Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жинау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
430.08 Кб
Скачать

1 Тарау. Жалпы мағлұмат

1.1 Өнеркәсіп нысаны туралы жалпы ақпарат

ЖШС «КАТКО» Мойынқұмнан табылған уранды пайдалануда. Бөлімдері:

1) №1 Мойынқұм;

2) №2 Төртқұдұқ және бөлімшелері:

а. Оңтүстік Төртқұдұқ;

б. Солтүстік Төртқұдұқ;

Уранның жер асты ұңғыма сiлтiсiздендiруiнiң кенiшi уран кенін өнліру мақсатымен құрылған. Кеннің орналасқан жеріне жер асты ұңғымасын сілтізденген күкірт қыщқылы ерітінділерін пайдалану әдісін қолданады және үшін сорбентті сору әдісін қолданады. Кейінірек қайта өңделген өнім ерітінділерінен тауарлық десарбатты, диуранатты азот пен сутегіні қосындысын, уранның тотыққан-тотықсызданған түрін алу үшін нитратты кері обылуды пайдаланады.

Оңтүстік уран табылған жердің абсолюттік белгілері 258-313 метрді, ал Төртқұдық 183-328 метрді құрайды. Оңтүстіктегі Мойынқұм сілемі мен Қаратау жотасы арасында 35-40 км жазық бар. Сол жерде Канжуган уран өндіру кеніші орналасқан.

Мойынқұм уран өндіру кеніші 1972 жылы №5 Волковский геологтар экспедициясымен ашылған. Шу-Сарысу ауданындағы үлкен уран өндіру кеніштерінің бірі. Іздестіре-барлап бұрғылау, барлаудың басты түрі және де 6,8х3,2 км барлау жүйесімен құрылған.

Уран өндіру кенішінің үлкен болуына орай, геологиялық ерекшеліктеріне және жер бедерінің күрделілігіне, жер қыртысының тереңдігіне байланысты кеніш 3 бірдей бөлімдерге бөлінген:

- Оңтүстік;

- Орталық;

- Төртқұдұқ;

1 бөлім оңтүстік Мойынқұм ең көп зерттелген, Канжуган кенішімен шектеседі. Айналасында тапшы өсімдіктер қаптаған құмды сілем, төбешіктердің биіктігі 5-10 м, ал жүйектердің биктігі 5-30 м.

Оңтүстік бөлімінде кеніштің 45 % бар. Ол 2 қойнауға бөлінген:

1) 10у қойнауында - 62%;

2) 12к қойнауында - 29 %.

Оңтүстік Мойынқұм кені 2 жер қыртысының түйіскен жерінде орналасқан:

- Оңтүстікте – Канжуган кенішін жауып тұрған Итмұрын қыртысы және Созақ жырығы (80-160 м);

- Солтүстікте- Ожирай-Тобин қыртысы, оның құрамына Орталық Мойынқұмда кіреді.

Алғашқы барлау кезеңінде бөлім 800-200х50 м (3и, 6и қойнауы) аймағы бойынша және анықтап барлау кезеңінде бөлім 200-100х50 м (1у, 10у, 12 к қойнауы) аймағы бойынша зерттелген. Барлау барысында жер астында орналасқан кен қойнауы анықталған. Ұзақтығы 1300 метрден (6и қойнауы) 1500 метрге дейін (10у қойнауы), ені оннан және алғашқы 100 метрде орта жағында 1100-1600 м дейін 10у және 12к қойнауы.

№1 бөлім Оңтүстік Мойынқұм озінің уран табу өндіріс күшін жылына 700 тоннадан, 1400 тоннаға дейін жоғарылатпақ ойлары бар.

Мақсаты «№1 бөлім Оңтүстік Мойынқұм уран өндіру кенішінің өндірістік күшін жоғарылату», яғни жұмыс жасап жатқан өндірістегі өндіріс күшін жоғарылату. Ең негізгі жобаланатын ғимараттар мен құрылыстар қатарына кіретіндер:

- ӨЕӨО блокты қосымша жайлар (компрессорлы және қазандық)

- Технологиялық сорғы станциясы;

- Аммиак силитрасы қоймасын кеңейту;

- Технологиялық карта ҚЕ көлемі 2х5000 м3.

- Технологиялық карта ӨЕ көлемі 2х5000 м3.

- ҚЕ тұндырғы алабының көлемі 3000 м3;

- Күкірт қышқылы қоймасының көлемін кеңейту 2х150 м3;

- Тұрмыстық тұлғасын кеңейту;

- Сумен қамтамассыздандыру, кәріз жүйесі және сақтық жарықпен қамтамасыздандыру нысандары;

- Газқоймаларына арналған жайлар;

Технологиялық сорғы станциясы 6 сорғымен жабдықталған – оның үшеуінен ӨЕ ерітіндісін жаңа ӨЕӨО-ға беріледі, ал қалған үшеуі ҚР-ға геотехнологиялық полигонына беріледі.. Әр сорғының атаулы өнімділігі 1200м3/сағ құрайды. Жаңа ӨЕӨО-да сору және кері обылу бөлімшелерінен тұрады. Сору 7 тіректен СНК-3 М тұрады, ал кері обылу – тізбектелген регенерацияланған сорбенттен, диаметрі 1600 мм 9 бағанадан тұрады.

2 бөлім Төртқұдұқ солтүстік Мойынқұм сілемінің жалғасы. Оңтүстік бөлігінде биітіктері 515 м құм дөңдерінің тізбегі бар, ал солтүстік бөлігіндегі дөңдер созыла келе тұзды Үлкенсор өзеніне жақындай келе тегістене түседі.

Бұл бөлім өте бай кенденумен және кеннің тереңде орналаспауымен сипатталады. Оңтүстік бөліміндегі уран кеніне қарағанда Төртқұдүқ бөлімінің уран кені 2 сулы деңгейжиекке үйренген (жоғары, төмен).

Жер қыртыстарына келер болсақ Төртқұдұқ бөлімі Созақ ойпатының шығыс шетінде орналасқан, ал солтүстікте – Жуатөбе жарығы бар. Төртқұдұқ бөлімі 2 бөлімшелерге бөлінген:

- Оңтүстік Төртқұдұқ бөлімшесі;

- Солтүстік Төртқұдұқ бөлімшесі;

Уранды өндірудің көбеюіне байланысты «№2 Төртқұдұқ бөліміндегі өндіріс күшін көбейту» жоспарына байланысты, кейбір нысандарды жаңалату керек:

- Десорбат қоймсына көлемдері 400 м3 құрайтын 2 бак орнату арқылы кеңейту;

- Аммиак су қоймасына көлемі 40м3 тік орналасқан бак орнату арқылы кеңейту;

- Күкірт қышқылы қоймасын соғу. Көлемдері 630 м3 құрайтын 2 бак, автоцистернадан қышқыл қабылдау торабына эстакадалық ағызу – 2 жартылай бататын сорғысы бар 25 м3 бак, 2 насосы бар сорғы станция;

- Ерітінділерден ерімеген заттарды (құм, тұнба) алу үшін көлемі 3000м3 ҚЕ тұндырғысын соғу;

- Дайын өнімді салу үшін арнайы камера соғу;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]