
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз инновациялық – гуманитарлық университеті
- •Тараз 201
- •Мазмұны
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Тараз инновациялық гуманитарлық университеті
- •«Жаратылыстану-құқық» факультеті
- •«Сстандарттау және сертификаттау» кафедрасы
- •Силлабусы
- •7. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •8. Әр сабақтың тақырыбы мен ұзақтығы
- •9. Студенттің өзіндік жұмыс ( сөж) тақырыптары
- •10. Кеңес беру уақыты
- •11. Оқытушының талаптары
- •12. Бағалау критерийлері
- •13. Ағымдық бақылаудың кестесі
- •14. Әдебиеттер тізімі:
- •«Өндіріс өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •1 Лекция Кіріспе. Өндіріс өнімдерін сертификаттау және стандарттау тәртіптері. Өнімді сертификаттау арқылы сәйкестігін растауды жүргізу.
- •2 Лекция Бидайды сертификаттау және стандарттау ережесі
- •3 Лекция
- •4 Лекция Сүт өнімін стандарттау және сертификаттау әдістері. Нормативтік құжаттар
- •5 Лекция
- •6 Лекция Нан өнімін сертификаттау тәртібі. Инспекциялық бақылау.
- •7 Лекция Өсімдік майын сертификаттау және стандарттау жолдары. Майлылықты анықтау әдісі.
- •8 Лекция Макарон өнімдерін сертификаттау және стандарттау жолдары. Сынақ жүргізу тәртібі.
- •9 Лекция Стандарттау және сертификаттау барысында текстильді талшықтарға қойылатын талаптар
- •10 Лекция
- •5В 073200 –«Стандарттау, метрология және сертификаттау»
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданылатын әдебиеттер
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз инновациялық – гуманитарлық университеті
- •Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз инновациялық – гуманитарлық университеті
- •Студенттердің өзіндік жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •Тест сұрақтары: «Өндіріс өнімдерін стандарттау мен сертификаттау» пәнінен
7 Лекция Өсімдік майын сертификаттау және стандарттау жолдары. Майлылықты анықтау әдісі.
Майлыдақыл дәндері құрылысы өте күрделі көп санды клеткалардан тұрады. Бұл оның өмір сүру маңыздылығына байланысты. Тұқымдық және дәндік қабықтарды клеткалар күрделі түрде түзеді. Осы қабықтардың клеткалары эндосперманы сыртқы механикалық бұзылудан, химиялық және биологиялық әсерлерден көп сақтайды. Сондықтан да, дәннің қабықтары, яғни, сыртқы клеткалы қабықтары жуанқабырғалы және ағаш болып қатқан клеткадан тұрады. Клетканың қабықтары оның барлық көлемін алып жатады. Клетка қабаттары химиялық қорғаныс ролін атқаратын химиялық инертті заттармен қапталған. Сондай –ақ бұл клеткалы қабаттар дәндерді ылғалды сыртқы жоғалтудан, температураның тез өзгеруінен және ішіне микроорганизмдердің еніп кетуінен сақтайды.
Құрамында майлары бар клеткалар дәннің сыртқы қабықтағы клеткалардан құрылысы мен химиялық құрамы бойынша ерекшеленеді. Бұл клеткалардың қабықтары өте жұқа және клетканың негізгі көлемін қосымша лепидтері (май) бар цитоплазма құрайды.
Майлыдақылдар, бірінші кезекте өңдеуден өту үшін май өндіру зауыттарына келіп түседі. Мұнда оларды ботаникалық түрлеріне қарай әр топқа бөледі. Бірақта, әртүрлі пішіндеріне, өлшемдеріне, химиялық құрамына қарамастан олардың анатомиялық құрылыстары бір типтес болып келеді. Барлық майлы дақылдардың дәндері сыртқы қабықтан, тұқымдықтан және эндоспермадан тұрады. Қабықтары дәндік 1, ядроны қормайтын 2 (тұқымдықпен ядроны) және тұқым қабығы 3 деп бөлінеді.
Қатты, ашылмайтын тұқымдық қабық егін жинағынан кейін, тек кейбір дәндерде ғана сақталып қалады. Мұндай өсімдіктердің дәндік қабықтары жұқа болып, ткандері әлсіз келеді. Ал, кейбір майлыдақыл дәндерінің тұқымдық қабықтары пісу мезгіліне қарай ашылады және егінді жинау кезіне қарай дәндердің бетіндегі қабықтар сақталмайды. Осындай жағдайда ішкі дәнектің қабықтарының механикалық қаттылығы артып, сыртқы күш әсерлерінен сенімді түрде сақтайды.
Дәндік қабықтың астында өсімдіктің тұқымы болады. Ол өзіне қолайлы жағдайда өсуге бейім және өскен кезде өз қорындағы, яғни, бойындағы сенімді заттармен қоректеніп өсіп жетіледі. Тұқым мен эндосперма барлық майлыдақылдарда бірдей дамымаған.
Цитоплазманың құрылысы өте күрделі және әртүрлі органоидтардан тұрады. Оның структуралық артықшылығы ферментті жүйелер орналасқан үш қабатты мембраналар. Мембраналар тірі организмге тән зат алмасу процестерін қамтамасыз етеді.
Цитоплазма клеткаларында, май клетканың барлық көлеміндегі бос жерлерді тығыз толтырып, жеке гранул түрінде болады. Бір гранул (түйір) екінші гранулға тығыз, жақын орналасқанымен олардың арасын жұқа қабырғалар бөліп тұрады.
Майлыдақыл дәндерінің химиялық құрамы сыртына, жинау мезгіліне қарай пісу дәрежесіне, өсу аймағына, топырақ пен тыңайтқыштар құрамына, климаттық жеке ауа-райы жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан да, майлыдақыл дәндерін химиялық құрамы мен басқа да қасиеттері бойынша шамаларының орташа мағынасын көрсетеді немесе олардың өзгеру шектерін келтіреді.
Майлыдақылдардың ерекше артықшылықтары, ол, олардың пісу кезінде көп мөлшерде май жинау қабілеттілігі болып табылады. Дәннің пісу периоды кезінде клеткаларда майдың негізгі компоненті синтез жүреді, яғни, майлы қышқылдар пайда болады. Күрделі биохимиялық процестердің нәтижесінде (екі және үш) көмірсудың екі және үш атомы бар төменгімолекулярлы қосылыстар май қышқылдарына айналады. Бұл май қышқылдарының құрамында көмірсудың 16,18 және одан да көп атомдары болады.
Майлылықты анықтау әдісі.
Анықтауды жүргізу алдында майдаланған дәндерден салмағы (4±0,1) грамм екі өлшем алынады. Әр алынған өлшемді жеке ыдысқа орналастырып, үстіне 2 пункт бойынша дайындалған 25 см3 жұмысшы ерітіндісін құяды. Стакан, яғни, ыдыс ішіндегі ерітіндіні 1 минут бойында шыны таяқшамен араластырады.
Осыдан кейін суспензиясы бар ыдысты рН-метр стөліне қойып, оның ішіне электродтарды 20-40 мм тереңдікке дейін салады. Салынған электродтардың көмегімен суспензияны өлшейді.
Әр өлшеу жұмысынан кейін электродтарды жұмысшы ерітінділермен жуып отырады.
Ары қарай 25 см3 жұмысшы ерітіндіде рН-ты бір рет өлшейді.
Майдаланған дәндер салмағы мен триэтаноламинді 0,1 гр жоғары емес ауытқумен өлшейді, ал стеаринді қышқылды 0,05 гр жоғары емес ауытқумен өлшейді. Есептеу жұмыстарын 0,01 лп КОН жоғары емес ауытқумен есептейді.
Өсімдік майын сертификаттаудан өткізудің тәртіптері мен ережелері
Тамақ өнеркәсібінде сертификаттау міндетті және ерікті сипаттамада бола алады. Жалпы міндетті сертификаттауға жататын өнімдер тізімі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі.
Майлыдақылдарды сертификаттау дегеніміз – кәсіпорынның дайындаушы (сатушы) және тұтынушы (сатып алушы) жәрдемімен өнімнің бекітілген талаптарға сай екндігін («Өнімдер мен қызмет көрсетуді сертификаттау туралы» Заң) жазбаша түрде растайтын сәйкестікті бекіту тәртібі.
Кез-келген өнеркәсіпте сертификаттау жүйесі – осы жүйеде бекітілген ережелер бойынша сертификаттауды жүзеге асыратын сертификаттауға қатысушылардың жиынтығы. Сертификаттау жүйелері ұлттық, аймақтық және халықаралық деңнейде жасалады. Сертификаттаудың обьектілеріне - өнімдер, қызметтер, жұмыстар, сапа жүйелері, қызметкерлер, жұмыс орындары жатады.
Қызмет көрсету обьектілерінің сертификациясына бірінші , екінші, үшінші жақтар қатысады. Үшінші жақ – қарастырылатын мәселеге қатысатын жақты өз еркімен мойындайтын тұлға немесе ұйым. Қатысушы жақтар жеткізіп берушілер (бірінші жақ) мен сатып алушылардан (екінші жақ) тұрады.
Қазақстан Республикасында май өнімдерін сертификаттау жүйелері арнайы өкілетті федералды ұйымдар – Қазақстанның мемлекттік стандарты (МЕМСТ), Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитеті арқылы жасалады.
Ұқсастық сертификаты – сертификатталған май өнімдерінің бекітілген талаптарға сәйкестігін растау үшін сертификаттау жүйелерінің ережелері бойынша берілетін құжат.
Ұқсастық туралы декларация – дайындаушының тұтынушыларға жеткізіп беретін өнімдерінің бекітілген талаптарға сай екендігін растайтын құжат. Осыған сәйкес, сәйкестікті растау тек сертификаттау бойынша ғана емес, сонымен қатар сәйкестік туралы декларация бойынша да іске асырылады. Сәйкестік туралы декларация сертификатпен бірдей заңдық күшке ие.
Ұқсастық белгісі – сертификаттау жүйесінің ережесі бойынша өнімдерге қойылатын таңбалардың тіркелген тәртіпке байланысты бекітілген талаптарға сай расталатын белгінің түрі.
Май өнімдерін сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша жүргізіледі. Май өнімдерін сертификаттаудың негізгі ИСО/МЭК нұсқауларына сай жүзеге асырылуы тиіс.
Тексеруге жіберілетін май өнімдерінің сипаты сертификаттаудан өтуі үшін төмендегідей белгілері бойынша таңдап алынуы қажет:
өндірілетін май өнімдерінің бірдейлігін (бір партиялы) анықтау мүмкіндігі;
таңдап алынған өнімнің қолданылатын техникалық құжатқа сәйкестігі;
тексерілетін май өнімдерінің нормалық құжат талаптарына сәйкес толық анықталуы;
бекітілген заң актілеріне сәйкес қажетті паратерларді таңдап алып, анықтау.
Осыларға қосымша сертификаттауды өткізу үшін қажетті құрылымды таңдау кезінде май өнімдерін өндіріп шығаратын кәсіпорынның, сынақ жүргізудің белгілі бір өнім пайдасының ерекшеліктері де ескеріледі. Сертификаттау құрылымы мемлекеттік стандартпен, құжат болған жағдайда өкілетті сертификаттау ұйымдары арқылы анықталады.
Май өнімдерін өндіріп шығаратын кез келген кәсіпорында өздері дайындап шығаратын өнімдердің әрбір түрлері үшін нормативті құжаттар жиынтығы болуы тиіс. Нормативті құжаттар жиынтығына МЕМСТ-тар (мемлекеттік стандарттар), ТН (технологиялық нұсқаулар), Тш(техникалық шарттар) жатады.