
- •Men 2206 «Менеджмент» пәнінің бағдарламасы (syllabus)
- •1. Оқитын пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пәннің қысқаша мазмұны
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.2.Тәжірибелік сабақтар
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ атындағы
КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және құқық» факультеті
«Менеджмент» кафедрасы
Мамандықтар: 5В050700 - «Менеджмент», 5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
Men 2206 «Менеджмент» пәнінің бағдарламасы (syllabus)
АҚТАУ 2014
1. Оқитын пәннің сипаттамасы
Қазіргі кездегі менеджмент қарқынды даму үстінде. Басқаруға деген дәстүрлі тәсілдемелер ең алдымен адамдарды бақылауға, өндірістің тұрақтылығы мен тиімділігіне қол жеткізуге, ережелер мен рәсімдерді пайдалануға, қызметкерлерді басқарудың тік құрылымын құруға және жоспарланған нәтижелерге (ең алдымен, пайдаға) қол жеткізуге назар аударады. Менеджментке деген жаңа тәсілдеме адамдардың энтузиазмы мен шығармашылық қабілеттерін пайдалануды, ортақ көқарастарды, нормалар мен құндылықтарды іздестіруді, ақпаратқа ашық қол жеткізуді, командалық еңбекті, ынтымақтастық пен әріптестікті көтермелеуді, сыртқы ортаның күрт өзгерістеріне ұйымның бейімделуін және олардың қызметінің ең жоғары тиімділігіне қол жеткізуді ұйғарады.
«Менеджмент» курсын үйрену үшін студент «Макроэкономика», «Қазақстан экономикасын басқару», «Мемлекеттік қызмет және басқару» атты пәндерді меңгеруі және әдебиеттерді қолдана білуі, сұрақтар бойынша талдап, қорытынды жасай білуі қажет және компьютерді пайдалану қабілеттеріне ие болуы керек.
Бағдарлама міндетті курстың 180 сағат көлеміндегі жарты жылдық курсына есептелген. Сонымен қатар студенттің оқытушымен жұмысы (дәріс) – 30 кредиттік-сағатты, семинарлық жұмыс – 30 кредиттік сағатты, студенттің оқытушымен жүргізетін өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – 30 кредиттік-сағатты, студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) - 90 кредиттік-сағатты құрайды.
2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
«Менеджмент» пәнін оқыту мақсаты ұйымдағы адам тәртібі туралы басқарушылық теориялық негiздерiн және категориялы-түсiнiктеме аппаратын оқыту, сонымен қатар ұйымдық жүйесінің тәртібін реттеу және пайдалану бойынша тәжiрибелi дағдыларды игеру.
Пәннің негізгі міндеттері:
Менеджмент ғылымының теориялық негiздерi мен даму эволюциясы;
Ұйымның iс-әректтерi, тактикасы, стратегиясы, тәуекел, мазмұны;
Басқару функциялары;
Ұйымның өмірлік циклі;
Ұйымның тәртібін басқару;
Менеджменттегі коммуникация;
Басқару шешімдері қабылдау;
Менеджменттегі лидерлік;
Ақпараттың рөлі және мәні.
3. Пәннің қысқаша мазмұны
Басқарудың мәнi, түрлерi мен әдiстерi. Басқарушылық процесс және оның элементтерi. Менеджмент курсының мазмұны мен міндеттері. Менеджмент ғылымының дамуы. Басқарудағы түрлі мектептерді бөлу. Ұйымның жалпы сипаттамалары мен негізгі белгілері. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы.
Менеджментті ақпаратпен қамтамасыз ету. Менеджменттегі коммуникация. Коммуникациялық процестің элементтері мен кезеңдері. Адамдар арасындағы коммуникация жолындағы кедергілер. Ұйымдық коммуникациядағы кедергілер және оның тиімділігін арттыру тәсілдері.
Менеджменттегі басқарушылық шешімдер. Шешім қабылдау процесі және шешім қабылдау кезеңдері. Ұйымдастыру менеджмент қызметі ретінде. Менеджментегі жоспарлау. Менеджменттегі мотивация. Мотивацияның мазмұндық теориялары. Мотивацияның процессуалдық теориясы: күту теориясы, әділеттілік теориясы. Портер –Лоулердің мотивация үлгісі. Менеджмент жүйесіндегі бақылау. Лидерлік, билік және ықпал ету теориясы.
Менеджердің іскерлік этикеті. Басқару мәдениетінің түсінігі және іскерлік этикет ережелері. Сөйлеу мәдениеті, адамның сөйлеу мәдениетінің жалпы белгілері. Қызмет бабындағы қарым-қатынастар