Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мех.св.лекц. билет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
775.68 Кб
Скачать

Қажу беріктігіне әсер ететін факторлар

Қажу қасиеттері де барлық механикалыққ қасиеттер сияқты сынақ жүргізу шарттарына, металл қасиеттері мен құрылымына тәуелді.

Цикл кернеуі мен оның амплитудасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым, қажу қирауы тезірек жүреді.

Төзімділік сипаттамаларына созу және сығу кернеулері қатынасының тигізетін әсері өте үлкен. Созу кернеулері неғұрлым жоғары болса, төзімділік соғұрлым төмен болады. Өзгеріссіз созу кезінде орташа сығу кернеулерінің ұлғаюының қажу қисық сызығын жоғарғы кернеу жағына қарай орын ауыстырады. Бұл эффектілер жарықшақты ашу процесінде сығу және созу кернеулерінің қарама-қарсы әрекеттерімен түсіндіріледі. Қосымша сығу бұл процесті тежейді, ал созу оны тездетеді.

σmax және σmin араларындағы кернеулердің ауысу сипаты төзімділкке аз әсерін тигізеді. Әдетте, цикл жиілігінің жоғарылауы кейбір төзімділік сипаттамаларының, әсіресе, жоғарғы температуралардағы төзімділкті арттырады. Төзімділіктің ең жоғарғы шегі - ию схемасы бойынша, ал ең кіші шегі – бұрау схемасы бойынша сынақтар жүргізу кезінде алынады.

Бет күйінің және кернеу концентраторларының әсері.

Қажу жарықшақтары үлгілер мен бұйымдардың беттік қабаттарында түзілетіндіктен осы беттер маңызды роль атқарады.

Беттік қабат төзімділігінің жоғарғы шегіне ие болуы үшін, оның деформацияға кедергісі мүмкіндігінше өте жоғары болуы керек. Бұл химико-термиялық өңдеу, беттік наклеп жүргізу кезінде алынады. Осындай өңддеулер бетті беріктенуін қамтамасыз етіп қана қоймай, сол сияқты, онда қажу жарықшақтарының жетілуін тежейтін қосымша сығу кернеулерінің түзілуіне жағдай туғызады.

Қажу қасиеттерін бетпен түйісетін ортаның әсері де үлкен. Ауада қажу жарықшақтары вакуумдағыдан тез жетіледі. Оттегі жарықшақ қабырғаларында адсорбцияланады да беттік энергияны төмендетеді. Бетті ауа атмосферасынан оқшаулау төзімділік шегін арттырады.

Егер материал циклдік жүктеу кезінде сұйық коррозионддық ортада болса, онда оның төзімділігі кілт төмендеуі мүмкін. Коррозиялық қажудың бұл құбылысы сумен әсіресе, теңіз суымен түйісіп жұмыс істейтін материалдар үшін өте маңызды. Мұндай жағдайларда жұмыс істейтін материалдарды таңдау кезінде бірінші кезекте, оның корролзиялық тұрақтылығына, одан кейін барып қана жалпы жағдайдағы төзімділігіне көңіл бөлу керек.

Қажу жарықшақтары беттерде әр түрлі кернеу концентраттарында түзіледі. Сондықтан сынақтар жүргізу кезінде бет сапасына көбірек назар аударылады. Бетті полирлеу әсіресе, электролиттік полирлеу, төзімділік шегін біршщема арттырады. Оның әсері егер бетті сынақ жүргізу кезінде пластикалық деформация нәтижесінде пайда болған кедір-бұдырлықтан кетіру кезінде байқалады.

Сынақ температурасының әсері. Температураның өзгеруі қажу қисық сызығы сипатына сапалық әсер етпейді. Оны көтеру шамасы бойынша қисық сызық бейнесінің төменгі кернеулі күй жағына қарай ауысқаны байқалады. Егер қорытпаларға сынақ жүргізудің қандай да бір температурасында фазалық немесе құрылымдық өзгерулер болып жатса, онда бұл төһзімділіктің монотондық емес сипаттамасының өзгеруіне әкеледі. Деформациялық қажу салдарынан, мысалы, көміртекті болаттардың температуралық тәуелділігіне σ-1 дислокацияның қозғалысы көміртекті атмосферамен өте қиындаған орында ең жоғарғы 6000К шамасында әсерін тигізеді.

Жоғары температуралық қажу жағдайында сырғанаудағыдай суб дәнекшелік құрылым тұзіледі, ондағы жарықшақтардың таралу көбінесе. сипаты дәнекше ішіліктен дәнекше аралық болып ауысады. Жарықшақтар шекаралық кеуектерде немесе кристалллит аралық орын ауыстырулар нәтижесінде дәнекшелер араларындағы жапсарларда түзіледі. Кеуектер сырғанау жолатарының беттік шекараларының түйісу орындарында түзіледі. Материалдардың реалдық жоғары температуралық қызмет жағдайларында қажу процестері және сырғанағыштық // жүреді. Температураның циклдік өзгеру жағдайларындағы қажу маңызды роль атқарады. Егер температураның осындай өзгеруі тұрақта кернеу кезінде болса, онда термиялық қажу болады. Онда қирау циклдік жүктеу нәтижесінде термиялық кернеулер ықпалымен, сол сияқты сырғанағыштық нәтижесінде болады.

Бір уақтылы термоциклдеу кезінде циклдік жүктеу жағдайларында материалдың ұзақ мерзімдік қызмет көрсетуі оның төзімділігінің температуралық тәуелділігімен және термиялық қажумен, сол сияқты, сырғанау жолымен кернеу релаксациясына қабілеттілігімен анықталады.