
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз инновациялық – гуманитарлық университеті
- •Тараз 201
- •Мазмұны
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Тараз инновациялық гуманитарлық университеті
- •«Жаратылыстану-құқық» факультеті
- •«Сстандарттау және сертификаттау» кафедрасы
- •Силлабусы
- •7. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •8. Әр сабақтың тақырыбы мен ұзақтығы
- •9. Студенттің өзіндік жұмыс ( сөж) тақырыптары
- •10. Кеңес беру уақыты
- •11. Оқытушының талаптары
- •12. Бағалау критерийлері
- •13. Ағымдық бақылаудың кестесі
- •14. Әдебиеттер тізімі:
- •«Өндіріс өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •1 Лекция Кіріспе. Өндіріс өнімдерін сертификаттау және стандарттау тәртіптері. Өнімді сертификаттау арқылы сәйкестігін растауды жүргізу.
- •2 Лекция Бидайды сертификаттау және стандарттау ережесі
- •3 Лекция
- •4 Лекция Сүт өнімін стандарттау және сертификаттау әдістері. Нормативтік құжаттар
- •5 Лекция
- •6 Лекция Нан өнімін сертификаттау тәртібі. Инспекциялық бақылау.
- •7 Лекция Өсімдік майын сертификаттау және стандарттау жолдары. Майлылықты анықтау әдісі.
- •8 Лекция Макарон өнімдерін сертификаттау және стандарттау жолдары. Сынақ жүргізу тәртібі.
- •9 Лекция Стандарттау және сертификаттау барысында текстильді талшықтарға қойылатын талаптар
- •10 Лекция
- •5В 073200 –«Стандарттау, метрология және сертификаттау»
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданылатын әдебиеттер
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз инновациялық – гуманитарлық университеті
- •Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз инновациялық – гуманитарлық университеті
- •Студенттердің өзіндік жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •Тест сұрақтары: «Өндіріс өнімдерін стандарттау мен сертификаттау» пәнінен
2 Лекция Бидайды сертификаттау және стандарттау ережесі
Қазіргі уақытта ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстанның да экономикасы тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық жолға түсті, сондықтан стандарттау, сертификаттау және метрология жүйесі өзекті мәселе болып келеді.
Мемлекеттік саясат концепциясының Қазақстан халқын дұрыс тамақтандыру саласындағы анықталған азық-түлік және өңдеу, өнеркәсібінің даму стратегиясы жаңа міндеттерді қалыптастырадыазық-түлік өнімдерінің сапасына, олардың медициналық – биологиялық талаптарға сәйкестігіне көп көңіл бөлінеді.
Азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейту, отандық азық-түлік өнімдерінің бәсекелесу мүмкіндігін көтеру, тамақтандыруды жақсартудың мемлекеттік саясатының алдыңқы кезектегі шарасы ретінде аталды.
Соңғы жылдары тұтынушылар нарығында сапасы азық-түліктің және тағам өнімдерінің бақыланбаған импортының өсуі байқалауды.
Бұл негізсіз тенденциялардың пайда болуымен (шикізат сапасының төмендігі, өндірістің төмен техникалық, технологиялық, санитариялық деңгейінің төмендеуі, сонымен қатар сертификаттаудың, стандарттаудың кемшіліктерімен (ескі стандартта, өндірістегі, саудадағы және жарнамадағы жіберген қателіктер үшін жауапкершіліктің аздығы, сыртқы экономикалық және кеден саясатының ойластырмауымен байланысты. Тек, 1998 жылдың өзінде, мысалы Өзбекістан Республикасындағы тексерілген азық-түлік өнімінің жалпы көлемінің жарма өнімдері – 56,5%, қант -44,5, жұмыртқа – 40,2, жеміс-жидек – 32,8, балық – 27,2, сұйық май – 19,5, коньяк – 99, сыра – 25, арақ – 13% ақауға шығып, сұрыптары төменделді.
Тексеру нәтижесінде ірі және орта кәсіпорындардағы өндірілген өнімдер, ұсақ кәсіпорындарға қарағанда жоғары. Жоғарыда аталып өткендердің барлығы өнім сапасын қамтамасыз етудің әрекет етіп отырған жүйесін жетілдіру қажеттігін дәлелдейді.
Қазіргі күні азық-түлік өнімдерін стандарттау бойынша нормативтік құжаттар қоры өз құрамына 900 мемлекетаралық және мемлекеттін стандарттарды, 350 салалық және республикалық стандарттарды және 3500 техникалық жағдайларды кіргізеді.
Өкінішке орай сертификаттаудың қалыптасқан жүйесі сапаның кепілі бола алмайды себебі, сапасыз өнімнің әкелуіне кедергі бола алмайды, себебі тауар партиясына немесе үлгісіне беріледі. Мұндай сертификаттау тәжірибесі халықаралық тәжірибеге қарама – қайты келеді.
Қазақстандық стандарттардың баяу үйлесімдігі сапасы жағынан халықаралық талаптарға ғана емес, сонымен қатар қазақстандық талаптарға сай емес тауарлардың түсуіне әкеледі.
Тұтыну нарығын сапасыз шетел өнімдерінің келіп түсуінен сақтауды көтеру мақсатында еуропалық қауымдастықта қабылданған нормативтік құжаттардың үйлесімдігі жұмысын белсенді жүргізу керек, ТМД және кедендік одақ шеңберінде сауда-экономикалық ықпалдастық механизмін жетілдіру керек, тәртіпке келтіру мақсатымен өнім және қызмет көрсетуді стандарттау мен заңдылық базасына сараптама жүргізу керек.
Нормативтін құжаттарды сақтаудың міндетті талаптарын сақтауды қадағалау барысында бұрын кездескендей төменгідей бұзушылықтар кездеседі:
- өндіруде өндірілген өніміне нормативтік құжаттардың болмауы (СТРК Мем стандарт, ТУ технологиялық нұсқаулар сызбалар)
- сапасыз шикізатты немесе жолдама құжат жоқ шикізатты қолдану
- төмен технологиялық қамсыздандыру (жабдықтардың және арнайы бөлмелердің болмауы)
- өнім сынағы жиі өтпейді.
Сертификатталған өнімге мемлекеттік қадағалау жүргізгенде төменгідей бұзушылықтар болды:
- сәйкестік сертификатынсыз өнім сату, қызмет көрсету
- қолдану мерзімі өткен азық-түлік өнімдерін сату
- өнімді арнайы мемлекет тіліндегі және орыс тіліндегі белгісіз сату мемлекеттік метрологиялық қадағалау жүргізгенде ҚР өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің мемлекеттік реестріне кірмелген метрологиялық аттестация өтпеген өлшегіш құралдарды қолдану оқиғалары болды.
Азық-түлік өнімдерінің сапасын мемлекеттік жүйелеу, негізінен тікелей және жанама тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін.
Өнім сапасының тікелей реттеуіші қатарында нарық субъектісіне тікелей ықпал ету тәсілі жатады, соның ішінде олардың экономикалық тәртібін заң арқылы, антимонопольды саясат, стандарттау, міндетті сертификатттау, кәсіпорынды мемлекеттік қолдау (субсидиялар, субвенциялар), бағаны лимиттеу, лицензиялау (кәсіпорынды өндіріске жіберу), өнім сапасын мемлекетттік бақылау және қадағалау, өнімді сатып алуға мемлекеттік тапсырыс т.с. арқылы белгілеу.
Жүйелеудің жанама тәсілгі стимулдар мен антистимулдар арқылы жүзеге асырылады: жеңілтілген салық төлеу, икемді амортизациялық саясат, жеңілдетілген несиелеу, бағалық, инвестициялық және кеден саясаты, сапалық жүйесін ендіруге жағдай жасау тіртібі, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктері, сапалық туралы мемлекетттік сыйақылар және т.б.
Нарық реттеуішіне өнім сапаның келісімдік жүйесін, маркетингттін (түрлер жинағы) бағдарламасын, өнімнің еркін сертификациясын, биржалық сертификациясын, зауыттық стандарттауын, тұтынушылардың ұйымдасқан қозғалысын жатқызуға болады.