазартылуы қысыммен осы аталған сүзгі элементтеріне сіңіп өткен кезде орындалады. Жеңіл автомобильдің қозғалтқышына орнатылған қағаз лента элементті майда тазарту сүзгісінде м айдың тазартылуы келесі тәсілде жүргізіледі. Май насосынан берілген май, қақпақтағы 6 жүргізу каналынан 3 сүзгінің корпусына 2 беріледі, сүзгі элементінен 1 тазартылып өткен май, шығару түтігінің тесігінен 5 қақпақтағы 6 жіберу каналы 4 арқылы басты магистральге жіберіледі. Сүзгі элементін корпустың 2 ішіне орналастырған кезде болтпен 11 орталықтанып, серіппе 14 арқылы қақпақпен 6 қысылып ұсталынады.

Сүзгі элементінің екі шетіне таяныш шайбаларна 9, 13 резиналы сақиналар10, 12 орнатылып тығыздалып бекітіледі. Кері қайтару клапаны 7 сүзгі элементі ластанып қалғанда ашылады, сонда тазартылмаған май сүзгі элементіне жіберілмей майлау магистраліне құйылады. Сүзгінің корпусы 2 мен қақпақтың 6 арасы төсем 8 арқылы бекітіледі. Сүзгі тұрқының ішкі түбіндегі майдың тұнбасын саңылауға бұрандалы бекітілген тығын 15 арқылы төгуге болады.

КамАЗ–740, «Урал–4310» тағы басқада дизельді қозғалтқыштарында толық ағынды, ағаш ұнтағына байланыстырушы затпен қаттыланған немесе арнайыланған қағаз жиынынан жасалған екі ауыстрмалы элементті майда тазарту сүзгісі орнатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]