Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gulnur_fizio.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.11 Mб
Скачать

Қан топтары.[өңдеу]

Жарақаттанып қаны азайған адамға қан құйып, ағып кеткен қанның орнын толтырады.Қан құйып емдеу дәрігердің ежелгі арманы болатын. Алдымен жануар қанын адамға, кейін адам қаны адамға құйылды, бірақ бұл тәжірибелердің бәрі де сәтсіздікке ұшырады. Бір адамның қаны екінші адамға алдын ала тексермей құя салуға болмайтыны анықталды. Мұның себебін білуде гетерогемоагглютинация мен изогемоагглютинация құбылыстарының ерекше мәні бар.1836 жылы Губер жануарлардын бір түрінен қан алып, оны екінші түріне (қойдың қанын қоянға) құйған. Мұның нәтижесінде қоян қанындағы эритроциттер бір біріне жабысып, желімденіп қалатыны, яғни агглютинацияланатыны байқалды. Екі түрлі жануарлардың қанын араластырған кезде эритроциттерінің бір біріyе жабысып қалуы гетерогемоагглютинация деп аталады. 1901 жылы Ландштейнер бір адамның қаның екінші адамға құйған кезде эритроциттердің агглютинацияланатынын, желімдеген эритроциттер жарылып олардангемолизин (қанды ерітетін улы зат) бөлініп шығатынын, бұл гемолитикалық шокка апарып соғатынын анықтады. Бір түрге жататын екі жануардың қанын араластырғанда да эритроциттер агглютинациясы пайда болады, мұны изогемоагглютинация дейді. Эритроциттердің желімдену себебін Прага университетінің профессоры Янскийашты.Тірі организмнен тыс жерде тәжірибе жасап, көрген адамдардың қандарын алма кезек араластырып мұның нәтижесінде адам қанында, яғни оның эритроцитінің мембранасын 2 түрлі (А және В) агглютиногендер, ал плазмада сол агглютиногендерге сәйкестелетің 2 түрлі агглютининдер желімдейтін (α) не (β) болатынын анықтады. А- агглютиногені бар эритроциттерді плазмалық α-агглютинин жабыстырса, В- агглютиногені бар эритроциттерді β- агглютинин жабыстырады. Демек, бір адамның қанында әрі желімденетін, әрі желімдейтін аттас заттар (А - агглютиноген, α- агглютининмен, В- агглютиноген β-агглютининмен) болмайды. Белгілі 4 заттан (А, В және α, β ) тек 4 комплекс құруға болады. Осы ойға келіп адам қанын 4 топқа бөлді. Халықаралық келісім бойынша қан тобы белгілерінде оның агглютиноген қан тобы көрсетіледі.

Оαβ (I); Аβ ( I I ); Вα ( I I I ); АВо ( I V ).

Адам қанын 4 топқа бөлініп қай тобын қай топқа құюға болатынын анықтап берді. Құйған кезде аттас агглютиноген агглютининмен кездессе (А мен α, В мен β ), алдымен құйылған қанның( қан беретін адам –донордің) эритроциттері жабысады. Донордың аздап эритроциттері реципиент (қан қабылдайтын адам ) плазмасы көптеген агглютининдермен кездеседі. Сондықтан қанның құю тобын анықтау үшін донор эритроцитінде агглютиноген, реципиент плазмасында агглютинин бар – жоқтығын ескеріп, агглютинация болатынын плюс ( +) немесе болмайтынын минус (-) белгісімен белгілеп тіркеуге болады. Осы 4 топтағы қан АВО жүйесіндегі топтар деп аталады ( мұны АВ ноль деп оқу керек), бұлардың ішінде әсіресе қаны I топқа жататын адамдар көп (46% ), II топтағылар сәл аз ( 42% ), ең азы III топтағылар (9% ), IV топтағылар (3% ). 'Бірінші топ - қаны бұл топқа жататын адамдар ырымшылдыққа қарсы, жігерлі, табанды, әзіл –сықаққа бейім, өмірдегі құбылыстарға көзін ашып қарайтын, айқындықты ұнататын болып келеді. Екінші топ - сезімтал, сәл нәрседен көңлң қалғыш, сырттай қарағанда ұстамды әрі байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау. Өзіне-өзі талап қойғыш, өз іс-әрекеттерін мұқият бақылап отырады. Үшінші топ - секемшіл, өзін қоршаған ортаға сезікпен қарайды, сары уайымға жиі салынады. Бірақ сабасына тез түсіп, болған жәйтті тез есінен шығарады. Төртінші топ - көздеген мақсатына жетуге жан- тәнін аямайды, басқа адамдарды өз мақсатына пайдалануға шебер, махаббат мәселесінде шыдамсыз әрі табансыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]