
- •1 Тарау. Жалпы мағлұмат
- •1.1 Өнеркәсіп нысаны туралы жалпы ақпарат
- •2. Өндіріс өніміне қойылатын техникалық талаптар және сипаттамасы
- •3. Бастапқы өнімнің, химиялық реагенттердің, материалдардың және жартылай дайын өнімдердің сипаттамасы
- •4.2. Технологиялық үрдіс және аппараттық сұлба Өнім ерітіндісінің және қайтарылма ерітіндісінің сорғы станциясы
- •Сорбентті жуу.
- •Сорбентті қанықтыру.
- •Уранның кері обылуы.
- •Десорбаттарды темірден тазалау.
- •Диуранат аммонийін алу
- •Уран концентратын кептіру
- •Уран концентратын тұндыру
- •Реагнеттерді дайындау, сақтау және тарату
- •1.2.2 Нысандар қауіпсіздігін қадағалау жүйесі
- •1.2.4 Ұжымның кәсіби және апатқа қарсы дайындықтары туралы мәлімет
- •1.2.5 Апаттық жағдайларда жасалынатын іс-қимылдарды жұмыскерлерге үйрету шаралары
- •10. Жұмыста болуы мүмкін ақаулар, себептері және оны жою түрлері
- •11. Қоршаған ортаны қорғау және радиация қауіпсіздігі
- •1.1. Ластану көздері:
- •11.2. Залалсыздандыру тармақтары
- •12. Өндірісті қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелері
- •12.1. Негізгі қағидалар
- •12.2. Өндірістің жалпы сипаттамасы
- •12.3. Ұжымға қойылатын талаптар
- •12.4. Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері
- •12.5. Өрттің алдын алу шаралары
- •12.7. Уытты және радиациялық қауіпсіздік қамтамасыздандыру
- •12.8. Көлікпен тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыздандыру
- •12.9. Заласыздандыру бекетінде және ғимарат тазалауда қауіпсіздік талаптары
Уран концентратын кептіру
Кептіру бөлімі уран концентратын кептіруге арналған ҚР СТ 1909-2009 дайын өнімі болып және жартылай тотыққан және тотыққан уран СТ НАК 02-2007 және ASTM стандарттыалу үшін аралық өнім болып табылады.
Кептіру бөлімінің өнімділігі – жылына 4000 уранға дейін.
Кептіру бөлімінің құрамына Spin Flash Dryer кептіру жабдығы кіреді.
Өнім S430T ленталық сүзгісінен өнімді кептіру багіне барады. Өнімді кептіру багінде араластыру құрылғысы бар. Ол өнімді 301.150 қоректендіргіш көмегімен төмен жағына қарай бағыттатып араластырады. 301.150 қоректендіргіш үнемі өнімді ыстық ауамен байланыстырып тұратын 303.130 кептіру камерасына өнімді жіберіп тұрады. Камераға ауаны төменгі жағынан ауа таратқыш арқылы береді. Ауа сүзгіленеді және температурасы 300 – 320 оС дейін жоғарылайды. Кептіру камерасының кіре берісінде өнімді ротормен бөлшектенеді. Осылайша кептірілген өнім қабаты пайда болады және де жұмыс жүргізу үшін оңтайлы жағдай орнығады. Ауа жылдамдығы және ауа ағыны өнімді керекті деңгейде алу үшін реттеледі. Ылғалды өнім ұнтақталған күйге енгенше кептіріледі және кептірілу камерасынан ауамен бірге шығарылады, шығарылу кезінде ауаның температурасы шамамен 118 оС болады. Сосын ұнтақты305.130 жең сүзгісіне жинайды. Жең сүзгісінен өнім ауадан бөлініп, 305.140 айналмалы қақпақшадан 315.240 тасымалдауышына салынады. Сосын келесідей бөлінеді:
- 2 F510T-F511T пешіне, 2 315.230 және 315.250 тасымалдауышымен;
- R501TE (V=12м3) бункердің тұндыру камерасына.
Жең сүзгіінде жұмыс істеген ауаны тазарту үшін 305.150 А,В жұқа тазарту сүзгііне жіберіледі. Сосын тазаланған ауа 313.130 скрубберге жіберіледі. Ол жерде NH3.шығару үшін судан өткізеді. Осындай рәсімнен кейін ауаны атмосфераға жібереді. Жабдық жабдықты басқару құрылғысымен әкелінеді. Басқару құрылғысы технологиялық ауаның температурасын және өнім шығынын басқарады. Басқару құрылғысы кептіру жабдығын қосады және өшіре де алады. Араластыру жылдамдығы және өнім багіндегі қоректендіргіш жиілік түрлендіргішімен реттеледі.
Уран концентратын тұндыру
Тұндыру жабдығы және құрылғы торабы
Узел затаривания) содержит:
Тұндыру торабының құрамында:
1) бос бөшкелерді өлшеу үшін тұғырнама таразы (Z501TE);
2) бөшкілерді жинау үшін конвейер (T501TE);
3) тамбур рөлінде қолданылатын камера (Z502TE);
4) бөшкілерді жинауға арналған камера (Z503TE);
5) тұндыру торабы бункері (R501TE)
6) касеталық сүзгі (S501TE);
7) тамбуры бар камера және қақпақты басқару системасы (Z508TE);
8) бөшкілерді қолмен жабатын конвейер (T505TE), бөшкіні жабуға арналған камера (Z509TE);
9) бөшкелерді заласыздандыруға арналған камера (Z510TE);
10) бөшкілерді кептіру камерасы (Z512TE);
11) буферлік конвейерлер (T508TE, Z513TE и T510TE).
Технологиялық үрдіс
Дайын өнімді сақтау камерасы дайын өнімді бөшкеге орау жабдығынан, S501TE касеталық фильтірінде орналасқан шаңдатуға қарсы сору құрылғысынан және D541Т көбікті сруббердегі жақсылап тазалағышынан тұрады.
Тұндыру камерасындағы бос бөшкеден шеңбер шешіліп, Z501TE салмақ өлшеу платформасына қойылады. Платформаға бөшке салмағы программалық қамтамассыздандыру бақылау жабдығына жазылады. ТУК-44/8 бөшкесі қақпақпен және шеңбермен өлшенеді.
T501TE-01 контейнеріне бөшкілер шеңберсіз және бұрандамасыз кіргізіледі. T501TE-02/03/04/05 конвейерімен Z502TE тамбурына тасымалданған соң, автоматты есік ашылып бөшкілерді толтыру Z503TE камерасынан өтіп, Z508TE тамбурдың шығысына жеткізіледі. Бұл жерде бөшкелердің қақпақтары автоматты түрде ашады. Сосын Z503TE камерасына қайтарылып, таразысы бар жақтау көтеріп, Z504TE роторлы қақпақша ашылып, R501TE тұндыру торабы бункерінен келетін ТУК-44/8 бөшкісіне құрғақ диуранат аммонийді құяды. Айналмалы қақпақшаның шығысында Z506TE сынап көруші жүйе орналасқан. Сондықтан да сынап көру автоматты түрде өткізіледі. Өнім салмағын 400 кг дейін оператор жабдықты басқару құрылғысымен басқарады.
Диуранат аммонийін толтырып болғаннан кейін Z508TE тамбурдың шығысына қарай толып тұрған бөшкеге автоматты түрде қақпағын жабу үшін жіберіледі. ТУК-44/8 бөшкесі T505TE конвейермен бөшкені толықтай жабу үшін жіберіледі. Ол жерде оператор бөшкеге шеңберді орнатып және бұрандаманы бұрағанынша бөшке сол жерде қалып қояды. Конвейерді қосатын батырма басылғаннан кейін бөшке Z510TE заласыздандыру камерасына, содан соң Z512TE кептіру камерасына бет алады. Сосын бөшке T508TE шығыс тамбурына бет алады. Келесі Z513TE конвейер ТУК-44/8 толған бөшкені тіркелім батырмасын басқаннан кейін таразы принтер бөшке салмағының өлшемін шығарып, сол қағазды бөшкеге жабыстырады. Бітісіне қарай бөшке 3 T510TE-01/02/03 конвейеріне бет алады. T510TE-03 соңғы конвейрден шанышқы тиегіш көмегімен ТУК-44/8 бөшкесін сақтау бөліміне, ал содан кейін дайын өнім қоймасына тасымалданады.
Оператордың тұндыру бойынша негізгі тапсырмалары:
- технологиялық жабдықтардың дұрыс жұмыс істейтіндігін бақылау;
- сору жүйесін бақылау;
- скруббердің дұрыс жұмыс істейтіндігін бақылау
- бөшкелерді өлшеу орнын бақылау;
ТУК-44/8 әрбір контейнер (бөшке) сақтауға жіберер алдында дайын өнім қоймасында өлшеніп, сосын ӨЕӨО-ның сақтау торабына жіберіледі. Сақталғаннан кейін әрбір контейнер өлшенеді, заласыздандырады, беткі қабаттың кірленуіне дозиметрлік бақылау жүргізіледі, ОТК пломбасымен пломбаланады және тиегішпен дайын өнім қоймасына жіберіледі.