Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книга нугманов автомобиль.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.06 Mб
Скачать

4.2. Сұйықтықпен салқындату жүйесінің аспаптарының

ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘСІЛІ.

Сұйықтық сорабы. Салқындату жүйесінде салқындатқыш сұйықтығын еріксіз айналдырып тұруға ортадан серпігіш сұйықтық сорабы қолданылады. Сораб цилиндрлер блогының алдыңғы жағына орнатылып, ремень арқылы иінді біліктің шкивінен жетекке алынып іске қосылады.

О л аралары бір – бірімен төсем 6 арқылы жалғастырылған корпустан 7, қанат қалақшадан 5, подшипниктер ктұрқынан 10 тұрады. Сораб білігі 4 май ұстағыш сальникпен қамтамасызданған екі шарикті подшипниктерде 3 айналып тұрады. Алдыңғы ішпек таяныш сақинамен 2 тіреліп, ал артқы подшипник жылжуын болдырмайтын аралық төлкемен 11 ұсталып тұрады. Пластмассалы қанат қалақша 5 біліктің артқы жағына металды күпшектің көмегімен бекітіліп тұрады. Қалақшаның 5 айналуына байланысты сұйықтық түтік 9 арқылы насостың ортасына беріледі, сонан кейін қалақшалармен айналдырып ортадан тепкіш күштің әсерінен тұрқының 7 керегесіне итеріледі, одан қуыс канал 8 арқылы қозғалтқыштың сұйықтық тысына беріледі. Сораб тұрқының 7 ішіндегі айналып тұрған бөлшектердің тығыздалуы қалақшаға орнатылған тығыздауыш шайба 17, резиналы манжет 16, шайбаны 17 корпустың шетіне қысып ұстайтын серіппеден тұратын жылжымалы сальник арқылы қамтамасыз етіледі. Тығыздауыш шайба 17 өзінің кертігімен қалақшаның 5 ойығына таяныш 18 арқылы бекітіледі. Біліктің 4 алдыңғы жағына төлкенің 12 көмегімен күпшек 13 орнатылған, оған шкив 14 бекітіліп сораб пен желдеткішті іске қосады.

Желдеткіш. Радиатор арқылы өтетін ауаның жылдамдығын арттыру үшін желдеткіш 1 қолданылады. Қозғалтқыштарда орнатылған желдеткіштер 4, 5, 6 қалақшалы 15 болады және болат қаңылтырдан немесе пластмассадан (ВАЗ, Москвич автомобильдерінде) жасалады. Бірқатар қозғалтқыштарда капот астының желдетуін жақсарту үшін және радиатор арқылы өтетін ауаның көлемін көбейту үшін желдеткіштің қалақшаларын бағыттауыш құндақтың ішіне орналастырады.

Осы мақсатпен ЗМЗ, ЗИЛ қозғалтқыштарында желдеткіштердің қалақшаларының 15 шеттерін радиатор жағына қарай бұрылып жасалады. ЗИЛ, ГАЗ-33 автомобильдерінің қозғалтқыштарында, көптеген жеңіл автомобильдерінде желдеткіштің жетегі ремень арқылы іске қосылады. ЯМЗ 236, ЯМЗ-238 дизельді қозғалтқышында желдеткішті таратқыш біліктің тісті тегерішті дөңгелегіне қосақталған тістегерішті дөңгелек арқылы іске қосылады. Бірқатар автомобмильдердің қозғалтқыш модельдерінде(ГАЗ, ВАЗ) берілген жылу режимінде және желдеткішті іске қосуға жұмсалған қуаттылықты азайту үшін, олардың жетегі электрмагнитті муфта арқылы іске келтіріледі. Ортадан тепкіш күшті сұйықтық насосы электрмагнитті муфтамен бірге корпустан 11, біліктен 7, қанатты 9 қалақшаларымен 10, өздігінен қозғалмалы сальниктен 8 және электрмагнитті муфтадан 2 тұрады. Салқындату жүйесіндегі сұйықтықтың температурасының өзгеруіне байланысты электрмагнитті муфта қосылып немесе ажыратылып тұрады. Ол электр магниттен 6, насостың күпшегіне 5, шкивпен 1 бірге орнатылған, және желдеткіштің күпшегін 3 якорьға пластиналы серіппемен жалғастырылған, екі шарикті подшипникте 4 еркін айналып тұрады. Электрмагниттің катушкасы жылу релесімен жалғанған, оның сезгісі радиатордың жоғарғы бачогында орналасқан. Радиатордың жоғарғы бачогындағы салқындатқыш сұйықтығының температурасы 85 – 90о С жеткенде жылу релесінің түйіспелері қосылып, элетрлімагниттің катушкасына аккумулятор батареясынан ток беріледі. Якорь электрлімагнитке жабысып, күпшек желдеткіштің қалақшаларымен бірге айнала бастайды. Салқындатқыш сұйықтығының температурасы 80 – 85о С төмендегенде жылу релесінің түйіспелері ажыратылып желдеткіштің айналысы тоқтатылады. ВАЗ-2108 «Спутник», ВАЗ-2109 және басқа модельдерінде электрліжелдеткіш орнатылған. Желдеткіштің электрлі қозғағышының қосылуы мен ажыратылуы салқындатқыш сұйықтықтығының температурасының өзгеруіне байланысты радиатордың жоғарғы бачогына орнатылған сезгінің көмегімен іске қосылады.

КамАЗ автомобилінің дизельді қозғалтқышында желдеткіштің жетегіне, иіндібіліктің айналу моментін желдеткішке жеткізетін гидромуфта орнатылған. Гидромуфтада(4.4. сурет.) (термо) жылу күшімен істейтін сезгісі бар реттегіш – ажыратқыш қозғалтқыштың жылу режиміне байланысты іске қосылады. Салқындату сұйықтығының температурасының 80оС ұлғаюына байланысты қосқыштың баллонының ішіндегі белсенді массаның көлемі ұлғайып ериді, соның нәтижесінде сезгінің штогы золотникті итеріп, басты май магистралінің каналын ашады, одан қысыммен берілген май гидромуфтаға беріліп желдеткіш ақырындап іске қосылады. Қозғалтқыштың жылу режимінің өзгеруіне байланысты золотниктің де қозғалуы өзгереді, сонымен гидромуфтаға берілген майдың көлемі көбейіп, желдеткіштің айналу жиілігінің жылдамдығына әсер етеді. Салқындату сұйықтығының температурасының 70оС төмендеуіне байланысты гидромуфтаға май жіберілмейді, желдеткіштің айналысы тоқтатылады.

Термостат. Салқын қозғалтқышты қыздыруды жылдамдатып және автоматты түрде белгілі аралықта жылу режимін реттеп тұруға термостат қолданылады. Термостаттар қатты және сұйық толтырғышты болады. ЗИЛ, КамАЗ, Москвич автомобильдерінің қозғалтқыштарында қатты толтырғышты термостаттар қолданылады.

Мұндай термостат түтік 7 пен корпустың 12 арасына шығару құбырының ішіне орналастырылады. Термостат баллоны 1 белсенді массамен 2 толтырылған, ол церезина (мұнай қортпасы) мен мыс ұнтағының қоспасынан тұрады. Белсенді масса баллонның ішінде резиналы мембранамен 3 жабылған, оған резиналы буферге 11 арналған тесігі бар бағыттауыш төлке 4 орнатылып, мембрананы бұзылудан сақтап тұрады. Буферге 11 шток 5 орнатылып рычагты 8 клапанмен 6 жалғастырады, жабық қалпында клапан 6 ершікке 10 серіппемен 9 тығыздалып қысылады. Салқындатқыш сұйықтығының температурасы 70±2оС белсенді масса ери бастайды және көлемі ұлғаяды,соның әсерімен резиналы мембрананы 3, буферді 11, штокты 5 жоғары көтереді. Шток 5 рычагқа 8 әсер ету арқылы клапан 6 ашыла бастайды, толық ашылуы сұйықтықтың температурасының 83±2оС болады. Термостаттың клапаны 68 – 85о С температура аралығында өзінің қапын өзгертіп, белгіленген шектеулікте радиатордан өтетін салқындатқыш

сұйықтығының көлемін реттеп, қозғалтқыштың қалыпты жұмыстық температуралық режимін ұстап тұрады.

С ұйық толтырғышты термостаттар ГАЗ –33–12, ГАЗ «Волга» т.б. автомобильдердің қозғалтқыштарында қолданылады. Мұндай термостаттың корпусында, 1 ішіне жеңіл буланатын сұйықтығы (70%-этиль спирті мен 30% судың қоспасы) бар жұқа латуннан жасалған жиырылған цилиндр 6 орнатылған. Жиырылған цилиндрдің үстіне штокпен 5 термостаттың клапаны

жалғастырылған. Салқындатқыш сұйықтығының температурасы 75оС төмен кезінде жиырылған цилиндр сығылған қалыпында тұрады, бұл кезде термостат клапаны жабық болады, ал салқындатқыш сұйықтығы кері қайтару каналы 2 арқылы радиаторға жіберілмей кіші айналымда айналып жүргізіледі.

Салқындатқыш сұйықтығының температурасы жоғарылауына байланысты жиырылған цилиндр 6 ішінде қысым артып, термостат клапаны ашыла бастайды және сұйықтық түтік 4 арқылы үлкен айналымда жүргізіледі. Сұйықтықтың температурасы 90оС жоғарылағанда термостат клапаны толық ашылып, сұйықтық радиатор арқылы айналып салқындатылып жүргізіледі.

Радиатор. Радиатор жылу алмастырғыш болып салқындатқыш сұйықтығының жылуын қарсы берілген ауаға өткізуге арналған. Радиатордың каркасы бүйірлік бекіткіш тіректерге 1 орнатылып, пластиналар арқылы төменгі бакқа дәнекерленіп жалғастырылған. Оны автомобильдің рамасына жүрісі кезінде солқылдамауын және қатты соқының күшін азайту үшін резиналы жастықшалар 5 арқылы бекітеді. Радиатор жоғарғы 4 және төменгі 6 бактан, сыртқы бөлігі қозғалтқыштың қыздырылған бөлшектерінен алынған жылуды ауамен салқындатып тұратын жылу бөлгіш өзек түтіктен 7 тұрады. Жылу бөлгіш өзек түтіктің арасынан өтетін ауаның көлемі радиатор каркасына арнайы тірекке бекіткен желбезекті – перде 8 арқылы реттеледі. Желбезек бірнеше пластиналар жиынынан құрастырылып, топсалы құрылғымен қамтамасыз етілген және орналасуын жүргізуші кабинасынан басқарады. Радиаторларға көбінде түтікті – пластиналы өзек немесе түтікті – ленталы өзек қолданылады.

Түтікті – пластиналы өзектер үш – төрт қатарлы сопақша пішінді түтікшелерден тұрады, оған салқындатқыш жазықтығын ұлғайту үшін көлденең пластиналар 9 дәнекерлеп бекітеді.

Түтікті – ленталы өзектер сопақша пішінді түтікшелерден тұрады, аралығына кеңейтіліп иректелген

лента 10 орнатылып, арнайы штамталып қиғашталған ауа каналынан қарсы берілген ауаға жылуды жоғары әсерде жылдам өткізеді. Түтікті – ленталы өзекті радиаторлар қазіргі кезде көп тараған түрі, және көптеген қозғалтқыштарда орнатылған.

Қазіргі салқындату жүйесіне радиатордың қылта аузы жабық түрдегі бу шығару түтігі 2 орнатылған

қақпақпен 3 жабылған. Мұндай салқындату жүйесіндегі қысым атмосфера қысымынан бірнеше жоғары, сұйықтықтың қайнау температурасы 108 – 119оС аралығында болады, соның әсерінен аз буланады, сирек қайнайды және қозғалтқышты қыздырмай және сұйықтық қостырмай жұмыс істеу ұзақтығын арттырады. Радиатордың аузының қақпақпен тығыздалып жабылуы иректелген таяныш шайба 1 және серіппе 2 арқылы, ал салқындату жүйесінің атмосферамен бу шығару 3 мен ауа шығару 4 клапандары арқылы жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]