
- •1.1.Автомобильдің жалпы құрылымы
- •1.2. Автокөлік құралдарының түрге бөлінуі
- •2.1. Қозғалтқыштың жалпы құрылымы
- •2.2. Іштен тұтанатын поршеньді қозғалтқыштардың
- •2.3. Көп цилиндрлі қозғалтқыштар.
- •2.4. Қозғалтқыштардың жалпы құрылысы
- •2.5. Поршень топтары мен бұлғақтар.
- •3.1. Газ тарату механизмінің негізгі түрлері.
- •3.3. Клапандар механизмдерінің бөлшектері.
- •4.1.Салқындату жүйесінің түрлері мен жұмыс істеу тәсілдері.
- •4.2. Сұйықтықпен салқындату жүйесінің аспаптарының
- •4.3. Тұтандыру алдындағы жылытқыш.
- •5.1. Бөлшектерді майлаудың шартты міндеті.
- •5.2. Майлау жүйесінің құрылысы мен жұмыс істеу тәсілі.
- •5.3. Майлау жүйесінің аспаптары мен механизмдері.
- •5.4. Картерлік газдарды тазалау.
- •6.1. Жанармайдың ауамен араласуы және жанғыш қоспаның құрамы.
- •6.2. Қоректендіру жүйесінің жалпы құрылысы
- •6.3. Жеңіл автомобильдер қозғалтқыштарының карбюраторлары.
- •6.4. Жанармай отынын жеткізу мен ауа тазалау аспаптар.
- •6.5. Ауа жіберу мен өтелген газдарды шығару құбырлары.
- •6.6. Қозғалтқыштың бензин отынын
- •6.6.1. Орталықты бүрку жүйесі.
- •6.6.2. Таралымды бүрку жүйесі
- •6.6.3. Жанармай отынын бүрку жүйесінің аспаптары.
- •6.6.4. Тікелей бүрку жүйесі.
- •7.1. Газбаллонды құрылғының жалпы құрылысы мен жүйеленген сызбасы.
- •7.1.1. Жүк автомобилінің сұйытылған газ отынына арналған газбаллонды қондырғылары.
- •7.1.3. Жүк автомобилінің сығымдалған газ отынына арналған газбаллонды қондырғылары.
- •7.2. Газ отынын жеткізу аспаптары.
- •7.3. Газ отынын араластырғыштар.
- •7.4. Отынын құю, қозғалтқышты тұтандыру мен тоқтату.
- •8.1. Дизельдегі қоспа араласудың ерекшеліктері.
- •8.2. Дизельдің қоректендіру жүйесінің жалпы құрылысы.
- •8.3. Төменгі қысымды магистральдің
- •8.4. Жоғары қысымды магистральдің
- •8.4.1. Бүркілудің оздыру муфтасы
- •8.4.2. Форсунканың құрылымы мен жұмыс істеуі.
- •8.5. Иінді біліктің айналу жиіліктерін реттегіштер.
- •8.6. Дизельдегі турбоүрлегіш
- •9.1. Электр тогы, өткізгіштер мен оқшаулағыштар.
- •9.2. Магнит. Электрлі магнит пен электр магнитті индукция.
- •9.3. Жартылай өткізгіш аспаптар.
- •10 Тарау. Электрлі қоректендіру жүйесі.
- •10.1. Электр жабдықтарының жүйелік сызбасына
- •10.2. Аккумулятор батареялары.
- •10.2.1. Аккумулятор батареясының негізгі
- •10.3. Генератор қондырғылары
- •11 Тарау. Тұтандыру жүйесі.
- •11.1. Контактылы тұтандыру жүйесі.
- •11.2. Тұтандыру жүйесінің құралдары мен аспаптары.
- •11.3. Контактылы –транзисторлы тұтандыру жүйесі.
- •11.4. Контактысыз тұтандыру жүйесі.
- •12 Тарау. Қозғалтқыштың электрлі тұтандыру
- •12.1. Электрлі іске қосу жүйесі
- •12.1.1. Стартердің құрылысы мен жұмыс істеуі.
- •12.1.2 Төмен температурада қозғалтқышты
- •12.2. Бақылап-өлшеу аспаптары.
- •13 Тарау. Жарықтандыру, дабыл беру мен электр жабдықтарының сызбасы.
- •13.1. Жарықтандыру мен жарықты дабыл беру аспаптары.
- •13.2. Сыртқы жарықтандыру мен жарықты
- •14.1. Трансмиссияның негізгі түрлері.
- •14.2.1. Бір дискілі сығылмалы серііппелі ілініс.
- •14.2.2. Бір дискілі мембрана серппелі ілініс.
- •14.2.3. Қос дискілі ілініс.
- •14.3. Беріліс қорабы.
- •14.3.1. Төртсатылы беріліс қорабы.
- •14.3.2. Төрт сатылы беріліс қорабының жұмыс істеуі.
- •14. 4. Автоматтандырылған беріліс қорабы
- •14. 5. Гидромеханикалық беріліс.
- •14.6. Айқартопсалы беріліс.
- •14.6.1. Бұрыштық жылдамдықтары тең емес
- •1 4.6.2. Бұрыштық жылдамдықтары тең топсалы
- •14.7. Басты беріліс пен дифференциал.
- •14.8. Жетекші белдік пен жарты осьтар.
- •15.1. Рама мен тартқыш – тіркеме құрылғы.
- •15.2. Алдыңғы басқарылушы белдік.
- •15.2.1. Алдыңғы доңғалақтың орналасу бұрышы.
- •Автомобильдің алды
- •15.3. Автомобильдің серпімді аспалары.
- •15.3.1. Тәуелді серпімді аспалар.
- •15.3.2. Тәуелсіз серпімді аспалар.
- •15.3.3. Балансирлі ( теңгерулі) аспалар.
- •15.4. Гидравликалық амотизаторлар.
- •15.5. Доңғалақтар мен шиналар.
- •16.1. Басқару жүйесі және оның жалпы құрылысы.
- •16.2. Рульдік механизм мен жетеігі.
- •16.2.1. Винтті рульдік механизм.
- •16.2.2. Құрамдастырылған жетекті рульдік механизм.
- •16.2.3. Рейкалы рульдік механизм.
- •16.2.4. Рульдік жетек.
- •16.3. Рульдік жетектердің күшейткіштері.
- •17.1. Тежеуіш жүйесі туралы жалпы түсінік.
- •17.2. Тежеуіштің жетектері.
- •17.3. Тежеуіштің гидравликалық жетегі.
- •17.4. Тежеуіш жетегінің күшейткіші.
- •17.5. Пневматикалық тежеуіш жетегі. Компрессор.
- •17.6. Ауа қысымын реттегіш.
- •17.6.1. Ауа жинау баллоны. Тежеуіш краны.
- •17.7. Көп контурлы пневматикалық тежеуіш жетегі.
- •17.8. Тежеуіштің механикалық жетегі.
- •17.9. Құрамдастырылған жетекті тежегіш
- •18.1. Шанақтың түрлері.
- •18.1.1. Жеңіл автомобильдердің шанақтары.
- •18.1.2. Автобустар шанақтары.
- •18.1.3. Жүк автомобилінің шанақтары.
- •18.2. Жүргізушінің кабинасы.
- •18.2.1. Кабинаны жылыту және тазалау.
- •18.2.2. Әйнектазалағыш және әйнекжуғыш.
- •18.3. Автомобиль – аударғыштың шанақ көтеру
- •18.3.1. Автомобиль шанағын көтеру
- •19.1 Автомобиль – тягатар.
- •19.2. Тіркемелер мен жартылай тіркемелер.
- •1Тарау. Жалпы мәліметтер................................................................................................
- •2 Тарау. Іштен тұтану қозғалтқыштары.
- •3 Тарау. Газ тарату механизмі.
- •4 Тарау. Салқындату жүйесі.
- •5 Тарау. Майлау жүйесі.
- •6 Тарау. Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі.
- •7 Тарау. Газбаллонды қондырғылы автомобильдер
- •8 Тарау. Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі.
- •9 Тарау. Электротехника бойынша жалпы мәліметтер.
- •10 Тарау. Электрлі қоректендіру жүйесі.
- •11 Тарау. Тұтандыру жүйесі.
- •12 Тарау. Қозғалтқыштың электрлі тұтандыру жүйесі
- •13 Тарау. Жарықтандыру, дабыл беру мен электр жабдықтарының сызбасы.
- •14 Тарау. Трансмиссия.
- •15 Тарау. Алып жүру жүйесі, басқарылушы белдік пен аспалар.
- •16 Тарау. Басқару жүйесі.
- •17 Тарау. Тежеуіш жүйесі.
- •18 Тарау. Шанақ пен қосымша құрылымдар.
- •19 Тарау. Автомобиль поездар.
4.1.Салқындату жүйесінің түрлері мен жұмыс істеу тәсілдері.
Қазіргі автомобильдердің қозғалтқыштарында пайдалы жұмыстарға қозғалтқыш цилиндрінен бөлінетін жылудың 23 – 40 % қолданылады, қалған жылулары пайдаланылған газдармен, салқындату сұйықтығымен немесе үйкеліске қолданылған ауамен, қоршаған ортаға бөлінген қозғалтқыштың сыртқы бөлшектерімен бөлініп кетеді.
Пайдалы жұмысқа қолданылған жылу және олардың белгіленген жылу бөліну түрлерінің шығыны қозғалтқыштың жылу балансысын құрайды. Өйткені қозғалтқышта жану жұмыстары 2100 – 2300о С жететін жоғары температурасында жүргізіледі, сондықтан еріксіз салқындату жүйесінсіз поршень, цилиндр, клапанның бағыттаушы төлкесі сияқты бөлшектер майдың жану температурасынан да жоғары температурада балқып кетеді. Механизмдер мен бөлшектердің қалыпты температуралық режимде жұмыс істеуі кезінде бір – бірімен қатынастағы бөлшектердің қызып кетпеуі үшін үздіксіз жылуды бөліп тұруға салқындату жүйесі қолданылады. Салқындату жүйесінің суытатын жылудың мөлшері қозғалтқыштың қуаттылығы мен жұмыс істеу режиміне байланысты болады. Қозғалтқыш қызып кеткенде үйкеліс күші артады және бөлшектер қажалады, жылу саңылаулары азаяды, майдың коксталып күйе орнауы көбейеді, карбюратолы қозғалтқыштарда цилиндрді жанғыш қоспамен, ал дизельді – ауамен толтыру қиындайды. Алайда қозғалтқыштың температурасының төмендеуі де майдың тұтқырлығына әсер етеді, бөлшектердің жылдам қажалады және үйкеліске механикалық шығын көп болады, қозғалтқыштың қуаттылығы мен үнемділігі азаяды. Сондықтан қозғалтқыштың жылу режимі оған түсірілген салмаққа және қоршаған ортаның температурасына қарамастан 85 – 95о С аралығында болуы тиіс. Қазіргі қозғалтқыштарда сұйықтықпен немесе ауамен салқындату қолданылады. Ауамен салқындату кезінде қырлап жасалынған цилиндр мен оның қалпақшаларынан артық жылуды, жеделдетіп салқындату реттегіші бар көп қалақшалы желдеткіш арқылы жылдамдатылған ауамен салқындатылады. Ауамен салқындату жүйесінде салқындату радиаторы, сұйықтық насосы, салқындату сұйықтығына арналған каналдар мен құбырлар болмайды, сонықтан мұндай жүйенің құрылымы қарапайым, массасы азайтылған, қызмет көрсету жеңілдеу, сонымен бірге қыстың күні қозғалтқыш қатып қалау қаупі болмайды. Қозғалтқыштарды сумен салқындату жүйесінде судың қатып қалуы цилиндр блогының жарылып кетуіне әкеледі. Дегенмен ауамен салқындату қатты қызған бөлшектерден жылуды жылдам бөлгенімен, оның желдеткішін іске қосып тұруға көп қуаттылықты талап етеді, төмен температурада ыстық сумен жылытуға мүмкіндік болмағандықтан қозғалтқышты оталдыру қиындайды.
Автомобиль қозғалтқыштарында салақындатқыш сұйықтығын еріксіз айналдырып салқындататын сұйықтықпен салқындату жүйесі көп қолданылады. Мұндай жүйелер жұмыс істегенде әсері көп болады және қоршаған ауаның төмен болуына қарамастан оталдыру құрылғысымен қозғалтқышты тұтандырғаны жеңіл, жұмыс істегенде шуылы аз болады.
Салқындатқыш сұйықтығы ретінде суды немесе оның этиленгликолды қоспасы – антифриздер қолданылады. Төменгі температурада қататын қоспалардың көп қолданылатын түрлері:
ТАСОЛ
А–40 және ТАСОЛ А–65. Екі антифризде
техникалық этиленгликол мен судың
араласқан қоспасы, мысалы ТАСОЛ А–40
сумен этиленгликолдің 50% қоспасы, - 40о
С
температурада мұзға айналмай, тек
қоюланған массаға айналып блок цилиндр
мен радиаторға ешқандай ақау келтірмейді.
Қозғалтқыштың жылулық жағдайына
байланысты салқындату сұйықтығының
жүйеде айналуы үлкен айналымда және
кіші айналымда сұйықтық сорабының
көмегімен жүргізіледі, ол иінді біліктің
шкивіне ременьді жетекке жалғастырылып
қозғалысқа келеді. Қозғалтқыштың
бірқалыпты жұмыстық жылу режимінде
салқындату сұйықтығы үлкен айналымда
қозғалып салқындатады. Бұл кезде
термостат клапаны 10 ашық болып сұйықтық
жоғарғы түтік 11 арқылы радиатордың 16
жоғарғы бачогына 13 беріліп, одан
радиатордың түтіктерімен төменгі
бачокке 20 түседі. Радиатордың түтігінен
өткен сұйықтық, автомобильдің жүрісі
кезінде желдеткіштің19 көмегімен берілген
жылдамдатылған ауа арқылы салқындатылады
және ауаның берілуі жалюздің 17 көмегімен
реттеліп тұрады. Салқындатқыш сұйықтық
төменгі түтік 22 арқылы насосқа 8 беріліп,
сонан соң блоктың сұйықтық тысы 7 мен
цилиндрлер қалпақшасына жіберіледі.
Оталдырғанда және қозғалтқыштың салқын кезінде температурасы 72о С төмен болғанда салқындату кіші айналымда жүргізіледі.
Бұл кезде термостаттың клапаны 10 жабық болғандықтан сұйықтық радиаторға жіберілмейді, сұйықтық блоктың ішімен 7 және цилиндрлер қалпақшасымен кері қайтару каналы 9 арқылы термостатты 10 айналып қайтадан насосқа беріліп, салқын қозғалтқыштың жылдам қыздырылуына көмектеседі. Сақындатқыш сұйықтықтың температурасының көтерілуіне байланысты термостаттың клапаны ашылып, сұйықтық үлкен айналыммен жүгізіле бастайды.
V – бейнелі ЗиЛ, ЗМЗ және басқада қозғалтқыштарда сұйықтық насостың корпусындағы құйылысы 23 арқылы оң және сол жағындағы цилиндрлерді салқындату тысына беріліп, жіберу құбырының қуысымен 26 термостатқа 10 және радиаторға 16 сонан соң сорабқа жіберілді.
Жіберу құбырының қуысынан бір мезгілде жұмсақ шланг түтік 24 арқылы компрессордың салқындату тысына беріліп, шланг түтік 25 арқылы сорабқа қайтадан келеді.
Қозғалтқыштың қалыпты жұмыс істеуі үшін салқындатқыш сұйықтығының температурасы цилиндрлер тысына енгізер кезде 75 – 80о С аралығында, ал одан шыққанда 85 -95о С аралығында болуы тиіс. Қазіргі кезде қозғалтқыштардың температурасын жоғарлату үшін жабық түрдегі салқындату жүйесі қолданылады. Олар сыртқы атмосферамен бу шығару түтігі 15, радиатордың қақпағындағы булы ауа клапаны 14, немесе төгу шүмегі 21 бар кеңейткіш бачоктың қақпағындағы булы ауа клапаны арқылы жалғастырылған. Салқындатқыш сұйықтығының температурасын дистанциялық көрсеткіші 5 бар электрлі магнитті термометрмен және салқындату жүйесіне жалғанған сезгі 6 арқылы бақылайды. Салқындату жүйесіндегі сұйықтықтың қызып кетуін аспаптар қалқанында орнатылған дабылды шамның көмегімен бақыланады, оның термосезгісі радиатордың жоғарғы бачогына орнатылған. Сұйықтық сорабының қозғалтқыштың алдыңғы жағына орналасуына байланысты соңғы цилиндрлердің және олардың жану камералары мен басқада бөлшектерінің жылу өткізгіштігі төмендейді, өйткені оларға алдыңғы цилиндрлерден қыздырылған салқындатқыш сұйықтығы беріледі. Содықтан кейбір қозғалтқыштардың құрылымында қатты қыздырылған бөлшектерге(шығару клапанына, жану камерасының керегесіне, тұтандырғыш шамына) бағытталған таратқыш түтік 4 арқылы сұйықтықты айналдыру немесе тесігі бар бойлық арна қарастырылған.
Қозғалтқыштың салқындату жүйесін негізгі қызыметінен басқа, жеңіл автомобильдер мен автобустардың жолаушыларға арналған шанақтарын сонымен қатар жүк автомобилінің кабинасын жылытуға қолданылады. Сол мақсатта жылыту жүйесіне салон немесе кабинаның ішіне радиатор 3 орнатылып, оны шүмек 1 және шланг түтік 2 арқылы салқындату жүйесінен қыздырылған сұйықтық беріледі.