Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕМТИХАН ЖАУАПТАРЫ ӘЙТИ САБАҒЫ..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
260.42 Кб
Скачать

III. Жаңа сабақ “Білгенге маржан”

  1. КерегеСықырлауық

Пуск+Программа+ Microsoft Excel

Excel іске қосылғаннан кейін, сіздің экранда көретіңіз кестенің жұмысшы беті. Жұмысшы беттер жұмыс кітабына біріктірілген. Excel жұмыс кітабы дискіде бір файл ретінде сақталатын үнсіз келісім бойынша 3 жұмысшы беттен тұрады. Кітапта жұмысшы беттің санын бір кітапта 255 бетке дейін көбейтуге болады. Жұмыс кестесі қатар мен бағана түрінде ұйымдастырылған. Әрбір бет 256 бағанадан және 16384 қатардан тұрады. Бағандар латының А, В, С әріптерімен белгіленеді, ал қатарлар нөмірленеді. Қатар мен бағананың қиылысқан жерінде координатармен бейнеленетін (А1, В2 және т. с. с) ұяшықтар орналасады. Қатар дегеніміз – көлденең біріккен аралас ұяшықтар. Бағана дегеніміз – тігінен біріккен аралас ұяшықтар. ұяшық дегеніміз – деректер сақталатын орын. Кесте дегеніміз – қатарлар мен бағандарда реттелген ақпарат.

37. Интерактивті тақтада гиперсілтемелермен жұмыс жасау

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.

Техниканың дамуы біз үшін жаңа ғасыр беттерін ашуда. Қай салада болмасын бүгінгі техника мүмкіндігі алға қадам басуда. Оның бүгінгі білімнің сапалы болуына тигізер әсері біршама. Атап айтсақ, қарапайым қолданыста жүрген калькулятордан бастап, ноутбуктерге дейінгі қажеттілік.

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Көбінесе интерактивті құралдарының мына ерекшеліктерін атап айтылады:

• Бұл тақтада жазылған мағлұматты қарапайым тақта кескінімен салыстыру мүмкін емес, ол – түрлі-түсті, айқын.

• Ол күрделі ақпаратты түсінікті етіп жеткізуде өте ыңғайлы құрал.

• Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.

• Сабақ барысында ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін кез келген уақытта қолдануға болады.

• ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне қиындықсыз қол жеткізуге мүмкіндік береді.

• Ұстазға сабағында көрнекілік құралдарды қолдану деңгейі артады.

ACTIVboard(Promethean компаниясы) – ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.

Графикалық объектілерді пішімдеу үшін Суреттеу (Рисование) құрал-сайман панелінің батырмалары мен командалары қолданылады.Үлгі көмегімен әр слайдқа компания логотиптерін және басқа слайдтарға гиперсілтемелерді қосу үшін төмендегі операцияларды орындау қажет.

1.Түр →Үлгі →Слайдтар үлгісі командасының көмегімен слайд үлгсін ашыңыз.

2. Тақырып үлгісі (Click To Edit Master Title Style) орынтолтырушыға басыңыз.

3.Тақырып аумағын кішірейтіп , логотип орнын босату үшін пайда болған жақтаудың оң жақ шекарасының орта маркерін солға жылжытыңыз.

Гиперсілтеме және логотипті қосу терезесі.

4. Суреттеу құрал-сайман панелінде сурет қосу (Insert Clip Art) батырмасына басыңыз. Сурет қосу терезесінде іздеу тарауында мәтін іздеу мәтіндік өрісінде түйінді сөз Жануарлар (Animals) енгізіп, Іздеу (Search) батырмасын шертіңіз. Нәтижелер тарауында (Results) суреттер үлгісі пайда болады.

5. Нұсқағышы жолбарыс суретіне апарып, тышқанның көмегімен слайдтың оң жақ жоғарғы бұрышына апарыңыз.

6. Объект аумағын ерекшелеп, жоғарғы шеткі бөлікке жылжытыңыз.

7. Суреттеу құрал-сайман панелінде Автофигура →Фигралық бағдарлар (AutoShapes > Block Arrows) менюін ашып, оң нұсқағыш (бағдарламасын) батырмасын шертіңіз.

8. Слайдтың оң жақ төменгі бұрышында бағдардың диагоналін тышқан курсорымен жүргізіңіз.

9. Бағдар көріну үшін заливка түсі (Fill Color)батырмасын шертіңіз.

10. Бағдарға тышқанның оң жақ батырмасын басып, гиперсілтеме батырмасын шертіңіз.

11. Ашылған диалог терезесінде сол бөлігінде осы құжаттағы орын батырмасына басыңыз. (Place In This Document). Сонан соң слайдтар тізімінде кезекті слайд пунктін таңдап алып, ОК батырмасын басыңыз.

12. Ctrl+C пернесін баса отырып, сілтеме бағдарын көшіріңіз. Сонан соң Page Down пернесін басып, Ctrl+V комбинациясын басыңыз. Page Up пернесін басып, слайд үлгісіне қайта оралыңыз.

. Гиперсілтемелер және сурет слайды.

13. 7-11 қадамдарын қайталапобъект аумағы мен дата аумағы арасында солға бағдар қосып, алдыңғы слайд (Previous Slide) гиперсілтемесін қойыңыз.

14. Үлгі құрал-сайман панелінде жабу батырмасын басу арқылы презентация слайдтарына қайта оралыңыз.

Бапталған гиперсілтемелердің жұмысын тексерейік. Ол үшін F5 пернесін басыңыз. Power Point алғашқы слайдты слайд-фильмінің толық экранда көрсетілім режимінде ашады. Назар аударыңыз кез-келген слайдта алдыңғы немесе келесі слайдқа сілтеме, компания логотипі орналасқан Презентация демонстрациясы режимінен шығу үшін, Esc пернесін басыңыз